1. Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы. Уник 100%



бет79/80
Дата18.12.2022
өлшемі261,4 Kb.
#58012
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
Қорытындылай келе, эмоциялар көрінісіндегі ең маңызды рөл гипоталамусқа тиесілі деп айтқым келеді. Гипоталамус қажеттіліктер мен сезімдерді қалыптастыруға жауап беретіні белгілі, сонымен қатар ол вегетативті функциялардың ең жоғары орталығы болып табылады. Осылайша, эмоциялардың вегетативті көріністері пайда болады.


89.Гомеостаз туралы түсінік. Гомеостаздың кейбір константалары туралы түсінк (t, РН ортаның реакциясы, глюкоза, тұздар, су және т.б.). Гомеостазды тұрақтылық механизмдері.
Гомеостаз — ағзалардың ең негізгі қасиеттерінің бірі және ол ағзалардың қалыпты тіршілік етуі үшін өте маңызды,себебі тек гомеостаз нәтижесінде ағза құбылмалы сыртқы
ортаға бейімделіп тіршілік ете алады.
В. Кеннон,К. Бернар Тірі ағзалардың мұндай қасиетінің маңызын алғашқы рет 1878 жылы француз ғалымы К. Бернар байқаған. Бірақ гоместаз деген терминді биологияға
1929 жылы америка физиологі В. Кеннон енгізген болатын.
К. Бернардың айтуынша сыртқы орта факторларының әсер-лері саддарынан әр түрлі ағзалар және тіршіліктің түрліше формалары қалыптасады. Ол тіршілікті 3 түрге бөлген: тіршіліктің жасырын (латентті), тәуелді және тұрақты не еркін формала-ры. Тіршіліктің
жасырын формасында тіршілік процестері байқ-алмайды, зат алмасу толық тежеледі. Бұған мысал ретінде өсімдіктердің тұқымдарын алуға болады. Тұқымдар жүздеген, мыңдаған жылдар бойына тіршілікті байқатпай сақталады, қолайлы жағдай туса өніп,
өсіп жеке өсімдікке айнала алатыны белгілі.Жануарлар дүниесінде тіршіліктің жасырын түрі қарапайымдыларда циста күйінде байқалады. Қолайлы жағдайларда циста қалыпты ағзаға айналады. Тіршіліктің тәуелді формасы сыртқы орта факторларына тәуелді болып келеді.Оларға салқын қанды — пойкилотермді жануарлардың бәрі, яғни омыртқасыздар
жөне кейбір омырт-қалылар жатады.Олардың тіршілігі сыртқы орта факторларына (су, жылылық т.с.с.)тәуелді болады. Тіршіліктің тұрақты не еркін формасы жоғары
сатылы жануарларға тән.Бұл жануарлардың тіршілігі сыртқы орта факторлары күрт өзгерген күнде де тоқтамай жалғаса береді,себебі оның мүшелері мен ұлпаларының қызмет активтілігі ай-тарлықтай өзгермейді. Оның басты себебі мүшелерді, ұлпаларды
қоршаған ағзаның ішкі ортасы өзгермейді.Нәтижесінде ағза жылыжайда тіршілік еткен сияқты болып, тұрақты, еркін өмір сүреді. Гомеостазды қалыптастыратын ағзаның
реакциялары олардың құрылымдық тұрақтылығын сақтау, зиянды факторлардың
әсерлерін жою не шектеу процестерін үйлестіруге, құбылмалы орта факторлары
мен ағзалар арасында оңтайлы қарым-қатынас формаларын сақтап қалуға не жаңадан
қалыптастыруға бағытталады. Осы процестердің бәрін адаптация деп атаймыз.
Медицинада адаптация деп ағзалардың қолайсыз жағдайларда тіршілік етуіне байланысты қалыптасқан бе-йімделушілігін айтады және адаптацияның кез келген түрлері гомеостаз механизмдері негізінде пайда болады. Гомеостаздың негізгі құрамдық бөліктері
А) Жасуша тіршілігін қалыптастыратын материалдар:
Жасушаның өсуіне қажет заттар, энергия көздері — көмір-сулар, белоктар, майлар;
Су; Натрий хлориді, кальций басқа да бейорганикалық заттар; Оттек; Ішкі секреция гормондары.
В) Жасуша активтігіне сыртқы факторлар: әсер ететінОсмос қысымы;Жылылық;
Сутек ионының концентрациясы (РНкөрсеткіш).
Г) Ағзаның қызметтік және құрылымдық біртұтастығын қалыптастыратын механизмдер:
Тұқым қуалаушылық;Регенерация және репарация;Иммунобиологиялық қасиеті.
. Гомеостаздың физиологиялық механизмдері
Адам гомеостазының қалыптасуы Мен реттелуінің бірнеше механизмдері белгілі:
Қалыпты артериялық қысымды ұстау механизмі,эндокриндік,биохимиялық,физико-химиялық,генетикалық,құрылымдық,иммунологиялық Қалыпты артериялық қысымды ұстау механизмі:Гомеостаздың күрделі механизмдерінің бірі болып саналады.
Систолалық Артериялық қысым қан тамырлардың баррорецепторларының функционалдық дәрежесінен (Қан қысымының өзгерістеріне жауап беретн нерв клеткалырынан), ал диастолалық артериялық қысым организмнің қанмен қамтамасыз етілу қажеттілігінен тәуелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет