1. Си туралы түсінік



бет41/54
Дата06.01.2022
өлшемі2,99 Mb.
#14337
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54
Бақылау сұрақтары:

  1. MainMenu компонентінің қызметі қандай?

  2. PopupMenu компонентінің қызметі қандай?

  3. Bitmap қасиетінің қызметі қандай?

  4. PopupMenu компонентінің қасиеттерін ата?


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Оспанова Ш.Б. Builder C++ ортасында бағдарламалау: оқу құралы. Қостанай: ҚМПИ, 2016. – 114 б.

2. Виктор Григорьевич Алексанкин, Наталия Елманова. «Borland C++ Builder». Электронный учебник.

Кестелік ақпаратпен жұмыс істеудің StringGrid

компоненті және оның қасиеттері

Жоспар:


  1. Кестелік ақпаратпен жұмыс

2. StringGrid - жолдар кестесi
1. Кестелік ақпаратпен жұмыс

StringGrid компоненті ақпаратты кесте түрінде бейнелеу үшін қолданылады. Кесте екі зонадан тұрады: бекітілген және жұмыс. Бекітілген аймақ жұмыс аймағының жолдары мен бағаналарының атауларын шығару үшін және олардың көлемдерін “тышқан” көмегімен басқару үшін керек. Бекітілген аймақ басқа түспен боялған және оған ақпаратты пернелер тақтасынан енгізуге болмайды. Бекітілген аймақтың жолдары мен бағаналарының саны сәйкесінше FixedRows және FixedCols қасиеттерінде белгіленеді.

Жұмыс аймағы RowCount жолдары және ColCount бағаналары ақпараттарын қамтиды. Оларды бағдарламалық және “тышқан” немесе пернелер тақтасы көмегімен өзгертуге болады.

Бағдарламадағы ақпаратқа кіру мүмкіншілігі Cells[ACol, ARow: integer]: string қасиеті арқылы жүзеге асырылады, мұнда ACol- бағана нөмірі, ал ARow –жол нөмірі, нөмірлеу 0-ден басталады.

StringGrid компонентінің пиктограммасы компоненттер тақтасының Additional бетінде орналасқан. Осы тапсырмада барлық StringGrid компоненттері үшін бекітілген аймақ қолданбайтындықтан, объектілер инспекторында FixedCols және FixedRows қасиеттерінің мәндерін 0 деп белгілеу керек. Тапсырмаға сәйкес StringGrid1 компоненті үшін жолдар санының n және бағаналар санының m шекті мәндері белгіленеді. ColCount=8, а RowCount=6 (8 бағана және 6 жол). StringGrid2 компоненті үшін ColCount=1, RowCount=8, ал StringGrid3 компоненті үшін ColCount=1, RowCount=6.

StringGrid компонентіне үнсіздік бойынша ақпаратты пернелер тақтасынан енгізуге тыйым салынған, сондықтан StringGrid1 компоненті үшін объектілер инспекторында Options қасиетінің символында «тышқанды» екі рет шерту керек және ашылған қасиеттер тізімінде goEditing мәнін True деп белгілеу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет