Есептер:
1. Экономикада келесі мәліметтер берілген:
Y=C+I
C=100+0,8Yd
I=50
Анықтау керек:
А) Табыстың тепе-тең деңгейін.
Б) Жинақ ақша және тұтынудың тепе-тең деңгейін.
В) егер шығару көлемі 800-ге тең болса, онда жоспарланбаған өнімнің босалқы қорының өсімі қандай?
Г) егер автономды инвестициялар 100-ге дейін өссе? Онда тепе-тең шығару қалай өзгереді? Тепе-тең деңгейінің өзгерілуін графиктік түрде көрсетіңіз.
2. Экономикада келесі мәліметтер берілген:
Y=C+I+G+Xn
C=300+0,8Yd
I=200+0,2Y
Xn=100-0,04Y
G=200
t=0,2
Анықтау керек:
А) Табыстың тепе-тең деңгейін.
Б) Автономды шығындар мультипликаторының көлемін.
3. Төменде келтірілген мәліметтер бойынша табу керек: тұтыну, тұтынуға орташа бейімділікті, қор жинағына орташа бейімділікті, тұтынуға шекті бейімділікті, қор жинағына шекті бейімділікті. Тұтыну және қор жинағы графиктерін құрыңыздар.
Өндіріс және табыс деңгейі (долл.)
|
240
|
260
|
280
|
300
|
320
|
340
|
360
|
380
|
400
|
Жинақ ақша (долл.)
|
-4
|
0
|
4
|
8
|
12
|
16
|
20
|
24
|
28
|
4. Ұлттық өндірістің тепе-теңдік деңгейі 1200 млрд.теңге. Ал автономды тұтыну – 0. Бұл жағдайда тұтынуға шекті бейімділік 0,05-ке өсті. Анықтау керек:
А) Өндірістің тепе-теңдік көлемі қалай өзгерді;
Б) Жинақтаудың тепе-теңдік деңгейі қалай өзгерді;
В) Тұтыну функциясы: С=300+0,75Y. Үкімет 30 млрд. теңге мемлекеттік тапсырысты салықты көбейту арқылы орналастыруды шешті. Тепе-тең ЖҰӨ өзгеріссіз қалу үшін, бюджеттік түсім қандай сомаға көбеюі тиіс.
5. Тұтыну шығындарының тепе-тең көлемі 20000 т. және тұтынуға шекті бейімділік 0,8. Анықтау керек:
А) инвестициялар көлемін;
Б) мультипликатор көлемін;
В) тұтынуға шекті бейімділігіктің 0,6-ға дейін төмендеуі тепе-тең ұлттық табысқа қалай әсер етеді?
6. Кестелік және талдау әдістерімен жұмысбастылықтың тепе-тең деңгейін және өндіріс көлемін анықтаңыздар. Инвестициялар 20 млрд. долл. құрайды, ал жұмысбастылық деңгейі, өндіріс көлемі және тұтыну төмендегі кестеде берілген. Анықтау керек тұтынуға және қор жинағына шекті бейімділікті, тұтынуға және қор жинағына орташа бейімділікті.
Жұмысбастылықтың мүмкін деңгейлері (млн. адам)
|
Өндірістің нақты көлемі (млрд. долл.)
|
Тұтыну (млрд. долл.)
|
1,40
|
370
|
375
|
2,45
|
390
|
390
|
3,50
|
410
|
405
|
4,55
|
430
|
420
|
5,60
|
450
|
435
|
6,65
|
470
|
450
|
7,70
|
490
|
465
|
8,75
|
510
|
480
|
9,80
|
530
|
495
|
10,85
|
550
|
510
|
Достарыңызбен бөлісу: |