8. Жүректін қызметін түсіндіріп беріңіз.
Жауабы: Жүрек адам ағзасында бір ғана қызмет атқарады, яғни жүректің насостық қызметі – қан айдау қызметі. Әрбір жүрекше сәйкес карыншамен журекше-қарынша тесігi, оsrtium atrioventricular арқылы байланысады. Журекте 2 тесік: біріншісі, оң жүрекше мен оң қарынша аралығында, оң жүрекше-карынша тесігі, оstium atrioventricular dextrum, екіншісі, сол журекше мен сол қарыншанын аралығында, сол журекше-карынша тесiгi, оstium atrioventricular sinistrum, бар. Әрбір тесікте журекшеден қарыншаға қанның өту бағытын реттейтін қақпақ бар. Организмнен веналық кан веналар арқылы оң журекшеге, аtrium cordis dexter, одан оң жүрекше-қарынша тесігі арқылы оң қарыншаға, ventriculus сordis dexter, құйылады. Кейін оң қарыншадан қан өкпе сабауына,truncus pulmonales ,одан өкпе артериялары, aa. рulmonales, aрқылы оң және сол өкпеге барады. Өкпеде өкпе артериялары ұсақ тамырларға, капилляраларға, vаsа саpillaria, тармақталады. Өкпеде веналық қан оттегіге қанығып, артериялық қан 4 өкпе венасы, vv. Pulmonales, арқылы сол журекшеге, atrium сordis sinistrum, одан сол жүрекше-қарынша тесігі арқылы сол қарыншаға барады. Жүректің сол карыншасынан қан ең iрі артериялық тамыр -- қолқаға, аоrta, және оның тармақтары организмнің тіндерінде капиллярларға барлық агзаларына таралады. Тіндерге оттегін беріп, өзі көмірқышқылын сіңipіn, веналық канға айналады. Кaпиллярлар қайтадан бір-бірімен қосылып, ірі тамырлар-- веналарды, vеnа, түзеді. Дененің барлық веналары 2 іpi cабауға – жоғарғы қуыс вена,v. Cava superior, және төменгі қуыс венаға, v.cava inferior, тармакталады. Жоғаргы қуыс вена қаны бас пен мойын аймағы мен ағзаларынан, қолдан және тұлға қабырғасының кейбір бөліктерінен жинайды. Төменгі қуыс вена қанды аяқтан, құрсақ және жамбас астау қабырғалары мен aғзаларынан жинайды. Оң жүрекшеге қанды 2 қуыс вена әкеледі және журектің меншікті веналық қаны келеді. Содан тұйық қанайналым шеңбері қалыптасады, ол жолды жалпы қанайналым шеңбері деп атайды. Жалпы канайналым шеңберінің екі түрін: үлкен қанайналым және кіші қанайналым шеңберін ажыратады. Кіші қанайналым шенбері, circulus sanguinus minior, немесе өкпелік қанайналым шеңбері деп, жүректің оң қарыншасынан бастап, өкпе сабауы арқылы, оның тармақталуы, өкпедегі капилляр торы, өкпе веналары және сол жүрекшемен аяқталатын бөлікті атайды. Үлкен қанайналым шеңбері, circulus sanguinus major, немесе денелік қанайналым шеңбері деп, жүректің сол қарыншасынан бастап, қолқа арқылы оның тармактары, барлық дененің ағзалары мен тіндерінің капилляр торы мен веналары және оның оң жүрекшемен аяқталатын бөлігін айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |