1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ


Жерлеу ғҧрпының фольклоры



Pdf көрінісі
бет25/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   135
 

Жерлеу ғҧрпының фольклоры 

 

Жерлеу  ғҧрпының  фольклоры  қҧрылымы  аса  кҥрделі  ҽрі  қайшылықты, 



сан тҥрлі жҿн-жоралғылардан тҧратын кешенді жҥйе. Ҿйткені, оның негізі  – 

жалпы  тіршілік  ҧғымына  қарама-қарсы  мҽндегі  ҿлім  оқиғасы.  Аталмыш 

ғҧрыпқа  қатысты  фольклордың  пайда  болу,  даму,  ҿзгеру  тарихы  адамзат 



 

106 


санасының  кҿне  замандардан  кҥні  бҥгінге  дейінгі  ой-тҥсініктерінің 

тарихымен тығыз байланысты.    

Жерлеу  ғҧрпы  фольклорының  ҿзге  ғҧрыптан  ҿзіндік  ерекшелігі  ҿлім 

жайлы  кҿнеден  кҥні  бҥгінге  дейін  жалғасқан  тҥрлі  тҥсініктермен 

байланыстылығы.  Сондықтан  аталмыш  ғҧрыпқа  қатысты  ҿлеңдердің ҿзіндік 

ерекшелігі жайында М.Ҽуезов: «Кҿздің жасы, жҥректің жалынымен шығатын 

қаралы  ҿлең  ҽшейіндегі  қызық,  жҧбаныш  ҥшін  айтылатын  ҿлеңнен  бҿлек 

болу керек»

1

, – деп тҧжырымдаған.     



Ҿлім – қорқынышы жоқ, ҿмір мен ҿлімнің аражігін ажыратпайтын адам 

санасының  балаң  шағында  ҿлім  бір  кҥйден  екінші  кҥйге  ауысу  деп 

ҧғынылған.  Бҧл  жайында  С.Қасқабасов  былай  деп  жазады:  ««ҿлі»,  «тірі» 

деген ҧғымдар бҿлектенбейді. Мифтік сананың алғашқы кезеңіне тҽн мҧндай 

ҿлі  мен  тірінің  бірлігі,  толық  теңдестігі (тождество)  дҥние  ҿмірбақи  болады 

деген  тҥсінік  туғызған.  Із-тҥссіз  ештеңе  жоғалып  кетпейді.  Ӛлім  –  алғашқы 

жағдайға  қайтып  келу.  Қазақтың  «кісі  ӛлді»  дегенді  «қайтыс  болды», 

«қайтты»  деп  айтуының  тҥбірінде  осы  тҥсінік  жатыр.  Ажал  –  ол  да  ҿмір, 

бірақ  басқаша  ҿмір.  Ҿлген  адам  жоғалды  деп  саналмай,  ол  басқа  ҿмірге 

кҿшті, алғашқы ҿзінің тҥріне қайтып келді деп тҥсінілген»

2



Мҧндай  тҥсініктердің  сілемі  жоқтау  ҿлеңдерінің  мазмҧнында  да 



сақталған:  

Кетпекпіз бҽріміз де келген жерге, 

Амал жоқ соны ойлап, тоқтаймыз да

3



 

Ақсҧңқар ҧшып кҿлге кетті, 

Алтыны ағар жерге кетті. 

Ол адасып кеткен жоқ, 

Бҽріміз барар жерге кетті

4



 

Ең  кҿне  замандағы  абстрактылы  ҧғымы  дамымаған  сҽбилік  сана  ҥшін 

адам  жанын  материалдық  тҧрғыдан  тҥсіндіру  тҽн.  («Жан-қҧс»,  «Жан-

шыбын»,  «Жан-кҿбелек»,  «Жан-жел»,  «Жан-кҿлеңке»,  «Жан-қан»,  «Жан-

шаш»,  «Жан-жҧлдыз»,  т.б.).  Жанның  кҿп  тҥрлі  сипаты  дҥниежҥзі 

халықтарына  ортақ  жайт.  Бҧл  ҧғымның  сарқыншақтары  қазақтарда    да 

сақталғандығы жҿнінде Ҽ.Тҿлеубаев кҿптеген информаторлардың мҽліметіне 

сҥйене  отырып,  адам  жанының  тҽнінен  ажырауының  ҥш  тҥрлі  сипатын 

кҿрсетеді. «Алғашқы болып «шыбын жан» кҿк жалын (кҿгілдір отын) немесе 

кҿрінбейтін  шыбын  тҥрінде,  адамның  соңғы  демімен  бірге  шығады.  Сосын 

«ет жан» шығады деп, халық тҥсінігіндегі адам тынысы біткен соң да дененің 

біраз  уақыт  суымауын  осы  жанмен  байланыстырады.  Сонан  кейін  ғана 

рухани  жан  шығады.  Сондай-ақ,  ғалым  адамның  жаны  ҿлген  соң  ҥшке 

бҿлініп,  бір  бҿлігі  аспанға  кетеді,  бір  бҿлігі  қабірде  қалады,  енді  бірі  ҥйдің 

                                                

1

 Ҽуезов М. Ҽдебиет тарихы. Алматы, 1991. 26-б. 



2

 Қасқабасов С.А. Қазақтың халық прозасы. Алматы, 1984. 70-б. Курсив автордікі – Д.Ж. 

3

 Боздағым. Алматы, 1990. 261-б. 



4

 Автордың жинаған материалынан. 




 

107 


маңында  қалады  дейтін  кҿне  тҥсініктің  халық  арасында  ҽлі  кҥнге  дейін 

сақталғандығын дҽлелдейді

1

.  


Жан  шыға  салысымен  марқҧмның  туыстары  мен  жақындарының  қатты 

айғайлап    жылауы  бҥкіл  дҥниежҥзі  халықтарына  ортақ.  Бҧл  рҽсімнің  қайғы 

кҥйінішін білдіруден бҧрынғы мағынасы: «ҿлген адам бҧл ҿмірден мҥлде қол 

ҥзген  жоқ,  бҽрін  естіп  біліп,  сезінеді,  сондықтан  оған  ҽлі  де  ҽсер  етуге 

болады» деген кҿне тҥсінігін білдіреді

2

.  



Кҿне  жан  шақыру  рҽсімдерінің  заман  ҿте  келе  аруақты  тебірентіп, 

мазалауға тыйым салуға байланысты жойылып, сарыны ғана сақталған: 

 

Шақырғаным шаңқай тҥс,  



Шалқалап келіп, ҥйге тҥс

3



 

Яғни  адамның  жаны  мен  тҽнінің  ажырауын  –  ҿлім  қҧбылысы  ретінде 

тҥсінудің басы аруаққа табынудан бҧрын-ақ пайда болып,  кейінгі замандарға 

дейін жеткен. Оның сілемдері жыр ҿзегінде сақталған: 

 

Жаны барды жайлауға, 



Жатса да жерде денесі

4

... 



Сыр бермей кетті жан кҿкем, 

Жан шыққанша иектен

5



 



Келе-келе  ҿлгеннен  сескену,  оның  жанына  жағдай  жасау  туралы  ой-

тҥсініктер кҥрделеніп, бір жҥйеге тҥсе бастаған. 

Ерте  рулық  қоғамның  жетілуіне  байланысты  жанның  ҿлмейтіндігі 

туралы  тҥсініктер  белгілі  бір  арнаға  тоғысып,  аталар  аруағы  ҧғымына 

жинақталған.  Егер  матриархатқа  табиғат  культі  тҽн  болса,  кҿне  патриархат 

дҽуірінде  аталар  аруағы  басымдық  ала  бастайды.  Бҧл,  ҽсіресе,  кҿне 

патриархаттың  дамып,  ру  ақсақалдарының  ерекше  рҿл  атқарған  кезінде 

кҥшейе  тҥскен.  Бҧл  кезеңде  аталар  аруағы  «қҧдайлық»,  «киелілік»  мҽн 

иеленген. 

Археологиялық  деректерге  талдау  жасай  отырып,  ғалым  И.К.Ақышев 

аруаққа табынудың кҿне іздері қалайы дҽуірінің ҿзінде-ақ пайда болғандығы 

жайлы  ой-тҧжырымдар  тҥйіндейді

6

.  Демек,  сол  кездің  ҿзінде  аруақтарды 



қайырымды  етуге  тырысып,  киіммен,  тамақпен,  тҥрлі  бҧйымдармен 

қамтамасыз етіп, басына ҥй (пана) тҧрғызған. 

Жанның мҽңгілік ҿлмейтіндігі туралы кҿне сенім дами келе кҥрделеніп, 

жан-жақты  жетілу  нҽтижесінде  дербес  ҿмір  сҥруге  қабілеті  бар  мҽнге, 

                                                

1

  Толеубаев  А.Т.  Реликты  доисламских  верований  в  семейной  обрядности  казахов  (ХІХ-начало  ХХ  в.). 



Алматы, 1991. С.89-90. 

2

 Штернберг Л.Я. Первобытная религия в свете этнографических исследований. Л., 1936. С.12. 



3

 Боздағым. Алматы, 1990. 257-б. 

4

 Автордың жинаған материалынан. 



5

 Байтҧрсынҧлы А. Жоқтау. Алматы, 1993. 46-б. 

6

 Древняя  культура Центрального Казахстана. Алма-Ата, 1966. С. 292. 




 

108 


аруақтар  туралы  ілімге  дейін  жетті

1

.  Аталар  аруағына  дейінгі  жан  ҽлсіз, 



ҽрекеті  шектеулі  деп  ҧғынылса,  аталар  аруағы  белсенді  ҽрекет  пен  кҥш 

иеленіп,  екі  тҥрлі  жағдайда  кҿрсетілді:  жақын-жуығын  қолдап,  қамқорлық 

кҿрсетеді,  я  болмаса,  ҿштесіп,  залал  келтіреді.  Мҧның  барлығы  тірілердің 

оған деген қарым-қатынасының сипатына байланысты деп тҥсіндірілді. 

Бҧл  жҿнінде  Ш.Уҽлиханов:  «Ҿлген  адамның  о  дҥниедегі  хал-ахуалы 

жерленгендегі,  жерленгеннен  соңғы  ырым-жоралардың  салт-санаға  тҽн 

бҧзылмай орындалуына байланысты еді. Егер ҿлімнен кейінгі ырым-жоралар 

дҧрыс  орындалса,  ҿлген  адамның  рухы  жайбарақат  кҥйге  тҥсіп,  ҿз  ҥрім-

бҧтақтары  мен  туған-туысқандарына  шапағатын  тигізіп,  жебеп  жҥреді,  ал 

олай болмаған жағдайда жауығып, аруағы қарғап-сілейді»

2

, – дейді.  



Қазақ  халқының  жерлеу  ғҧрпы  ҿзегінде  кҿне  тҥсініктердің 

сарқыншақтары  мҧсылмандықтың  басымдық  алуына  байланысты  бір  ізге 

тҥсіп, ортақ заңдылықтар ретінде қабылданған.  

Қалыптасқан  салт  бойынша  ҿлім  халіне  жақындаған  жасы  келген  я 

сырқат  адамның  алыс-жақын  ағайын-туғандарына  хабар  беріліп,  кҿзі 

тірісінде  арыздасып,  қоштасуға  мҥмкіндік  тудыру,  оның  соңғы  тілегін, 

тірілерге  айтар  аманатын  естіп  қалу  парыз  саналған.  Осы  сҽттен  бастап, 

адамды о дҥниеге жҿнелтудің дҽстҥрлі шарттары қатаң сақталып, бҧлжытпай 

орындалуы  қадағаланған.  Ең  алдымен  иман  калималары  айтқызылып,  

жанның тҽннен шығуы ҥшін қолайлы жағдайлар жасалған (аузына су тамызу, 

жастығын алу, кҿзін жабу, оқшаулау, т.б.).  

Тиісті жҿн-жосықтар тҥгел атқарылған адам мҧсылманшылықта «иманы 

ҥйірілген» адам ретінде танылады.  

Марқҧмға  тіленетін  ең  игі  тілектің  де  мазмҧны  оның  иманды  болуы 

туралы ойлардан қҧралады: 

 

Енді бізден пайда жоқ, 



Иманың болсын жан жолдас

3



 

Тҥрлі  себептермен  атқарылмай  қалған  тиісті  жҿн-жосықтың  ҿкініші 

ҿлеңге сарын болып қосылады. 

 

Аузыңа сусын бере алмай, 



Басыңа жастық қоя алмай. 

Ақ дидарын кҿре алмай, 

Қапыда кеткен дҥние-ай

4



 

Оқшауланған марқҧмның денесі жерленгенге дейін кҿзден таса етілмей, 

кҥні-тҥні  кҥзетіледі де, ҥйдің  жарығы қырық кҥнге дейін сҿндірілмейді. Бҧл  

                                                

1

 Традиционная культура кочевников. Алматы, 2002. С. 48, 53-54.; Токарев С.А. Ранние формы религии. М., 



1964. С.276. 

2

 Уҽлиханов Ш. Таңдамалы. Алматы, 1985. 174-б. 



3

 Байтҧрсынҧлы А. Жоқтау. Алматы, 1993. 48-б. 

4

 Сонда. 63-б. 




 

109 


зиянкестер қастандық жасауы мҥмкін деген кҿне тҥсініктен туған.  

Ҿлгелі  жатқан  адамның  маңында  толық  тыныштық  сақталып,  жан 

шыққаны белгілі болған соң ҽйелдер қатты дауыс шығарып, жылайды. 

Кісінің  қайтыс  болғандығы  туралы  қаралы  хабарды  оның  жақын-

жуығына  бірден  айта  салмай,  ауыр  хабарға  психологиялық  тҧрғыдан 

дайындап алып барып, жеткізу ҥрдісі қазақ халқының берік қалыптасқан ізгі 

дҽстҥрі  болған.  Ол  жҿнінде  М.Ҽуезов:  «Естіртудің  мол  ҧшырасуы  қазақ 

халқының  жан  дҥниесінің  тазалығын,  қайғы  кҿріп,  қаралы  болғанға 

қабырғасы  қайысып,  ауыртпалықты  бірге  кҿтерісетінін,  оның  адамның 

кҥйініш-сҥйініштерін 

терең 

сезінген 



сыпайыгершілігін, 

кҿргендігін 

танытады»  деп  пікір  тҧжырымдайды

1

.  Мҽселен:  «Жиреншеге  Қарашашты 



естірту»

2

  ҥлгісінде  алдымен  атасы,  анасы,  ағасы,  інісі,  баласы  ҿлген  қандай 



екен  деп  сҧрап  келіп,  ең  соңында  ҽйелі  ҿлген  қандай  екен?»,  –  дегенде 

Жиренше жарының ҿлгенін тҥсінеді. 

Жыл бойына азалы ҥй назардан тыс қалмай, жерлеуге келмегендер келіп, 

кҿңіл айтып, жҧбатып отырған. Дҥниеден озған адамның жасына, жынысына, 

қоғамдағы  орнына  байланысты  естіртудің,  кҿңіл  айтып,  жҧбатудың 

мазмҧнында ҿзгешеліктер болады. Кҿңіл айту, жҧбатудың мҽні: ҽркім ҿзінің 

сҿз  шеберлігіне  қарай  жылы  сҿйлеп,  марқҧмға  иман  тілеп,  артындағыларға 

жақсылық,  тіршілік  тілеу.  Онда  тірлікке  таяныш  боларлық  тҧжырымдар 

тҥйінделіп, қаралы кҿңілге жҧбаныш етерлік мҽні бар ойлар ғана айтылады.  

Яғни:  «Ауыр  хабар алғашқы рет естілетін жерде қҧр қайғының бірін айтып, 

жараның  аузын  ашып  қоймай,  қазақтағы  бауырмалдық,  туысқандық,  жан 

кҥйерлік жолымен соның емі сияқты жҧбату да айтылады»

3



Жҧбату,  кҿңіл  айту  ҥлгілерінің  ҿзі  қарапайым  мағынадан  кҥрделі  ой-



тҧжырымға  дейін  ҿскен.  Оны  айтушы  тҧлғалардың  кім  екендігіне 

байланысты  (ақын,  аузы  дуалы  шешен,  кҿпті  кҿрген  қарт,  т.б.)  кҿркемдік 

қуаты кҥшейеді.  

Естірту, кҿңіл айту ҥлгілерінің ҽйгілі ақындар, шешендер айтқан кҿркем 

ҥлгілерімен қатар қарапайым ҥлгісі де сақталған. 

 

Қарындасым, қарағым, 



Мҧнан былай налыма. 

Аға менен жеңге бар, 

Шҥкірлік ет барыңа. 

Тілегін тіле балдардың 

Сая болар жаныңа. 

Бағынышты болайық 

Қҧдіреттің зарына

4

.  



 

Ал  ҿлік  шыққан  ҥйде  ҥш  кҥн  бойына  тамақ  пісірілмеуі  –  кҿне 

                                                

1

 Ҽуезов М. Уақыт жҽне ҽдебиет. Алматы, 1962. 45-б. 



2

 Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз ҽдебиеті. Алматы, 1996. 73-б. 

3

 Ҽуезов М. Ҽдебиет тарихы. Алматы, 1991. 35-б. 



4

 Саттаров Қ. Қазақтың «теріс ҿлеңдері» - жылау – жоқтау. Ташкент, 1999. 




 

110 


замандардағы  тҥсініктермен  тамырлас.  Н.И.Гродеков  мҧның  себебін 

Ҽзірейілдің  жан  алуға  келгенде  кереге  кҿзінің  қанға  толып  қалатындығы, 

яғни  ҥйдің  тҧтастай  таза  еместігі  туралы  тҥсінікпен  байланыстырса

1



Г.П.Снесарев оны жан туралы тҥсініктің кҿне сипатымен байланыстырады

2

.  



Ең  кҿне  замандардағы  марқҧм  мҥрдесінің  тылсыммен  байланысы  

туралы  ҧғымдардан  туып,  бҥкіл  ғҧрып  бойындағы  сақтану,  тазарту 

шараларының  атқарылуына  негіз  болатын  бҧл  тҥсінік  ғҧрыптың  жерлеу, 

жҿнелту, азалау рҽсімдерінің ҿн бойында сақталады. Мысалы: мҥрдені кҿму 

жҥріп  жатқанда  бҧрын  ҿлік  шыққан  ҥй  дереу  басқа  жерге  ауыстырылып, 

марқҧм мҥрдесі жуылған жерге от қойып, тазаланған. Ол жерді қазып, ҥстіне 

топырақ  ҥйіп,  адамның,  малдың  баспауы  қадағаланған,  егер  басса,  ауруға 

шалдығады деп ҧққан. Мҧндай жер «арулаған жер» деп  аталған

3

.  


Жерлеу  ғҧрпының  ең  маңызды  қҧрамдас  бҿлігін  қҧрайтын  вербальді, 

сҿздік формаларының (дауыс салу, дауыс айту, жоқтап жылау, жоқтау айту) 

ҿзегінде  сҿздің  кҿне  магиялық  қызметі  туралы  тҥсінік  сақталған

4

.  Ҿйткені, 



сҿз  арқылы  марқҧммен  сҿйлеседі,  оған  игілік  тілейді,  кейінірек  мҧң-шерін 

шығарады,  тҽрбие-тағылым  тҥйіндейді.  Бҧл  мҧсылмандық  тҥсінікте  де 

жалғасын  тауып,  Қҧран  сҥрелерінің  киелілігі  туралы  оймен  кҿмкеріледі

5



Жоқтаушы ҿз сҿзінде дҧға арқылы марқҧмға кҿмек етуді кҿптің есіне ҧдайы 

салып отырады. 

Ҿлген адам мҥсҽпір, 

Мҧқтаж болып тҧрады 

Оқыған аят-дҧғаға

6



 

Қабірі  нҧрға жайнасын, 

Басына бҧлбҧл сайрасын. 

Бағыштап Қҧран оқылық, 

Маңғазым кҿрсін пайдасын

7



 

Осыдан  бастап  ауық-ауық  кҿрінетін  сҿзбен  дауыс  айтып  жылау 

рҽсімдерінде  тҥрлі  дҽуірлерге  тҽн  таным  элементтері  араласып  жҥреді.  Ол 

бастапқыда рҽсімнің ҿзі, кейіннен оның сҿздегі жаңғырығы ретінде кҿрінеді. 

Мҽселен, бҧған адамның дене мҥшелерінің (қан, шаш, тырнақ, т.б.) магиялық 

мҽні жайлы ҧғымдарды айтуға болады. 

Дҽстҥр  бойынша  ҿлген  адамның  ҽйелі,  қыздары,  апа,  қарындас  жҽне 

келіндері    шаштарын  жайып  салып,  бҥйірлерін  таянып,  ылғи  да  жылаумен 

болады  да,  кҿңіл  айта  келген  ҽйелдер  жағы  да  олармен  бірге  жыласады. 

                                                

1

 Гродеков Н.И. Киргизы и каракиргизы Сыр-Дарьинской области. Ташкент, 1889. С. 257. 



2

 Снесарев Г.П. Реликты домусульманских верований и обрядов у узбеков Хорезма. М., 1969. С.109-110. 

3

 Арғынбаев Х. Қазақ халқындағы семья мен неке. Алматы, 1973. 111-б. 



4

 Зеленин Д.К. Магическая функция примитивных орудии // Изв. АН ССР. Отд. Общ. наук. 1931. № 6. С.713-

754.;  Магическая  функция  слов  и  словесных  произведении.  //  Академику  Н.Я.Марру.  М.-Л.,  1935.  С.507-

517.;  Иванов  С.В.  Древние  представления  некоторых  народов  Сибири  о  слове,  мысли  и  образе.  Страны  и 

народы Востока. М., 1975. Вып. ХVІІ. С.123-125.  

5

 Қҧран Кҽрім (қазақша мағына жҽне тҥсінігі). Ғафир сҥресі. 60 аят. Медине, 1991. 474-б. 



6

 Автордың жинаған материалынан. 

7

 Автордың жинаған материалынан. 




 

111 


Жылау ҥстінде марқҧмның туған қыздары мен ҽйелінің шаштарын тарқатып 

жайып  беріп,  жетісі  ҿткен  соң  қайтадан  ҿріп  беру  рҽсімдері  жайлы 

Н.И.Гродеков

1

, Х.Арғынбаевтар



2

 тҥрлі мағлҧматтар береді.  

 

Сҽнімді алдың сағатта, 



Жайдырып менің шашымды

3



 

Аппақ шашым жайылып, 

Қҧсымнан қалдым айрылып

4

,  



Ҥзіліп тҥсті арқамнан 

Ҧзында шашбау шҧбыртпаш

5

, – 


 

дейтін  жоқтау  жолдарындағы  шаш  жаю  ҧғымдары  –  ежелгі  шашын  жҧлып, 

кесу,  бетін  тілгілеп,  қан  шығарып,  денесін  жарақаттау  салттарының 

сарқыншақ тҥрі. 

Л.Я.Штернберг  кҿптеген  халықтардағы  осы  рҽсімді  кеңінен  зерттей 

отырып,  адамның  қаны  мен  шашы  ҿмірдің  негізгі  элементі  ретінде 

ҧғынылып, марқҧмның жанын қайта тірілтіп, қалпына келтіру ҥшін берілетін 

қҧрбандық ретінде жҧмсалғандығын  айқындаған

6



Кҿне  тҥркілерде  де  тек  жесір  емес,  марқҧмның  бҥкіл  жақын-жуығы 



шашын  жҧлып,  беті  мен  қҧлағын  жаралағандығы  жайлы  тҥрлі  деректерді 

ғалым Ҽ.Т.Тҿлеубаев келтіреді

7

.  


Киелі  кҥштерді  мейірлендіру  мақсатында  қан  беру  арқылы  жан 

ауыстыруды кҿздейтін рҽсімнің бірі – марқҧм жатқан ҥйді 7 рет айналып, ҽр 

айналған  сайын  бетін  тіліп,  кҿз  жасын  қанымен  араластыра  жылау  ҽдетінің 

сілемі жерлеу салты ҿлеңдерінде кҿркемдік тҽсіл тҥрінде сақталған: 

 

Кҿзімнен аққан қанды жас 



Етегіме сорғалар

8



 

Бҧл  тҥсініктің қазақ  салтындағы  кҿрінісі  кҿне  замандардан  келе  жатқан 

таным-тҥсінік іздері қазақ ҽйелдерінің «басым қаралы, бетім жаралы» дейтін 

ойларынан да аңғарылады. Бҧл жағдай, ҽсіресе, марқҧмды ҥйден шығарарда 

айқын  кҿрінетіндігін  Ы.Алтынсарин:  «сҥйекті  шығарарда  ҿлген  адамның 

ҽйелдері  ойбай  салып,  дауыс  шығарады,  оған  ауылдағы  басқа  ҽйелдер  де 

қосылады.  Беттерін  тырнап,  қан  қылады.  Бастарына  тҥскен  қайғы-қасіретін 

жҧрт  алдында  қаншалық  кҥштірек  кҿрсеткісі  келсе,  беттеріне  де  жара 

                                                

1

 Гродеков Н.И. Аталған еңбек. 259-б. 



2

 Арғынбаев Х. Аталған еңбек. 108-б. 

3

 Автордың жинаған материалынан. 



4

 Сонда. 


5

 Сонда. 


6

 Штернберг Л.Я. Первобытная религия в свете этнографических исследовании. Л., 1936. С.232. 

7

 Толеубаев А.Т. Аталған еңбек. 95-б. 



8

 Автордың жинаған материалынан. 




 

112 


соншалық кҿп тҥседі»

1

, - деп сипаттайды. 



 

Бастамасқа шарам не, 

Басыма салған қарам не? 

Мен жыламай, кім жылар, 

Бетімдегі жарам не?!

2

  



 

Яғни мҧндағы қан шығару, бетіне жара салу ҧғымдары «Қан  – алғашқы 

адамдар  ҥшін  ең  басты  жандарының  бірі  жҽне  оның  заттанған  формасы»

3

 



дейтін  тҥсініктің  қалдығы.  Тҥсінік  пен  салт  жойылған  соң  ғҧрыптық 

ҿлеңдердің мазмҧнындағы кҿркемдік формулаға айналған.  

Демек: 

Қара бір шашым жаяйын, 

Жаяйын да жияйын, 

Қыналы бармақ, жез тырнақ, 

Оны да қанға бояйын. 

Албыраған ақша бет 

Сҥйегіне таяйын

4

, -  



 

дейтін  сипаттаулардың  мҽні  кҿне  жерлеу  рҽсімдерінің  табиғатымен 

тамырлас.  

Қанды  қуат  беретін  аса  қажетті  кҥш  ретінде  тҥсіну  сілемдерінің 

жаңғырған сипаты «Қараҥлек ананың жоқтауында» батыр образын сомдауға 

жҧмсалса: 

   

 

Қара қошқыл қан жҧтып, 



   

 

Қан жҧтпаса шерленген



5

, - 


 

немесе Кеңгірбайды жоқтауда: 

 

Қабырғадан қан келсе, 



   

 

Қажымай оған кҥледі, 



   

 

Толарсақтан қан келсе, 



   

 

Қажымай оған кҥледі



6

, - 


 

деп, мадақтау тҽсілі ретінде алынған. 

Жерлеу  ғҧрыптарындағы  ҽйелдердің  бетін  қаншалықты  жаралап, 

неғҧрлым  кҿп  қан  ағызса,  ҿлген  адамға  соншалықты  берілгендігін,  жақсы 

кҿретіндігін  танытады  деген  тҥсінік  элементтерінің  XIX-ғасырдың  аяғына 

дейін  жалғасқандығын,  егер  ол  жесір  тарапынан  іске  аспаса,  зорлау 

                                                

1

 Алтынсарин Ы. Екі томдық шығармалар жинағы. 1-т. Алматы, 2003. 122-б. 



2

 Байтҧрсынҧлы А. Жоқтау. Алматы, 1993. 53-б. 

3

 Абрамзон С.М. Этнографические сюжеты в киргизском эпосе «Манас» // Советская этнография. 1947. № 2. 



2. С.141.   

4

 Байтҧрсынҧлы А. Жоқтау. Алматы, 1993. 53-б. 



5

 Боздағым. Алматы, 1990. 36-б. 

6

 Сонда. 



 

113 


фактілерінің болғанын зерттеуші Г.Д. Баялиева келтіреді

1

.  


Негізінен, бҧл салттың жойылуына мҧсылмандық кҿзқарастардың дамуы 

ҽсер  еткен.  Ҿйткені,  мҧсылмандық  шарт  бойынша:  адам  баласының  ҿз 

денесіне жарақат салуы кҥнҽ деп есептеліп, ақыретте жауапқа тартылады деп 

сақтандырылады.  

Ежелден  кҥні  бҥгінге  дейін  қатаң  сақталатын  міндетті  рҽсім  тазарту 

шараларына  байланысты.  Алдымен  марқҧмды  жуындырады  да,  мҥрдені  ҥш 

рет  аударып,  тазалап  жуып,  кебіндейді.  Кебіннің  етек-жеңі,  жағасы 

болмайды, ол қиылмайды, тігілмейді, тек оралады. Ер адамның кебіні оңнан- 

солға,  ал,  ҽйелдікі  солдан  оңға  қарай  оралады.  Кебінделу  –  адамның  бҧл 

дҥниеден  қол  ҥзуінің  басты  белгілерінің  бірі  екендігі  жайлы  жоқтау 

жолдарында былайша ҿрнектеледі: 

 

Желмаяға міндің ғой, 



Жағасы жоқ, жеңі жоқ. 

Ҥш қабат кҿйлек кидің ғой

2



 



Артыңда қалып мен сорлы 

Отырмын, ойбай, зар жылап. 

Тҿртқары боз кҿйлегің 

Киіп кеттің жалбырап

3



 



Жуылып, тазаланған мҽйітті ҥйдің ішінен шығарарда аяғымен шығарып, 

босаға  алдында  кідіртудің  мҽні  ҽртҥрлі  тҧрғыда  тҥсіндіріледі:  бір  жағынан, 

марқҧмның  ҥй-ішімен  қоштасуын  білдірсе,  екіншіден,  енді  ҿлім 

қайталанбасын деген сақтану шараларын білдірген.  

Жаназаға  жиналған  жҧрттың  ішінен  5-7  атаның  ҧрпағынан  бір-бір 

адамның  сҥйекке  тҥсілуі  келісіледі,  я  ол  жайлы  марқҧмның  ҿзі  ҿсиет  етеді. 

Жуындырып  болған  соң  мҧсылмандық  салт  бойынша  жаназа  шығарылады. 

Бҧл  рҽсімнің  фидия  кейде  «даур»,  «искат»  деп  аталатын  міндетті  бҿлігі 

мҧсылмандық деп саналғанымен, оның негізі исламнан ерте дҽуірдегі кҿшіру 

ғҧрпынан бастау алады. Себебі, Қҧранда біреудің кҥнҽсін біреуге аудару жоқ, 

ҽркім тіршілігіндегі ҿз іс-ҽрекетіне сай Алла алдында ҿзі жауап беруі тиіс. 

Ақыреттелген  мҽйітті  кілемге  орап,  сыртынан  тағы  ҥш  жерден  байлап, 

жаназасы  шығарылады.  Жиналғандар  тік  тҧрып  (азан  айтылмайды, 

еңкеймейді),  жаназа  намазын  оқиды.  Марқҧмды  ҥйден  шығарарда  ҽйелдер 

міндетті тҥрде айғай салып, дауыс қылады.   

Бҧрын  марқҧмды  қабірге  дейін  жеткізу  ҥшін  Қазақстанның  оңтҥстік, 

батыс  аймақтарының  қазақтары  мен  Орта  Азиядағы  кейбір  халықтарында 

арнайы  «табыт  ағаш»  қолданылған

4

.  Ал  бір  ҿңірлерде  табытты  ақ  киізден 



басылған  арнайы  киіз  ауыстырады.  Ол  «ақ  киіз»,  «иман  киіз»,  «табыт  киіз» 

                                                

1

 Баялиева Т.Д. Доисламские верования и их пережитки у киргизов. Фрунзе, 1972. С.73. 



2

 Автордың жинаған материалынан. 

3

 Сонда. 


4

 Толеубаев А.Т. Аталған еңбек. 98-б.; Балаубаева-Голяховская А.И. Аталған еңбек. 26-б. 




 

114 


деп аталады. Бастапқы кезде бҥкіл ру ҥшін бір киіз басылса, келе-келе ҽрбір 

ҥйдің  ҿзінде  болуы  міндеттеліп,  ҿлімнен  тыс  уақытта  қадірлі  жерде,  жҥк 

арасында  жинаулы  тҧрған.  Жерлеуге  пайдаланылған  киізді  тҥнде  «жҧлдыз 

кҿрсін»  деп,  далада  қалдырған.  Жерлеу  салтына  қатысты  ҿлеңдерде  «табыт 

ағаш» ҧғымы кҿбірек сақталған. 

 

Бҧл – қҧданың қҧдіреті, 



Аяғы жоқ, ері жоқ, 

Ағаш атқа мінгізді

1



Таққа мінген патшалар, 



Таңылмай қалмас табытқа. 

Жатқызбас кімді бҧл тақтай?!

2



 



Ҿлікті  лақатқа  тҥсірген  соң  кебіннің  басы,  ортасы  жҽне  аяқ  жағында 

байланған  жерін  шешеді,  бҧл  кезде  сыртта  тҧрған  адамдар  қабірдің  жас 

топырағынан  бір-бір  уыс  топырақ  тастаған  соң  лақаттың  аузын  қыш 

кірпішпен жабылып, сыртқы ҥйін топырақпен толтырғаннан кейін Қҧраннан 

сҥрелер оқылады. 

Жерлеп  болған  соң,  қабірден  40  қадам  ҿткен  соң  оқылатын  Қҧран 

сҥрелерінің  мҽні:  қабірге  Мҥңкір-Нҽңкҥр  келіп,  марқҧмнан  сауал  алғанда 

оған  демеу  кҿрсету.  Қабірдің  ішкі  жағы  кейде  шектеулі  формада  тҥсінілсе, 

бірде  шексіз  кеңістікті  білдіреді.  Пҽни  мен  бақидың  аралық  шекарасы  деп 

есептелетін  –  қабірге  кҿму  о  дҥние  жер  астында  деген  тҥсініктерді  бекіте 

тҥскен. 

Лақаттап жерге салған соң, 

Айласыз жҥдеп, кҿнемін

3



 

Бағланым жатыр молада, 

Ҥстінен топырақ ҥйіліп

4



 

Қамқорым жер астына тҥскеннен соң, 

Қайғырмасқа не шара?

5



 

Жерлеу  барысында  о  дҥние  орыны  жайлы  кҿне  тҥсініктерге  мҽн 

беріледі.  Мысалы,  о  дҥниені  кҥннің  батыс  жағымен  байланыстыру,  мҥрдені 

кҥн аумай тҧрып кҿму, марқҧмның басын кҥнбатысқа қарату – таңертең ерте, 

кҥн батарда дауыс қылу кҥн культіне байланысты туған тҥсініктер.   

Исламға  дейін  мҽйітті  жерлеп  болған  соң  аттарына  мініп,  ауылға 

таянғанда, ҿлік шыққан ҥйге ат қойып, «ой, бауырымдап» жылап келіп, иесіз 

қалған ҥйді қамшымен сабалап, ҽйелдермен кҿрісіп жылайтын ҽдет болған: 

                                                

1

 Автордың жинаған материалынан. 



2

 Сонда. 


3

 Боздағым. Алматы, 1990. 200-б. 

4

 Сонда. 159-б. 



5

 Автордың жинаған материалынан. 




 

115 


Бір ауыз сҿзін есітпей, 

Артықша болды арманым. 

«Ой, бауырым» деп ат қойып, 

Кҥңіреніп кетті жан-жағым

1



Естігенде жыласып, 



Ауылға бір-ақ ат қойды 

Бір ауыл елдің аумағы

2



 



Мҽйітті  қойып  келген  кҥні  кешкісін  қҧтпан  намаздан  соң  оқылатын  4 

ракат намазды да «Ысқат» деп атайды. Ҿлік шыққан ҥйге жетісіне, қырқына, 

жылына дейін ҥздіксіз адамдар келіп, Қҧран оқу парыз саналады. 

Одан  ҽрі  қарай  бірінен  соң  бірі  жалғасатын  аза  тҧту  рҽсімдерінде  кҿне 

тҥсініктер  мен  исламдық  ҧғымдар  қабат  кҿрініс  табады.  Аза  тҧту  –  жерлеу 

салтының ежелден келе жатқан міндетті, қҧрамдас бҿлігі. Ол бҥкіл дҥниежҥзі 

халықтарында  болған.  Қҧранда  аза  тҧту  уақыттары  туралы  ештеңе 

айтылмаған. Оның негізі ҿлім процесінің тҥрлі сатыдан тҧратындығы жайлы 

ежелгі  тҥсініктермен  байланысты,  яғни  исламнан  кҿп  бҧрын  пайда  болған. 

Аза тҧту исламды ҧстанбайтын елдер салтында да бар

3



Марқҧм жерленіп, қонақасы берілген соң, жетісі, қырқы, жҥзі (кіші жҥз 



ішінде ғана) жҽне жылы ҿткізіледі. Бҧл уақытта қаза шыққан ҥйдің адамдары 

азалы деп саналған. Азалы ҥйдің адамдары жыл уақыты ҿткенше жиын-тойға 

бармаған,  қуанышты  жағдайға  байланысты  шаралар  кейінге  шегерілген. 

Қазақ  арасында  жалпыға  ортақ  аза  тҧтудың  символдық  белгілері 

қалыптасқан. 

«Бҧрын аза тҧту бір жылға созылған. Қаралы ҥйдің сол  жақ жабығынан 

қара  шҥберек  байланған  найзаның  ҧшы  шығарылып,  ол  шҥберектің  тҥсі 

қайтыс  болған  адамның  жасына  байланысты  ҿзгеріп  отырған.  Мысалы:  жас 

жігітке  қызыл  шҥберек,  орта  жастағы  жігіт  ағасына  қара  шҥберек,  жасы 

келген  қартқа  ақ  шҥберек  байланады»

4

.  Сонымен  бірге  ҥйдің  ішіне  ҿлген 



адамның  ер-тҧрманын,  сауыт-сайманын,  тҽуір  киімдерімен  басқада 

бҧйымдарын іліп, кҿрсетіп қоятын болған. Мҧндай ҥйге кез келген адамның 

бас сҧғып, Қҧран оқып, кҿңіл айтуы міндет саналған.  

Исламдық  тҥсініктердің  ықпалынан  ҽуелгі  мҽні  ҿзгеріп,  кейінгі 

замандарда  жойылған  салттың  бір  саласы  –  тҧлдау  рҽсімі.  Оның  мҽні: 

марқҧмның  атының  жал-қҧйрығын  кҥзеп,  жылына  сою,  киімдерін,  қҧрал-

сайманын іліп қою, найзасын сындыру, ақырғы рет жоқтап, жылау. 

Оның  бастауы  кҿне  наным-сенімдегі  ҿлген  адамның  тірі  адамдармен 

байланысы  ҥзілмейді,  ҽсіресе,  белгілі  бір  уақыт  аралығында  марқҧмның 

образын  «қуыршақ  бейне»  ретінде  сақтау  керек  деген  ҧғымнан  туып,  оның 

ҿзі  тҥрлі  даму  сатыларынан  ҿткен:  марқҧмның    бас  сҥйектерін  іліп  қою, 

                                                

1

 Байтҧрсынҧлы А. Жоқтау. Алматы, 1993. 45-б. 



2

 Автордың жинаған материалынан. 

3

  Котляревский  А.  О  погребальных  обрядах  языческих  славян.  М.,  1868. С.249; Токарев  С.А.  Религиозные 



верования восточнославянских народов ХІХ- начало ХХ в. М.-Л., 1957. С. 37.; Анохин А.В. Материалы по 

шаманству у алтайцев. С. 20-22. // Ленинград, 1924.  

4

 Арғынбаев Х. Қазақ халқындағы семья мен неке. Алматы, 1973. 112-б. 




 

116 


тастан,  ағаштан  бейнесін  мҥсіндеу,  марқҧмның  тірі  орынбасарын 

тағайындаумен  ол  адамның  ҿзіне  тиесілі  заттарды  қолдануға  тыйым  салуға 

дейін  жалғасқан

1

.  Тҧлдау  рҽсімінің  міндеті  –  ҿлі  мен  тірінің  арасындағы 



байланысты  біржола  ҥзуді  мақсат  ететін  ең  соңғы  жҽне  аса  маңызды 

ғҧрыптық рҽсімді атқару. 

«Тҧл»  сҿзі  қырғыз  тілінде  ҿлген  адамның  кескінін  бейнелейтін 

«қуыршақ»,  «жесір»

2

,  кҿне  тҥркі  тілінде  жесір  ҽйел  деген  мағынаны 



білдіреді

3

.  Ал  қазақ  тіліндегі  мағынасы  жетім  қалу,  бас  иесіз  қалу  дейтін 



мҽнде қолданылады.  

Исламдық  кҿзқарастардың  ықпалынан  адам  образын  нақтылы 

бейнелеуге тыйым салынған да, салттың сарыны  «тҧл – ат, тҧл – ҽйел, тҧл – 

дҥние» дейтін кҿркемдік образдарда ғана сақталып қалған. Мҽселен,  

 

Қҧнтсызда жҧныт қу ішік 



Киілмей, «тҧлға» ілінген

4

, - 



 

 

 



 

 

немесе:  



Жесір де болып «тҧл» қалды 

Екі бірдей алғаның

5

, - 


 

деген  жолдарда  «тҧл»  сҿзінің  кҿне  мағынасы  айқын  танылса,  кейінгі 

кездердегі  жоқтау  ҿлеңдерінде  «тҧлдың»  ауыспалы  мағынасы  кҿбірек 

қолданылады. Мҽселен:  

 

   


 

          Білімді жақсы азайып, 

   

 

 



Замана қалды «тҧл» болып

6



 

Қазақтың  жерлеу  ғҧрпынан  елеулі  орын  алатын,  марқҧмның  ҿлген 

кҥнінен  бастап  жылына  дейін  созылатын  міндетті  салт  –  сҿзбен  жоқтап, 

жылау.  Бҧл  жерленгенге  дейін  де,  жерлеуден  кейінгі  азалау  рҽсімдерінде  де 

(ҥші, жетісі, қырқы, жылы) ҥзілмеген. 

Марқҧмға  қатысты  атқарылатын  тҥрлі  рҽсімдердің  мҽн-мазмҧнына 

сҽйкес жоқтаудың да сипаты ҿзгеріп отырады. Мҽселен, ҿлім хабары белгілі 

болып, жерленгенге дейінгі аралықтағы жоқтаудың мҽні марқҧммен сҿйлесу, 

ҿзара  қайғы-шер  бҿлісу  сипатындағы  дауыс  салу,  дауыс  шығару  деген 

ҧғымдарды  білдіреді.  Бҧл  –  арнайы  жоқтау  айтылғанға  дейін  ҽртҥрлі 

дҽрежедегі шер шығару ҥлгілерінен хабар береді. Яғни сҿзбен жылаудың ең 

                                                

1

  Абрамзон  С.М.  «Тул»  как  пережиток  анимизма  у  киргизов  //    Белек  С.Е.  Малову.  Фрунзе,  1946.  С.5-18.; 



Шишло  Б.П.  Среднеазиатский  тул  и  его  сибирские  параллели  //  Домусульманские  верования  и  обряды  в 

Средней Азии. М., 1975. С. 255.  

2

 Киргизско-русский словарь. М., 1965. С.764. 



3

 Малов С.Е. Памятники древнетюркской  письменности  Монголии и Киргизии. М.-Л., 1959. С.104; Радлов 

В.В. Опыт словаря тюркских наречии. СПб., 1905. Т.3. С.21-22. 

4

 Боздағым. Алматы, 1990. 156-б. 



5

 Сонда. 140-б. 

6

 Автордың жинаған материалынан. 




 

117 


алғашқы бастауы – осы дауыста жатыр. Ол, ең алдымен, адам эмоциясының 

сыртқа  шыққан  ең  алғашқы  формасы  болса,  оның  сҿзбен  толығуы  –  жылау 

ҿлеңдерін, дами келе жоқтауды туғызған. 

Дауыс  шығару  ҥлгілері  негізінен  қысқа-қысқа  ой  тҥйіндерді,  қайғының 

ауыр салмағын танытатын ҥзік-ҥзік ой-сезімдерді бейнелейді жҽне ғҧрыптық 

рҽсімдерге  қатысты  туындайды  да,  кҿркем  жоқтаудың  бастауы  болып 

табылады.  Себебі  «Шер  ҿлеңі  ҿлгенше  ҧзақ  болмайды,  шер  мен  қайғы 

ҥстінде кісі ҧзақ сҿйлесіп тҧруға ҽлсіз болады. Сондықтан шын қайғы қысқа 

сҿзбен кҿп мағынаны тізіп, тиімді қып айтады»

1

. Бҧрын азалы ҥйге кҿңіл айта 



келген  ҽрбір  адам  қатты  айғайлап,  жылап  келуі  міндет  болған.  Оның  мҽні: 

марқҧмның  тірілердің  даусын  естиді  деген  кҿне  тҥсінікпен  байланысты 

(сҥйекті  шығарғандағы  жҽне  кҿміп  келгендегі  айғайдың  мҽні  де  осымен 

ҿзектес).  

Сондықтан  да  айтылатын  сҿздің  мағынасы  ҿлген  адаммен  туыстық 

қатынасына  байланысты  кҿрінеді  (атекем,  апекем,  бауырым,  т.б.).  Есік 

алдындағы адамдармен кҿріскен соң ҥйге кіріп,  кҿңіл айтушы  топпен азалы 

топ шулап жылап, мҧң-шерін шығарады. Бҧл Қҧран оқылғанша созылады да, 

дауыс қарқыны біртіндеп бҽсеңдеп, соңы екі жақтың да марқҧмды жоқтаған 

сарынына ҧласады. 

Марқҧмды  бірге  жоқтап,  жыласудың  негізі  кҿне  рулық  замандардан 

бастау алып, сарқыншағы бҥгінгі кҥнге дейін жеткен.  

Дауыс айту, жылау ҿлеңдерінің кҿркемдігі кемел болуы шарт емес. Онда 

бҧрынғы айтылғандарды қайталау, ҧқсас жағдайларды ҿзгертіп қолдану орын 

ала  береді.  Ал  жоқтау  бір  адамға  ғана  арнайы  шығарылып,  бір-ақ  рет 

орындалады.  Дауыс  салу,  дауыс  айтуда  марқҧм  рухымен  тілдесу  сарыны 

басты  мҽн  иеленеді.  Мҽселен:  кҥйеуі  ҿлген  ҽйел  жарының  рухына  қарата 

отырып, ҿз мҧң-шерін тҿгеді. 

 

Артыңдағы балаларды 



Кімге де кеттің, аллау, тапсырып?

2

 



 

деп, келіп отырған ҽрбір туған-туысты да ҿлеңге қосады: 

 

Туыстарың келіп отыр қасыңа, 



Басыңды бір кҿтерсейші, бас ием!

3

 



 

 

Басыңды кҿтер, жан анам, 



Балаларың жетті сағынып

4



 

Немесе  марқҧмның  қате-кемшілігіне  жоғарғы  кҥштерден  кешірім 

                                                

1

 Ҽуезов М. Ҽдебиет тарихы. Алматы, 1991. 23-б. 



2

 Автордың жинаған материалынан. 

3

 Сонда. 


4

 Сонда. 



 

118 


тілейді. 

Қатеңді, қарғам, кешірер, 

Бір Алла ҿзі бар болса

1



 

Жҽне  жиналған  кҿпшілік  назарын  ҿзіне  бҧрып,  қайғысына 

ортақтастырады.  Олардың  ҽрқайсысына  қарата  сҿйлеу  арқылы  қайғы 

салмағын кҿпке де сезіндіреді. 

 

Ҿңшең елдің билері, 



Келдің бе бізді сҥйеуге. 

 

Келдіңдер бізді кҿруге, 



Шашы ағарған шешелер 

Жиылып келдің қалмастан 

Кҿкемнің қатар жеңгесі 

Тҽңірі басқа салған соң, 

Пенденің жоқ тҧр кҿнбесі

2

.   



 

Бҧл  сарындардың  бҽрі  арнайы  орындалатын  жоқтауларда  кеңейіп, 

кҿркемденіп ҧлғаяды. Ежелден келе жатқан сарындарды  пайдалана отырып, 

ҿз  жанынан  ҿлең  шығару  қазақ  ҽйеліне  міндет  саналған.  Шығарып  қана 

қоймай, оны жҧрт алдында орындауы тиіс болған. 

 

Жиналып келген, ел-жҧртым, 



Салайын қысым тіл-жаққа 

Тағдыр солай бҧйырды, 

Бізді осындай қылмаққа

3



 

Кҿп  жоқтаудың  ҿз  бетінше  шығарылған  сарыны,  даусы  болады.  Ескі 

ҽдет бойынша ертеңді-кеш сол сарынға жоқтау ҿлеңді қосып, дауыс қылады. 

Марқҧм  жерленіп  болған  соңғы  жылаудың  аясы  кеңейіп,  кҿркемделе 

бастайды.  Бҧрын  арнайы  жоқтатып,  арнайы  тыңдалғандықтан  жоқтауға 

ерекше  мҽн  берілген.  Мҧнда  қайғы  ҥстіндегі  ауыр  кҥйзелістен  гҿрі,  тоқтам, 

мойынҧсыну, кҿндігу басым бола бастайды.  

Кҿркем  жоқтаулардың  сюжетін  қҧрайтын  негізгі  сарындарды  былайша 

топтастыруға  болады:  марқҧмды  арғы  ата-бабасынан  таратып,  тізбектей 

жырлау;  ҿлімнің  себебін  суреттеу;  тірілердің  қайғы-қасіретін  суреттеу;  

ҧрпағына ҥміт арту немесе тоқтам, тҽубе ету сарыны. 

Тоқтам, тҽубе ету сарыны  – жоқтаудағы сезім-кҥйдің, қайғы-қасіреттің, 

арман-аңсардың  тҥйінделер  тҧсы.  Ішкі  шерін  шығарып,  жоғалтқанын 

жоқтаған  адам  ҿмірден  таяныш,  тірек  іздейді.  «Ҿлгеннің  артынан  ҿлмек 

жоқ», олай болса, тіріге тіршілік қажет. Ол тіршіліктің тіреуі, мҽні боларлық 

                                                

1

 Халық кеңесі (газет). 1993. 9 желтоқсан. 



2

 Боздағым. Алматы, 1990. 209-б. 

3

 Боздағым. Алматы, 1990. 200-б. 




 

119 


нҽрсе бар ма? Жоқтау қайғылы жандарға соны демеу етеді. 

Жылы  толғанша  таңертең  ерте  жҽне  кҥн  батарда  ҽрі  кҿңіл  айта 

келгендерге  қаратыла  айтылатын  жоқтау  сарынымен  арнайы  орындалатын 

жоқтаулардың  композициялық қҧрылымы, кҿркемдік кестесі ҽрқилы болып 

келеді.  Сондай-ақ  жыл  аралығындағы  атқарылатын  кҽделер  ҥстінде 

айтылатын  сҿз  бен  жылау  ҥлгілерінің  жылында  жҽне  асында  айтылатын 

жоқтаулардан ҥлкен айырмашылығы бар. Кҿшкенде де қаралы ҥйдің кҿші ең  

алдында жҥріп отырған, жолай ауыл кездессе, жақындағанда зарлы дауыспен 

жылап, жоқтаған. Мҧндай жағдайда жолай кездескен ауылдың қаралы кҿшті 

тоқтатып, кҥтіп, басу айтып, ас-су ішкізіп, аттандыруы парыз саналған. 

Халық  дҽстҥрі  бойынша  айттырылып,  қалыңмалы  тҿленген,  бірақ  ҽлі 

ҧзатылмаған  қыздың  кенеттен  жігіті  қайтыс  болса,  қыз  кҥйеу  ауылына 

кҿшіріліп,  жылына  дейін  аза  тҧтып,  сонан  соң  ҽмеңгерлік  салт  бойынша 

қайын  жҧртында  қалдырылған.  Мҧндай  жағдайда  туған  жоқтау  «ақтай 

жоқтау» деп аталып, мазмҧнында да ҿзгешелік болады. 

 

Отауың келді, ҿзің жоқ, 



Неге ермедің кҿшіңе? 

Қурап қалған ақ ҥйдің, 

Қуанайын несіне? 

Немесе: 


Келінің келді ҥй тігіп, 

Боздағым, неге келмейді?

1



 



Қазақ  халқының  қоғамдық  ҿмірінде  ҥлкен  рҿл  атқарған  Қазыбекті, 

Жҽңгірді, Кенесарыны, Наурызбайды жоқтауларда – ҽлеуметтік сарын басты 

мҽн  иеленеді.  Таптық  теңсіздік  бітістіріліп,  олардың  «жаяулыға  –  ат, 

жалаңашқа  тон»  болған  іс-ҽрекеті  баса  кҿрсетіледі.  Яғни  жоқтаудың  ел 

басындағы елеулі  оқиғаларға қатыстылығы аса маңызды арналы мҽселе. Аза 

ҿлеңдерінің  жоқтау  дҽрежесіне  кҿтерілуі  ҥшін  оның  кейіпкерінің 

(марқҧмның) тіршілігінде халқына қалаулы, еліне елеулі қасиеті болу керек. 

Егер  ондай  болмаса  қанша  кҿркем  дҽріптелгенмен,  заманнан-заманға 

жетпеген  болар  еді.  Орақтың,  Абылайдың,  Кенесарының  тҧсында  ҿзге  де 

тҧлғалар  ҿмір  сҥрді,  ҿлді,  олар  туралы  жоқтау  айтылды.  Ал  бҧлар  жайлы 

жоқтаудың бізге жету себебі – кейіпкерлер қасиетінің (батырлық, хандық) ел 

басындағы елеулі оқиғалармен сабақтастығы. 

Ортақ  сарындар  кҿркемдік  ҽдіс  ретінде  жҧмсалғанымен,  ҽрбір  адамға 

шығарылатын  жоқтау  тыңнан  толғанады.  Ҿйткені,  «басқа  біреудің  айтқан 

жоқтауын айту, жаттама ҿлеңді айту – қазақ ҧғынысына мін»

2



Қазақ  халқының  жерлеу  ғҧрпында  кҥні  бҥгінге  дейін  марқҧмды  рулық 

зираттарда жерлеу дҽстҥрі кездеседі. Ол жер ҥстіндегі заңдылық жер астында 

да  қайталанады  деген  кҿне  тҥсінікке  сҽйкес,  туыстардың  бір-біріне  жақын 

                                                

1

 1998 жылы Қызылорда облысына жасалған фольклорлық экспедиция материалдары. 



2

 Ҽуезов М. Ҽдебиет тарихы. Алматы, 1991. 26-б. 




 

120 


жерленуінің  жалғасы.  Осы  дҥниені  о  дҥниемен  теңестіру,  қайтыс  болған 

адамның  бҧрынғы  дҥниеден  ҿткендерге  барып  қосылып,  мҽңгілік  мекенде 

бірігіп  ҿмір  сҥруі  жайлы    ҧғымдар  кҿптеген  халықтарға  ортақ.  Марқҧмды 

ҿлген  туыстарына  кетті  деп  сенудің  сілемдері  жерлеу  фольклорының 

мазмҧнындағы негізгі сарынды қҧрайды: 

 

Ҿз еркімен кетіп пе, 



Шақыртқан шығар бабасы

1



 

Ҥмбетай атам, Жҽнібек 

Бабалардың рухы 

Болар ма екен қауышқан

2



 



О  дҥниелік  ҿмір  жайлы  сенім  ислам  дінінде  Алланың  иелігі, 

пайғамбарлардың  шапағаты  тиетін  орын  дейтін  тҥсінікке  ҧласқан.  Бҧл 

марқҧмды Алла мен пайғамбарға тапсыру арқылы сипатталады.  

 

Рухың барып, жолдас боп, 



Пайғамбарға қосылғай

3



 

Тапсырдым қайран анамды, 

Жарылқа ҿзің, бір Аллам

4



 

Кҿне  замандардан  желісі  ҥзілмей,  исламдық  ҧғымға  дейін  жалғасып, 

бірақ тҥрленіп, ҿзгеріске тҥскен сенім – марқҧмның ҿлілер еліне сапар шегуі. 

Ол  бірте-бірте  кҥрделенген.  Оның  бірі  кҿне  ҧғым  болса

5

,  екіншісі 



мҧсылмандық тҥсініктегі ақыреттен кейінгі жҧмаққа баратын жол. 

О  дҥниелік  ҧғымдар  ҽуелгіде  аспан,  жер,  батыс,  солтҥстік,  т.б.  бағыт-

бағдар тҥрінде кҿрінсе, біртіндеп кҥрделеніп, нақтылана тҥскен. 

 

Қарағым сапар шеккен соң, 



Басыңа молда кҥңіренттім

6



Қҧдай салды, мен кҿндім, 

Бҧл сапарды ҧнаттың

7



 



Жерлеу  ғҧрпында  о  дҥние  ҿмір  сҥрудің  ҿзгеше  формасы  ретінде 

тҥсініліп,  марқҧм  жаңа  мекенге,  бейтаныс  ҿлкеге  сапар  шегуші  ретінде 

кҿрсетіледі.  Оның  жолының  тҥпкі  мақсаты  –  бҧрынғы  ҿткен  ата-бабалар 

                                                

1

 Саттаров Қ. Аталған еңбек. 36-б. 



2

 Байтҧрсынҧлы А. Жоқтау. Алматы, 1993. 30-б.  

3

 Боздағым. Алматы, 1990. 147-б. 



4

 Автордың жинаған материалынан. 

5

 Чистяков В.А. Представление о дороге в загробный мир в русских похоронных причитаниях ХІХ-ХХ вв. // 



Обряды и обрядовый фольклор. М., 1982. С.114-127. 

6

 Автордың жинаған материалынан. 



7

 Байтҧрсынҧлы А. Жоқтау. Алматы, 1993. 8-б. 




 

121 


еліне  жету,  сҿйтіп,  ҿзінің  мҽңгілік  мекеніне  орнығу.  Мҽңгілік  мекенінің 

нақтылы сипаты берілмейді, ол кҿне табу ҧғымдарымен байланысты.   

Демек, исламға дейінгі о дҥние туралы ҧғымдарда біркелкілік жоқ, онда 

бір-біріне қайшы келіп жататын кҿптеген кҿзқарастардың тоғысы байқалады.  

Ҿмірден  ҿткендердің  тірілерді  желеп-жебеп,  кҿмектесуі,  қысылғанда 

сҥйеп  қолдауы  кҿне  діни  сенім  –  ата-бабалар  «аруағының  кереметтігіне» 

табынуға байланысты туған. «Ҿлі жебемей, тірі байымайды» деген мақал да 

исламнан  бҧрынғы  кҿзқарасты  білдіреді.  Себебі мҧсылман  дінінде  бір  Алла 

ғана  игілік  ҽкелуші,  дҥниені  жаратушы.  Адам  бҧл  дҥниеде  белгілі  бір 

уақытта  сынақта  жҥреді  де,  Алла  ҽмірімен  ҿлім  арқылы  кері  қайтарылады. 

Бҧл  «Ҿзге  –  ҿтірік,  ҿлім  –  шын»,  «Тумақ  –  сҥндет,  ҿлмек  –  хақ»  дейтін 

тҧжырымдармен тҥсіндіріліп, санаға сіңдіріледі.  

 

Бізден бҧрын ҿткендер, 



Бҧл дҥниеден кеткендер. 

Уақыт жетіп ҿлгендер, 

Жер қабырға кіргендер. 

Таба алмаған ҿлімге, 

Ешбір ислам хайласын

1



 

Мҧсылмандық  тҥсінікте  ҽр  нҽрсенің  ҿмір  сҥру  мерзімі,  жан  тапсыру 

уақыты,  оның  себебі  Алла  тағала  қалауына  сай  белгіленеді.  Бҧл  жҿнінде 

Қҧранда айтылған

2

.  


Ҽр пенденің жан тапсыруы қылған амалына лайық болады: 

 

Жеткізбей жанды алмайды 



Шернеуде жазған сызыққа

3



 

Лауху менен Махпузда 

Ғҧмырын жазған бір Қҧдай

4



 

Бҧл  жҿнінде  Қҧранда:  «Ол  сондай,  Алла  ізгі  іс  жҥзінде  қайсыларың 

жақсы  ҽрекет  ететініңді  сынау  ҥшін  ҿлім  мен  тіршілікті  жаратқан»,  –  деп 

жазылған


5

.  


Мҧсылмандық  сенім  бойынша  жан  адам  баласына  Алланың  уақытша 

берген аманаты, мерзімі келгенде қайтарылып алынады: 

 

Он сегіз мың ғаламда 



Мақҧлық жоқ ҿлмейтін. 

                                                

1

 Автордың жинаған материалынан. 



2

 Қҧран Кҽрім (қазақша мағына жҽне тҥсінігі).  Ҽли Ғимран сҥресі, 145 аят; Фатыр сҥресі, 11 аят.  Медине, 

1991. 

3

 Боздағым. Алматы, 1990. 141-б. 



4

 Боздағым. Алматы, 1990. 50-б. 

5

 Қҧран Кҽрім (қазақша мағына жҽне тҥсінігі). Мҥлк сҥресі. 67/2 аят. Медине, 1991. 562-б. 




 

122 


 

Ҿлшеулі ҿмір біткен соң,  

Аманатын бермейтін

1



 

Мҧсылмандық  тҧжырым  бойынша:  барша  жҽндікті,  дҥниені  жаратқан 

Алла  ҿлімді  де  жаратқан.  Одан  басқа  жарататын  да,  ҿлтіретін  де  жоқ.  Адам 

жанын  алатын  мезгіл  келгенде  Алла  тағала  Ҽзірейіл  періштені  жҧмсайды  

деп кҿрсетіледі: 

Аларында адамын Ҽзірейіл сҥр берген, 

Адастырып мезгілден, қабақ шытып, зіл берген

2



 

Мҧсылмандық тҥсініктегі ҿлім  –  рухтың денеден шығуы жҽне адамның 

бҧл  дҥниеден  ақыретке  кҿшуі  деген  сҿз.  Ал  қабыр  осы  дҥниеден  ақыретке 

ҿтудің ҿткелі, сынақ дҥние мен ақырет арасындағы ҽлем.  

Ҿлген  кісіге  алғашқы  сауал  қабырда  қойылып:  «Қҧдайың  кім? 

Пайғамбарың  кім?  Дінің  не?»  –  деп  сҧралады  да,  сауалға  мҧсылмандық 

тҧрғыда  жауап  берген  адамның  қабірі  кҿз  жетерліктей  дҽрежеде  кеңіп, 

марқҧм  болашақта  жҧмаққа  баратын  жолға  бағыт  алады.  Сонымен  бірге 

жауап  бере  алмағандар  ҥшін  тозақ  отының  азапты  шарпуы  да  осы  кезден 

бастап сезіледі. 

Ҿлік қойылған тҥнде ҥзбей Қҧран сҥрелерін оқудың негізгі мақсаты да – 

осы  сҧрақ  алынып  жатқанда  марқҧмға  демеу  кҿрсету,  кҥнҽсін  кешуге  тілек 

тілеп, жаратушыға жалбарыну.  

Қҧранда  баяндалатын

3

  адам  баласының  жасаған  жамандық  пен 



жақсылығының  таразылар  кҥні  барлығы  бір  Аллаға  сеніп,  шектеулерінен 

тыйылып,  дҧрыс  жолда  жҥргендердің  осы  кҥні  Алладан  сыйлық  алып, 

сенбегендері 

жазаланатындығы 

жайындағы 

тҥсініктер 

жерлеу 

фольклорындағы негізгі сарынның бірін қҧрайды.  

 

Жеңіл де болсын сҧрағың, 



Ҽулие, пірлер медет қып, 

Бейіште болсын тҧрағың

4



 



Сондай-ақ  исламдық  тҥсінікте  –  ҿлген  соң  тірілетін  адамдардың 

жиналатын  жері  мақшар  деп  аталып,  пайғамбарлардан  бастап,  барлық  адам 

баласынан сҧрақ алынып, жауапқа тартылатындығы жҿнінде уағыздалады.  

Бҧл  жайында  Қҧранда:  «Адамның  жақсылығы  мен  жамандығы  Алла 

білетін таразыда ҿлшенеді». «Сол кҥнгі іс-ҽрекет ҿлшенетін таразы ҽділ...»

5

 – 



– деп кҿрсетілген. 

Мақшар кҥні жолығып, 

                                                

1

 Боздағым. Алматы, 1990. 180-б. 



2

 ҼҾИ қолжазба қоры. 123-бума. 

3

 Қҧран Кҽрім (қазақша мағына жҽне тҥсінігі). Кеһр сҥресі. Медине, 1991. 299-б. 



4

 Байтҧрсынҧлы А. Жоқтау. Алматы, 1993. 57-б. 

5

 Қҧран Кҽрім (қазақша мағына жҽне тҥсінігі). Мҥминун сҥресі. 102-103 сҥре. Медине, 1991. 348-б. 




 

123 


Ғаріп кҿңілім тынар ма. 

Есіткен жан, бата қыл, 

Қҧран оқып бҧларға

1



Қиямет мақшар болғанда, 

Кҿрсетсін Алла жҥзіңді

2



 



Сондай-ақ  адал  мҧсылмандар  ақыретте  Алланы  кҿру  бақытына  жетеді 

делінеді.  Қҧранда:  «Сол  кҥн  келгенде  жарқ-жҧрқ  етіп  жарқырайтын  жҥздер 

бар, (олар) жаратушыларына қарайды (оны кҿреді)», – деп бҧйырылған. 

 

«Бір Қҧдайдың дидарын 



Сен кҿрмесең, кім кҿрер?»

3



 

Кҿне заманғы марқҧмның басқа дҥниеге сапары мҧсылмандық ҧғымдағы 

жҧмаққа  жетудің  ҿткелі  ретінде  кҿрінеді.  Жҧмаққа  баратын  жол  қылкҿпір 

арқылы  ҿтеді.  Ол  –  «қылдан  да  жіңішке,  қылыштан  ҿткір  кҿпір»  тҥрінде 

сипатталады.  Барлық  адам  одан  ҿтеді,  ол  ҽркімнің  тіршіліктегі  ҽрекетіне 

қарай не кеңейеді, не тарылады

4



Қылкҿпір ҧғымының ғҧрыптық мҽтіндердегі сҽулесі: 



 

Дҥниені жаратты 

Пайғамбардың нҧрынан. 

Жіңішке, – дейді, – сиратты 

Жылқының жарты қылынан

5

, – 



 

дейтін жолдардан кҿрінеді. 

Ислам  дінінде  –  Аллаһ  тағала  ҽмірлерінен  именіп,  бойҧсынуда 

болғандар ҥшін жаннаттан орын дайындайды деп кҿрсетілген

6

.  


Жерлеу  фольклорының  негізгі  сарындарын  қҧрайтын  жҧмақтан  орын 

тілеу тілегінің мҽні де осыған байланысты: 

 

Жаннаттан болғай талабың, 



Ашық та болғай жауабың. 

Нҧрға толғай қабірің, 

Жоғары ҧшқай сауабың

7



 

Алдыңнан Қҧдай жарылқап, 

Бейіштің есігі ашылғай, 

Періштелер жолдас боп, 

                                                

1

 Автордың жинаған материалынан. 



2

 Автордың жинаған материалынан. 

3

 Боздағым. Алматы, 1990. 30-б. 



4

 Қҧран Кҽрім (қазақша мағына жҽне тҥсінігі). Мҽриям сҥресі. 71 аят. Медине, 1991. 310-б. 

5

 Автордың жинаған материалынан. 



6

 Қҧран Кҽрім (қазақша мағына жҽне тҥсінігі). Кеһф сҥресі, 30 аят. Медине, 1991. 297-б. 

7

 Боздағым. Алматы, 1990. 172-б. 




 

124 


 

Хор қыздары қосылғай. 

Тҥрлі нығмет шашылғай

1



 

Жҧмаққа  барғандар  мҽңгілік  жас  қалпында  қалып,  ғажайып  рахат  кҥй 

кешеді деп сендіріледі

2

.  



Ал тозақ – Алла тағаланың барлығы мен жалғыздығына иман келтірмей, 

оның  ҽмірлеріне  қарсы  келгендер  ҥшін  дайындалған  орын.  Ол  жаннатқа 

қарама-қайшы суреттеледі.  

Шариғат  талаптары  жылап-сықтауды  қоспағанымен,  оған  мҥлде  тыйым 

сала  алмаған,  халықтың  ежелден  келе  жатқан  салтын  мҥлде  ығыстыра 

алмаған.  Ҿйткені,  жақынынан  айрылған  жан  жҥрек  қайғысын  шығаруда 

ежелден қалыптасқан дҽстҥрлі салтқа сҥйенген.  

Мҧсылмандық  шарттардың  кҿне  тҥсініктерге  тыйым  салғаны  жоқтау 

жолдарынан да кҿрініп қалады: 

 

Зарлаумен тілді шаршаттым, 



Жылаудың кілтін мен таптым. 

Жылағаннан не таптым, 

Оқи бер Қҧран, молдалар

3



 

Сонымен  бірге  ҿлім  салған  ауыр  зардап  (ҽсіресе,  жас  ҿлім  тҧсында) 

ешқандай  шектеу,  тыйымға  бағынбай,  сыртқа  шығады.  Мҧсылмандық 

шектеуді есінде ҧстай отырып, ҿз кҥйігін шығарған ҽйел: 

 

Жаратқан ҿзі кешіргей, 



Жоғалған соң қайғырдым, 

Шам-шырақ, гауһар тасыма

4

, –  


 

деп тоқтайды. 

Жинақтай  келгенде,  ҽу  баста  адам  жанының  ҿлмейтіндігі  туралы  ҧғым 

дамып,  аруақтар  культі,  бірқҧдайлық  дінге  дейін  жалғасқан.  Осыған 

байланысты  жерлеу  ғҧрпының  рҽсімдері  де,  оған  қатысты  фольклор  да  сан 

тҥрлі кҥйді басынан кешірген.  

Ҽсіресе,  «советтік  ҿмір  салтын  орнықтыру»  идеясын  ҧстанып,  бҧрынғы 

ҽдет-салттармен  арнайы  кҥрес  шаралары  жҥргізілген  кеңестік  дҽуірде 

аталмыш ғҧрып елеулі ҿзгерістерге ҧшырады. Кҿне рулық қоғамға ғҧрыптың 

тҧтастай магиялық қызметі (сҿз, іс-ҽрекет, заттық ҽлем) тҽн болса, келе-келе 

ғҧрыптың сҿздік бҿлігі басымдық алып, онда ғҧрыпты тудырған кҿне таным-

тҥсініктер кҿркемдік қызмет атқарды. Ҿлім жайындағы ҧғымдардың ҿзгеріп, 

дамуы  нҽтижесінде  ғҧрып  пен  оған  қатысты  ҿлеңдердің  негізгі  қызметтері  

                                                

1

 Байтҧрсынҧлы А. Жоқтау. Алматы, 1993. 59-б. 



2

 Қҧран Кҽрім (қазақша мағына жҽне тҥсінігі). Нақыл сҥресі, 31 аят. Медине, 1991. 270-б. 

3

 Боздағым. Алматы, 1990. 213-б. 



4

 Автордың жинаған материалынан. 




 

125 


кҿмескіленіп,  бҥгінгі  кҥнге  сарқыншақ  кҥйінде  жетті.  Ғҧрыптың  жекелеген 

рҽсімдері ғана атқарылды да, марқҧм жоқтаусыз-ақ жҿнелтілді. Ҽрине, кейбір 

ҿңірлердегі  жоқтап,  жылау  дҽстҥрінің  сақталғандығын  жоққа  шығаруға 

болмайды.  Бірақ  олар  жеке  адамның  немесе  отбасы  мҥшелерінің    марқҧмға 

деген  қайғыру  сезімін  білдірумен  ғана  шектеледі.  Яғни  жерлеу  ғҧрпы 

фольклорының  аясы  тарылып,  қайғы-шер  шығару  мағынасы  ғана  қалған. 

Сондай-ақ  азалау  рҽсімдерінің  кҿне  тҥсініктерден  туған  белгілі  бір  уақытта 

бҧлжытпай атқарылу міндеттілігіне де ҿзгеріс еніп, отбасының мҥмкіндігіне, 

жиналған  қауым  уақытының  ретіне  қарай  рҽсімдерді  жинақтап,  біріктіріп 

ҿткізуге  дейін  ҿзгерді.  Дегенмен  халықтық  дҽстҥрлердің  қҧнды  тҧстары 

ҿзгерген,  тҥрленген  кҥйде  кҥні  бҥгінге  дейін  жалғасуда.  Сан  ғасырлардан 

келе  жатқан  ғҧрыптық  рҽсімдер  қайғылы  жандардың  кҿңілін  аулау, 

кҥйзелістен шығару, марқҧм алдындағы ҿздерінің міндет-парызын атқарудың 

қҧралы  ретінде  ҽлі  де  аса  бағалы,  сол  арқылы  қайғылы  жандар  кҿңіл 

жҧбатысып,  тіршілігіне  тҽубе  етеді.  Халықтың  «қайғыны  бҿліссең,  азаяды, 

қуанышты  бҿліссең,  кҿбейеді»  дейтін  тҧжырымы  да  осыдан  туған.  Қазіргі 

кезеңдегі  (ҽсіресе,  қала  жағдайындағы)  азалы  музыка,  марқҧмды  еске  алу 

сҽттері,  ел  болып  ас  беру,  ескерткіш  тақта  ілу,  естеліктер  жазу  да  жерлеу 

ғҧрпының жаңарған, жаңғырған тҥрлері болып табылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет