1 ситуациялық тапсырма


Кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Бекмурзаева Э.К



бет3/14
Дата07.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#72316
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Бекмурзаева Э.К.

«Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасы, Мамандық: «Жалпы медицина»


«Ішкі аурулар пропедевтикасы – 2» пәні, №1 аралық бақылау

5 ситуациялық тапсырма


50 жастағы әйел бас ауруына, жоғары температураға, кеуденің оң жақ жартысының шаншып ауруына, жөтелмен күшейетін, ентігуге, түсі тот басқан қақырықты жөтелге шағымданып келді. Ауру жедел, гипотермиядан кейін 2 күн бұрын басталды.Объективті: температурасы 39,40С. Жалпы жағдайы ауыр. ТАЖ- 28 мин. Қарап тексергенде кеуденің оң жақ жартысы тыныс алу кезінде артта қалады, пальпацияда оң жақта дауыс діріл күшейеді, перкуссияда оң жақта төменгі бөлігінде дыбыстың тұйықталуы анықталады, аускультацияда оң жақта төменгі бөлікте тынысы әлсіреген, везикулярлы, крепитация анықталады. Жүрек тондары тұйықталған. Пульс минутына 110, ырғақты, АҚ 110/70 мм сын.бағ. Іштің патологиясы анықталмады.
Сұрақтар:
1. Болжам диагноз қойыңыз. 3. Дауыс дірілін анықтаңыз.
2. Жетекші синдромды атаңыз. 4. Өкпенің салыстырмалы перкуссиясын жүргізу техникасы.


Кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Бекмурзаева Э.К.



«Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасы, Мамандық: «Жалпы медицина»


«Ішкі аурулар пропедевтикасы – 2» пәні, №1 аралық бақылау

6 ситуациялық тапсырма


18 жастағы науқас учаскелік дәрігерге кешкі уақытта дене температурасының 39°С дейін көтерілуіне, иіссіз күніне 50 мл-ге дейін шырышты-іріңді қақырықты жөтелге, жалпы әлсіздікке, дене салмағының 10 кг-ға төмендеуіне шағымданады. Соңғы 4 айда орташа физикалық жүктемеде ентігу, түнгі тершеңдік болған. Ауру анамнезінде: 4 ай ішінде денсаулық жағдайының нашарлауы. Басында температурасы субфебрильді сандарға дейін көтерілді, әлсіздік, аздап жөтел пайда болды,үйдегі дәрі-дәрмектермен емделеді. 2 апта бұрын жағдайы күрт нашарлады: температурасы 39°С-қа дейін көтерілді, түнгі қатты тершеңдік, қатты әлсіздік мазалай бастады, жөтел күшейді, қан кету пайда болды. Оны жедел жәрдеммен балалар ауруханасына жеткізді. Қарап тексергенде өкпеде өзгерістер анықталды. Ол пневмониядан емделді,оң әсерге болмады. Өмір анамнезі: балалық шағында қалыпты өсіп, дамыған. Білімі толық емес орта. Не оқымайды, не жұмыс істемейді. Ол жайлы пәтерде ата-анасымен тұрады. Материалдық-тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлық. Жұқпалы науқастармен байланыс туралы хабарламалар жоқ. 2 жылдан бері тамыр ішіне енгізілетін препараттарды қолданады. 1 жыл бұрын флюорографиялық тексерілген, патология анықталмаған. Манту туберкулиндік сынамасына реакция 7 жастан 15 жасқа дейін оң және қалыпты болды, туберкулезге қарсы диспансерде байқалмады. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Терісі бозғылт. Бойы 170 см, салмағы 50 кг. Барлық топтардағы перифериялық лимфа түйіндері тығыз эластикалық, аздап ауырсынады, бір-біріне дәнекерленбеген: кеуденің сол жақ жартысы тыныс алуда артта қалады. Перкуторлы дыбыс сол жақ өкпенің артында және алдыңғы жағында ұшынан IV қабырғаға дейін қысқарған. Аускультация кезінде әлсіреген бронхиалды тыныс, айтарлықтай мөлшерде әртүрлі мөлшердегі ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек шекаралары қалыпты , ЖСЖ минутына 96, өкпе артериясы үстінде II тон акценті. Іші жұмсақ, бауыры қабырға жиегінен 2 см шығып тұрады.
Сұрақтар:
1. Болжам диагноз қойыңыз. 3. Өкпені пальпациялау техникасы
2. Жетекші синдромды атаңыз. 4. Өкпенің салыстырмалы перкуссиясының техникасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет