Барлық оқушылар үшін: Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазады.
Көпшілік оқушылар үшін: Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу жолдарын түсінеді.
Кейбір оқушылар үшін: Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазады және оқырман көзқарасын сипаттайды.
Құндылықтарға баулу:
Оқушыларды отбасы құндылығына баулу. Отбасыдағы құндылықтар оның мүшелерінің қарым-қатынасынан құрылады. Оқушыларды отбасындағы мүшелерді: атасын, әжесін, әкесі мен анасын, іні-қарындастарын сыйлауға, құрметтеуге, кішіпейілділік танытуды үйрету. Қазақ халқы отбасы құндылықтарына аса зор мән берген.