1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамаларын сипаттап, мысалдар келтіріңіз. Технология, химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар. Технология


Эксплутациондық көрсеткіштер келесі талаптар жатады



Pdf көрінісі
бет9/63
Дата09.03.2023
өлшемі1,56 Mb.
#72650
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   63
Эксплутациондық көрсеткіштер келесі талаптар жатады: 
Беріктілік (надежность) – өндірісте немесе қондырғыда белгілі уақыт аралығында авариясыз жұмыс 
істеудің не болмаса авариялық жағдайда тоқтап қалу санының орташа уақытымен сипатталады.
Жұмыс істеу қауіпсіздігі (безопасность) – қоршаған ортаға, қызметкерлерге жəнеқондырғыларға əкелетін 
зиянды əрекеттерден жұмыс режимінің бұзылу ықтималдығы. 
Автоматтандыру және механикаландыру дәрежесі (степень автоматизации и механизации) - өндірісті 
пайдаланудағы қол жұмысы мен ауыр еңбек үлесін анықтайды 
Әлеуметтік көрсеткіштер – өндірісте жұмыс істеудің қолайлығын жəне оның қоршаған ортаға əсерін 
сипаттайды.
Қызмет көрсетудің зиянсыздығы – газдану, шаң-тозаңдану, қатты дауыс деңгейі жəне т.б. талапқа сəйкес 
нормада болуын санитарлық-гигиеналық тұрғыдан қадағалау.
Экологиялық қауіпсіздік өндірістің қоршаған ортаға жəне орналасқан аймақтың экологиялық жағдайына 
əсер ету дəрежесін анықтайды. 
5. Химия-технологиялық жүйе мен үдеріске анықтама беріңіз. Химия-фармацевтикалық 
технологияның негізгі үдерістерін жіктеңіз және мысалдармен көрсетіңіз. 
Жүйе - біртұтас жиынтық.
Химиялық-технологиялық жүйе (ХТЖ) – бастапқы затты (шикізат) өнімге дейін өңдеуге арналған 
аппараттардың, машиналардың, басқа қондырғылардың (элементтер) жəне материалдық, энергетикалық, 
басқа ағыстардың (байланыстар) өзара біртұтас жиынтығын айтады. 
ХТЖ-нің жалпы белгілері:
– химиялық өнім шығару;
– элементтің көп түрлілігі жəне олардың өзара байланысы;
– жүйенің жұмысын сипаттайтын параметрлер санының көптілігі; 
– жүйе жұмысының өзара байланыстылығы мен күрделілігі;
– өндіріс үдерістерін басқаруды автоматтандыру дəрежесінің жоғарылығы;
– жүйенің элементтер арасындағы ақпараттарды басқару жəне тіркеу 
Шикізат жəне материалдарды өнімдерге дейін өңдеу операциялары мен үдерістердің жиынтығын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет