1. Орыс географиялық қоғамының қызметі Орыс географиялық қоғамы


ХІХ ғғ. қазақ әдебиеті. Ақындар мен композиторлар



бет2/2
Дата15.12.2023
өлшемі36,92 Kb.
#138197
1   2
Байланысты:
бөж 7

2.ХІХ ғғ. қазақ әдебиеті. Ақындар мен композиторлар
Қазақ әдебиеті ХІХ ғасырда аса бір елеулі, құнарлы кемелденуді , түрленіп, түлеуді бастан кешті. ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің бел асқан кезеңі болды. Әдебиет тарихының мәселелері түпкілікті қозғала бастаған жиырмасыншы ғасырдың басынан бері ХІХ ғасыр әдебиеті айрықша назарда болды: шұқшия зерттелді.
Қазіргі күнде қолымызда ХІХ ғасырда жасаған қазақ әдебиеті үлгілерінің қырау мұрасы бар: сол әдебиетті туғызушылардың өмірбаян, шығармашылық ғұмыры жайлы толып жатқан мәнді, маңызды мәлімет бар. Негізігі, басты сипаттары, ерекшелектері қамтылған ғылыми-зерттеу еңбектер бар.
Соңғы уақыттарға шейін ХІХ ғасыр әдебиеті түрлі атауларымен бөлініп келгені мәлім. Бірақ ол атауларға көбіне сол әдебиеттің көркемдік негізі , әдеби үлгісі емес, көбіне мазмұндық, саяси мән жағынан берілген жалпы баға негіз болды. Кертартпа романтикалық, сыншыл реалистік деген атаулар әдебиет ерекшелігін ажыратуға қатысты қолданыстар, айғақтар болғанымен, өз мәнінде қолданылды деуге болмас. Бір кездерде біздің әдебиеттану ғылымымызда, көркемдік танымымызда реализм тек Абайдан басталды деген ұғындыру басым болды. Көркем әдебит реалистік негізсіз тумайтынын, жасамайтының мойындағымыз келмеді.
ХІХ ғасыр әдебиетіне байланысты Сәбит Мұқанов 1942 жылы мынандай тұжырым жасады. ХІХ ғасыр әдебиетінің дәуірлері одан бұрынғы ғасырлардың әдебиет дәуірлеріндей көмескі емес, айқын, ашық. Мәселен: ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында ұлт бостандығын жырлайтын әдебиет жасалды. ХІХ ғасырдың 50-70 жылдарында «Зар заман» әдебиет басым болды. ХІХ ғасырдың 70 жылдардан бастап просветительдік (мәдениет үндеуші) әдебиет туды.
ХІХ ғасыр әдебиетінің аса көрнекті өкілдері бостандық рухты жырлаған Махамбет ақын, Шернияз.
— зар заман әдебиетінің айтулы тұлғалары Дулат, Шортанбай, Мұрат, Әубәкір.
— әйгілі айтыс ақындары Шөже, Орынбай, Кемпірбай, Түбек, Марабай.
атышулы сал серілер Сегіз Сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Ақан сері
— қиссашыл ақындар: Қоқан езгісіндегі өңірдің әдебит өкілдері Сүйінбай, Мәделі, Құлыншақ, Майлықожа , Базар:
— жаңа жазба әдебиет өкілдері: Абай, Ыбырай, Шоқан.
Ел арасынан шыққан кәсіби күйшілердің өз үні, өз мәнері, орындау ерекшеліктері бар. 19 ғ-дың аяқ шенінен бастап Қ. м. шет ел және орыс саяхатшыларының назарына ілікті. П.Георги, В.Андреев, В.Добровольский, С.Рыбаков, А.Левшин, А.Алекторов, М.Готовский, Р.Пфенниг, А.Эйхгорн, Н.Савичев секілді шығыстанушылары Қ. м., оның көрнекті өкілдері туралы тың әрі қызықты мәліметтер жеткізді.
А.В. Затаевич қазақтың муз. фольклорын жинап, оларды нотаға түсіріп, жүйелеуде үлкен қызмет атқарып, Қазақтың музыка мәдениетін қалыптастырды.
Жұбанов, Ерзакович, Н.Тифтикиди, И.Дубовский, Ю.Аравин, М.Ахметова секілді аға буын ғалымдардың Қ. м-н зерттеуге қосқан үлестері көп. Олардың ізін баса З.Қоспақов, Т.Бекхожина, Ә.Мұхамбетова, С.Елеманова, С.Күзембаева, Б.Қарақұлов, т.б. өнер зерттеушілері шықты.


Пайдаланылған әдебиеттер
1. Хабижанова Г.Б., Валиханов Э.Ж., Кривков А.Л. Русская демократическая интеллигенция в Казахстане (Вторая половина ХІХ – начало ХХ в.) / Под ред.Койгелдиева М.К.–М.:Русская книга, 2003. – 288 с.
2. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. – Алматы: «Атамұра», 2010. – 768 б.
3.orenburg.rgo.ru/istoriya/sozdanie-otdela.
4. Бабажанов М.Қ. Бөкей Ордасы қазақтарының этнографиясы. 2-ші бас. толық. – Астана:
«Алтын кітап», 2007. – 221 б. – (Қазақ этнографиясының кітапханасы, 19-шы том).
5. Бірімжаров Б.Қ. Батыс Қазақстан тарихынан. XVIІІ – XІX ғғ. Оқу құралы. – Орал, 2002.
6. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. Толықтырылыған 2-ші басылымы. – Алматы:
«Арыс», 2010. – 580 б.
7.www.omsk.net.ru/science/geograf/fr_geograf.html.
8.www.semeylib.kz/index.php/kz/.../khikh-khkh-asyr-ala-tarikhy
9. Әділбекқызы Ж. Семей Орыс Географиялық Қоғамы және қазақ зиялылары //– 2004.
10. Кәрібжанова Г. Н.Құлжанова және Ресей географиялық қоғамы //– 2003.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет