28.Коваленттік байланыс,түрлері: коваленттік байланыстың қасиеттері (байланыс ұзындығы,бұрышы,баййланыс энергиясы).Коваленттік байланыс – ортақ электрон жұбын түзу арқылы пайда болатын химиялық байланыс. Коваленттік байланыс түзілуінің үрдісін көбінесе схема түрінде береді, ондағы электрондар нүктемен белгіленген. Егер атомдардың арасында бір коваленттік байланыс болса (жалғыз ортақ электрондық жұп), онда ол дара, егер екеу болса, қос (екі ортақ электрондық жұп), үштік (үш ортақ электрондық жұп) деп аталады.H2 затын құратын ковалентті байланыс - екі сутегі атомдарында ортақ екі электроны бар.Коваленттік байланысты екі түрге бөледі: полярлы және полярлы емес. Полярлы емес коваленттік байланыстың электрон бұлттары ортақ электрон жұбымен құрылған, яғни электрондық байланыс бұлттары екі атом ядроларына қатысты кеңістікте симметриялы орналасқан. Полярлы емес коваленттік байланыс бейметалдарда пайда болады және металл жұптарында, химиялық элементтің бір атомынан: Н2, О2, О3, N2, S2, Li2, Na2, C, Si және басқалары құрылса, полярлы коваленттік байланыстың электрон бұлттары электртерістілігі жоғары атомға қарай ығысқан (НСl, H2O, H2S, NH3 және т.б. Коваленттік байланыстың ұзындығы деп байланысқан атомдардың ядроларының арасындағы қашықтықты айтады. Химиялық байланыстың ұзындығы атомдардың радиустарына байланысты. Атом радиустары неғұрлым үлкен болса, олардың арасындағы байланыс соғұрлым ұзақ болады.Коваленттік радиус, r cov, бір коваленттік байланыстың бөлігін құрайтын атомның өлшемін көрсетеді. Ол әдетте пикометрлермен (pm) немесе ангстромдарда (Å) өлшенеді, мұнда 1 Å = 100 pm. Негізінде екі коваленттік радиустың қосындысы екі атом арасындағы коваленттік байланыстың ұзындығына тең болуы керек, R(AB) = r(A) + r(B).
29.Химиялық тепе-теңдік. Химиялық тепе-теңдік— бір немесе бірнеше қарама-қарсы жүретін қайтымды реакциялар жылдамдықтарының теңескен күйі. Қайтымды реакция аяғына дейін жүрмейді, ол басталғанда тура жүретін реакцияның жылдамдығы (v1) жоғары, кері реакция жылдамдығы (v2) баяу болады. Тура реакция жүрген сайын реакцияға алынған заттың концентрациясы азайып,v1— жылдамдығы кемиді, керісінше, тіке реакциядан пайда болған өнімнің концентрациясы артып, v2 күшейеді. Біртіндеп екі реакция жылдамдығы теңеседі: v1=v2. Осындай жағдайды химиялық тепе-теңдік деп атайды. Тепе-теңдік орнағанмен қарама-қарсы бағытталған екі реакция да тоқтамай жүре береді. Егер сыртқы жағдай (қысым, концентрация, температура) өзгермесе реакция жылдамдықтары тең болып, химиялық тепе-теңдік орнаған қалпында қала береді, сондықтан оны жылжымалы немесе [динамикалық] тепе-теңдік деп те атайды. Реакцияласушы жүйенің бір тепе-теңдік күйден басқа басқа тепе-теңдік күйге ауысуын химиялық тепе-теңдіктің ығысуы дейді. Химиялық тепе-теңдік орнаған кездегі реакцияға қатысқан әр заттың концентрациясы тепе-теңдік концентрациясы деп аталады. Химиялық тепе-теңдікті сан жағынан сипаттайтын көрсеткіш тепе-теңдік константасы (тұрақтысы) (К) деп аталады: aA+bB=pP+qQ, мұндағы бас әріптер — заттардың формулалары, кіші әріптер — реакциядағы молекула сандарын көрсететін коэффициенттер. Тепе-теңдік константасы тура және кері реакциялардың жылдамдық константаларының (k1,k2) қатынасы деп те аталады: K=k1/k2. К — белгілі температурада тура реакция өнімдері мен реакциясы алынған заттардың мольдік көбейтінділерінің қатынасын көрсететін тұрақты шама.Тепе-теңдік константасының теңдеуі реакцияға қатысқан заттардың тепе-теңдік концентрацияларының бір-біріне тәуелділігін көрсетеді.Химиялық тепе-теңдікті зерттеудің теориялық және практикалық маңызы бар.Ле-Шателье принципі.Қайтымды реакциялар өзара қарама қарсы екі бағытта да (тура,кері) жүретін реакциялар.Тура және кері реакциялардың жылдамдықтары тең болған жағдайда ТЕПЕ-ТЕҢДІК орнайды.Әрекеттесуші заттардың концентрациясы, температурасы және қысымы өзгергенде химиялық тепе-теңдіктің ығысу бағыты Ле-Шателье принципімен анықталады.Ле-Шателье принципі бойынша тепе-теңдіккке әсер етуші факторлар:1. Концентрация.Егер реакция экзотермиялық болса, яғни жылу бөле жүрсе,әрекеттесуші заттардың концентрациясы артқан кезде, тепе-теңдік оңға ығысады.Ал керісінше, концентрациясы төмендесе тепе-теңдік солға ығысады.2.Температура.Егер реакция экзотермиялық болса, яғни жылу бөле жүрсе,
әрекеттесуші заттардың температурасы артқан кезде, тепе - теңдік солға, ал төмендеген кезде, оңға ығысады.3.Қысым (әрекеттесуші заттар газ болса)Егер реакция экзотермиялық болса, яғни жылу бөле жүрсе,әрекеттесуші заттардың қысымы артқан кезде тепе- теңдік аз көлем жаққа, ал төмендеген кезде көп көлем жаққа ығысады.4. Катализатор.Катализатор тепе-теңдікке әсер етпейді.Және егер реакция эндотермиялық болса, яғни жылу сіңіре жүрсе,
Ле -Шателье принципі барлық факторлар үшін керісінше қолданылады.Мысалға, экзотермиялық реакцияда концентрация артса тепе-теңдік оңға ығысатын болса, ал эндотермиялық реакцияда керісінше солға ығысады.Қалған факторлар үшін де дәл солай.