1. Орталық нерв жүйесі құрылымының жалпы жоспары, құрылымы, бөлімдері және маңызы мен қызметтері 1



Pdf көрінісі
бет26/64
Дата15.04.2023
өлшемі1,44 Mb.
#83236
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   64
Байланысты:
физиология рк 2

Реципрокты тежелу. Антагонистік бұлшықеттердің жүйке орталықтарының тежелуі 
мысалына – бұл бүгілмелі бұлшықеттердің пропиорецепторларының қозуы бір мезгілде 
осы бұлшықеттердің қозғалтқыш нейрондарын және аралықтық ингибирлеуші 
нейрондарды белсендіреді. Интернейрондардың қозуы экстензор бұлшықеттерінің 
моторлы нейрондарының постсинапстық тежелуіне әкеледі. Егер иілгіш және 
экстензорлы бұлшықет орталықтары бір мезгілде ынталандырылса, буындағы аяқтың 
бүгілуі мүмкін болмас еді. 
14.Орталық нерв жүйесінің қызметін зерттеу әдістері. 
1.Жүйке жүйесін зерттеу әдістері: 
1.Экспериментальдық: 
1)Экстирпация,миды түрлі деңгейде кесу 
2)Модель жасау әдісі 
3)Стереотаксикалық әдісі 
4)Потенциалдарды қоздыру әдісі 
5)Шартты рефлекстер әдісі 
6)Биохимиялық әдіс 
2.Клиникалық: 
1)Электроэнцефалография (ЭЭГ) 
2)Компьютерлік томография(КТ) 
3)Магнитті резоналдық томография(МРТ) 
4)Позитонды эмисоналдық томография(ПЭТ) 
5)Эхоэнцефалография 
6)Реоэнцефалография(РЭГ) 
Электроэнцефалография (ЭЭГ) 
ЭЭГ - мидың жиынтық электрлік белсенділігін тіркеу әдісі. Тіркелген ЭЭГ-ма мидағы 
зат алмасу процестерінің деңгейіне сәйкес әрекеттік жағдай өзгерістерін сипаттайды. 
Гипоксия, терең наркоз немесе қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы үлкен 
жартышарлар қыртысының электрлік белсенділігін төмендетіп тежеуге келтіреді. 
0рганизмнің жалпы жағдайына ЭЭГ-маның тәуелділігі клиникада операция жасау 
кезінде және наркоз деңгейін бақылау үшін кеңінен қолданылады. 


26 
Адам миының биоэлектрлік белсенділігін тіркеу бас терісінің үстінен, кейде операция 
кезінде ашық ми бетінен немесе миға енгізілген микроэлектродтар көмегімен 
жүргізіледі. Тіркеуші электродтардың орналасуы әртүрлі болады: униполярлы, 
биполярлы және мультиполярлы. Солардың ішіндегі белсенді электродтармен мидың 
белгілі бір аймағындағы биопотенциалдар тіркеледі. 
Мидың түрлі биопотенциалдарының ішінде фондық немесе спонтанды электрлік 
белсенділігін ажыратады, олар ЭЭГ - да әр түрлі ырғақтармен (ритмдермен) бейнеледі 
Альфа-ырғағы - жиілігі 8-13 Гц, амплитудасы 30-70 мкВ по-тенциалдардың синхронды 
тербелістері. Олар көбіне, тыныштық жағдайда көзді жұмып отырғанда, мидың артқы 
бөлімдерінде байқалады. 
Бета-ырғағы - жиілігі 14-30 Гц, амплитудасы 10-30 мкВ потенциал тербелістері. Бұл 
ырғақтар организмнің белсенді әрекеттерінде (эмоциялық қозу, ойлық және физикалық 
жүктеме) мидың маңдай және орталық аймақтарынан тіркеледі. 
Тета-ырғағы - жиілігі 4-7 Гц, амплитудасы 100-150 мкВ потенциал тербелістері. Бұл 
ырғақтар қалғуда, ұйқының бастапқы кезеңінде, жеңіл наркоз берілгенде және кейбір 
науқастарда байқалады. 
Дельта-ырғағы - жиілігі 1-4 Гц, амплитудасы 250-300 мкВ потенциал тербелістері. Олар 
терең ұйқы кезінде, қажуда және терең наркоз берілгенде тіркеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет