Білім алушылардың жетістігін бақылау электрондық журналда жүргізілді.
«Білім алушылардың үлгерімін, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес бағалау өткізіледі. Бірінші тоқсанда педагогтер 2-11 сыныптарда бөлімге (бұдан әрі – БЖБ) 1 жиынтық жұмыс және тоқсанға (бұдан әрі – ТЖБ) 1 жиынтық жұмыс өткізеді. Осы аталған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрықтарының қосымшалары негізге алынды.
Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және ұзақ мерзімді жоспарда әр сынып бойынша оқылатын шығармалар, тілдік дағдылар бойынша күтілетін нәтижелер оқыту мақсаттары түрінде нақты көрсетілді.
Қашықтан оқыту үшін интернет-платформалар мен электрондық Оnline білім беру платформаларын, сондай-ақ, www.whatsapp, bilimland.com, «Өрлеу» жалпы білім беру каналы , басқа да байланыс құралдары пайдаланылды.
Бірлестік жиналысы ZOOM желісінде өткізіліп,мұғалімдерге тұсіндірме жұмыстары айтылды.
Қыркүйек айында Қазақстан тілдері күнінен орай оқушылар арасында қашықтықтан сыныптан тыс жұмыстар жүргізілді.
Қазанның 2-жұлдызында «Қашықтықтан оқыту жағдайында тиімді кері байланысты ұйымдастыру жолдары» атты тақырыпта өткен аудандық вебинарға бірлестік жетекшісі Сауранбаева З.А. қатысып , «Қашықтықтан оқыту жағдайында тиімді кері байланыс беру жолдары» атты тақырыпта таныстырылым жасады.
16-қазанда қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері үшін өткен «Қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары» атты вебинарда қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі А.Б. Мусаева «Сыныптан тыс шараларды ұйымдастыру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары» атты таныстырылым жасады.
ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz сайтында педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған
ІІІ Республикалық «Үздік педагог» олимпиадасына қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері Смағұлова Қамар , Көсенбаева Гүлзат , Мусаева Айгүл қатысып, қатысқаны үшін сертификат және І , ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Бірлестік жетекшісі: Сауранбаева З.А.
Достарыңызбен бөлісу: |