1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе


 «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет53/68
Дата18.01.2022
өлшемі4,71 Mb.
#24093
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   68
2. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы.
 
2003  жылдың  аяғында  ірі  ауқымдағы  «Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағ- 
дарламасы қабылданды, ол Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 
2003  жылғы  4  сәуірдегі  Жолдауы  аясында  әзірленді.  Мемлекеттік  тілде 
гуманитарлық  білім  берудің  толымды  қорын  құру  міндеті  алға  қойылды, 
мұның  өзі  қоғамдық  санаға  жаңа  серпін  беруге  мүмкіндік  береді.  Әлемдік 
мәдениеттің, ғылымның, философияның, әдебиеттің таңдаулы үлгілері қазақ 
тілінде толық көлемде сөйлеуге тиіс. 
Сонымен бірге қазақ халқының бай рухани мұрасы, осы саладағы ең жаңа 
жетістіктерді  қоса  алғанда  тарихи  мұрасын  да  кенінен  тарату  көзделді.  Бұл 
міндет  республиканың  қоғамтанушыларының  алдына  ғана  тұңғыш  рет 
қойылып  отырған  жоқ,  сонымен  бірге жалпы  алғанда бүкіл  елдің  алдына  да 
қойылды.  Өйткені  бұл  оның  рухани  игілігі,  ұлттық  сана-сезімінің 
қалыптасуы  ұлттық  тарихтың  мәдени  жәдігерлеріне  ұқыпты  қарауға 
тәрбиелеу проблемасына жүгінеді. 
Мемлекет  замана  талабын  көтерді,  халықтың  рухани  мәдениетінің 
толыққанды  жұмыс  істеуіне  байыппен  назар  аударды,  ал  еліміздің  болашақ 
ұрпақтары осы мұраның жеткізушілері мен сақтаушылары болмақ. 
Тәуелсіз  дамудың  үшінші  он  жылдығы  рухани  мәдениет  болмайынша, 
жастарды жоғары өмірлік құндылықтар рухында жүйелі түрде және парасат-
пайыммен  тәрбиелемейінше,  материалдық  игілік  жолында  ілгері  басудың, 
сәтті  болатыны  екіталай  екенін  көрсетті,  өйткені  прагматизм  мен  табыс 
көбінесе руханияттан алыс жатқан құндылықтарды дәріптейді.  
Мәдени мұра мен ұлттық бірізділік арасында тікелей өзара байланыс бар. 
Ата-басының  бай  тарихы  мен  рухани  дүниесінен  хабары  жоқ    адам,  жеке 
тұлға  бола  алмайды,  өткеннің  қазіргімен  жалғасқан  мәдени  мұрасы  оның 
ажырағысыз  бөлігі  болып  табылады.  Сондықтан  қоғамның  мәдени  мұрасы 
неғұрлым  бай  болса,  сөз  жоқ,  жалпы  қоғам  солғұрлым  бай  болмақ,  оның, 
үстіне ол басқалар үшін неғұрлым ашық болады, өйткені қоғамның мәдениеті 
түрлі халықтардың бір-бірімен іс-қимыл жасайтын мәдениеттерінің ықпалын 
бойына  сіңіре  отырып  этностардың  мәдени  өзара  іс-қимылы  шегінде  өмір 
сүреді. Жаһандану әлемінде тұрған қазіргі Қазақстан - көп этносты мемлекет, 
ол бүкіләлемдік достастық үшін ашық болуға ұмтылып отыр және мәдениет 
ең алдымен ұлттық бірегейлікті айқындайды. Бұл орайда мемлекет құраушы 
қазақ  ұлтының  дамуына,  оның  этносаралық  қатынастар  жүйесіндегі 
топтастырушы рөлінің артуына зор көңіл бөлінуі тиіс. 
Рухани  жаңғырудың  әлемдік  тәжірибесін  талқылайтын  қазіргі  заманғы 
ғылыми  әдебиетте  мәдени  мұра  мен  ұлттық  бірегейлікті  зерттейтін 
тұжырымдамалық  үш  ұстанымға  баса  көңіл  бөлініп  отыр.  Біріншісі,  ұлттық 
бірегейліктің  жүйе  құраушы  факторы  ретіндегі  өткеннің  мәдени  мұрасына, 
екіншісі  -  өткен  мен  қазіргінің  мәдени  мұрасын  жарасымды  ұштастыруға, 
үшіншісі  -  қазіргі  заманғы  мәдениетке  және  оның  болашаққа  ұмтылысына 


ден қояды.  
Қоғамның  түрленуі,  жаңғыруы  аясындағы  ұлттық бірегейлік  өте  күрделі 
үрдіс. Бұл мәселенің жарасымды шешімін тапқан мысалдары онша көп емес, 
тегінде  өткеннің  дәстүрлері  мен  мәдени  мұрасын  технологиялық  және 
акпараттық-постэкономикалық қоғамның қажеттерімен сәтті ұштастырылған 
Жапониядан  басқа  елді  атай  кою  қиын.  Мәдени  мұра  халық  санасын 
қалыптастыратын  құнарлы  орта  болып  табылады.  Әрбір  халықтың  өзіндік 
«менін»  тану  өз  тарихынан,  оның  қаһармандық  немесе  қасіретті 
оқиғаларынан  тыс  және  тәуелсіз  түрде,  оның  орынсыз  ұмытылған  беттерін 
немесе ерлікпен жеткен жеңістері үшін көл-көсір куанышын күйзелмей және 
күңіренбей  еске  алу  мүмкін  емес.  Тарихи  сана-сезім  мәдени  мұраға  өте 
сезімтал. 
Халықтың  сана-сезімін  шындығында  мәдениет  пен  тарихтан  ажыратып 
алуға  болмайды.  Оның  үстіне  берік  мәдениетке  және  инновациялық үрдіске 
«сіңіскен» философиялық дәстүрге сүйенбейінше, оның дамуы мүмкін емес. 
Өз  кезегінде,  дәстүрді  есепке  алудан  тыс  қандай  да  болсын  мәдени 
жаңалықты көз алдыңа елестету қиын. Халықтың сана-сезімі проблемасымен 
арақатынаста  болған  дәстүр  мен  жаңалықтың  мәдениеттегі  арақатысы 
проблемасы  көп  ретте  ол  адамның  қайраткерлік,  шығармашылық 
мүмкіндіктерін  дамытуға,  еркін  шығармашылық  жеке  тұлғаны  қалып- 
тастыруға  негізделетін  жағдайда  ғана  дүрыс  шешіледі,  мұның  өзі  егеменді 
Қазақстан дамуының мақсаты және шарты болып табылады. 
Халықтың  сана-сезімін  қалыптастыруда  және  дамытуда  маңызды  рөл 
атқаратын  мәдени  мұра  қоғамдық  дамудың  және  жаңа  құндылықтар  жүйесі 
қалыптасуының аса маңызды ұйтқысы саналады. Ұлттық қауіпсіздік ұғымы, 
гуманитарлық  қауіпсіздік  ұғымы  сияқты  тек  сыртқы  немесе  ішкі  қатерлерді 
ғана  түсінуді  қамтымайды,  сонымен  бірге  адам  мен  қоғамның  толыққанды 
және  мазмұнды  рухани  өмірін  қамтамасыз  ететін  шарттардың,  шаралардың 
бүкіл  кешенін  қамтиды,  мұнда  өткеннің  мәдени  дәстүрлеріне,  ұлы 
құндылықтарына  лайықты  көзқарас  әзірленді  және  қолдау  тауып  келеді. 
Сондықтан  мәдени  мұраның  қоғамның  мәдениетін  қалыптастырудағы, 
қоғамдық сананың қарама-қайшылығын шешудегі рөлі ұлан-ғайыр. 
Қазіргі  заманғы  қоғамда  жасанды  мәдениетті  барлық  жерде  дәріптеуде, 
көбінесе  бүгінгі  күні  мәнгүрттік  феноменінде  сақталып  отырған  көрнеу 
мәдениетсіздікті  дәріптеуде  жат  көзқарастар  мен  идеологияларды, 
дүниетанымды  және  мінез-құлық  таптаурынын  күштеп  таңуда  болып  отыр. 
Сондықтан  біздің  республикамыздың  бірінші  кезектегі  міндеттерінің  бірі  - 
басқа халықтардың мәдени мұрасымен пікір алысуымыздағы өзіміз жинаған 
мәдени-тарихи 
тәжірибені 
сақтап, 
еселей 
түсу, 
сондай-ақ 
Қазақстандықтардың кейінгі ұрпағын дәстүрлі мәдениетті де, қазіргі заманғы 
мәдениетті де құрметтеп, қабылдау рухында тәрбиелеу, халықтың білімділік 
және  тәрбиелілік  жалпы  деңгейін  арттыру.  Мұның  өзі  мазмұны 
жалпыадамзаттық құндылықтарға және Қазақстанда демократияның ізгілікті 
құндылықтарын  орнықтыруға  қарама-қайшы  идеялар  мен  көзқарастардың, 
кеңінен 
таралуына 
мүмкіндік 
бермейтін 
«идеологиялық 
сүзгі» 


жағдайларының бірі ретінде де қызмет етеді. 
«Мәдени  мұра»  бағдарламасын  нақ  осы  іске  асырудан  басталған  Қазақ- 
станның  Дәуірлеуі  өзін-өзі  бірегейлендіру,  болмыс-бітім,  ұлттық  және 
жаһандық қатынастар проблемасын ашып көрсетті. Бұл проблемалардың бәрі 
XX  ғасырдың  қоғамдық  ой-пікіріндегі  құлдыраумен  және  дағдарыспен 
байланысты  пісіп-жетілді.  Кеңестік  кезеңде  отандық  теориялық  зерттеулер 
дағдарысы белең алды, ал Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін тіпті теория мен 
ойлау  жүйесінің  әдістері  қажет  екенін  дәлелдеуге  тура  келді.  Бұл  дағдарыс 
ұлттық  ойлау  салтына  деген  кызығушылықтың  бірте-бірте  бәсеңдеуіне 
байланысты  болды,  мұның  өзі  оны  елемеуге  әкеліп  соқты.  Осы  күрделі 
кезеңде Қазақстанның гуманитарлық ғылымы үшін қазақтың тарихи санасын 
қайта жаңғырту өзінше бір азаматтық ерлік болды. 
Жаңа  тарихи  уақыт,  Қазақстанның  қазіргі  заманғы  дүниені  сезіп-білуі 
және  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  ойластырылған  ұлттық  саясаты  қазақ 
тарихын аса тереңінен зерделеуге мүмкіндік берді. «Мәдени мұра» жобасын 
іске  асырудың  арқасында  қазақтардың  философиялық  ақыл-ойын  қазіргі 
заманғы құндылық теориясы тұрғысынан түсіндіруге мүмкіндік ашты. 
«Мәдени  мұра»  бағдарламасы  шеңберіндегі  көп  томдық  басылымдар 
мәдени  мұраны  жай  ғана  қайта  ашуға  жәрдемдеспейді,  олар  өзінің  ақиқат 
адами  болмысында  түбірімен  өзгерген,  шын  мәдени  қарым-қатынасқа 
кабілетті адамның рухани-адамгершілік дамуына көмектеседі. 
Ұлы  Даланың данышпандары  философияның этикалық жүйесін жасады, 
ондағы  «ар-ұят»,  «еркіндік»,  «бақыт»,  «әділдік»  санаттары  Канттың, 
Фихтенің,  Хайдеггердің  этикалық  философиясымен  үндес  келеді.  Асан- 
кайғының,  Шалкиіз  жыраудың,  Бұқар  жыраудың  рухани  ой-толғаулары, 
Абайдың  психологиялық  тебіреністері,  Шәкәрімнің  философиясы  әлемдік 
философиялық  мұраның  бір  бөлігі,  Батыс  пен  Шығыс  философиясы  пікір 
алысуының  түсіндірмелік  тобын  құрайтын  бөлігі  болып  табылады.  Қазақ 
халқының мәдени және рухани мұрасы жеке адамның көзқарасы тұрғысынан 
игерілді.  Абай  өзінің  шығармашылығында  өткен  жайында  ой  толғап  қана 
қоймайды,  шығармашылық  оның  рухани  тірегі  болды.  Мәтіндерде  ойшыл 
қазақтың 
ашықтығын, 
табиғи 
қарапайымдылығын, 
адамгершіліктің 
басымдығын  сағынышпен  аңсайды.  Өз  халқынын  өткенін  білмейінше 
қазіргіні  терең  түсіну  мүмкін  емес,  ал  болашақты  түсіну,  рухани  бай  тұлға 
болу  тіпті  де  мүмкін  емес.  Түркілердің  философиясы  көркем-поэтикалық 
нысанда  өмір  сүрді.  Сондықтан  қазіргі  жастардың  өз  халқының  тарихи 
болмысын  танып  білуінің,  қазақ  қоғамының  бай  және  бірегей 
философиясының  социологиялық  мәдени  алғышарттарының,  құндылықтар 
мен ерекшеліктерінің қайта жаңғыруының бүгінгі күні маңызы аса зор. 
Қазақ  философиясында  дәстүрлі  мәдениеттің  ұлан-ғайыр  және  бай 
материалы,  күрделі  астарлы  мәні  бар,  оның өзі  түсіндіруді  әлі  де  талап  етіп 
отыр. Осы аса маңызды түсіндірушілік міндетті XXI ғасырдың қазақстандық 
философиясы шешеді. Өзінің аса маңызды миссиясын жүзеге асыра отырып 
қазақ  философиясы  сол  арқылы  өзінің  кесімді  сөзін  айту  үшін  әлемдік 
мәдениет пен философияның аясына енеді. 


Батыс  философиясы  постмодернизм  арқылы  мәдениеттегі  объективті 
жағдайды  тіркейді,  мұнда  нақты  шындық  жоғалады,  көптеген  өнер  әлемі 
қалыптасады,  «таңба  логикасы  бөлшектеледі»  (Ж.  Деррида)  және  адам 
қарым-қатынастың,  ақпараттық  ағындардың  күрделі  торына  тартылады, 
Интернет  империясының  боданына  айналады.  Ол  өзге  қатынастардың, 
бұрын-соңды  болып  көрмеген  неғұрлым  кешенді  және  жұмылғыш 
қатынастардың  аясына  қабылданады.  Бірақ  оған  жасанды  дүниелердің 
жықпыл-жықпылында  жоғалу,  өзі  «көлгірге»  айналу,  түпнұсқасыз,  нақты 
дүниесіз көшірмеге айналу қатері төнеді. 
Қазақ қоғамының дәстүрлі дүниетанымының қазіргі қайта дәуірлеуі қазақ 
тарихының мәні туралы да ойлану қажеттігін түсінуге әкелді. «Мәдени мұра» 
ұлттық  жобасы  бірқатар  маңызды  проблемаларды  шешеді.  Біріншіден, 
әлемдік  философиялық  мұраның  мәтіндері  жаңа,  постклассикалық  көзқарас 
тұрғысынан  аударылып  түсіндірілді.  Ұлы  философтардың  бұрынғы  қасаң 
түсіндірулерден  азат  болған  мәтіндері  бүгінгі  күні  қазақ  тілінде  сөйледі, 
қазіргі  заманғы  Қазақстан  философиясымен  ортақ  шығармашылық  қарым-
қатынастық  пікір  алысуға  ұласты.  Екіншіден,  қазақ  философиялық  мұрасын 
түсіндіру, қазақ руханиятын, түркілік рухани тәжірибені, исламдық, дәстүрлі 
мәдени-философиялық  дискурстарды  қайта  жаңғырту  біздің  күрделі 
әлеміміздегі  өзара  түсіністікті  қалыптастыруға  жәрдемдеседі.  Үшіншіден, 
қазақ  философиясы  да  бір  бөлшегі  болып  табылатын  әлемдік  мұраны  игеру 
адамзаттың  рухани-адамгершілік  дамуы  және  рухани  қайта  дәуірлеуі  үшін 
қажет. 
«Мәдени  мұра»  жобасы  -  жеке  адамның  қазақстандық  құндылықтылық 
философия  аясында  рухани-адамгершілік  дамуының  тақырыбын  пысықтау 
үшін  негіз  болып  табылады.  Рухани  мұраны  түсіндіруде  ашылатын  қазақ 
философиясының  этикалық  мағынасы  Қазақстан  қоғамы  құндылықтарының 
жиынтығында басым болуға тиіс. 
«Қазақ  халқының  философиялық  мұрасы»  сериясында  тәңірілік  фе- 
номенологиясы  мен  ислам  феноменологиясына  маңызды  көзқарасты 
белгілейтін ойшылдардың еңбектері басылып шықты. Бұл ілімдерде үздіксіз 
білім  үлгісі  көрініс  табады,  оның  мағынасы  адамның  рухани  қалыптасу 
желісінің  үздіксіздігінде.  Рухани  бастау-көздер  болмайынша  жеке  тұлғаның 
рухани қалыптасуы желісі ретіндегі білім жүйесін жасау мүмкін бе? Мүмкін 
емес.  Тек  бай  рухани-адамгершілік  тәжірибе,  ұрпақтан  ұрпаққа  табыс 
етілетін,  дәстүрлерді,  әдет-ғұрыптарды,  рухани  асқақтықты  өзінде 
ұштастырған  рухани-гуманитарлық  капитал  болғанда  ғана  біз  адамгершілік 
білім тұжырымдамасын жасай аламыз. 
Бұл  тұжырымдамада  тіл  неғұрлым  мәнді  болып  табылады.  Жеке  тұлға- 
ның рухани қалыптасуында ол аса маңызды рөл атқарады, сондықтан әлемдік 
және  отандық  мұраны  қазақ  тілінде  басып  шығару  -  бұл  тіл  мәдениетін, 
сөйлеу  және  пікір  алысу  мен  келісім  мәдениетін  қалыптастырудың 
стратегиялық міндеті.  
2004-2009  жылдары  «Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасында 
жүзеге  асырылған  рухани  мұраны  қайта  жанғыртудың  гуманитарлык 


миссиясы классикалық қазақ тілін қайта жаңғырту миссиясы да болып табы-
лады.  Бұл  классикалық  тілдің  қайта  түлеуі  философиялық  тілдің  қайта 
жаңғыруы  болды,  ол  ұлттың  өзіне-өзі  философиялық  байыппен  қараудың 
көрінісі болып саналады.  
«Мәдени  мұра»  стратегиялық  ұлттық  жобасында  Қазақстанның  жа- 
һандану  жағдайында  мәдени  жаңғыруы  принципінің  негізі  қаланды.  Осы 
мәдени  стратегияда  социологиялық  мәдени  бірегейліктің  ұлттық  жобасы 
жүзеге  асырылуда.  Аталған  идеяларды  айқындай  түсу  және  социогумани- 
тарлық  сипаттағы  міндеттерді  шешу  үшін  Қазақстан  ғалымдары  осы  қазіргі 
өзекті  және  келешегі  өте  зор  үрдістердің  арнасында  философиялық-сая- 
саттанушылық бағыттарды әзірлеуде. Қазақстанда өткізілген конгрестер мен 
конференциялар  күн  тәртібіне  қазақтың  дәстүрлі  дүниетанымдық  көзқарасы 
мен  тарихи  жадысының  өзіндік  келбеті  мен  мәні  туралы  мәселені  күн 
тәртібіне  койды.  Бүгінгі  таңда  акпараттық  технологиялардың  дамуы, 
халықаралық  байланыстардың  кеңейтілуі  нәтижесінде  Батыстың,  бастау 
көздеріне  қол  жетпейді  деп  мұң  шағуға  болмайды.  Бүгінгі  таңда  ұлттық 
руханиятты  қазіргі  заманғы  құндылық  парадигмасында  қайта  түлеу 
философиясы ретінде айқындау керек. 
Мәдени  мұраны  сақтау  -  кез  келген  нағыз  тәуелсіз  мемлекеттің  табиғи 
міндеті.  Халық  өзінің  рухани  құндылығын  білдіретін  нақты  заттарға  қол 
жеткізу  мүмкіндігі  болған  кезде,  жинақталған  мәдени  тәжірибені  белсенді 
пайдаланғанда,  ол  толыққанды  деп  аталады.  Мәдени  мұраны  сақтап,  игеру 
елде  мекендейтін  барлық  этностардың  сана-сезімін  нығайтудың  маңызды 
элементі және олардың толыққанды өзара іс-қимылының негізін құрайды, ал 
мұның  өзі  өз  кезегінде  Қазақстанның  ішкі  тұрақтылығы  мен  қауіпсіздігінің 
кепілі. 
Сонымен  әлемдік  және  отандық  тарихи-мәдени  мұраны  белсенді  түрде 
игеру  ұлттық  сана-сезімнің  өсуі  серпінінің,  халықтың  ұлттық  бірегейлігін 
нығайтудың  аса  маңызды  құралы  ретінде  қызмет  етеді  Қазақстан  -  көп 
этносты  және  көп  конфессиялы  мемлекет,  этносаралық,  мәдениетаралық 
және  конфессияаралық  пікір  алысу  оның  жаһандану  жағдайында  тұрақты 
дамуының  аса  маңызды  шарты  мен  негіздемесі  болып  табылады.  Ол  ерікті 
рухани даму және осы ерікті дамудың қамтамасыз етілуі жағдайында жемісті 
бола  алады.  Республикада  басымдыққа  ие  болып  отырған  және  мемлекет 
құраушы  этнос  болып  табылатын  қазақ  этносы  үшін  мемлекеттік  тілде 
әлемдік мәдениет басылымдарына және еліміздегі басқа этностар үшін қазақ 
халқының бай мәдени мұрасы басылымдарына еркін қол жеткізуге мүмкіндік 
беру осындай дамудың маңызы зор факторы болып табылады. 
 «Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасын  тарихи  сананың  жаңғыруы 
саласында  ойдағыдай  орындау  осы  ізгі  міндетке  жәрдемдесетін  болады. 
Бағдарламаны  жүзеге  асыру  нәтижесінде  қазақ  тілі  толымды  мемлекеттік 
тілге  және  мәдениет  тіліне  айналады.  Әлемдік  ойшылдар  қазақ  тілінде 
сөйлейтін  болады,  ол  әрбір  адамға  өзінің  күнделікті  өмірінде  қызмет  етеді, 
оның сөздік  қоры, қарым-қатынастық және мәдени міндеттері байиды, жаңа 
терминдер  мен  ұғымдар  қалыптасады.  Қазақ  тілінде  басылып  шыққан 


әлемдік  мәдени мұра  еліміздегі  ғылыми  және  білім  беру  үрдісіне,  қоғамдық 
сананың  қазіргі  заманғы  үлгілерін  қалыптастыруға  ерекше  серпін  береді. 
Мәдени  мұраны  терең  және  қарқынды  түрде  зерделеу  қоғамдық  сананы 
Қазақстан  халқы  ретіндегі  тұтастықты  қалыптастыру  аясында  біріктіруде, 
жалпықазақстандық  ұлттық  идеяны  негіздеуде  және  жүзеге  асыруда  жаңа 
шептерді межелеуге мүмкіндік береді.  
Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті  –  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев 
ұлттық  тарихымызға  өзіндік  стратегиялық  көзқарасын  1999  жылы  «Тарих 
толқынында»  кітабында  баяндады.  Елбасының  «Тарих  толқынында»  кітабы 
жарыққа  шыққаннан  кейін  халықтың  дүниетанымы  айтарлықтай  өсті.  Ел 
азаматтары  арасында  төл  тарихымызға  деген  қызығушылық  айтарлықтай 
артты.  Кәсіби  тарихшылар  үшін  ғылыми  зерттеулер  жүргізуіне  барлық 
жағдай   жасала  бастады.  «Егер  біз  мемлекет  болғымыз  келсе,  өзіміздің 
мемлекеттілігімізді  ұзақ  уақытқа  меңзеп  құрғымыз  келсе,  онда  халық 
руханиятының  бастауларын  түсінгеніміз  жөн»,  деп  Елбасы    өзінің  «Тарих 
толқынында» деген кітабында жазды. 
«Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  1999  жылы  шыққан   «Тарих 
толқынында» кітабында еліміздің аумағында ертеден бері орын алған тарихи 
оқиғаларға  баға  берілген.  Елбасы  Қазақстан  аумағында  орын  алған  барша 
тарихи  оқиғаларға  жеке-жеке  тоқталған.  Онда  біртұтастылық,  көшпенділер 
өркениетінің  өзгешелігі,  көшпенділер  социумы  ерекше  суреттеліп,  оқырман 
қауымға  ұсынылған.  Автор  Қазақстанның  Ресей  империясы  мен  КСРО 
құрамындағы  дәуіріне  де  жан-жақты  тоқталған.  Елбасы  ұлттық  дүниетаным 
мен халықтың біркелкілігі мәселесіне ерекше назар аударған.  
2013  жылы  Елбасы  «Халық  тарих  толқынында»  арнайы  тарихи 
зерттеулер бағдарламасын  ұсынды.  Үкімет  басшысының  атап  өткен  ұлттық 
тарихтағы  шешілмей  келген  ауқымды  міндеттерін  шешуде  ғылыми 
талдауларды жаңаша көзқараспен дүниеге әкелу үлкен жауапкершлікті талап 
етуде.  Болашақта  жүзеге  асырылатын  «Тарих  толқынындағы  халық» 
бағдарламасын  –  Ұлы  мақсат  жолындағы  ұйытқы  деп  қабылдауға  болады. 
Елбасының  «Тарих  толқынында»  кітабы  қоғамды  отарлық  санадан  арылту 
жолында  үлкен  рөл  атқарды.  «Тарих  толқынындағы  халық»  бағдарламасы 
халық  санасын  жаһандық  ауқымдағы  мәселелерді  екшейтіндей  дәрежеге 
жеткізу ғана емес, жеке адамның біліктілік бәсекесіне шыдас беретін өзіндік 
даму зердесі деңгейін қалыптастыру арманынан туындайды. 
2013 жылы 5-маусымда Астанада сол кезде Қазақстан Республикасының 
мемлекеттік 
хатшысы 
лауазымында 
отырған 
Тәжин 
Марат 
Мұханбетқазыұлының қатысуымен Қазақстанның ұлттық тарихын зерттеуде 
Ведомствоаралық  жұмыс  тобының  кеңейтілген  отырысы  өтті.  Ғылыми 
қоғамдастықтың  алдында «Халық  тарих  толқынында» ғылыми  зерттеу 
бағдарламасын  жүзеге  асыру  міндеті  қойылды.  Онда  ол:  «Ұлттық  тарих 
мәселесіне  бұрыннан  жіті көңіл  бөліп  келе  жатқан  Елбасы  Нұрсұлтан 
Әбішұлы  Назарбаев  «Тарих  толқынындағы  халық»  деген  атпен  тарихи 
зерттеулердің арнаулы бағдарламасын жасауды ұсынды», - деді. 
Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты:  


-  Қазақстанның  тарих  ғылымын  алдыңғы  қатарлы  метологиялық  және 
методика арқылы сапалы секірісті жүзеге асыруына жағдай жасау; 
-  Қазақтың ұлттық тарихының көкжиегін кеңейту;  
-  ұлттық жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру.  
-  қазақ  этносының  объективті  тарихын  және  оның  ежелгі  заманнан 
қазіргі кезге дейінгі тарихи тағылымы; 
-  этникалық және мемлекеттік территориясының тарихи қалыптасуы;  
-  Қазақстан  халықтарының  полиэтникалық  қалыптасу  кезеңдерін  қайта 
жасап шығару болып табылады.
 
 
Бағдарламаны  іске  асыру  кезінде  елімізде  тарих  саласында  көптеген 
жұмыстар  атқарылды.  Тарихи  естеліктер  мен  әділдікті  қалпына  келтіруге 
бағытталған  ғылыми  зерттеулер  жүргізіліп,  мақалалар  мен  монографиялар 
және  кітаптар  дайындалды.  Ұлттық  тарихты  зерттеу  мен  оның  мәнін  ұғыну 
идеясын  Елбасы  «Қазақстан-2050»  стратегиясы:  қалыптасқан  мемлекеттің 
жаңа  саяси  бағыты»  атты  тарихи  Жолдауында
«Біз ұлттың  тарихи  санасын 
қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек» деді. 
Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  «Ұлытау  төріндегі  толғаныс» 
атты  сұхбатында:  «Біздің  елдігіміз,  қазақ  жұртының  арғы  түбі  ғұндардан 
басталады.  Ғұндардан  кейін  көк  түріктерге  жалғасады.  Одан  кейін  Алтын 
Орда  орнығады.  Сөйтіп,  хандық  дәуірге  ұласып,  кейін  біртіндеп 
Тәуелсіздікке келіп тіреледі» деп Қазақстан тарихының тамырының тереңнен 
бастау алатынына ерекше мән берген болатын. Осы тұрғыдан Н.Ә. Назарбаев 
2015 жылы Қазақ хандығы құрылғандығының 550 жылдық мерейтойының ел 
көлемінде атап өтілетіндігін мәлімдеді. 
Отанды сүю, ел бірлігі, өз елінің патриоты болу сынды қастерлі ұғымдар 
жөнінде  сөз  еткенде,  әрдайым  қастерлі  тарихымызға  жүгінеміз.  Осы 
тұрғыдан  алғанда  Елбасымыздың  Ұлытау  төріндегі  сұхбатында  айтылған 
мынадай  пікіріне  құлақ  қойғанымыз  жөн:  «Отанды  қорғау  дегенде,  әрине, 
адам  баласы  алдымен  өзінің  шаңырағын  ойлайды.  Әкеңді,  шешеңді, 
бауырларыңды,  балаларыңды,  немерелеріңді  ойлайсың.  Сол  жүрекпен,  сол 
тілекпен  Отаныңды  қорғайсың.  Сондықтан  тарихыңды  білген  жөн.  Тарихын 
білмеген  ұлттың  болашағы  бұлыңғыр.  Мысалы,  керемет  үлкен  еменнің 
тамыры терең болмаса, ол дауылға шыдап тұра алмайды. Сондықтан  
2014  жылдың  қараша  айында  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  Астана 
қаласы  активімен  кездесу  барысында  келесі  2015  жылы  Қазақ  хандығының 
550  жылдығы  мемлекеттік  дәрежеде  аталып  өтілетіндігін  ресми  мәлімдеді. 
Онда  елбасы  Керей  мен  Жәнібек  хандардың  1465  жылы  алғашқы  хандықты 
құрғанын,  Қазақ  хандығы  Қазақстан  мемлекетшілдік  бастауының  негізі 
екенін,  сонымен  қатар,  қазіргі 
халықты  бабалардың  ұлы 
ісін 
жалғастырушылар деп атады. 
2015 жылы Қазақстан халқы Қазақ хандығының 550 жылдығын лайықты 
атап өтті. Қазақ  хандығының  – 550 жылдығының жалпыхалықтық масшабта 
аталып  өтілуі  -  ел  рухын  шарықтатып,  жастардың  патриоттық  сезімін 
арттырып,  тарихи  жадысын  шыңдады.  Елбасы  салтанатты  жиында  қазақ 
халқы  Ұлы  Даланың бағзы  заманнан  бері  тұрақты  тұрғындары  екенін  қадап 


айттып: «Қазақ хандығы бұдан бес жарым ғасыр бұрын шаңырақ көтерсе де, 
Еуразияның  Ұлы  Даласында  орнаған  арғы  дәуірде  Сақ,  Ғұн,  Үйсін 
мемлекеттерінің, бергі замандағы Ұлы Түрік  қағандығы, Дешті Қыпшақ пен 
Алтын Орда мемлекеттерінің заңды мұрагері болып табылады», – деді.  
Елбасы Қазақ хандығының – 550 жылдық тойы ұлттық мемлекеттілігінің 
бастауы  болатынын  былайша  атап  көрсетіп:  «Бәріміздің  киелі  атамекеніміз 
бар,  ол  –  қазақтың  Ұлы  Даласы.  Сол  далада  бабалардың  ізгі  аманатын 
орындау  жолында  біз  құрған  қасиетті  Отанымыз  бар.  Ол  –  Тәуелсіз 
Қазақстан. Тәуелсіздік – біздің маңдайға басқан бағымыз, мәңгі сақтауға тиіс 
аманатымыз.  Қасиетті  Отанымызда  қандай  қиындықты  да  қайыспай  қарсы 
алуға лайық өршіл рухты, азат ойлы, жасампаз халық бар. Ол – ержүрек қазақ 
халқы,  барша  қазақстандықтар.  Сол  қаһарман  халықтың  алға  қойған  ізгі 
мұраты бар. Ол – Ұлы Дала төсінде өзі құрған мемлекетті Мәңгілік Ел жасау. 
Сіздер мен біздер құрған Тәуелсіз Қазақстанымыз Мәңгілік Елге айналсын!», 
- деді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет