1 ЖҰмыс өлшеулердің қателіктерін зерттеу



бет4/19
Дата03.02.2023
өлшемі7,21 Mb.
#65077
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
1.3. Жұмысты орындауға керек құрал-саймандар:
1. Гамма-нұрлардың санағыштары;
2. уақыт өлшегіші;
3. радиоактивтік нұрлар көздері.


1.4. Жұмысты орындау тәртібі:
1.4.1. Қондырғыларды қосып, 15 мин. қыздыру керек.
1.4.2. Екі минут (100 секунд) ішінде фон беретін импульстің санын өлшеу керек. Фондық санау жылдамдығын анықтау.
1.4.3. Екі минут бойы дайындама беретін импульстер санын өлшеп, санау жылдамдығын анықтау.
1.4.4. Статистикалық қателіктің ең кіші мәніне сәйкес келетін санау жылдамдығын қамтамасыз ететін дайындаманың активтілігін өлшеу уақытын есептеу.
Мысалы, имп/мин, имп/мин,
мин үшін, мин
1.4.5. 1.4,4.-те есептелген уақыт ішінде фон мен препараттың беретін импульстерін санау.
Тәжірибелер санын оқытушы әр орындаушыға дара белгілейді. Өлшеулердің нәтижелерін l.l.-кестесіне тіркеу және есептеулерді жүргізу.


Кесте 1.1.
































1












































































































1.4.6. Фонның санау жылдамдығын өлшеу. Өлшеу уақыты 2 мин.
Тәжірибелер санын оқытушы әр орындаушыға дара белгілейді.
Өлшеулердің нәтижелерін 1.2. кестесіне тіркеу және есептеулерді жүргізу.


Кесте 1.2.
































1








































































































1.4.7. Мына шамалардың мәндерін есептеу:





1.4.8. 2000-4000 имп/мин беретін дайындама үшін, оның активтілігін салыстырмалы қателікпен өлшеуді қаматамасыз ететін (1.2.4.-тегі 9-бапты қара) өлшеу уақытын табу. Осы уақыт бойы санау жылдамдығын бір рет өлшеу. Осы тәжірибеде берілген дәлдіктің қамтамасыз етілгендігін тексеру.
1.4.9. 100-400 имп/мин беретін препарат үшін, оның активтілігін салыстырмалы дәлдікпен өлшеуді қаматамасыз ететін (1.2.4.-тегі 9-бапты қара) өлшеу уақытын табу. Бұл уақытты табу үшін алдымен препараттың активтілігін 2 минут (100 сек) бойы өлшеу керек. Алынған уақыт бойы препарат беретін импульстер санын өлшеу керек. Осы тәжірибеде берілген дәлдіктің қамтамасыз етілгендігін тексеру.


1.5. Өздік тексеру сұрақтары
1.5.1. Пуассон мен Гаусс таралуларының ықтималдылық мәні.
1.5.2. өрнегін қорытып шығару.
1.5.3. Стандарт ауытқудың өрнегін қорытып шығару.
1.5.4. Көздің активтілігін өлшеу кезінде берілген -ны қамтамасыз ету үшін, жинау керек импульстардың санын ең қарапайым түрде қалайша бағалауға болады?


1.6. Әдебиет
1.6.1. Калашникова В.Н., Козодаев М.С. Детекторы
элементарных частиц. М.: Наука, 1966.
1.6.2. Кадыров Н. Ядролық физика негіздері. Алматы:
Қазақ университеті 2000.
2 ЖҰМЫС
Зарядталған бөлшектердің газоразрядты
санағышын зерттеу


2.1. Жұмыстың мақсаты:
2.1.1. Газорязрядты санағыштың жұмысының физикалық негіздерін түсіну.
2.1.2.Санау сипаттамасын тусіру мен санағыштың өлі уақытын екі препарат әдісімен анықтау.
2.2. Негізгі теориялық ұғымдар
Зарядталған бөлшекті тіркеу оның иондағыш қабілеті арқасында жүргізіле алады. Егер бөлшек потенциалдары әртүрлі екі электрод арасындағы газды иондаса және электр өрісінің кернеулігі жеткілікті болса, онда пайда болған электрондар анодқа, ал оң иондар катодқа қарай ұмтылады. Осының нәтижесінде тізбекте ток пайда болып, электродтарда ток немесе кернеу импульсы болады.
Барлық газоразрядты санағыштар құрылымы бойынша конденсаторларға ұқсас. Олар жұмыс күйіне, құрылымы және электр өрісінің мөлшері мен таралуына қарай ионизациондық камера, пропорционалдық санағыш және газоразрядты санағыш (Гейгер-Мюллер санағышы мен өздігінен сөнетін санағыш) болып жіктеледі.
Ионизациондық камералар әртүрлі пішінді (жазық, цилиндрлік, сфералық) болуы мүмкін. Олардың электродтарының арасындағы кернеуліктің мөлшері аз болады.
Пропорционалдық және газоразрядты санағыштар, әлбетте, катод болып табылатын цилиндр мен оның центрінде тартылған қыл сым-анодтан тұрады. Пропорционалдық санағышта кернеулік ионизациондық камерадағыдан жоғарырақ. Осының нәтижесінде онда екінші реттік иондау болады. Газоразрядты санағыштарда кернеулік одан да жоғары. Сондықтан оларда газдық разряд туады.


Газдық ионизациондық детекторлардағы физикалық процесстер
Жоғарыда аталғандай, газдық ионизациондық аспаптардың үш түрі электр өрісінің кернеулігінің, демек, электродтарға берілетін кернеулердің, әртүрлі мәндерінде жұмыс істейді. Физикалық, құбылыстарды қарастыру үшін, цилиндр мен оның центрінде тартылған сымнан тұратын, кезкелген кернеу кезінде жұмыс істей алатын, қиял тіркегішті елестетейік. 2.1-суретте келтірілген сұлбада санағыштың катоды жерге (қаңқаға) жалғанған, яғни оның потенциалы нөлге, ал сымның потенциалы қалыпты жағдайда қөректендіру көзі кернеуіне тең.



2.1.-сурет. Газдық ионизациондық тіркегішті қосудың үлгілік сұлбасы


Мұндай құрылым үшін электр өрісінің Е кернеулігінің сымнан -қашықтыққа тәуелділігі

өрнегімен анықталады. Мұндағы -сымның кернеуі, мен -анод (сым) пен катодтың (цилиндр) радиустары.
Осындай санағышта әртүрлі күйлерде өтетін процестерді қарастырайық
а) Ионизациондық камераға сәйкес кернеу өңірі.
Санағыш ішіндегі газ көлемінде иондағыш бөлшектердің түсуінен пайда болған электрондар мен иондар анод пен катодқа қарай тартылады. Электрондардың қозғалғыштығы иондардікінен анағұрлым жоғары. Сондықтан электрондар анодқа тез жиналады да, иондар бұл уақыт аралығында айтарлықтай қашықтыққа жылжып үлгермей, орнында дерлік қалады. Пайда болған электрондардың иондармен қайта қосылғандардан басқалары анодқа 10-6 с ішінде жетіп болады және оның зарядын мөлшерінде өзгертеді. (2.2-сурет). Мұнда -электронның заряды, n-сымға жеткен электрондар саны. Ол сымның потенциалының төмендеу мөлшерін анықтайды:

Мұндағы С-пикофарадпен өрнектелген -вольтпен алынған кернеу өзгерісі.





2.2.-сурет. Сымның потенциалының санағышқа бөлшектің тиюінің нәтижесіндегі өзгерісі.
Оң иондардың қозғалысы немесе оның анодты қалқалауының азаюы, потенциалдың төмендеуінің аздап жалғасуын (ВС-бөлігі) береді.
Зарядтар (электрондар мен иондар) электродтарға жиналып болғаннан кейін сымның потенциалының алғашқы қалпына келуі қоректендіру көзінен R арқылы өтетін зарядталу тоғының әсерінен болады. Оның өзгеру заңы

Сонымен санағышта, амплитудасы бірінші бөлшектің энергиясына ғана тәуелді, санағыштағы кернеуге тәуелсіз, қысқа уақыттық кернеу импульсы пайда болады.
Бұл күйге, күшті иондайтын бөлшек үшін де, санағышта болатын кернеу импульсының амплитудасының өте кішкентай мәні тән. Мұндай импульстарды тіркеу үшін күшейтуі үлкен күшейткіштер қолдану керек. Одан қосымша қиындықтар туады.
б) пропорционал санағыштарға тән потенциалдар өңірі.
Санағышқа берілетін кернеуді өсірген кезде, электр өрісінде үдетілетін электрондардың энергиясы алдымен центрлік сымның маңында, одан кейін санағыштың басқа өңірінде де екінші реттік ионизацияға, яғни электрондардың газ атомдарын иондауына жеткілікті болады. Кернеуді әрі қарай өсірсек, тек қана бірінші реттік иондаушы бөлшек туғызған, электрондардың ғана емес, екікші реттік, үдетілген электрондар туғызған, электрондардың энергиясы да газ атомдарын иондауға жеткілікті болады. Бұл құбылыстың әсерінен анодқа жететін электрондардың саны иондаушы бөлшек туғызған электрондардың санынан әлдеқайда көп болады. Бұл газдық күшейту құбылысы деп аталады. Оның үлесі кернеу артқан сайын арта түседі.
Газдық күшейту әсерінен мұндай санағышта болатын кернеудің түсуі, ионизациондык, камерадағыға қарағанда, әлдеқайда үлкен болады.

Мұндағы - газдық күшейту коэффициенті. Ол осы тасқындық процесс кезінде санағышта пайда болған барлық иондық қосақтар санының иондаушы бөлшек туғызған бірінші реттік иондық қосақтар санына қатынасына тең. Газдық күшейту коэффициенті санағышта түсетін кернеуге тәуелді, демек санағыштағы кернеу өзгерісі де оған тәуелді.
Кернеудің мәндерінің бұл өңірінде кернеу тұрақты болса, тіркелген бөлшектің әсерінен болатын санағыштың кернеуінің төмендеуі, бөлшек туғызатын иондар қосағының -санына, демек оның энергиясына пропорционал. Сондықтан мұндай санағыштар пропорционалдық деп аталады.
Пропорционал санағыштың шығысындағы кернеу импульсінің амплитудасының оны туғызған бөлшектің энергиясына пропорционалдығы дәл болу үшін, оның газдық күшейту коэффициенті, демек, оған берілген кернеу нық болу керек. Ол оны қоректендіретін көзге жоғары талап қояды.
в) Кернеудің газоразрядтық санағыш өңірі.
Пропорционалдық санау өңірі мен газоразрядты санағыш өңірінің арасында шектелген пропорционалдық өңірі жатыр. Бұл өңір үшін күшті иондайтын бөлшектер туғызған импульс үшін күшейту нашар иондайтын бөлшектер туғызатын импульс үшін күшейтуден кіші, демек бұл өңір үшін шығыстағы кернеу импульсінің бөлшектің энергиясына тура пропорционалдық тәуелділігі бұзылған, бірақ кернеуге тәуелді өседі.
Одан әрі өзіне тән ерекшеліктері бар газоразрядтық санағыш өңірі келеді.
Газдық күшейту механизімін қарастырғанда біз кернеу өскен сайын көбейту коэффициентінің тез өсетінін атадық. Оның өсуімен қатар тасқынның өрбуіне біз бұрын елемеген фотоионизация процесінің үлесі де өседі. Демек, екінші реттік ионизация газдық күшейтуте жауапты жалғыз ғана кұбылыс емес.
Фотоионизация жоқ кездегі газдық күшейту коэффициенті , бірінші реттік электрондардың біреуі туғызатын екінші реттік электрондардың орташа санына тең. Сонымен қатар кейбір молекулалар қозған күйге көшеді. Егер қозған күйден негізгі күйге көшу фотон шығару арқылы өтсе, ол фотондар фотоэлектрондар туғызуы мүмкін. Сонда толық газдық күшейту коэффициентін фотоионизацияның үлесін ескеріп, былай жазамыз: , мұндағы - бірінші реттік электрондардың біреуінің үлесіне келетін фотоэлектронның саны. Бұдан егер болса, болатынын, яғни санағышта тесілу болып, газдық разряд болатыны және санағыштағы кернеу импульсінің амплитудасының бастапқы иондауға тәуелсіз екенін, санағышта импульс болу үшін электрон мен ионның бір қосағының тууы жеткілікті екенін көреміз.



2.3-сурет. Газоразрядты санағыштағы разрядтың дербес сатылары.

Кернеудің мұндай мәндерінде істейтін санағыштарды өзі сөнетін және өзі сөнбейтін деп бөледі. Оларда өтетін құбылыстарды келесі бөлімде қарастырамыз.


2.3-суретте ионизациондық тіркегіштердің кернеу импульсінің амплитудасының ода түсетін кернеуге тәуелділігі келтірілген.
Мұндағы тұтас және үзік-үзік сызықтар энергиялары әртүрлі екі бөлшекке сәйкес келеді. Қисықтың 1,2,3,4 бөліктері, сәйкес, ионизациондық камераның, пропорционалдық санағыштың, шекті пропорционалдық газоразрядтық санағыштың жұмыстық кернеулеріне сәйкес келеді.


2.2.2.1. Өзі сөнбейтіп санағыштар (Гейгер-Мюллер санағышы)
Бір және екі атомдық газбен толтырылған мұндай санағышқа бөлшек тиген кезде, оның ішінде үзілмейтін газдық разряд пайда болады. Бұл құбылыстың механизмі мынадай:
Бұған дейін біз сымның потенциалының ода электрондардың жиналуы нәтижесінде өзгерісін ғана қарастырдық. Электрондық фотондық тасқында пайда болған иондар мен қозған молекулалармен не болады? Олардың жылжымалылығы кішкентай және екінші реттік ионизация электр өрісі күшті өңірде өтеді де, сымның айналасында оң зарядтардың қаптамасы пайда болады. Сондықтан, электрондар сымға жиналып болған сымның потенциалы әрі қарай төмендемеу керек сияқты кезден кейінде біраз уақыт төмендейді. Ол сымнан жай қашықтап бара жатқан оң иондардың қалқалау әсерінің әлсіреуіне байланысты болады. Сөйтіп, импульстың амплитудасына тек қана сымда жиналған электрондардың саны ғана емес, осы оң иондардың қалқасы да әсерін тигізеді.
Сонымен біз импульстің өршу бөлігін 2.2-суреттегі, барлық тасқындық құбылыс барысында пайда болатын электрондардың сымға жиналуынан туатын АВ бөлігі мен иондардың сымнан одан белгілі бір сындық, оның қалқалау әсері жойылатын қашықтыққа дейін алыстауына тәуелді ВС бөлігін көрсете аламыз. Одан әрі сымның потенциалы электрондардың сыртқы тізбекке кетуінен қалпына келе бастайды. Ал оң иондар өзінің катодқа қарай қозғалысын жалғастырады. Олар катодтың маңына сымның потенциалы толық дерлік қалпына келген, 2.2-суретте D нуктесіне сәйкес келетін кезде жиналып болады.
Иондар, катодтың маңына шамамен 0,1 мкм қашықтыққа дейін жақындағанда, одан жұлынған электрондарды қосып алып бейтараптанады, молекулалар құрады. Бірақ иондардың катодтан электрон жұлуға шығаратын энергиясы оларды иондау кезінде жұмсалған энергиядан аз (электрондардың металлдан шығу жұмысы газдардың иондау потенциалынан аз). Сондықтан құрылған молекулалар қозған күйде болады.
Қозған молекулалардың негізгі күйге қайтуы кезінде жаңа электрондар тууы мүмкін. Бір жағынан, олардың қозуы ультрафиолетті сәулелер шығаруымен аяқталуы мүмкін. Ал ол ультрафиолеттік нұр катодтан фотоэлектрондар жұлып шығаруы мүмкін. Екінші жағынан, иондардың өздері катодтан соқтығысу кезінде одан электрондар жұлып шығарулары мүмкін.
Катодтан электрондардың ұшып шығуы сымның потенциалы толық дерлік қалпына келген кезде болады, сондықтан, ол электрондар жаңа электрон-фотондық тасқын туғызады. Одан кейін бұл құбылыс қайта-қайта қайталанады. Бірақ бұл шексіз қайталануы мүмкін емес. Әр тасқын біткен кезде сымның потенциалы ол басталған кездегіден аз ғана болса да кем болады. Сөйтіп ол әр тасқын сайын кеми береді де, белгілі бір тасқын саны өткеннен кейін газдық күшейтуді қамтамасыз етуге жеткіліксіз болады. Сөйтіп, иондағыш бір бөлшек санағышқа бір-біріне міңгескен импульстардан тұратын бірнеше сатылы газ разрядын береді.
Жоғарыда айтылған процестер өзі сөнбейтін деп аталатын санағыштарда өтеді. Мұндай санағыштарда көп сатылы разрядты тоқтату үшін өшіру тізбектерін пайдалану керек болады. Өшіру тізбектерінің міндеті бірінші тасқын сымға жеткеннен кейін потенциалдар айырмасын екінші тасқын тууға жетпейтіндей мөлшерге дейін кеміту. Одан кейін потенциалдар айырмасының қалпына келуі тек оң иондар бейтараптандырылғаннан кейін ғана басталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет