1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері. Жаза тағайындау


«Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы»



бет3/24
Дата26.11.2023
өлшемі54,01 Kb.
#128286
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
«Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысының бірінші тармағына сәйкес:
Қазақстан Республикасы Конституциясының барлық адам заң мен сот алдында тең, ешкім де заңды күшіне енген сот үкiмi болмай қылмыс жасауда кiнәлі деп танылуға жатпайды және қылмыстық жазаға тартыла алмайды деген ережелерін негізге ала отырып, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен ауырлығына, сотталушының қызметтегi және қоғамдағы дәрежесіне қарамастан, әрбiр қылмыстық істі заңға сәйкес бұлжытпай шешуі қажет екендігіне соттардың назары аударылсын. Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 52-бабында көрсетілген жаза тағайындаудың жалпы қағидаларын бұлжытпай сақтағандары, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы бойынша қай санатқа жататындығын, қылмыстың қайталануын және оның түрлерiн, қылмыстық құқық бұзушылықты жасау кезеңін, сотталушының қылмыстық құқық бұзушылықты жасау кезіндегі қатысу дәрежесін, қылмыстық құқық бұзушылықтың мақсатына жету үшiн оның әрекеттерінің маңызын және келтiрiлген немесе келтiрiлуi мүмкiн зиянның сипаты мен мөлшеріне ықпалын, қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығының болуын, жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн немесе ауырлататын мән-жайлардың болуын, сол қылмыстық құқық бұзушылық үшiн көзделген жазаға қарағанда неғұрлым жеңiл жаза тағайындау негiздерiн ескерулері қажет – делінген.


2. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар.
Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мəн-жайлар. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мəн-жайлар деп –кiнəлiнiң жеке басына жəне ол жасаған қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысты, қылмыстық құқық бұзушылық құрамынан сыртта тұратын, қылмыстық құқық бұзушылық пен қылмыскердiң қоғамға қауiптiлiгiн азайтатын жəне оның жауаптылығы мен жазасының дəрежесiн төмендететiн түрлi факторларды айтуымыз қажет. Жасалған қылмыста не қылмыстық теріс қылықта жеңiлдетiлген жағдайлардың бар болуы, Ерекше бөлігінің бабының санкциясында көрсетілген жазалардың жеңiлдеу түрiн тағайындауға, сонымен бiрге қылмыстық жауаптылықтан толықтай босатуды не шартты соттауды қолдануға мүмкiндiк бередi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет