жоспарлап отырмыз. Оқуға тартылған мектептердің толық тізімі жақын арада
келісілетін болады, – деді А.Кошкина.
Мақалаға арқау болған мәселенің осылайша іс жүзінде шешім тауып жатқаны
қуантады. Енді тек мектеп басшылары бүгін білімді жас ұрпақ тәрбиелеуде
олардың медиасауаттылығын көтеру қаншалықты маңызды екенін бірден
түсінсе дейміз. Шетелден келген тағы бір «сәндегі» сөздердің бірі ғана деп
қабылданбаса екен.
Жалпы, оқулық жоғары сынып оқушылары мен ересектерге де арналған. Бұл
туралы жобаның қазақ тіліндегі редакторы Жұлдыз Әбділда айтып берді. Ол
елімізде медиасауат деңгейі төмен екенін, тіпті әріптестерінің арасында
кездесетінін алға тартты.
– Өкінішке қарай, бізде медиасауаттылық өте төмен деңгейде. Басқаны
айтпағанда, әріптестеріміздің өзі ақпаратты тексеруді, оның рас-өтірігіне көз
жеткізіп алмай тұрып жариялауға болмайтынын, оған қоса медиа этиканың
бар екенін түсіне бермейді, – дейді Жұлдыз Әбділда. Маманның айтуынша,
оқулық ақпарат алу, ақпаратпен жұмыс істеу, киберқауіпсіздік, әлеуметтік
желілердің біздің өмірімізге ықпалы, қаупі, кибербуллинг бойынша жан-
жақты ақпарат береді.
Балалардың сауатын арттыру мәселесі сәл де болса түсінікті болды. Ал
дүниетанымы, белгілі бір көзқарасы қалыптасып қалған, өзгерісті оңай
қабылдай қоймайтын, көбіне жалған ақпараттың қармағына ілінетін орта
жастан асқан азаматтарға қалай көмектесуге болады. Дәл осы сұрақты
журналист, фактчекер, Павел Банниковке қойдық. Ол балалардан гөрі ересек
адамдарды үйретудің расында қиын екенін айта келе, жауапкершіліктің бір
ұшын БАҚ-қа әкеліп тіреді.
– Адам жасы ұлғайған сайын қосымша білім алуға құштар бола бермейді.
Сондықтан БАҚ пен басқа медианың міндеті медиа және ақпараттық
сауаттылық туралы жиі айтып, қоғамда медиа сауатты адамның жағымды
тұлғасын қалыптастыруы керек. Шешімдердің біреуі осы делік. Одан бөлек
ойын түрінде немесе кәсіби тегін курстар ұйымдастыруға болады. Десе де, бұл
Қазақстанды ғана емес, бүкіл әлемді алаңдататын сауал, – дейді П.Банников.
Адамзатты басқа тіршілік иесінен ерекшелеп тұратын ақылы мен санасы
десек, сол екеуінің ортақ жемісі – сөзге келіп түйіседі. «Ақпаратқа кім ие
болса, сол әлемді билейді» деген қанатты сөздің бүгінгі шындыққа
қаншалықты сай екеніне күнделікті өмірде көз жеткізіп келеміз. Ендеше осы
тұрғыдан келгенде медиасауаттылықты арттыру заманның басты талабы екені
сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: