1. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз


Сырым Датұлы бастаған, Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың ұлт-азаттық қозғалыстарын талқылаңыз



бет60/73
Дата25.05.2023
өлшемі224,01 Kb.
#97647
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   73
Байланысты:
Сессия тарих

76. Сырым Датұлы бастаған, Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың ұлт-азаттық қозғалыстарын талқылаңыз
1.Хандық биліктің әлсіреуі;
2.Қазақ ақсүйектерінің бір бөлігінің патша үкіметінің саясатын қолдамауы;
3.Ресей үкіметінің Кіші жүздің әкімшілік басқаруына өзгерістер енгізуі;
4.Кіші және Орта жүздің кейбір өңірлерінің Симбирск, Уфа басқармасына бағындырылуы;
5.Орыс помещиктерінің, Жайықтағы казак әскерінің қазақтарға зорлық-зомбылығының күшеюі;
Ішкі өзара тартыс; Сондай-ақ 1782-1783 жылдарда жұт болып, малдың шығын болуы халықтың жағдайын қиындатып жіберді. Шегаралық істер комиссиясы да патша үкіметі нұсқауларының жүзеге асырылуын қатаң бақылап отырды. Казак әскерлерінің жергілікті халыққа қысымы және ішкі алауыздықтың күшеюі Кіші жүздегі саяси жағдайды шиеленістіріп жіберді. Жайылым жерлерді өз қалауынша бөліп, халыққа заңда қарастырылмаған салық салған Нұралы ханның салық саясатының да зардабы болды.
Осындай жағдайда тарихи аренаға Пугачев қозғалысына қатысушы, батыр, байбақты руының старшыны, шешен Сырым Датұлы (1742-1802 жж.) шықты. Оған Еділ жағалауынан Арал теңізіне дейінгі барлық қазақ даласы қосылды. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс – Кіші жүздегі 1783-1997 жылдардағы патшалық Ресейдің орталық саясатына қарсы болған көтеріліс.
Көтерілістің басты қозғаушы күші – қазақ шаруалары, патша үкіметінің қысымына шыдамаған старшындар, билер, ру басшылары болды. Кіші жүз руларының барлығы да көтеріліске қатысты: Шекті, Төртқара, Қаракесек, Шөмекей, Кете, Алаш, Серкеш, Таз, Байбақты, Беріш, Табын, Жағалбайлы, Қызылқұрт және т.б.
Сырым батырдың соңынан ерушілердің саны туралы нақты мәлімет жоқ. Кейбір деректерде жалпы алғанда көтерілісшілер саны 3500 адам болды деп беріледі. Бірақ көтерілісшілер санының одан көп болғаны да айтылады. С. Датұлы бастаған халық қозғалысының алғашқы мақсаты патша үкіметінің отарлауына шек қою және Жайық казактарына қарсы соққы беру болды.
Көтерілісшілердің мақсаты – ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру, Орал казак әскерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Нұралы хан мен оның сарайындағы ақсүйектердің озбырлығына шек қою.
Ұзақ мерзімге созылған патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған осы ірі көтерілістің халық таныған басшысы Сырым Датұлы болды. Сырымның Орал казак әскерімен ашық түрде күресі 1783 жылдың күзінен басталды. Батыр 1783 жылы желтоқсанда казактардың тұтқынына түсіп қалады, 1784 жылы көктемде тұтқыннан Нұралы хан босаттырған батыр ұсақ топтардың басын қосып ірі әскери қол ұйымдастыруға тырысты. Сырымның Орал казак әскерімен кескілескен күресі 1784 жылы маусымда басталды. Көтерілісшілердің негізгі күші төменгі Жайық шебі мен Ор бекіністері төңірегінде топтасты. Барақ, Тіленші, Оразбай старшындар мен Жантөре сұлтан бас болған көтерілісшілер жоғарғы Жайық бекінісі мен Елек қалашығының маңайына шоғырланды. 1784 жылы қараша айында Сағыз өзенінің бойында Сырымның жанына топтасқан адам саны 1000-ға жетті. Патша үкіметіне қызмет еткен Нұралының көтерілісшілерімен қатынасын суытуы Орынбор билеушілері тарапынан әскери шаралар қолдануға түрткі болды. 1785 жылы 17 ақпанда көтерілісшілерге қарсы генерал-майор Смирнов басқарған 237 казак, 2432 башқұрттан құралған әскер жіберілді. Бірақ күннің суығынан олар Кіші жүз даласына тереңдеп ене алмай, қазақ ауылдарын тонап, қазақтарды тұтқындап әкетті. 1785 жылы көктемде көтеріліс кең қанат жайды. 1787 жылдың наурызында көтерілісшілерді талқандау үшін Орал казак әскерінің басшысы Колпаков пен Понамарев 1250 қарулы казак әскерімен шықты. Бірақ көтерілісшілердің шөлейтті жерлерде жүруінен және табиғаттың қолайсыздығынан олар мақсаттарына жете алмады. Нұралы ханның ашық түрде патшаға қызмет етуі көтерілісшілерді оған қарсы қойды, ендігі олардың мақсаты ханды тақтан тайдыру болды. 1785 жылы старшындар съезі Нұралыны хандықтан тайдыру туралы шешім қабылдады. Патша әміршісімен арасы суыған, беделінен де айырылған Нұралы елден қашып, кейін Уфаға жер аударылып, 1790 жылы қайтыс болады. Осы жағдайды патша үкіметі отарлаудың пайдасына шешпекші болып, О.А. Игельстромның реформасы бойынша хандық билікті жойғысы келеді. Сырым Датұлы реформаны алғашқыда қолдады, себебі оның көздегені хандар арқылы жүргізіліп отырған үстемдікке соққы беру болды. Алайда көп кешікпей патша үкіметі бұл реформаның өз мүддесіне қайшы келетінін түсінді, реформа тоқтатылды. 1790 жылы казак әскерінің атаманы Д. Донсковтың қазақтарға қарсы әскери қимылы көтерілістің қайта басталуына түрткі болады. 1791 жылы Нұралының өліміне байланысты Ералының хан болып сайлануы, ал Сырымның жаңа ханды мойындамауы қазақ сұлтандары мен старшындары арасында жік туғызады. Осыдан кейін Сырымның екі жақты – Орал казактарына және өзіне қарсы феодалдық топтарға қарсы күрес жүргізуіне тура келеді. 1794 жылғы Ералы ханның өлімі, 1795 жылы Нұралы ұлдарының бірі Есімнің хан болып сайланып, Нұралы ұрпағының хан тағына қайта оралуы Сырымның Нұралы әулетіне қарсылығын бұрынғыдан да өршітті. Бұл жағдай Сырым тобының хан сарайына тұтқиылдан шабуыл жасауымен және Есім ханның өлімімен аяқталды. Бірақ ханның өліміне Сырымның жеке басының ешқандай қатысы болмады. Хан өлгеннен кейін елде екі билік болды: бірі – Нұралының ұлы Қаратай хан сайланса, екіншісі – Игельстромның ұсынуымен жүзеге асқан Айшуақ сұлтан төрағалық еткен хан кеңесі. Кеңес құрамына Нұралы ханның ұрпағы кіргізілген жоқ, себебі патша үкіметі осылайша Сырымды өз жағына шығаруға тырысты. Бірақ олар қателесті. Қаратайдың хан болып сайлануы Сырымның ықпалын қайтадан күшейтті. 1797 жылы сұлтан Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа хандығына өтіп кетті. 1802 жылы Сырым Хиуа хандығында дүние салды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет