1 практикалық сабақ. Тіл дыбыстары, олардың жасалуы


Үстеулердің мағынасына қарай түрлері



бет53/58
Дата27.11.2022
өлшемі141,38 Kb.
#52988
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Үстеулердің мағынасына қарай түрлері
Үстеу мағынасына қарай 7 топқа бөлінеді: 1. Мезгіл үстеуі 2. Мекен үстеуі. 3. Мөлшер үстеуі. 4. Сын-қимыл үстеуі. 5. Мақсат үстеуі. 6. Себеп-салдар үстеуі. 7. Күшейткіш үстеу.
1. Мезгіл үстеулері қимылдың, амал-әрекеттің мезгілін білдіреді. Мезгіл үстеуі қашан? қай уақытта? қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл үстеулері мыналар: бүгін, биыл, кеше, былтыр, бұрын, ертең, таңертең, ертемен, әлі, әуелі, күндіз, ерте, қазір, бағана, ертеден, ежелден, бүрсігүні, оқта-текте, анда-санда, енді, енді-енді, әлсін-әлі, әрдайым т. б.
2. Мекен үстеулері қимылдың, амал-әрекеттің орнын, мекенін білдіреді. Мекен үстеулері мыналар: әрі, әріде, әрмен, бермен, ілгері, кейін, жоғары, төмен, артта, алдан, жолшыбай, жол-жөнекей т. б.
3. Мөлшер үстеулер қимыл, амал-әрекетті шама-шарқы мөлшері тұрғысынан сипаттайды. Мөлшер үстеулері қанша? қаншалық? қаншама? сұрақтарына жауап береді. Мөлшер үстеулер мыналар: сонша, осынша, мұншама, осыншама, соншама, соншалық, мұншалық, соншалықты, әжептәуір, бірқыдыру, қыруар, бірталай, талай, анағұрлым, бірен-саран, недәуір т. б.
4. Сын-қимыл үстеулері қимылдың, амал-әрекеттің жасалу тәсілін білдіреді. Сын-қимыл үстеулері қалай? қалайша? қайтіп? кімше? неше? сұрақтарына жауап береді. Сын-қимыл үстеулері мыналар: әзер, әлінше, әрең, әрең-әрең, емін-еркін, етпетінен, шалқасынан, кенеттен, тез, шапшаң, үнемі, өзінше, осылайша, былайша, шикілей, пісілей, іштей, кілт, қалт т. б.
5. Мақсат үстеулер қимылдың жасалу мақсатын білдіреді. Мақсат үстеулеріне не үшін? неліктен? деген сұрақтар қойылады. Мақсат үстеулері мыналар: әдейі, әдейілей, жорта, қасақана т. б.
6. Себеп-салдар үстеулері амал-әрекеттің жасалу себебін, нәтижесін білдіреді. Олар не себептен? қалай? сұрақтарына жауап береді. Себеп-салдар үстеулері мыналар: бекерге, босқа, құрбосқа, жоққа, амалсыздан, лажсыздан, шарасыздан т. б.
7. Күшейткіш үстеулер қимыл-әрекетті өте күшейтіп, не өте кемітіп көрсетеді. Олар мыналар: орасан (қуану), әбден (шаршау), мейлінше (тою), мүлдем (ұмыту), тым (жалығу), тіпті (жалығу).
77-жаттығу. Төмендегі сөздерді үстеудің мағынасына қарай топтап жазыңыздар.
Текке, босқа, мұнша, әуелі, ұшқары, кілең, енді, екіншәрі, ұдайы, соншалық, жедел, түні бойы, бірдей, біржолата, қапыда, бет алды, бекер, қаннен-қаперсіз, дәл, жорта, қасақана, үшеулеп, жол-жөнекей, алға, іштен, әлінше, лезде, мүлдем.

23 практикалық сабақ. Еліктеуіш сөздер.


Табиғаттағы сан алуан құбылыстар мен заттардың бір-біріне қақтығысуынан пайда болатын дыбыстарға еліктеумен немесе олардың қимыл-әрекеттерінің көрінісіне байланысты сөздерді еліктеу сөздер дейміз. Мысалы: тарс-тұрс, сарт-сұрт, жалт-жұлт, салп-салп, кірш-кірш, пыр-пыр, шыр-шыр т. б.
Еліктеу сөздер сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады. Еліктеу сөздер екі түрлі: дыбыстық еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер.
1. Дыбыстық еліктеуіш сөздер. Табиғаттағы сан алуан құбылыстар мен заттардың қақтығысуынан туатын дыбыстарға еліктеу арқылы қалыптасқан сөздерді дыбыстық еліктеуіш сөздер дейміз. Олар: сырт-сырт, тық-тық, шіңк-шіңк, дар-дар, сылқ-сылқ, пыс-пыс, сақ-сақ, қаңқ, дыр, саңқ, бақ, тарс, шаңқ, бырт, қарқ т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет