1. Орталық нерв жүйесі құрылымының жалпы жоспары, құрылымы, бөлімдері және маңызы мен қызметтері 1



Pdf көрінісі
бет47/64
Дата15.04.2023
өлшемі1,44 Mb.
#83236
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   64
Байланысты:
физиология рк 2

 Нәтижелер стандартты формаларда әр көзге бөлек жазылады. Дайындама 10º аралықта 
орналасқан концентрлі шеңберлер қатарынан тұрады, оларды көру өрісінің центрі арқылы 
тор кесіп өтеді. Әр сызбада ақ және хроматикалық түстер үшін көру өрісінің қалыпты 
шекаралары көрсетілген. 
Әдетте, ақ белгінің көру өрісінің орташа шекаралары келесідей: сыртқа қарай 90º, 
төменге қарай 90º, төменге 60º, төменге қарай 50º, ішке 60º, жоғары қарай 55º, жоғары 55º, 
жоғарыға қарай 70º. 
 
29.Бинокулярлы көруді зерттеу әдістері. 
 
Көру анализаторлары 5 көру қызметін жүзеге асырады. 
1. жарықты сезу 
2. шеткі, түнгі көру 
3. орталық немесе күндізгі көру 
4. түсті көру 
5. бинокулярлы көру 
Бинокулярлы көру — диплопияның туындауынсыз екі көзбен затты 
қарау қасиеті. Бинокулярлы көру 7—15 жаста қалыптасады. Бинокулярлы 


46 
көру кезінде көру жітілігі монокулярлы көруге қарағанда 40% жоғарырақ. 
Адам басын қозғалтпай, бір көзбен шамамен 140°, ал екі көзбен шамамен 
180° кеңістікті қамти алады. Ең негізгісі — бинокулярлы көру айналадағы 
заттардың алшақтығын шамалап анықтайды, яғни стереоскопиялық көруді 
қамтамасыз етеді.
Бинокулярлы көрудің даму шарттары келесідей: 
екі көздегі көру жітілігі 0,3 төмен болмауы керек; 
конвергенциямен аккомодацияның сәйкестігі; 
екі көз алмасының үйлестірілген әрекеті; 
изейкония — екі көздің тор қабатында қалыптасатын бірдей 
көлемді кескін (бұл үшін екі көздің рефракциясы 2 дптр артық болмауы 
керек); 
фузияның болуы (фузионды рефлекс) — екі тор қабатының 
сәйкестендірілмелі аймағынан кескінді мидың біріктіру қабілеті. 
Бинокулярлы көруді зерттеу әдістері 
 
Тигізе алмау сынамасы. Науқас пен дәрігер бір-біріне қарама-қарсы 
70—80 см қашықтықта орналасып, әрқайсысы қаламсаптың ұшынан ұстап 
тұрады. Науқасқа қолында ұстап тұрған қаламсаптың ұшымен вертикалді 
қалыпта дәрігердің қаламсабының ұшына тигізуін өтінеді. Алғашқыда науқас 
бұны ашық көзбен жасайды, кейіннен кезектеп бір көзді жұмып жасайды. 
Егер де бинокулярлы көруі қалыпты болса, науқас екі көзі ашық күйінде бұл 
тәсілді оңай жасайды және бір көзі жабық күйінде тигізе алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет