1 Шақ категориясының теориялық негіздері


БАЛА ТІЛІНДЕГІ ШАҚ КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ КӨРІНІСІ



бет14/14
Дата07.01.2022
өлшемі80,95 Kb.
#19472
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
2 БАЛА ТІЛІНДЕГІ ШАҚ КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ КӨРІНІСІ

2.1 Баланың мезгілдік қатынастарды танудағы когнитивтік мотивтер

Тілдегі болған, болып жатқан құбылыстарды, заңдылықтарды сөйлеу әрекетінен іздеп зерттеу – бүгінгі таңда тек қана психолингвистиканың мәселесі ғана емес, лингвистиканың да аса зер салып зерттейтін негізгі объектілерінің бірі. Сондықтан адам баласы сөйлеу әрекетінің қалыптасу және даму заңдылықтарын түбегейлі зерттеу бала тілінен, яғни адам баласы сөйлеу әрекеті онтогенезінен басталатындығы заңды құбылыс.

Бала тілін ғылыми тұрғыдан зерттеу арқылы адам баласы сөйлеу әрекетінің ерекшеліктерін, баланың сөйлеуі неден басталатыны, сол сөйлеуде тілдік белгілер қалай қолданылатынын, лексикалық мағына мен грамматикалық формалар бала тілінде қай кезде қалыптасатынын дәлелді байқап және баланың алғашқы сөйлеуіне тән басқа да заңдылықтардың бәріне жауап табуға болады. Бұл – ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеліп, экспериментті қажет ететін күрделі тіл білімі мәселелерінің бірі. Тілдегі өзгерістерді, тілге тән заңдылықтардың бәрін тіл айнасындай қызмет атқаратын адам баласы сөйлеу әрекетінен, оның даму және қалыптасу процестерінен байқап көріп, терең бойлап, зерттеп білуге болады, өйткені тіл – сөйлеу әрекетінің негізгі арқауы.

Қазақ тіл білімінде сөйлеу әрекеті онтогенезі - бала тілінің шығуы мен даму тұрғысы ғылыми мәселе ретінде теориялық жағынан да, бақылау-тәжірибе жағынан да арнайы зерттеу жұмыстарының көп емес екенін айта кету керек.

Сөйлеу әрекетін зерттеу – қазақ балалар тілінің шығуын және қалыптасудың, баланың ана тілін меңгеру заңдылықтарын үздіксіз процесс ретінде ашып қана қоймай, мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға үлес қосып, мемлекеттік тілді – қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне ана тілінен кейінгі екінші тілі ретінде оқытудың әдістемесіне тиімді ықпал етеді. Баланың ана тілін меңгеруі және шетел немесе екінші тілді үйренуі бір-бірне қарама-қарсы жүретін екі түрлі процесс. Сөйтсе де, екі процесс те бала тілінің, шетел немесе екінші тілді үйренушінің тілінің шығуына, дамып қалыптасуына жұмыс жасайды да, бір ортақ нәрсеге келіп тоғысады. Ол -сөйлеу әрекеті. Сондықтан қазақ баласының ана тілін меңгеру жолының ұтымды заңдылықтарын қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйрету процесіне тиімді пайдалануға болатындығы іс жүзінде дәлелденді.

Адам баласы сөйлеу әрекетін жалаң лингвистикалық тұрғыдан зерттеу мүмкін емес, себебі бала тілінің шығуы мен дамуының себеп-салдарын психологиялық және психолингвистикалық зерттеулерден табуға болады. Сондықтан да, біз осы зерттеу жұмысымызда психолингвистикалық және лингвистикалық түбегейлі зерттеулерге жүгінеміз.

Көптеген зерттеулердің нәтижелерінде бала тілінің алғашқы формаларының дамып, күрделі формаға ұласқан түрін және сол ұласу процесін бақылауға болатындығы айқындалған. Бала тілінің дамуы мен қалыптасуы баланың өз ортасымен, ересектермен (ата-анасымен, туыстарымен) қарым-қатынасының нәтижесінде болатын танымдық деңгейін өсуіне тікелей байланысты. Көптеген зерттеулердің деректеріне қарағанда баланың алғашқы іс-әрекеті нәресте кезінде анасымен тікелей байланысты және ол эмоциялық қарым-қатынас түрінде көрінеді де, әрі қарай күн сайын бала өмірінде қарым-қатынас жасаудың рөлі мен мәні арта береді, бала танымы өсе береді. Бала танымы және қарым-қатыбзнасы өскен сайын бала ойлауы дами бастайды да, оның сөйлеуге деген қажеттігі арта түседі. Баланың жас ерекшеліктеріне қарай қарым-қатынас күрделене түседі, сонымен қатар бала тілі шығып, бірте-бірте біршама жөнделіп, дамып, қалыпқа түсе бастайды.

Сөйлеу әрекетін ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттеу лингвистикада алдындағы тұрған үлкен көкейкесті мәселелердің бірі екендігін көрсеткен Ф.де Соссюр тұжырымдарын дамыта отырып зерттеген С.Д. Кацнельсон, И.А..Зимняя сияқты ғалымдардың еңбектерінен оны анық байқауға болады. Е.С.Кубрякова Ф.де Соссюрдің: «Понятие речевой деятельности относилось у него соответсвенно к одновременному обозначению и процесса, и результата исподльзования языка, а также к обозначению социальных условий этого использования и индивидуальных обеспечивающих его способностей говорящего», - деп көрсеткен тілдің тағы бір нақты өзіндік ерекшелігіне назар аудартады. Сонымен қатар ол кейінгі зерттеушілер Ф.де Соссюрдің ерекшелеп көрсеткен сөйлеу әрекетінің әрі қарай дамуындағы маңызды бағыт – жеке адамдардың сөйлеуіне (индивидуальные акты речи) жеткілікті түрде көңіл бөлмей келе жатқандықтарын айтады да, олардың осы мәселені әрі қарай жалғастырып жан-жақты зерттеуге болатындығын көрсетеді. Ал тілді білу үшін сөйлеудің алғашқы сатысынан бастап-ақ қажетті материалдарды белгілі бір жүйемен алу керек екендігі нақтылана түседі.

Бала тілі қарапайым тілден - тілге әлі ұқсай қоймайтын, сөйлем дейтін сөйлем емес, бірақ интонациясы бар айтылымнан басталады, сондықтан да Л.С. Выготский бала тілінің шығу кезеңінде екі түрлі синтаксисті бір-біріне қарама-қарсы немесе бірінен бірі туындайтын етіп қояды. Егер ол синтаксистерді Л.С.Выготскийдің терминдерімен айтсақ, олар – «смысловой» және «семантический» синтаксис.

Сөйлем – адам баласының көп іс-әрекеттерінің бірі, олай болса, сөйлеу баланың өсуіне, танымының кеңеюіне бағытталған ерекше бір іс-әрекет болып табылады. Психолингвистикалық зерттеулерде адам баласының тілінің шығуы және дамуы үлкен орын алады.

Сөйлеу әрекеті деп отырғанымыз не?

Ғылыми зерттеулерде және теориялық анықтамаларға жүгінсек, ол – сөйлеушінің белгілі бір қажеттігіне негізделген мақсатының белгілі ситуацияға байланысты сөйлеу арқылы тыңдаушысына жетуі. Сондықтан да, сөйлеу әрекеті әрдайым мақсатты және ситуацияға негізделген. Сонымен қатар, сөйлеу әрекеті, бір жағынан, сөйлесіп отырған екі адамға ортақ мүдделі тақырыпқа, әңгімеге, қоғамдық тарихи ұрпақтар тәжірибесіне және адамзат тәжірибесіне байланысты. Осы аталған факторлар сөйлеу әрекетіне толық керек.

Бұл факторлар адамның (сөйлеушінің және тыңдаушының) ішкі жан дүниесіне, қабілетіне, біліміне, қоғамдық, әлеуметтік, табиғи және биологиялық даму ерекшеліктеріне, сонымен бірге адамның жеке басына (тұлға ретінде) тән қасиеттерге тәуелді. Тілдегі сөздер, оралымдар сөйлеу әрекетінде қолданылып, неше түрлі қырынан көрініп, тілдің мүмкіндігін сөйлеу әрекетінде паш етеді.

Енді сөйлеу механизмі жайлы не айтуға болады? Ол неге байланысты?

«Сөйлеу механизмі ғасырлар бойы қалыптасқан тілдің шыңдалған қызметіне және сол тілдің қолданыс тәжірибесіне негізделеді,» - деп айқындалады ғылыми зерттеулерде. Бұл аталған көрсеткіштердің бәрі сөйлеушінің «немесе сөйлеуші мен тыңдаушының» биологиялық, когнитивтік дамуына, әлеуметтік мүмкіндіктеріне, жеке адамның тілдік қабілеттілігіне және басқа да көптеген факторларға тәуелді.

Бала тілі шыққанда ол өздігінен сөйлеп кетпейді. Бала үшін ғасырлар бойы сол бала сөйлейтін тілдің қалыптасқан қызметіне негізделген дұрыс сөйлеу ортасы, адамдардың ғасырлар бойы сол тілде қалыптасқан тәжірибелі сөйлеу ортасы дайын (алғашқы адамдар үшін осындай орта болмаған).

Бір баланың тілі тез шығады, ал екінші бір баланың тілі жай шығады дейміз. Бұл құбылыс, яғни баланың сөйлеу жолы (механизмі) ғасырлар бойы қалыптасқан тілдің қызметі мен сол тілде сөйлейтін адамзат тәжірибесіне негізделеді де, баланың биологиялық, когнитивтік дамуына, әлеуметтік мүмкіндіктеріне, жеке басының тілдік қабілетіне, еңбегіне және басқа да көптеген факторларға тәуелді. Баланың сөйлеуі, тілінің ерте немесе кеш шығуы, тез немесе баяу дамуы осы факторларға тікелей байланысты.

Жоғарыда атап көрсеткендей, сөйлеу әрекеті тілдің мүмкіндігін (тіл аясының кең шеберлілігін немесе тарлылығын және тағы басқа мүмкіндіктерін! Көрсетеді. Осы сөйлеу әрекетіндегі тіл мүмкіндігі қолданысының алғашқы сатылары ең маңызды болып табылады, өйткені бүкіл сөйлеу әрекеті алғашқы сөйлеу кезеңдеріне негізделген.

Әр түрлі отандық, әлемдік зерттеулердің сөйлеу әрекетінің онтогенізін зерттеу бағыттарын тарихи және қазіргі тұрғыдан қарастырып, өз зерттеу жұмысымыздың ғылыми ірге тасын экспериментальдық негізде мына төмендегіше құрдық:


    • Бала өзінен-өзі сөйлеп кетпейді, бала тілінің шығып, сөйлеуі үшін

тарихи-қоғамдық тәжірибе арқылы қалыптасқан тілдік орта бар;

    • Баланың заттармен, ересек адамармен, өз ортасымен қарым-

қатынасқа түсуі баланың өз ортасындағы заттармен үлкен адам көмегімен танысып, байланыстылықтарын ұғынып өз пайымдауынша қолдана бастаған кезден басталады.;

    • Сөйлеу онтогенезін зерттеу бала тілінің шығуынан басталады,

сондықтан баланың айтқан әрбір сөзін талдап зерттемейі, бала тілінің шығуын, қалыптасуын бірнеше сатылардан тұратын өз заңдылықтары бар біртұтас процесс ретінде қарап зерттеу қажет деп санаймыз;

    • Бала тілі бірнеше сатылардан өту арқылы шығатыны заңды да

және универсалды құбылыс екендіігне қазақ балалары тілін зерттеу арқылы өз үлесімізді қосамыз;

    • Теориялық тұрғыдан бала тілі қарапайым бір сөзді сөйлемнен

басталды дегенімізбен де, баланың тілі шығу алғышарттарының негізінде бала тілі шығып бір сөзді, екі сөзді сөйлемдер қолданыла бастайды. Бала тілінің шығып қалыптасуындағы осы аталған сатылардан тұратын даму процесінің аса маңызды екенін байқадық;

    • Бала тілі шыққанда бір сөзді сөйлемнен басталып, сол бір сөзді

сөйлем мағынасы, яғни синтаксистік семантикасы тыңдаушыға баланың ойын жеткізіп, сөйлеу әрекеті компоненті семантиканың алғашқы көірініс ретінде оның функциясын атықарып тұрады;

    • Бала тілінің шығуына бірден бір әсер ететін жағдай – анасы мен

баласының интерактивті қарым-қатынасы. Сонымен қатар баланың дұрыс сөйлеуіне әсер ететін ең басты рөл атқаратын бала қасындағы ересек адамдар еңбегі және өз еңбегі деп түсінеміз;

    • Баланың анасымен, қасындағы ересек адамдармен интерактивті

қарым-қатынасқа түсуін байқаудың нәтижесінде бала өсуінің әлеуметтік қарым-қатынасы үш кезеңнен өтіп қалыптасады:

І кезең: [0;2.6] – [0;5-0;6]

ІІ кезең: [0;5-0;6] – [0;11-0;12]

ІІІ кезең: [0;10-0;11] – [1;1-1;2]



    • Бала мен анасының интерактивті қарым-қатынасқа түсуі

анасының белсенділігінен басталып, алғашқыда анасы көмекші, бағыттаушы, реттеуші болса, келесі сатыда көмекші, орындаушы, бір іс-әрекетті шектеуші рөлдерін атқарады. Баланың заттарды түсіну деңгейі көтерілгенде, анасының орындауыштық қызметі балаға ауысып, бала белсенділігі артады. Осындай интеркативті қарым-қатынаста бала іс-әрекеті белігіл бір жүйеге түседі, бала кезектесіп қарым-қатынас жасауды ұғына бастайды. Бұл құбылыс – баланың тілі шыққанда оны диплогтық сөйлеуге жетелейді;

    • Осы аталмыш бала мен анасының арасындағы интерактивті

қарым-қатынас нәтижесінде балаға сөйлеу қажеттігі туады; бала сөйлеуге талпынып алғашқы бір сөзді бұйрық райлы, өтініш мағыналы сөйлемдер қолданып сөйлей бастайды.

Диалогтық сөйлеудің алғышарттары бала тілінде баланың түсінуіне негізделеді, себебі бала түсінігі оның сөйлеуінен озық жүреді. Сонымен қатар сөйлеудің алғышарттары бала мен анасының интерактивті қарым-қатынасының нәтижесінен туындайды. Бала әлі сөйлемесе де интерактивті іс-әрекеттерде прототіл белгілері арқылы қарым-қатынасқа түсіп өз мақсатын, ойын іске асырады. Сонымен қатар онымен сөйлесіп отырған адамның да мақсатты ойын бала түсініп, прототіл белгілері арқылы жауап қатады. Осы тұста бала тілінің прототіл белгілері үш түрлі коммуникативтік қызмет атқаратынын аңғарамыз. Олар:



  1. Баланың дене, көзқарас қимылдары, дауыс үндері арқылы қасындағы

адамды өзіне қарату, назарын аударып, бірдеңе жасату функциясы;

  1. Баланың дене, көзқарас қимылдары, дауыс үндері әлеуметтік сипатқа

ие болып қолданылу функциясы;

  1. Баланың дене, көзқарас қимылдары, дауысы арқылы қасындағы

адамды бірлескен іс-әрекетке бағыттау функциясы.

Осы аталмыш диалогтық сөйлеудің бала тіліндегі алғышарттары оның тілінің шығуына прототіл белгілерінің бір сөзді, екі сөзді сөйлемдерге ұласуына қолайлы әсер етіп, тездетеді.

Тарихи адамзат тәжірибесі арқылы қалыптасқан тілдік орта, заттармен, ересек адамдармен баланың қарым-қатынасы және тағы бір фактор – адам миының дамуындағы физиологиялық өзгерістер адам баласы тілінң шығуына оның ми қыртысындағы талшықтардың да негізгі үлесі барлығын және олардың дамуының негізі бала өсетін тілдік орта және басқа да толып жатқан факторларға тәуелді екендігін анық байқауға болады. Тілдік ортаның әсерімен баланың физиологиялық дамуы оынң танымының дамуымен байланыстылықта болады.

Бала тілінде грамматикалық формалардың шығуы – бала тілінде сөз таптарының қолданылуы, грамматикалық категориялардың пайда болуы. Қазақ баласының тілінде грамматикалық формалардың шығуы өзіне тән заңдылықпен, өз ретімен жайдан күрделіге қарай баланың заттармен, ададмрамен бірлескен қарым-қатынасының нәтижесінде сөйлеуге туатын қажеттіліктің салдарынан және бала ойлауының субъективті сипатынан объективті сипатқа ауысуына байланысты болады.

Стереотип пен жүйелілік грамматикалық формалардың бала тілінде қалыптасуына әсер етеді, себебі стереотип пен жүйелілік И.П.Павловтың тұжырымында грамматикалық формалардың тұрақтанып, бала тілінде жұмыс жасауының физилогиялық негізі екендігін көорсетеді.

Бала тілінің дамуына грамматикалық және лексикалық мағыналарының тез қалыптасуында диалогтық, сөйлеу баланың прототіл кезеңіндегі диалогтық сөйлеудің алғышарттарында қолданылады. Бала тіліндегі грамматикалық формалар және сөздер мағынасы баланың диалогтық сөйлеуінде шыңдала түседі. Бала сөйлеуінің алғашқы кезде 90 пайызы диалогтан тұратындығын еске алсақ, сөйлеудің ең жеңіл түрі – диалогтық сөйлеу бала тілін ұстартуда ең басты рөл атқарады.

***Соңғы уақыттардағы қарқынды зерттеулерге қарамастан балалардың сөйлеу тіліне қатысты көптеген сұрақтар жауапсыз қалды. Өйткені балалардың сөйлеу тілінің зерттелу деңгейі төмен немесе мүлде зерттелмейді деген тұжырымға келе аламыз. Қазақ тілінде балалардың сөйлеу тілі зерттелмеген тақырып. Бала тілінің негізгі бөлігі оның етістіктің грамматикалық формаларын игеруіне де байланысты болып табылады. Баланың тілі оның айналасындағы оған тікелей қатысты адамдардың сөйлеу тіліне байланысты қалыптасады. Басқалардың балаға жасаған қарым-қатынасы, бағытталған сөздері арқылы бала өз санасында сөйлеу тілінің грамматикасын өздігімен үйренеді.

Сөйлемдерді грамматикалық тұрғыдан дұрыс айту немесе айтпау туралы баланың санасы ойланбайды.

Бастапқы грамматикалық мағыналарды талдау, оның семантикасын ашып, түсіну бала тілінде және санасында бірте-бірте пайда болады. Себебі, әлі сөйлей алмайтын баланың ойында сөздер сөйлем ретінде көрініс табады. Олардың санасында бір сөз арқылы көп нәрсені түсіндіре аламын деген түсінік қалыптасады. Сонымен қатар сөйлеуге бейімделмеген баланың ойында шақтық категорияларда бірден көрініс тауып кетпейді. Өйткені бала бастапқыда өз ойын жеткізуде категория туралы ойланбайды. Ол сөзге қандай да бір жұрнақтар жалғану керек екендігі, сонымен қатар сол жұрнақтар арқылы сөйлемнің мағынасы өзгеретіні туралы түсінбейді. Ол балалардың санасында өсе келе, дами келе қалыптасатын түсінік. Мысалы: өткен шақтағы «құлады» сөзі баланың санасында түрлі мағынаны, нақтырақ айтқанда шақтың басқа да категорияларында көрініс табады. Яғни, бала қазір құласа да «құлады», кеше құласа да «құлады» деп айтуы әбден ықтимал. Себебі атап өткеніміздей, баланың ойында категория бірті-бірте қалыптасады. Сонымен қатар сөз формасы баланың жадынан өздігінен шығарылады, ол оны әдейі жасамайды, қалыптастырмайды. Бала тілі қалыптасып келе жатқан кезде ешкім оны түзетіп, үйрете алмайды, өйткені ол – табиғи процесс. Жас баланың басына түрлі ережелер мен ескертулерді ешкім қалыптастыра алмайды, ол өзі үйренеді, өзі қабылдайды.

Етістіктің шағынан бөлек кішкентай баланың санасы жекеше мен көпше түрді де айыра алмайды. Олардың ойында қалыптасқан бір сөз бәріне ортақ деген түсінікте болады. Мысалы, «ойнау» деген етістікті алатын болсақ, ол өзі ойнаса да «ойнау» деп айтуы мүмкін, бірнеше баламен бірігіп ойнаса да «ойнау» деп айтуы мүмкін. Себебі, тілі енді жетіліп, жан-жағымен енді тілдік қарым-қатынасқа түсетін бала үшін бұл қалыпты жағдай, табиғи құбылыс болып табалыды. Өсе келе, айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасай келе, баланың санасы автоматты түрде қабылдайды және ол қателік жөнделеді. Одан кейін барып бала «мен» мен «біздің» айырмашылығын ұғынып кетеді.

Сөйлеуге енді икемделіп, тілі енді шығып келе жатқан бала ең алдымен етістіктер арқылы сөйлейді. Өйткені ол үнемі қозғалыста болған соң, өзінің не істеп жатқанын, немен айналысып жүргенін санасы қабылдайды және сол әрекеттерге байланысты сөздерді бала бірінші айта бастайды.

Балалардың сөйлеу тілі мынадай жолдар арқылы беріледі:



  1. Балалар қолмен жасаған заттарын, іс-қимылдарын семантикалық тұрғыдан дұрыс айтады. Мысалы: жырту, қазу, құрастыру;

  2. Сол сәттегі әрекеттеріне байланысты сөздер. Мысалы: отыру, ұйықтау, жату т.б.

  3. Қабылдау әрекеттеріне байланысты: қарау, тыңдау;

  4. Қимыл-қазғалысқа байланысты: жүгіру, жорғалау, бару, алып жүрі т.б

Жалпы алғанда осындай жолмен берілген лексикалық және семантикалық топтардың әртүрлілігі артып қана қоймай, көрсетілген етістіктердің қатары ақырындап толыға бастайды, баланың санасында қалыптаса бастайды. Сондай-ақ бұл лексика-семантикалық топтардың қатары толыққандай, онымен бірге берілген етістіктер де өз мағынасынан бөлек түрленіп қолданыла бастайды.

Бір етістіктің басқа қосымшалар арқылы түрлі мезгілдік мағына беретіні белгілі. Сол сияқты осы топтарда берілген етістіктер де мезгілдік категорияда өз мағынасын өзгертіп, түрленіп қолданылып отырады. Бала өз кезегінде ойындағы етістіктерді оқиғаға байланысты мезгілдік категорияда қолдануды меңгереді. Сол арқылы баланың сөздік қоры молая түседі.

Күнделікті іс-әрекетті білдіретін етістіктер, яғни тамақтану, ұйықтау, киіну , сонымен қатар барлық баланың тілдік қолданысында кездесетін етістіктерден бөлек әр баланың тілдік дамуына байланысты сөйлеу тілдерін, ондағы етістіктерді жеке-жеке топтастастыруға болады. Ол әр баламен жеке жұмыстанғанда айқындалады. Балалар лексиконындағы етістіктерді былай топтастыра аламыз:

қимыл-қозғалыс етістігі: жүгіру, бару, келу, жүру;

объектіні бұзу мақсатында: құлату, жырту, кесу:

іс-әрекетті жүзеге асыру барысында қолданылатын сөздер: қосу, салу, себі т.б етістіктер.

МЫСАЛЫ:

Бала тіліндегі мезгілдік қатынастар ең алдымен етістіктің шақ категориясы арқылы көрініс табады. Ғалымдарың зерттеулеріне сүйенсек, бала тіліндегі етістіктің шақ категориясы 2.00-2.02 жас аралығында қалыптасатыны белгілі болып отыр. Осы кезден бастап бала өткен шақтың, осы шақтың, келер шақтың формаларын қолданып, мағынасын түсіне алады.



2.2 Бала тіліндегі мезгілдік қатынастардың берілуі

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет