1. курс туралы жалпы мәліметтер



бет13/32
Дата21.09.2022
өлшемі0,57 Mb.
#39690
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32
Байланысты:
КФ силл

Тақырып №11. Корпорацияның қаржылық жағдайын бағалау және қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары
Сағат саны – 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Бухгалтерлік (қаржылық) есеп шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін басқару үдерісін ақпараттық қамтамасыз етудің көзі ретінде. Қаржылық талдау ұғымы, қаржылық жағдайды талдау, қаржылық тұрақтылық.

  2. Қаржылық талдаудың әдістемесі. Корпорацияның қаржылық жағдайын бағалау: мүліктік жағдайы, өтімділігі, төлем қабілеттілігі, іскерлік белсенділігі, рентабельділігі, қаржылық тұрақтылығы, қор нарығындағы корпоративтік бағалы қағаздардың жай – күйі. Корпорацияның қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары.

Дәріс тезисі
Кәсіпкерлік фирманы жетісті басқарудың маңызды шартының бірі
болып оның қаржылық жағдайларын талдау табылады, себебі кәсіпкерлік қызметтің кез - келген сферасындағы нәтижелер қаржылық ресурстардың болуынан және оларды тиімді қолдануына байланысты. Нарықтық экономика жағдайда қаржы туралы қамқорлық – кез – келген кәсіпорын қызметінің маңызды элементі. Кәсіпорын қаржыларын тиімді басқару үшін қаржылық талдауды жүйелі жүргізу қажет.
Қаржылық талдау – дейді Ковалев, - ол келесі мақсаттары бар қаржылық сипаттағы ақпаратты жинақтау, трансформациялау және қолдану әдісі.

  • Кәсіпорынның ағымдық және болашақ қаржылық жағдайларын бағалау.

  • Кәсіпорынын дамуының мүмкін және мақсатты темптерін олардың қаржылық қамтамасыз етілуі жағынан бағалау.

  • Қолжетерлік қаржы көздерін айқындау және оларды жұмылдыру мүмкіндігін бағалау.

  • Кәсіпорынның капитал нарығындағы жағдайын болжау.

Әрдайым өзгермелі ішкі және сыртқы кәсіпкерлік ортада кәсіпорынның жетісті қызмет ету және даму, өз активтерімен пассивтерінің тендігін сақтау, өз төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын әрдайым сақтау қабілеттілігі оның тұрақты қаржылық жағдайы туралы қуәландырады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау келесілер үшін қажет:

  • Оның қаржылық жағдайларына әсер ететін факторларды анықтау

  • Қаржылық жағдай көрсеткішінің өзгерісін анықтау

  • Қаржылық жағдайлардың санды және сапалы өзгерісін бағалау

  • Белгілі уақыт кезеңіне кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау

Нарықтық экономикада кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның
қызметінің ақырғы нәтижесін көрсетеді. Бұл тек кәсіпорынын жұмысшыларына ғана емес, экономикалық қызмет бойынша оның серіктестеріне, қаржы – салық органдары үшін де қызығушылығы бар.
Меншік иелері кәсіпорынның қаржылық жағдайын нарықта кәсіпорынның тұрақты жағдайын қамтамасыз ету және оның капиталының табыстылығын жоғарлату үшін талдайды. Кредиторлармен инвесторлар қаржылық есепті салым және қарыз бойынша өз тәуекелділіктерін минимизациялау үшін талдайды.
Пайдаланушылардың бірінші тобына келесілер жатады:

  • Кәсіпорынның құралдарының иелері, оның ішінде өз құралдары үлесін көбейту не азайтуды анықтау және ұйым басшылығымен ресурстарды тиімді қолданудың бағалануы қажетті акционерлер.

  • Қаржылық талдау нәтижесін несиені беру немесе созу мақсатын бағалау, несиелеу шартын анықтау, несиенің қайтарылуы кепілін күшейту үшін кредиторлармен инвесторлармен қолданады.

  • Берілген клиентпен іскерлік байланыстың сенімділігін анықтайтын жеткізушілермен сатып алушылар.

  • Есептік құжаттардың дұрыс құрылуын тексеретін салықтық органдар түріндегі мемлекет.

  • Кәсіпорын басшысы.

Қаржылық талдау субъектілерінің екінші тобы - кәсіпорынның қызметіне мүдделі емес, бірақ кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау оларға есептілікті қолданушылардың бірінші тобының мүдделерін қорғау үшін қажет. Бұл топқа;

  • Инвесторлардың мүдделерін қорғау мақсатында бухгалтерлік есептердің тәртіпке сәйкестілігін тексеретін аудиторлық фирмалар

  • Қаржылық жағдайлардың талдануы негізінде клиенттеріне олардың капиталдарының сол не басқа кәсіпкерлік ұйымға орналастыруына қатысты ұсыныстар жасайтын қаржы сұрақтары бойынша кеңесшілер

  • Қандай да бір кәсіпорынның қызметін тоқтату туралы шешім қабылдайтын бағалы қағаздар биржасы

  • Заңды органдар

  • Келісімнің шарттарын орындауды бағалау үшін ақпаратты талап ететін заңгерлер

  • Жалақыға қатысты өз талаптарын анықтау үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы ақпаратқа мүдделі кәсіподақтар

  • Салалық деңгейде қызмет нәтижелерін бағалау және салыстырмалы талдау үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы мәліметті қолданатын сауда - өндірістік ассоциациялар

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, оның тұрақтылығы оның өндірістік,
коммерциялық және қаржылық қызметінің нәтижелеріне тәуелді. Егер көрсетілген қызмет түрлерінде қойылған міндеттер жетісті жүзеге асырылса, онда бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайына оң әсер тигізеді. Және керісінше, өндірістің және өнімді өткізудің құлдырауы нәтижесінде, түсім көлемі және пайда сомасы азайып кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлауына әкеледі. Осылай, тұрақты қаржылық жағдайы кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесін анықтайтын факторлардың барлық кешенін сауатты және тиімді басқарудың нәтижесі.
Қаржылық жағдайды талдаудың негізгі мақсаты - кәсіпорынның қаржылық жағдайын, оның пайдасын және зиянын, актив және пассив құрылымындағы көрсеткіштерді, дебиторлар және кредиторлармен есептеулерді объективті және дәл бейнелейтін басты көрсеткіштерді алу.
Қаржылық жағдайды талдаудың негізгі қызметтері:

  • Кәсіпорынның қаржылық жағдайын дәл уақытында және объективті бағалау;

  • Жеткен жағдайлардың факторларын және себептерін айқындау;

  • Қаржы облысында қабылданушы басқару шешімдерін дайындау және негіздеу;

  • Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуда резервті айқындау және жұмылдыру, барлық шаруашылық қызметтің тиімділігін жоғарлату, мүмкін қаржылық нәтижелерді болжау және ресурстарды қолданудың әртүрлі нұсқаларында қаржылық жағдайдың үлгісін жасау;

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды жүргізу үшін негізгі
ақпарат көзі болып қаржылық есеп табылады. Қаржылық есеп өзіне нысандар, көрсеткіштер және кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижелері көрсетілетін түсіндірмелі материалдар. Қаржылық есеп бухгалтерлік есеп шотында тексерілген және құжатты тексерілген жазбалар негізінде құрылады.
2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды жүргізу үшін
қолданылатын негізгі құжаттар – бухгалтердік есеп құжаттары. Оларға келесілер жатады;

  • «Бухгалтерлік баланс» №1 нысаны

  • «Қаржылық нәтижелер туралы есеп» №2 нысаны

  • «Қаржылық шығындар туралы есеп»

  • «Ақша құралдарының қозғалысы туралы есеп» №3 нысаны

  • «Бухгалтерлік балансқа қосымша» №5 нысаны

Егер де заң бойынша кәсіпорын аудитке жатқызылса, кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің дұрыстығын дәлелдейтін аудиторлық қорытынды.
Бухгалтерлік есепке кәсіпорынның қаржылық жағдайы, оның қызметінің қаржылық нәтижелері және оның қаржылық жағдайының өзгерісі туралы расталған және толық көрініс қалыптастыру үшін мәліметтердің жеткіліксіздігі анықталса, онда бухгалтерлік есепке сәйкес қосымша көрсеткіштер және анықтамалар қосылады. Бухгалтерлік есеп мәліметтері барлық филиалдардың, өкілеттіліктердің және басқа бөлімшелер қызметінің нәтижесін қосуы керек.
Бухгалтерлік есептегі мәліметтердің жүйелігі және кешендігі – бұл келесі талаптардың орындалуы нәтижесі:

  • есепті жылдың есебінде ағымдық жылда жасалатын барлық шаруашылық операциялардың толық көрінісі;

  • бухгалтерлік есеп шоттың жоспарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және есеп беру туралы ережесіне сәйкес табыстарды есепті кезеңге жатқызудың дұрыстығы;

  • Есепті кезең ішінде қабылданған есептік саясатты сақтау;

Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі оның қызметі туралы ақпараттың негізгі көзі болып табылады. Бухгалтерлік есептемелерді ұқыпты зерттеу жеткен жетістіктердің және кемшілік себептерін ашады.
Кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің негізі болып кәсіпорынның барлық бухгалтерлік шотының жалпы екі жақты кестесін көрсететін бухгалтерлік баланс табылады. Онда есепті кезең басымен салыстырғанда құру күнінде оның қаржылық жағдайын көрсетеді. Баланста ақпараттың осылай берілуі көрсеткіштерді салғастыруға, олардың өсуін және төмендеуін анықтап, талдауға мүмкіндік беруі. Баланста мүліктің қалдық құны, материалдар, қаржылар, жарғылық капитал, қорлар, пайда, қарыз, несие және басқа да міндеттемелер тіркеледі.
Бухгалтерлік баланс кәсіпорынның капиталын тиімді орналастыруды, оның ағымдық және болашақ шаруашылық қызмет үшін жеткіліктілігін, займдық көздердің мөлшерін және құрылымын және де оларды орналастыру тиімділігіне бағалауға мүмкіндік береді. Баланста берілген ақпарат негізінде сыртқы пайдаланушылар серіктес ретінде берілген кәсіпорынмен істерді жүргізу мақсаттылығы және жағдайы туралы шешім қабылдап, қарызгер ретінде кәсіпорынның несие қабілеттілігін бағалайды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау әдістері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау үшін белгілі бір әдістермен құралдар қолданылады. Ең қарапайым әдіс салыстыру болып табылады. Бұл кезде еспті кезеңнің қаржылық көрсеткіштері не жоспарлық көрсеткіштермен не базистік көрсеткіштермен салыстырылады. Көрсеткіштерді салыстыру кезінде экономикадағы инфляциялық процесс, бағалау әдісі, құрымдас элементерінің біркелігі ескеріледі. Келесі топтау, бұл кезде көрсеткіштер топталып, кестеде біріктіріледі. Топтау аналитикалық есептерді жүргізуге, жеке құбылыстардың даму тенденциясын айқындауға жеке көрсетіштердің өзгерісіне әсер ететін факторларды анықтауға септігін тигізеді. Тізбектеу әдісі, бұл әдісті қолдануға есепті кезеңдегі көрсеткіштер базистік көрсеткіштермен ауыстырылады және басқа көрсеткіштер өзгеріссіз қалады. Тізбектеу тәсілі жиынтық қаржылық көрсеткішке жеке факторлардың әсер ету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Қаржылық жағадайды талдау үшін қолданылатын құралдар қаржылық коэффициентер. Қаржылық коэффициентер нақты кәсіпорынның ұқсас кәсіпорынға қарағанда қаржылық жағдайын анықтауға, салыстыруға және айқындауға септігін тигізеді.
Соңғы уақытта кезеңді басылымдарда қаржылық талдауды жүргізу бойынша әдістемелік нұскаулар тобы берілген. Бұл жұмыстардың авторлары қаржылық талдаудың әртүрлі әдістемесін ұсынды. Үлкен қызығушылықты кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды жүргізу кезектілігіне қатысты әдістемелік нұсқаулар алады. Белоруссия Республикасының Мемлекеттік экономикалық университетінің В. И. Стражев басшылығымен авторлық ұжым кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды оның актив және пассивтерін талдаудан бастап, кейін кәсіпорынның төлем қабілетілігін, қаржылық тұрақтылығын, активтердің қайтарымын талдауды және қаржылық жағдайды қысқа мерзімді болжауды ұсынады. О. В. Ефимов талдаудың өз әдістемесін ұқсас бастайды, яғни әр шаруагер үшін маңызды болатын және кәсіпорынның төлемқабілетілігін және өтілуілігін алдын – ала бағалауға мүмкіндік беретін мүлік массаның құрылымын бағалаудан бастайды. И. М. Лоханена және З. К. Золкина алдымен есептің құрылу сапасын тексеріп, оны оқып, сосын оның негізінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын алдын – ала бағалайды да кейін кәсіпорынның мүліктік жағдайын және олардың қалыптасу көздерін, қаржылық тәуелсіздігін және кәсіпорынның төлем қабілетілігін терең талдайды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда оригиналды әдістемені
А. Д. Шеремет және Р. С. Сайфулин ұсынған. Ол өзіне талдаудың келесі блоктарын қосады: есепті кезеңге қаржылық жағдайға және оның өзгерісіне жалпы баға; кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау: баланстың өтімділігін талдау: кәсіпорынның іскерлік белсенділігін және төлем қабілетілігін талдау.
Салыстырмалы аналитикалық баланс – нетто бойынша есепті кезеңде қаржылық жағдайды және оның өзгерісін бағалау және де олардың ойынша қаржылық тұрақтылық абсолюттік көрсеткіштерін талдау қаржылық талдаудың қалған блоктары дамитын негізгі пункті қарайды. Тұрақтылықты талдаудан шыға баланс өтімділігін талдау ағымдық төлемқабілетілігі бағалауының, болашақта қаржылық теңдікті сақтау мүмкіндігі туралы қорытынды беруі керек.
В. А. Андреев және В. В. Ковалев кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау бойынша жұмысты екі модульді құрылым түрінде ұйымдастыруды ұсынды: экспресс – талдау және тереңдетілген талдау. Экспресс – талдаудың мақсаты шаруашылық субъектінің қаржылық игілікті және даму динамикасын бағалау. Оның шегінде негізгі көрсеткіштердің динамикасында есеп, бақылау және талдау жүргізіледі.
Қаржылық жағдайды терең талдау экспресс – талдаудың жеке процедурасын нақтылайды, толықтырады және кеңейтеді. Оның мақсаты – шаруашылық субъектілерінің қаржылық жағдайына, өткен есептік кезеңдегі қызметінен нәтижелеріне және де кәсіпорынның болашақта даму мүмкіндігіне толық баға беру.
Субъектілері бойынша қаржылық талдау ішкі және сыртқы болады. Ішкі қаржылық талдау - қаржылық жағдайды қатайтуға резервтерді іздеу, табыстылықты жоғарлату және кәсіпорынның өз капиталын өсіру мақсатында капиталдың қалыптасу, орналасу және қолдану механизімін зерттеу процесі. Сыртқы қаржылық талдау – капиталды инвестициялау тәуекелінің дәрежесін және оның табыстылығын деңгейін болжамдау мақсатында кәсіпорынның қаржылық жағдайын зерттеу процессі.
3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау кезеңдері:

  • Кәсіпорынның негізгі қаржылық көрсеткішінің сипаттамасы.

Талдау бухгалтерлік баланстағы мағлұматтардың негізінде келесі көрсеткіштерді есептеуден басталады.

  1. Кәсіпорын мүлігінің құны, яғни бухгалтерлік баланстың қорытынды сомасы

  2. негізгі құралдардың құны

  3. айналым құралдардың көлемі

  4. меншікті құралдардың көлемі

  5. займдық құралдардың көлемі

  • Есептік кезеңдегі кәсіпорынның қаржылық көрсеткішінің өзгерісін анықтау. Қаржылық талдаудың бұл кезеңінде салыстырмалы аналитикалық баланс құрылады.

  • Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін анықтау. Кәсіпорынның қаржылық бекемділігін төлемқабілеттілік арқылы көруге болады. Кәсіпорынның төлемқабілеттілігі келесі тенсіздікпен бейнеленеді

Д≥М+Н
Д – ақша құралдары + қысқа мерзімді қаржылық салымдар + активті
есеп - айырысулар
М – қысқа мерзімді несие және зайымдар
Н – кредиторлық борыш

  • Кәсіпорынның қаржылық бекемділігін анықтау. Кәсіпорынның қаржылық бикемділігін экономикалық мәні запастарымен шығындардың оларды калыптастыру қөздерімен қамтамасыздығы.

  1. Меншікті айналым құралдарының жеткіліктілігі Е=К+П-А

К – капитал мен резервтер
П - ұзақ мерзімді зайымдар
А - айналымнан тыс активтер

  1. Запастар мен шығындарды қалыптастыру көздерінің жалпы көлемі Е=Е+М

М – қысқа мерзімді несиемен зайымдар

  1. Меншікті айналым құралдардың артығы не жетіспеушілігі

Е=Е-З (запастар)

  1. Запастармен шығындарды қалыптастыру үшін қажетті негізгі көздердің жалпы көлемі Е= Е-З

Жоғарыда көрсетілген коэффициентерді есептеу арқылы кәсіпорынның қандай қаржылық ситуацияда екенін анықтауға болады. Кәсіпорынның қаржылық бекемділігінің деңгейі бойынша келесідей ситуациялар ажыратылады:
1. Абсолюттік бикемділік З< Е+М
2. Қалыпты бикемділік кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне кепілдік
береді. З=Е+М

  1. Бикемсіз қаржылық жағдай төлем қабілетілігінің бұзылуы себебінен болады. З=Е+М+И

И - қаржылық жағдайды әлсірейтетін құралдар (уақытша бос
меншікті құралдар, тартылған құралдар, уақытша айналым
құралдарын толықтыру үшін қолданылатын банк несиелері және
өзге де зайымдық құралдар)

  1. Дағдарыстық қаржылық жағдай 3> Е+М

Аталған көрсеткіштермен коэффициентерден басқа кәсіпорынның қаржылық талдауын жүргізуге келесілер есептеледі:

    1. Автономия коэффициенті меншікті құралдардың баланс нәтижесіне

қатынасы: К=К/Б
Бұл коэффициентер оптимальді мәні 0,5
Автономия коэффициенті кәсіпорынның ресурстарының жалпы көлемінде меншікті құралдарыдң үлесін көрсетеді

    1. Зайымдық және меншікті құралдарының арақатынасы коэффициенті

КЗ=
ПД – ұзақ мерзімді несие мен зайым
Коэффициент кәсіпорынның іс - әрекетінің қандай бөлігі зайымдық көздер құралдары есебінен қаржылатынғын көрсетеді:

    1. Меншікті құралдармен қамтамасыздық коэффициенті

К= қалыпты шегі : К0,1
Коэффициент қаржы белсенділігі үшін қажет меншікті айналым
құралдарының көлемі көрсетеді

    1. Маневрлеу коэффициенті КМ=ЕС/К

Қалыпты шегі КМ0,2. Коэффициент меншікті құралдарың қандай
бөлігі мобильді активтерге салынғанын көрсетеді.

    1. Қаржыландыру коэффициенті КФ=К/ПД

Қалыпты шегі КФ1. Коэффициент кәсіпорынның іс - әрекетінің қандай бөлігі меншікті құралдар есебінен қаржыландырылғандығын көрсетеді

  • Кәсіпорынның несие қабілеттілігін және оның балансының өтімділігін талдау. Несие қабілеттілік дегеніміз кәсіпорынның өз борыштары бойынша уақытында және толығымен есеп- айырысу қабілеттілігі. Кәсіпорынның несие қабілеттілігін талдауды несие беруші береді де, несие алушы кәсіпорында жүргізіледі. Кәсіпорынның несие қабілеттілігін талдау негізінде кәсіпорынның активтердің өтімділігі және балансының өтімділігі есептейді. Активтердің өтімділігі – активтердің қолма – қол ақшаға айналу уақытына тең. Баланс өтімділігі кәсіпорынның жабылу деңгейі активтермен сәйкестігімен анықталады.

5.1 активтерді топтау
ең өтімді активтер:
А1 – бұл топқа ақша құралдарымен қысқа мерзімді қаржылық салымдар жатады.
тез өтетін активтер
А2 – бұл топқа дебет борышпен басқа активтер жатады.
жәй өтетін активтер (А3). Бұл топқа запастар қосылып баланстың бірінші бөлімнің ұзақ мерзімді қаржылық салымдар қосылады (болашақ кезеңнің шығыстары алынып тасталады).
қиын өтетін активтер (А4). Бұл топқа баланстық бірінші бөлімі алынады. «Айналымнан тыс активтер»
Пассивтерді топтау
Кәсіпорынның міндеттемелері келесі топтарға біріктіріледі және
мұндай топтау оларды төлеу мерзімділігіне қарай бөлінеді.

  • Тез өтелетін міндеметтемелер (П1) – кредиторлық борыш

  • Қысқа мерзімді пассивтер (П2) – бұл топта қысқа мерзімді несиелермен займдар және өзге қысқа мерзімді пассивтер жатады.

  • Ұзақ мерзімді пассивтер (П3) – ұзақ мерзімді несиелер мен займдар

  • Тұрақты пассивтер (П4) – бұл топқа дивиденттер бойынша 555, болашақ кезең кірістері, тұтыну қоры, болашақ шығындардың резевтері т.б. Активпен пассивтің балансын сақтау үшін бұл топтың сомаларынан болашақ кеден шығыстарын алып тастаймыз.

Баланстың өтімділігін анықтау
Оны анықтау үшін активпен пассивтің топтап өзара салыстырамыз. Егер келесідей қатынастар анықталса, онда баланс өтімді болып табылады. . Активтердің алғашқы топтарын пассивтің бірінші, екінші топтарымен салыстыру кәсіпорынның ағымдық өтімділігін, ал активпен пассивтің үшінші, төртінші топтарын салыстыру перспективалық өтімділікті анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет