1. Философиянын зерттейтін пані Философия


Ерте грек философиясынын пайда болуындаы тарихи алы шарттары



бет11/11
Дата15.11.2023
өлшемі36,88 Kb.
#123165
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
15.Ерте грек философиясынын пайда болуындаы тарихи алы шарттары
Ежелгі грек философиясы — Ежелгі Грекияда бзд. VI-ғ-дан басталып, негізінен ІV-ғ. дейін (Рим империясында) мың жылдан артық жалғасқан антикалық философия дәстүрі.
Ежелгі грек философиясы Кіші Азияның батыс жағалауыында, Ионияда, Оңтүстік Италияның грек қалаларында, Сицилия аралдарының қала-мемлекеттерінде, сондай-ақ әсіресе Афина қала-мемлекетінде дамыды.
Ерекшеліктері
Эгей аймағы, және Афина.
Грек философиясы мифологиямен тығыз байланысты дамыды, бірақ ғылыммен байланысы басымырақ болды.
Грек философиясы өзінің рухани бай мазмұнымен, жүйелі дамуымен антикалық өмірдің басқа салаларынан әлдеқайда асып түсті.
Грек философиясының пайда болуына және дамуына сол кездегі грек қоғамының саяси, экономикалық, географиялық ерекшеліктері және грек халқының ұлттық ерекшеліктері айқындаушы әсер етті.
Толыққанды өмір адамдардың бойында еркін ойлау дәстүрін қалып-тастырды, демократияның отаны болған Грекияда аса жарқын филосо-фиялық ойлар дамыды, философиялық пайымдау жүргізушілер саны да өте көп боды.
16.Грек мифологиясы және гректердің жеті данышпаны
Эгей теңізі аймағында ежелгі тұрғындарының ой-санасында барша табиғат күштері мен құбылыстары аса құдіретті, мәңгі жасайтын тіршілік иелері құдайлар кейпінде бейнеленіп, адам баласына тән барлық сезімдермен (қуаныш, қайғы, ашу-ыза, қызғаныш, өшпенділік т.б.) керемет кіршіксіз адамдар түрінде елестеген.
Ежелгі грек мифтері ішінара тәңірілік әрекеттер туралы баяндаса, ішінара ғажайып құдірет-күш, ептілік пен батылдық дарыған әр алуан ерлі-зайыпты құдайлар ұрпағы есептелетін қаһармандардың ерліктері мен бастан кешкен оқиғаларын суреттеуге арналған. Жерорта теңізі әлемі халықтарының арасында кеңінен тараған бұл бағзы хикаялар мен аңыздарды римдіктер де пайдаланған. Жаңа дәуірде ол хикая аңыздар ежелгі грек мифологиясы дейтін ортақ атаққа ие болды.
Гректер құдайлар Грекияның ең биік тауы Олимпте тұрады деп сенді. Оларды Олимп құдайлары деп атады (Зевс және негізгі құдайлар). Гректер Олимптегі құдайлар тұрмысын шонжарлардың тұрмысына ұқсатты. Шонжарлар тайпаларды қалай басқарса, Зевс бастаған «Олимпиялықтар» адамдар мен табиғатты солай басқарды. Құдайлар да мансапқор, қатал, кекшіл келеді-міс. Құдайлар біреуді бай әрі шонжар, енді біреуді кедей, тағы біреуді құл етіп жаратқан. Кімде-кім құдайлар орнатқан тәртіпке қарсы шықса, ол адам құдайлардың қаһары мен аяусыз жазаға ұшырайды-мыс.
«Бұлт айдаушы» Зевстің еркімен жаңбыр жауады немесе қуаңшылық болады. Өзін ашуландырған адамдар мен құдайларды құдіретті Зевс алтын жебелермен – жай оғымен жайратады-мыс.
Гректер «Жерді тербетуші» – теңіз құдайы Посейдоннан қаһарлы Зевстен кем қырықпаған. Посейдон өзінің үш тісті орасан зор найзасымен жерді сілкінтіп, теңізге алапат дауыл тұрғызып, кемелерді суға батырып жібереді.
Күн құдайы Гелиос ақша қардай аппақ аттар жегілген алтын арбасымен аспанда жүріп өткенде күн туады-мыс. Жарық пен өнердің құдайы – Аполлон. Күзде өсімдіктердің қурауы мен көктемде табиғаттың жандануы құнарлылықтың әйел құдайы Артемидаға байланысты болған. Адам өлген соң, оның жаны жер асты патшалығының әміршісі қатыгез Аид билік ететін, өлген адамдардың қапас жер асты патшалығына түседі-міс. Аидтың аяғының астында үш басты төбет отырады, ол жер асты патшалығына келгендерді кіргізеді де, бірақ одан ешкімді де шығармайтын болған.
Гректер басты құдайларды мәңгі өлмейтін, сұлу, тұлғалы, алып адам бейнесінде елестетті. Ал орман құдайлары сатырларды үсті-бастары жүн басқан ешкі аяқты, ешкі құлақты адамдарға ұқсатты. Бұлақтардың әйел құдайларын қыз түрінде бейнелеп нимфалар деп атады. Шаруашылықтың әр саласының, егіншіліктің, мал шаруашылығының, аңшылықтың, қол өнердің әрқайсысының қамқоршы құдайлары бар деп саналды.Шарап жасау ісінің құдайы Дионис адамдарға жүзім өсіріп, шарап жасауды үйретсе керек. Оның құрметіне мейрамдар өткізіліп отырған.Гректер металл өңдеуді игере бастаған кезде ұсталардың жарылқаушысы – Гефест құдай туралы аңыз шықты. Гефест жер астындағы ұстаханада өзі жұмыс істейді екен. От пен түтін атқылап жатқан жанар таулар оның жер астындағы ұстаханасынан шығады. Гефест үстіне қолөнершілердің қарапайым киімін киеді, беті-қолы қап-қара, күйе болып жүреді-міс.

Сауда-саттықтың өркен жаюына байланысты оның жарылқаушысы – Гермес құдай пайда болды. Ол Зевстің тапсырмасын орындап, бір қаладан екінші қалаға ұшып жүрген. Сондықтан көбіне ол сандал, қалпақ киген қанатты адам кейпінде бейнеленген.


Зевстің әйелі Гера – неке, ана мен баланың қамқоршысы. Артемида – аңшылық құдайы, Аполлон – өнер, жарық құдайы, Афродита – сұлулық, махаббат құдайы, Арес – соғыс құдайы, Афина – қалалардың қамқоршысы, Тюхэ – бақыт құдайы, Ника – жеңіс құдайы, Фемида – заңдарды сақтаушы құдай, Мойралар – тағдыр құдайлары, өлім құдайы – Танат, ұйқы құдайы – Гипнос, Пан – орман құдайы, табиғаттың қамқоршысы, Эрида – араздық құдайы т.б..
Антикалық шығармаларда мифтік әңгімелер жиі кездеседі, әсіресе грек өнерінің көптеген шығармаларында құдайлар мен қаһармандар образы бейнеленген. Антикалық грек-рим мәдениеті осы заманғы барлық еуропалық халықтардың мәдени дамуына өте күшті ықпал жасады. Грек жазуы көптеген алфавиттерге негіз болды. Гректің толып жатқан сөздері қазіргі тілдерге де енді: «школа», «арифметика», «театр», «хор», история» т.б. Күнделікті әңгімеде ескі грек мифологиясынан алынған есімдер, атаулар, бейнелі сөздер жиі қолданылады: «титандық күрес», «молшылық мүйізі», «бүлік алмасы», «олимпиялық жайбарақаттық», «ахиллес өкшесі», «тантал азабы», «сизиф еңбегі» т.б. Грек есімдері – Петр – «тас», Алексей – «қорғаушы», Георгий – «егінші», Галина – «желсіз тымық теңіз айдыны». Қазіргі астрономиядағы көптеген планеталардың, жұлдыздар мен тұтас жұлдыздар шоғырларының аттары антикалық мифологиядан алынған.
Еуропаның әр түрлі елдерінің жазушылары, суретшілері мен сазгерлері грек мифологиясының эпизодтарын өз шығармаларына сюжет етті: С.Боттичелли («Венераның тууы», «Көктем» картиналары), Рубенс («Персей мен Андромеда»), Рембрандт («Даная»), Пуссен («Спящая Венера и Амур»), У.Шекспир («Венера мен Адонис»), Глюк («Орфей» операсы), В.А.Серов («Европаны ұрлау»), М. Врубель («Пан» картинасы).
Грек мифологиясының сюжеттері бойынша Мәскеуде Үлкен театр, Санкт-Петербург қаласында Мемлекеттік Эрмитаж, Петродворец т.б. (Кусково) сәулетті үйлер мен бақтар безендірілген. А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов өлеңдерінде мифологиялық кейіпкерлер жиі қайталанады. Антикалық философияда «жеті данышпан» үлкен рөл атқарады. «Жеті данышпан» сөзі тырнақшаға алынып жазылады, себебі данышпандардың саны жетеуден көп болған. Көптеген тізімдер болған. Бірақ барлық тізімде данышпандардың саны жетеу болған. Бізге жеткен ең ежелгі тізімді Платон жазған. Ол б.д.д. 4 ғасырды қамтиды. Платонның «Пратагор» диалогында: «Бұндай адамдарға Милеттік Фалес, Митилендік Питтак, Приендік Биант, Солон, Линдиялық Клеобул, Хенейлік Мисон, Спарталық Хилон сияқты данышпандар жатады»-делінген. Кейіннен Диоген Лаэрцияның тізімінен аз танымал Мисонның орнын Тирандық Периандр басады. Соңғы тұжырымдар бойынша: Платон тирандықтарды жек көрген, сол үшін Периандрды тізімнен алып тасаған деген ой айтылған. Бұдан басқа да көптеген тізімдер болған.
17.Гректің натофилософиясы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет