1. Сұрақ. Тарихи үдерісті кезеңге бөлу


Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күресі



бет23/48
Дата14.03.2023
өлшемі230,37 Kb.
#74353
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48
36. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күресі.
)ауыр сыртқы және ішкі саяси жағдайда қазақ хандары мен сұлтандары жоңғар феодалдарына тойтару ісін ұйымдастыруда қабілетсіз болып шықты. Тәуелсіздік жолындағы Отан соғысын «қарадан шыққан» халық батырлары бастады. Олардың арасында Бөгенбай, Тайлақ, Саурық, Малайсары, Жәнібек және басқа да батырлар болды. Олар халықты туған елді жат жерлік басқыншылардан азат етуге шақырды.
Халық жасақтарының бірігіп қимылдауы осылай басталды. Кіші жүздің батыры Тайлақ, Орта жүзден Бөгенбай және Ұлы жүзден Саурық батырлар шығып бұлар «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл-сұлама» жылдарындағы күрестің қаһармандары болды. Барлық үш жүздің жасақтары 1726 жылы бірлесіп қимылдаған кезден бастап қазақтар басқыншыларға ұйымдасқан түрде тойтарыс берді.
Ордабасы жиыны
1726 жылдың күзінде Бадам өзені маңындағы биік қырқа – Ордабасы деген жерде бүкіл қазақ жиыны өткізілді. Оған Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Күшік, Жолбарыс хандар, султандар, Толе би, Қазыбек би, Әйтеке би бастаған әр рудың билері, даңқы шыққан қолбасшылар мен батырлар шақырылды.
Жиында негізгі мәселе басқыншы жауға бүкілхалықтық тойтарыс беруді ұйымдастыру туралы мәселе болды. Жиынға қатысушылар бірге болуға, өз кимылдарын үлестіріп отыруға, жауға біріккен майдан құрып аттануға ант берді.
Құрылтайда талқыланған маңызды мәселенің бірі бүкіл қазақ жасағының қолбасшысын сайлау туралы мәселе болды. Осы жиында Әбілқайыр қазақ жасағының қолбасшысы болып сайланды.Батырлар арасынан бүкіл қазақ жасағының Сардар бегі болып Қанжығалы Бөгенбай сайланды. Сөйтіп Ордабасындағы съезд халықтың жауынгерлік рухын көтерді.
Басқыншы жауға карсы күреске бүкіл қазақ халқы көтерілді. Ірі-ірі әскери жасақтарды Әбілмәмбет, Барақ, Сәмеке, Әбілқайыр, Сұлтанбет сияқты хандар мен сұлтандар , Шыңғысханның басқа да көптеген ұрпақтары басқарды.
Жас сұлтан Абылайдың беделі тап осы кезеңде көтерілді. Ол кейін қазақтың аса құрметті, беделді де айбынды ханына айналды.
Азаттық күресіне идеялык басшылық жасауды қазақтың үш жүзінің аса көрнекті үш биі өз міндеттеріне алды.
Басқыншыларға қарсы қарулы карсылықты ұйымдастыруда қазақтың әр түрлі рулары мен тайпаларынан және жүздерінен шыққан Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек, Жасыбай, Есет, Малайсары, Баян, Олжабай, Қожаберген, Түгел, Бөлек, Шақантай, Төленді,Қошқарбай, Байболат сияқты басқа да көптеген батырлары маңызды рөл атқарды. Батырлар жеке дербес жасақтарды басқарды және оларды қанды шайқаска, ерен ерлік көрсете отырып, өздері бастап кірді. Олардың бәрі де Әбілқайыр хан мен Бөгенбай батырдың жалпы басшылығымен, қатаң жауынгерлік тәртіпті сақтай отырып, үйлесімді ұрыс қимылдарын жүргізді. Жоңғар басқыншыларына қарсы шайқасқа әйелдер де белсене қатысты. Атап айтқанда, Олжабай батыр. Абылай сұлтанның қызы Айтолқын, Бұланбай батырдың қызы Айбике және басқалары жаумен қаһармандықпен шайқасты. Ал Қабанбай батырдың әйелі Гауһар батыр барлаушылар жасағын басқарды. Ол барлық ірі шайқастарға да қатысты. Кейінірек балалы болып, босанғаннан кейін соғысқа өзінің үлкен қызы Назымды жібереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет