2. Нейрон: негізгі бөліктері (дендриттер, дене, аксон) және олардың сипаттамалары. Нейронның функциялары. Глиальды жасушалар, түрлері, олардың рөлі. Уникальность- 100% НЕйрон - орталық жүйке жүйесінің құрылымы мен функционалдық бірлігі болып
табылады. Ол сомадан (ядросы бар жасушаның денесі) және өсінділерден, яғни
көпмөлшердегі дендриттер пен бір аксоннан тұрады.
Жүйке жүйесінің құрылымдық және функционалдық бірлігі жүйке жасушасы
– нейрон негізгі қасиеттері қозғыштық пен өткізгіштік болып табылады.
Адамның орталық жүйке жүйесінде арасында өзара арақатынас көптеген синапстар
арқылы жүзеге асырылатын 100 млрд.- тан астам жүйке жасушалары бар. Нерв
жасушалары орталық жүйке жүйесінен тыс та орналасады. Мысалы, вегетативті нерв
жүйесінің ганглия нейрондары, жұлын ганглийлерінің афферентті нейрондары мен бас
сүйек нервтерінің ганглийлері.Дегенмен, перифериялық жүйке жасушалары орталыққа
қарағанда аз-тек 25млн. Нейрон денелерінің жиынтығы мидың сұр затын, ал өсінділерді
ақ затты құрайды. Әрбір нейронның сомасы мен дендриті басқа жүйке жасушаларының
синаптикалық бутондарымен және глиальді жасушаларының өсінділерімен жабылған.
Бір мотонейронда синаптикалық бутондар саны 10-20 мыңға жетуі мүмкін.
Өлген нейрон қалпына келмейді және табиғи азаюға тап болады.
Дендриттер импульсты денеге өткізеді және олар кейбір нейрондарда жалғыз, оншақты
немесе
мүлде болмауы мүмкін.
Аксон – әрқашан жалғыз болады және ол ең ұзын өсінді(1мм- 1,5м). Бұл импульсты
нейрон денесінен келесі нейронның денесіне өткізеді.
Айта кетерлік жайт, нейрондар импульсты тек бір бағытта өткізеді. Импульс өткізу мысалы: дендрит-дене-аксон-келесі нейрон аксон\дендрит.
Нейронның негізгі функциялары- ақпаратты қабылдау, өңдеу, сақтау, сигналды басқа
жасушаларға беру, ағзаның әртүрлі мүшелері мен тіндерінің жасушаларының қызметін
реттеу. Нейронның жекелеген құрылымдық элементтері белгілі бір функцияларды
орындайды. Нейрон денесінде макромолекулалар синтезделеді, ол аксон және дендрит
бойынша тасымалданады, ол өз өсінділері мен әсер етуші жасушаларына қатысты
трофикалық функцияны орындайды. Нейрон сомасымен байланысы үзілген өсінділер
жойылады.
Біздің денеміз көптеген міндеттерді орындайды және барлық жүйке жүйесі арқылы мидан
келе жатқан ақпараттың үлкен көлемін өңдейді. Осының салдарынан, жүйке жүйесі
қарқынды жұмыс жасау үшін, нейрондардың маманданған түрлері қажет болады. Сол
5
себепті, нейрондардың негізгі функциясы - ақпаратты алу және беру болып табылатынына
қарамастан, одан да басқа нейрон типтері бар.