1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамаларын сипаттап, мысалдар келтіріңіз. Технология, химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар. Технология



Pdf көрінісі
бет16/63
Дата09.03.2023
өлшемі1,56 Mb.
#72650
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   63
Байланысты:
1. Õèìèÿëû òåõíîëîãèÿíû íåã³çã³ ûìäàðû ìåí àíûòàìàëàðûí ñèï

Шикізатты байыту-концентраттағы негізгі компоненттің мөлшерін арттыру. Шикізатты байыту оның 
фазалық күйіне байланысты болады. 
Байыту - пайдалы минералдардың бөлігін бос жыныстан бөлу, қажет болған жағдайда өзара бір-бірінен əр 
минералды бөліп те алады,сол кезде пайдалы шикізаттың (бөлудің əсерінен) концентрациясы артады.Кей 
жағдайда көмір де байытуға түседі,сонда оның каллориясы артады.
Байытуды арнайы байыту фабрикаларында жүргізеді. 
Байыту процесін 3 түрге бөледі: механикалық, физика-химиялық (флотационды) және химиялық. 
Механикалық əдіс-кеннің əр бөлігінің физикалық қасиеттеріне байланысты: өлшемі, тығыздығы, формасы 
(түрі), түсі, жарқырауы, бет бөлігінің бұдыры, магнитке тартылуы, электрөткізгіштігі, сулануы т.б. 
Физика-химиялық байыту əдісі шикізаттың жеке құрам бөліктерінің сулануына немесе əр түрлі реагенттер 
мен еріткіштерде еруіне негізделген. Кең көп тараған əдіске флатационды байыту жатады, ол шикізаттың əр 
бөлігінің əр түрлі сулануына негізделген. Алтын, күміс, басқа металдарды сынаппен өңдеп (амальгама), 
калий немесе натрий цианидімен өңдеп (циандау), мысты күкірт қышқылында немесе аммиакта ерітіп, бөліп 
алу т.б. 
Химиялық əдіс бойынша байыту шикізаттың əр бөлігінің химиялық құрамының өзгеруіне негізделген. Бұл 
əдісте шикізат термиялық өңдеуге (жағу) түседі; «балласт» өнімдер газ немесе шлак ретінде жоғалтылады. 
Шикізатты байытудың түрлері: 
1. Гравитициялық байыту - пайдалы қазындыларды байытуда кеңінен қолданылатын əдіс. 
(ылғалды жəне құрғақ) ауа немесе сұйық ортада ұсатылған заттардың бөлшектерінің төмен түсу 
жылдамдығының бөлшек тығыздығына немесе бөлшек мөлшеріне тəуелділігіне негізделген. Бұл əдіспен 
негізінен қаттылығы немесе тығыздығы əртүрлі минералдарды бөледі. Көбінесе, ылғалды байыту сулы 
ортада орындалады. Сулы ортада пульпа үш камераға бөлінген су классификаттарына келіп тұнады: (1)-
камерада ірі ауыр бөлшектер, ұсақталған шикізат сумен (1) бакта араластырылады (қойыртпақ); (2)-камерада 
орташа жəне (3)-камерада ұсақ жəне жеңіл бөлшектер тұнады, тым ұсақ бөлшектер (бос жыныстар) су 
ағынымен кетеді. Бұл əдіс негізінен силикат материалдар минералдық тұз жəне металлургия өндірістерінде 
шикізатты байытуға кеңінен қолданылады. 
Ылғалды гравитациялық байытудың сызбанұсқасы: 1 
– араластырғышы бар бак; 2 – тұндырғышы бар камера; (І - 
ІІI) гравитациялау (ылғалды)
2. Электромагниттік байыту - ұсынылған заттардың магнитке тартылуы. Электрмагниттік байыту 
ұсатылған заттардың магнитке тартылу қасиетіне негізделген. Ұсатылған шикізат магнит сепараторынан 
өткенде магнитке тартылатыны жəне тартылмайтыны екі фракцияға бөлінеді. Электрмагниттік байыту 
əдісі көбінесе темір кендерін – магнитті темір (магнетит) қызыл темір тас, қоңыр темір тас, темір 
колчедан жəне т.б. байытуға қолданылады, осы əдіспен шикізатты ұсақтағанда сырттан қосылған 
темірлерді, темір жаңқасын қоладан бөліп алуға болады. 
Ұсатылған
жыныс
Ұсатылған
жыныс


 Электрмагнитті сепаратор 1 – транспортер лентасы; 2 – транспортер 
барабаны; 3 – барабан ішіндегі электрмагнит; 4,5 – бункерлер 
3. Электростатикалық байыту - ұсақталған шикізат құрамындағы əртүрлі бөлшектердің электр 
өткізгіштігіне негізделген. Электрстатистикалық байыту – ұсақталған шикізат құрамындағы əртүрлі 
бөлшектердің электрөткізгіштігінің өзгешіліктеріне негізделген. Электрстатистикалық сеператорларда 
магнит өрісінің орнына жоғары вольтты ток түзеткіштерінің теріс полюсіне жалғасқан электродтар 
орнатылады. Электр өткізгіштігі жоғары минерал бөлшектері теріс зарядталады да, тебіліп алыстағы 
бункерге түседі, ал диэлектриктер транспортер лентасының астындағы бункерге жиналады. Осылай 
электр тогын өткізетін кендерді өткізбейтіндерден айырып алады 
4. Флотация - физико-химиялық байыту əдістері,əрі көп қолданылатын əдіс. Бұл əдістің негізі-кендер мен 
бос жыныстың бөлшектеріне судың жұғу жəне жұқпау қасиетіне негізделген. Флотация– физикалық-
химиялықбайытуəдісі, əрікөпқолданылатын əдіс. Флотация ағылшынша “Flotatіon” – қалқып шығу деген 
сөз. Флотация технологиясының негізі – кендер мен бос жыныстың бөлшектеріне судың жұғу-жұқпау 
қасиеттерінің əртүрлі болуына негізделген. Флотация үдерісін жүргізу үшін кенді өте ұсақ етіп ұнтақтап, 
сумен араластырып пульпа (қойыртпақ) түрінде арнаулы ыдысқа құяды, суға екі полюсті органикалық зат 
қосады (1 т кенге 400 г есебінде). Бос жыныс бөлшектерінің сыртына су молекулалары адсорбцияланады, 
өйткені олар – жұғатын гидрофильдік заттар. Пульпа құйылған флотация машинасының астыңғы жағынан 
сығылған ауа жібергенде, ауа көпіршіктері түзіледі, сол ауа көпіршіктерінің сыртқы қабықшасына 
жұқпайтын (гидрофобты) кен бөлшектері жабысады. Осындай ауаның көпіршіктері жоғары көтеріліп 
пульпа бетіне концентрат түзеді (маймен адсорбцияланған кеннің бөлшектері). Бөлшектеріне су сіңген 
(гидрофильді) бос жыныс ауырлап ыдыс төбіне шөгеді. Флотация қалдықтарын (флотация құйыршығы) 
түзеді. Көбікті жинап, оны сығу арқылы байытылған кенді алады. 
Aуа араластырғышы бар флотациялық машина
1 – резервуар; 2 – бөлгіш; 3 – ауалы түтік; 4 – концентратты қабылдайтын ыдыс 
5. Термиялық байыту - ұсақталған шикізат құрамындағы компонеттердің балқу айырмашылығына 
негізделген. 
6. Химиялық байыту - шикізат құрамындағы компонеттердің химиялық реагенттерімен əрекеттесу 
айырмашылығына негізделген. 
7. Сұйық материалдарды байыту. Сұйық материалдарды байыту келесі əдістерге негізделген: еріткішті 
буландыру, ерітіндіге пайдалы компонентті үстемелеп қосу, ерітіндіден бөгде заттарды тұнбаға түсіру 
немесе оларды газ күйіне ауыстыру 
8. Газдарды байыту-белгілі бір газды бөліп алу олардың қоспа құрамындағы газдардың қайнау, сұйыққа 
айналу температураларының, ерігіштігінің айырмашылығына негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет