Қатты ионселективті электродтар Қатты мембраналы электродтарда ионсезгіш элемент ион өткізгіш сипаты бар аз еритін кристалдық заттан жасалады. Мұндай кристалдағы заряд тасымалы кристалдық тордағы ақаулар есебінен жүреді. Бос орындарда тек белгілі бір өлшемді жэне зарядты иондар ғана орын алуы мүмкін, кристалдык мембрананың жоғары селективтігіне негіздейді. Мұндай электродтар құрылысы жағынан шыны электродтарға ұқсас: екі электродта да мембрана зерттелетін ерітінді мен салыстыру электроды (эдетте хлоркүмісті) болатын салыстыру ерітіндісін бөліп тұрады. Осындай типтегі электродтардан фторидтік электрод кеңінен қолданылады. Бұл электродта мембрана ретінде таза фторидтік өткізгіштікке ие жэне электрөткізгіштігін күшейту үшін EuF2 қосындысы бар LaF3 монокристалы қолданылады.
3.Ванадий атомы ядросының спинін табыңыз