120-сұрақ Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы анықтаңыз


Қаңлы мемлекетінің саяси тарихы, шаруашылығы және діни нанымдары туралы жазыңыз



бет13/67
Дата21.12.2023
өлшемі144,19 Kb.
#142145
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   67
19.Қаңлы мемлекетінің саяси тарихы, шаруашылығы және діни нанымдары туралы жазыңыз.
Қаңлы мемлекеті - Қытай жазба деректерінде канцзюй деген атпен, б.з.д. 2 ғ. айтылады.
Бүгінгі қазақ халын құраған ірі тайпалар қатарында қаңлылардың орны ерекше. Көрші елдер оларды кезінде "канх" деп атаса, бірде "қан" деп атады. Бұл атаудың шығуын бізге жеткен аңыздар кәдімгі арба атауымен байланыстырады.
Сырдария, Талас өзендері бойында орналасты. Саны 600 мың адам, 120 мың әскерімен Орталық Азиядан келген. Астанасы Битян қаласы болған. Қазақстан жерінде тарихта елеулі із қалдырған ірі мемлекеттік құрылымдардың бірі - Қаңлы мемлекеті.Қаңлы тайпалары ІІІ ғ. Оңтүстік Қазақстан жерін мекендеген. Қаңлы мемлекетiнiң халықтары негiзiнен жер, мал шаруашылығы, қолөнер және сауда-сатықпен айналысты. Қаңлылар Қытаймен, Парфиямен, Риммен және Кушан империясымен саяси-экономикалық және мәдени байланыстар жасады.Қаңлы мемлекетi туралы алғаш рет бiздiң дәуiрге дейiнгi ғасырдағы жазба деректерде айтылады. Сол деректердiң қортындыларына сүйенсек бұл мемлекеттiң орталығы орта Сырдариядағы Битянь қаласы болған. Жапон ғалымы Сиратори ол қаланы қазіргі Түркістан қаласының маңы деп есептейді. Кейбiр мәлiметтер, зерттеулер бойынша қаңлылардың мемлекетiн патша басқарған. Олардың патшалары ябгу деп аталған. Сондай-ақ мемлекеттiк аппарат құрамында патшаның орынбасары және үш кеңесшiсi болды. Қаңлы мемлекетінің заңы бойынша ұрлық жасаған үшін қолы кесілді. Тарихи аңыздар мен рауаяттарда «қаңлы» деген аттың шығу тегін Оғыз ханмен байланыстырылады. Тұрғын үйлер жанында малды қоршауда ұстауға арналғаны анық орындар кездеседі. Малдың негізгі бөлігі, сірә қоныстан тыс жерде ұжымдық табында ұсталса керек. Үйрек, қаз сияқты суда жүзетін құстар аулаған. Балық аулау дамыған, оны балық сүйектері мен қабыршақтарының табылуы дәлелдейді. Тәутеке, арқар, киік, марал, қабан сияқты жабайы жануарлардың сүйектерінен бұйымдар жасаған.
20.Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы туралы баяндаңыз
Қаңлы мемлекеті – Қытай жазба деректерінде канцзюй деген атпен, б.з.д. 2 ғ. Айтылады. Сырдария, Талас өзендері бойында орналасты. Саны 600 мың адам, 120 мың әскерімен Орталық Азиядан келген. Астанасы Битян қаласы болған.
Қауыншы және Отырар-Қаратау мәдениеті деп археологтар атайтын үлкен ескерткіштері сақталған. Ауыншы мәдениеті таралған өңірде Шәушіқүм, Жамантоғай, Төребайтұмсық қорымдары зерттелді. Сол кездегі Отырар-Қаратау, Жетіасар мәдениеттеріне жататын басқа зираттардағы сияқты, өліктер киімімен, жеке пайдаланатын заттарымен қоса жерленген. Қабірлерге тамақ салып, су құйылған керамика ыдыстар бірге салынған. Еркектердің қабірлерінен қару-жарақтар (семсерлер, қанжарлар, жебелердің ұштары, садақтардың сүйектен жасалған бастырмалары), әйелдердің қабірлерінен көбінесе әшекей заттары: моншақтар, айналар, сырғалар, киімге тігілген қалдықтар табылды. Жерлеу жарақтарынан алынған материалдарға салыстыра отырып жасалған талдау қабірдің мерзімін біздің заманымыздағы I мыңжылдықтың бірінші жартысы деп белгілеуге негіз береді. Отырар алқабы мен оған жақын аудандарда Көк-Мардан, Қыркескен, Мардан қорымдары зерттелді. 1) қауыншы, 2) отырар-қаратау, 3) жетіасар археологиялық мәдениеттеріне жатқызылады. 1) Ташкент; 2) Сырдарияның орта ағысындағы Қаратау беткейлерінен Таласқа дейінгі аудандарға, 3) Қуандария мен Жаңадария аңғарына таралған.
Кангюй дәуіріндегі Орталық Азия аймақтарына салыстырмалы сипаттама берген кезде Сырдария сағасынан Ферганаға дейінгі біртұтас мәдени–шаруашылық өңір айқындалады. Ол өңірге отырықшы егіншілік-малшылық экономика, іргелі архитектурасы мен қорғаныс құбылыстары, қоныстанудың жетекші үлгісі ретінде аздап бекініс жасалған қоныстар, қолөнердің нашар дамуы, ақша айналысының шектелулілігі және басқа да белгілер тән болған.
1) Қауыншы мәдениеті Ташкент маңындағы кенттерінен алынған материалдарға байланысты, оның бірі Қауыншы кентінің атымен аталған. Бұл мәдениеттің тарихи тұрғындарының өмір кешкен мерзімі б.з.б. ІІІ ғ. мен б.з. І ғ. арасы. Қазақстандық ғалымдар бұл мәдениетке Ташкент аймағына жақын жатқан Шардара су қоймасының жеріндегі ескерткіштерді де жатқызады.
Шардараға жақын жердегі Ақтөбе қонысы қауыншы мәдениетінің ең жақсы зерттелген ескерткіші болып табылады. Ол Сырдария сол жақ жағалауына орналасқан. Қала орны үш жағынан дуалмен, ал Сырдария жағынан қазылған ормен қоршалған. Қала орнының орталығында орналасқан биіктігі 20м. жуық дөңгелек төбе (оба) ерекше көрінеді.
2) Отырар-Қаратау мәдениеті ескерткіштері шоғырланған орталықтардың бірі Отырар алқабы болды. Мұнда, Арыстың сол жақ жағалауында, 100 шақырым шаршы болатын 20 шақты томпақ төбелердің қалдықтары жатыр: Пұшық-Мардан, Қостөбе, Шаштөбе, шөлтөбе, т.б. Олардың ең ірісі: Көк-Мардан. Көлемі мен орналасуына қарағанда Көк-Мардан қала орталығы болған.
Үйлер, әдетте, екі бөлмелі болған, екі бөлмелі сирек, оның үстіне екінші бөлмесі қойма болып келеді. Үйдің ортасына жақын жерде тікбұрышты жерошақ болан. Бөлмеде қабырғаларда жағалата адам жататын аласа сәкілер орнатылған. Бұрыштарына су мен азық-түлікке арналған ыдыстар қойылған. Ыдыстар қабырғалардың жанында тұр. 3) Б.з.б. І мыңжылдықтың орта шенінен б.з. І мыңжылдықтың ортасына дейін шығыс Арал өңірінде өзіндік ерекшелігі бар жетіасар мәдениеті өркендеген. Жетіасар мәдениетінің өзіне тән бір ерекшелігі тұрақты мекен-жай салуда, қауыншы мәдениетінің тұрғындарына қарағанда, құрылыс жүйелерінің күрделі әрі сапалы салынуы бірден байқалады. Бұл мәдениеттің жүз елуден (150) астам бекіністі қала орындарынан, жүздеген обалы қорымдардан тұратын ескерткіштері Сырдарияның ең солтүстіктегі ежелгі тармақтары Қуандария бойында шоғырланған. Барлық қалалар күшті және дамыған қорғаныс құрылыстарының жүйесімен бекітіліп, ішінде түгелдей секция-үйлер салынған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет