25. Ромба шұңқыры: құрылысы және қызметін айтып беріңіз.
Төртінші қарынша түбінің пішініне сәйкес ромбтәрізді шұңқыр, fossa rhom-
boideae, атауын алады, ол сұр заттың жіңішке қабатымен, stratum cinereum fossae rhomboideae жабылған.
Ромбтәрізді шұңқыр алдынан мидың суқұбырынан, артынан саlатия
seriptorius-ке дейін тартылады. Оның бұрыштары: алдыңғы – үлкен миға, артқы – жұлынға, доғал бұрыштары латералді қалталарға бағытталады.
Шұңқырдың ұзындық диагоналі бойы ромбтәрізді шұңқырдың орталық жүлгесi, sulcus medianus fossae rhomboideae, өтеді, ол алдынан суқұбырына өтеді. Қысқа диагональ латералді қалталар арасынан өтеді. Шұңқырды орталық жүлге оң және сол үш бұрыштарға бөледі. Әрбір үшбұрыштың негізі орталық жүлгеде жатады, ал ұшы ромбтәрізді шұңқырдың ең жалпақ учаскесі – латералді қалталарға, recessus lateralis, бағытталады. Мишықтың төменгі аяқшаларының арасында жүргізілген сызық ромбтәрізді шұңқырды көлемі жағынан әртүрлі екі: жоғарғы (алдыңғы) және төменгі (артқы) үшбұрыштарға бөледі. Орталық жүлгенің жан-жағында екі медиалді томпақ, eminentiae тedialis, бар, олар ромбтәрізді шұңқырдың алдыңғы учаскелерінде жақсы айқындалған. Осы томпақтардың қалыңдығында ми нервтерінің қимыл ядролары жатады. Әрбір томпақтың алдыңғы бөлігінде (жоғарғы үшбұрыштың алдыңғы бөлімдеріне сәйкес) бет нерв тізесінен түзілген беттік төмпешік, colliculus facialis, бар. Медиалді томпақ пен беттік төмпешік латералді жағынан шекаралық жүлгемен, sulcus lіmіtаnѕ, шектелген жүлгенің жоғарғы бөлімдерінде, pedunculus cerebellaris superior-ға жақын көк түсті кішкене учаске –көкшіл дақ, locus ceruleus, орналасады, оның түсі пигменттік жасушалардың орналасуына байланысты. Бет нерв төмпешігінің латералді бетінде және көкшіл дақтың артында терең емес жоғарғы шұңқыр, fovea superior; бар, ол шекаралық жүлгенің кеңейген жері болып саналады.Бет нерві төмпешігінің төменгі бөлігінің артында көлденең бағытта, ақ түсті жіңішке ми жолақтары, ѕtriae тedullares ventriculi quаrtіі, өтеді, олар ромбтәрізді шұңқырдың аралық бөлігінде жатады. Олар латералді орналасқан есту төмпешігінде, tuberculum acusticит, басталып, орталық жүлгеге бағытталады. Есту төмпешігінде ұлу нервтің дорсалды ядросы, пиcleus cochlearis dorsalis, ол ядродан жоғарыда аталған, ѕtrіae medullaris, басталады. Олар есту төмпешігі мен жалпайған көтеріңкісінің шекаралық жүлгесі (кіреберіс алаң, area vestibularis) арасындағы бетте өтеді. Кіреберіс алаңнан төмен тіласты нерв үшбұрышты, trigoпит п. hypoglossi, одан медиалді және кішкене төмен, төменгі шұңқырдың астында қоңыр түсті кішкене учаске – кезбе нерв үшбұрышты, trіgопит п. vagi, орналасады. Одан томен ұсақ жүлгелермен алабажақтанған жер, қауырсын, саlатиѕ ѕеrірtorius, бар, оның артында ромбтәрізді шұңқырдың орталық жүлгесі жұлынның орталық өзегітенетеді. Осы жерді ысырма, оbex, жабады, ол төртінші қарынша төбесінің төменгі жиегінің соңғы учаскесі, оның астында орталық өзекке кіреберіс орналасады. Ысырманың астында, бірақ төртінші қарынша қуысынан тысқары, сопақша мидың орталык сызығы бойымен артқы орталық жүлге (саңылау), sulcus (fissura) medianus posterior; орналасады, ол жұлынға да жалғасады. Одан латералді кішкене көлемді сопақ көтеріңкі – нәзік буда ядросының төмпешігі, tuberculum пиclei gra- cilis, жатады. Ол жоғары және сыртқа қарай ешқандай шекарасыз мишықтың төменгі аяғына, pedunculus cerebellaris inferior, ол төмпешік нәзік бyдaғa, fasciculus gracilis, өтеді. Төмпешік пен нәзік буда сыртынан артқы аралық жүлгемен, sulcus intermedius posterius, шектелген, оның сыртында және жоғары созылған көтеріңкі, сынатәрізді ядро төмпешігі, tuberculum nuclei сипeati, жатады. Ол жоғарғы бөлімінде мишықтың төменгі аяғына, төменгі бөлімінде сынатәрізді будaғa, fasciculus сипeatus, өтеді. Сынатәрізді буданың латералді бөлігінде созылған көтеріңкі, сұр төмпешік, tuberculum cinereит, жатады, төмпешік сынатәрізді төмпешік пен оливаның арасында орналасқан және сынатәрізді төмпешіктен жүлгемен бөлінген.
Достарыңызбен бөлісу: |