1. Қоғамдағы өндірістің маңызы. Ресурстардың шектелігі мен қажеттіліктердің шексіздік мәселесі. Өндірістікмүмкіндіктер қисық сызығы. Негізгі өндіріс факторлары: жер, капитал, еңбек, кәсіпкерлік қабілеттілік


 «Толық тәртіпке келтіру» аксиомасы



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата01.06.2022
өлшемі1,83 Mb.
#36117
1   2   3   4   5   6
1. «Толық тәртіпке келтіру» аксиомасы. Оның мәні: тұтынушы игіліктердің барлық
жиынтықтарын реттеп, таңдап, салыстырады (А жиынтығы, В немесе С жиынтығы),
осындай салыстырудың нәтижесінде біреуін не бірнешеуін таңдайды, тіпті
ешқайсысын да алмауы мүмкін.
2. «Транзитивтік» аксиомасы– егер А жиынтығы В жиынтығынан ұнатымдылау, ал В
жиынтығы С жиынтығынан ұнатымдылау болса, А жиынтығы С-дан ұнатымды; егер А
және В бірдей, тең болса (парықсыздық тудырса), В жиынтығы С тең, ал А = С, егер А
ұнатымды болса, В = C, онда А жиынтығы С ұнатымдылау.
3. «Қанықпау» аксиомасы– игіліктердің сапасы олардың жиынтығын (себетін)
салыстарғанда тапсырылған шама болғандықтан, сандық белгісіне бағытталып
(бағдарланып), тұтынушы біреуін таңдап алады, егер А жиынтығы В жиынтығынан 1
тауар позициясы (орны) бойынша сан жағынан артықшылығы (басымдығы) болса, он
ұнатымдылау болып келеді.
4. «Рефлексивтік»(сыртқы әсер арқылы пайда болатын) аксиома – егер игіліктердің
2 жиынтығы бірдей болса, олардың пайдалылығын бағалағанда, тұтынушы олардың әр
қайсысы басқасынан кем еместігін табады.


Немқұрайлық қисық сызықтары– қисық сызық, оның әр нүктесінде 2 игіліктің
жиынтығы бар, олардың пайдалылығы бірдей, сондықтан тұтынушыға қайсысын
таңдаса да бәрібір. Төиендегі суретте X және Y тауарлардың талғаусыздық қисық
сызығы көрсетілген. Әр нүктесіндегі тауарлардың пайдалылығы бірдей, оған бәрібір,
қай тауарды алса да: Х тауардың 1 немесе Y тауардың 3; Х тауардың 2 немесе Y
тауардың 2; Х тауардың 3 немесе Y тауардың 1. 2 субституция аймағы


Назар аударғаныңызға рахмет!!!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет