12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Fatty - көшірімін алу мақсатымен біршама ұлғайтылған бейне, қараңыз: spread, trapping. Feindaten



бет170/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Fatty - көшірімін алу мақсатымен біршама ұлғайтылған бейне, қараңыз: spread, trapping.
Feindaten - жоғарғы шешілім деректері. Шығарудың оңтайлы сапасын қамтамасыз етуші басу үшін қажетті деректер, әсіресе бейнелеу ақпаратын жаңғырту үшін қажет (қара: төменгі шешілім деректері).
Filling in - ағу.
Fipazitatopak - мөлдірсіздік.
- жалпылама ұғым: материалдың жарық жұту қасиеті. Мөлдірсіздік мөлдірліктің (жарық өткізгіштіктің) кері шамасы болып табылады;
- қағаздар мен басқа материалдардың жарық өткізгіштігі. Екі жақтан басуда маңызды. Қағаздың жоғарғы мөлдірсіздігіне толықтырғыштарды (каолин, тальк немесе титан тотығы) қосу жолымен де, қағаз құрамында ағаш массасының үлесін арттыру арқылы да қол жеткізуге болады, осылайша қағаздың бір бетіндегі басылған бейне жеткізуде қарсы жағына өтіп кетпейді.
Flacnendeckungsgrad/Flacfaendeckung - басылушы аумақтың растрлық нүктелерімен толтырылу дәрежесі (%). Басылған аумақтың (бейненің басу элементтерімен толтырылған аумақтың бөлігінің) белгілі бір жеке аумақтағы бейненің жалпы аумағына қатынасы. Басылған аумақ көбінесе пайызбен көрсетіледі.
Flatbed imagesetter .- қара: capstan imagesetter.
Flatbed scanner - планшеттік сканер.
Flat tint - плашка.
Flor - бейненің айналық теңкерілуі.
ҒМ (Frequency Modulated) screen - жиіліктік растр.
Full-scale black - жартылай реңдердің барлық аралығында қара бояуды басу элементтерімен бейнелеу, мыс.,УЦК диапазонында = 100%, қараңыз: half— scale black.
Fuser/Fixiereinrichtungen - тонерді термалық бекіту үшін аппарат (бекітуші құрылғы). Ұлпа тонерді еріту және оны кағазға жағу үшін түйіспесіз басу жүйелеріндегі модуль. Бекітуші құрылғылар көпшілігінде беттері бояу жүктырмайтын қасиеті бар басу материалымен жанасатын қыздырмалы біліктерден тұрады. Инфрақызыл сәулелендіруді қолданған жағдайда түйіспесіз бекітуші құрылғылар пайдаланылады. Толық жолақтық шағарым. Толық баспа табақты (бір немесе бірнеше жайғастырылған басу жолақтарын) сипаттау үшін сандық деректерді шығару. Бұл деректер одан әрі қарай өңдеусіз-ақ басылым қалыптарын көшіру үшін немесе басылым қалыптарын тікелей «Компьютер-басылым қалыбы» тәсілімен даярлау үшін толық табақтық суретқалыбының жиынтығын шығару үшін қолданыла алады. (қара: Ausschieben – беттерді жайғастыру).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет