1. Мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізі ұғымдар Мемлекеттің түсінігі және оның ерекшеліктері



бет49/63
Дата07.05.2023
өлшемі114,9 Kb.
#90801
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63
2. Қылмыс түсінігі және құрамы. Қылмыс үшін нақты жауаптылық туындауы үшін оның құрамына кіретін элементтер толық болуы тиіс. Қылмыс құрамын қылмыстың объектісі, объективтік жағы, қылмыс субъектісі, субъективтік жағы құрайды.
Қылмыс объектісі деп, сол қылмыстық қиянаттың неге бағытталғандығын, оның қандай зиян келтіргендігін немесе келтіруге нысана алғанын айтамыз.
Қылмыстың сыртқы пішінін, көрінісін сипаттайтын белгілердің жиынтығы қылмыстың объективтік жағын құрайды. Объективтік жақтың басты белгісі қоғамға қауіпті әрекет не әрекетсіздіктің сыртқы көрінісі болады. Оның міндетті белгілеріне уақыт, орын, жағдай, қылмыстың жасалу тәсілдері, сонымен қатар келтірілген зардап пен іс-әрекет арасындағы себепті байланыс жатқызылады.
Қылмыстың субъектісі сол қылмыстық әрекетті немесе әрекетсіздікті жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылуға тиіс тұлға. Қылмыстық жауаптылыққа есі дұрыс, қылмыс жасаған уақытта он алты жасқа толған, кейбір қылмыс санаттары үшін он төрт немесе он сегіз жасқа толған адамдар тартылады.
Қылмыстың субъективтік жағын адамның өзі жасаған қылмыстық әркетіне психикалық қатынасы құрайды. Субъективтік жақ белгілеріне кінә, ниет және мақсат жатқызылады. Кінәнің екі түрі болады: қасақаналық және абайсыздық. Қасақаналық дегеніміз - тұлғаның өз әрекет немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті және зиянды екенін біліп, оның тудыратын зиянды салдарынының мәнін түсіне отырып, оның туындауын тілеп әрекет жасауы немесе оның туындауына саналы түрде жол беруі. Қасақаналық тікелей және жанама болып екіге бөлінеді.
Абайсыздық деп тұлғаның зиянды салдардың туындауын тілемесе де өз ісіне немқұрайлылықпен қарауының немесе менменсінудің негізінде қылмыс жасауын айтамыз. Абайсыздықтың екі нысаны болады: немқұрайлылық және менмендік.
3. Қылмыстық жауаптылық. Қылмыс заңы бойынша қылмыс деп белгіленген нақты іс-әрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті органдары арқылы айпытауын қылмыстық жауаптылық деп түсінеміз. Қылмыстық жауаптылық қылмыстық әрекет немесе әрекетсіздік орын алған соң туындайды. Соның негізінде мемлекеттің өкілетті органдары мен қылмыс субъектісі арасында қылмыстық құқықтық қатынастар пайда болады. Қылмыстық жауаптылықтың негізі қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-әрекетті істеу болып табылады. Адамның қылмыстық жауаптылығы оған сот тағайындаған жазаны өтеумен жүзеге асырылады, ол жазаны өтеп болған соң жойылады.
Қоғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтірілетін зияннан қорғау мақсатында қауіп төндіруші адамға материалдық, моральдық және өзге де зиян келтіру қылмыс болып танылмайды. Олардың қылмыстық құрамы болса да, қоғамға қауіптілігі жоқ, керісінше, төнген қауіптің бетін тойтару үшін жүзеге асырылатын әрекеттер болып табылады. Қылмыстық кодекс бойынша бұларға қажетті қорғану, аса қажеттілік, қылмыскерді ұстау, орынды тәуекел, күштеу немесе психикалық мәжбүрлеу, бұйрықты немесе өкімді орындау жатқызылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет