№130 (28858) 9 шілде сенбі 2016 жыл ақпараттар ағыны ●



Pdf көрінісі
бет26/57
Дата31.03.2017
өлшемі7,41 Mb.
#10891
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57

9 шілде 2016 жыл

www.egemen.kz

16

(Соңы 17-бетте)

3. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу 

9. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит осы Қағидалардың 10-тармағының талаптарын ескеріле отырып, 

аудитор (аудиторлық ұйым) жасаған санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жоспарына сəйкес жүргізіледі 

жəне аудиттелетін субъектімен келісіледі.

10. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу кезеңдері:

1) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу туралы өтінішті тіркеу;

2) өтініш беруші табыс еткен құжаттарды алдын ала талдау;

3) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге шарт жасасу;

4) санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің мақсаттарын белгілеу;

5) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жоспарын жасау;

6)  санитариялық-эпидемиологиялық  аудит  жүргізу  (объектіні  тексеру,  материалдарды  талдамалық  өңдеу, 

салыстыр малы талдау жəне жоспарланып отырған не жүзеге асырылып жатқан қызметтің санитариялық-эпидемиоло-

гиялық маңыздылық дəрежесіне, объектіні іске асыру негіздемелерінің жеткіліктілігі мен дəйектілігіне бағалау жүргізу);

7) аудиторлық есеп  жасау жəне аудиттелетін субъектіге ұсыну.

11. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге өтініш осы Қағидаларға 1-қосымшаға сəйкес нысан бой-

ынша өтініштерді тіркеу журналында тіркеледі.

12.  Санитариялық-эпидемиологиялық  аудит  жүргізу  жоспарын  əзірлеу  үшін  аудиттелетін  субъектінің 

ерекшелігімен алдын ала танысу жүргізіледі.

13. Санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің мерзімдері мен көлемі аудитор (аудиторлық ұйым) жасайтын 

жəне аудиттелетін субъектімен келісілетін санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жоспарында белгіленеді. 

Аудит жүргізу жоспары шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

14.  Санитариялық-эпидемиологиялық  аудит  жүргізу  жоспары  нақты  өндіріс  ерекшеліктері  ескеріле  отырып, 

еркін нысанда жасалады жəне мыналарды:

1) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын шикізатты, өнімді өндіру, тасымалдау, 

сақтау, қолдану жəне өткізу, еңбек ету, тұру, демалу, тамақтану, сумен жабдықтау, сондай-ақ жұмыстардың орын-

далуы мен қызметтер көрсету жағдайлары мен режимін тексеруді;

2) өндірістік бақылауды жүзеге асырумен байланысты есептің жəне есептіліктің жүргізілуін жəне жұмыс істейтін 

адамдарды медициналық қарап тексерудің қорытынды актілерін тексеруді;

3) жұмыс істейтін адамдарды медициналық қарап тексеруді, гигиеналық оқытуды ұйымдастыруды жəне жеке 

медициналық кітапшасының болуын бақылауды;

4) токсикологиялық, радиологиялық, санитариялық-гигиеналық, бактериологиялық, вирусологиялық, физикалық-

химиялық сараптамалар жүргізу үшін сыртқы орта объектілері үлгілерінің көлемі мен тізбесін айқындауды;

5) зертханалық-құрал-саймандық өлшеулер жүргізуді;

6) обьектінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту бойынша ұсынымдар дайындауды;

7) санитариялық-эпидемиологиялық тəуекелдерді бағалай жəне тəуекел дəрежесін айқындай отырып, объектінің 

эпидемиялық маңыздылығы туралы қорытындылар, анықталған бұзушылықтар, құжаттама мен есептілік жүргізудің 

дəйектілігі туралы мəліметтерді қамтиды. 

15. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізудің мақсаты объектінің санитариялық қағидаларға сəйкестігін 

анықтау,  өндірістің  адам  жəне  тіршілік  ету  ортасы  үшін  қауіпсіздігін  жəне  (немесе)  зиянсыздығын  бақылауды 

қамтамасыз  ету,  технологиялық  процестердің  мүмкін  болатын  бұзушылықтарын  анықтау,  шикізат  пен  өнімнің 

қолданыстағы нормативтік құжаттарға сəйкес келмеуі, зиянды заттардың рұқсат етілген шекті шоғырланудан жəне 

жұмыс орындарында физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті деңгейлерден асуы жəне зиянды факторлардың 

халықтың  жəне  жұмыс  істейтін  адамдардың  денсаулығына  əсер  ету  тəуекелдерін  төмендету  жөнінде  қажетті 

іс-шараларды  əзірлеу  болып  табылады.  Санитариялық-эпидемиологиялық  аудиттің  мақсаты  аудиторлық  шарт 

шеңберінде айқындалады. 

16.  Зертханалық  зерттеулердің  жəне  сынақтардың  номенклатурасы,  көлемдері  мен  мерзімділігі  өндірістің 

санитариялық-эпидемиологиялық  сипаттамасы,  зиянды  өндірістік  факторлардың  болуы,  олардың  адам 

денсаулығына жəне оның тіршілік ету ортасына əсер ету тəуекелі ескеріле отырып айқындалады.

17.  Зертханалық  зерттеулер  жəне  өлшеулер  техникалық  реттеу  жəне  метрология  саласындағы  заңнамаға 

сəйкес аккредиттелген аккридиттеудің тиісті саласымен өндірістік зертханалар, сынақ зертханалары (орталықтары) 

базасында жүргізіледі. 

18. Зертханалық зерттеулер жəне өлшеулер жүргізу үшін үлгілерді іріктеу жəне жеткізу іріктелетін сынаманың 

əрбір түріне стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сəйкес жүзеге асырылады.

19. Үлгілер саны, оларды іріктеу тəртібі, сəйкестендіру жəне сақтау қағидалары, өнім сынамаларын іріктеу актісін 

ресімдеу мəлімделген өнімге арналған стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сəйкес келеді. 

20. Қажетті ақпаратты жинау жəне жүйелеу аудиттелетін субъектіге жəне өзге ұйымдарда жүргізіледі. Ақпараттың 

құрамына:

1)  аудиттелетін  субъектінің  қызметіне  қатысты  халықтың  санитариялық-эпидемиологиялық  саламаттылығы 

мəселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің талаптары; 

2) аудиттелетін субъектінің орналасу ауданының картасы жəне карта-схемасы;

3) аудиттелетін субъектінің əкімшілік басқару құрылымы;

4) объектінің санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы; 

5) өндірістік бақылау жүргізу бойынша есептілік, жұмыс орындарын аттестаттау жөніндегі актілер мен хаттамалар; 

6) кейінгі үш жылдағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік 

орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі жүргізген тексеру хаттамаларының көшірмелері (бар болғанда); 

7)  аудиттелетін  субъектінің  қызметіне  байланысты  азаматтардың  жəне  қоғамдық  бірлестіктердің  өтініштері 

туралы мəліметтер кіреді. 

21. Аудиттелетін субъектіні қарап тексеру жəне қызметкерлерге сауалнама жүргізу аудиттелетін субъектінің іс 

жүзіндегі жағдайына құжаттаманың сəйкестігін бағалау, аудиттелетін субъект мамандарының біліктілігін айқындау, 

аудиттелетін субъект қызметінің тиімділігін жақсарту үшін ұсыныстар əзірлеу мақсатында жүргізіледі.

22.  Объектінің  халықтың  санитариялық-эпидемиологиялық  саламаттылығы  саласындағы  заңнама  талапта-

рына сəйкестігі тұрғысында оны қарап тексеру, жүргізілген салыстырмалы талдау жəне жоспарланып отырған не 

жүзеге асырылып жатқан қызметтің санитариялық-эпидемиологиялық қауіптілік дəрежесін, өндірістік бақылаудың 

жеткіліктілігі мен дəйектілігін бағалау нəтижелері бойынша аудитор (аудиторлық ұйым) объектінің ахуалын (жағдайын) 

тұрақтандыру бойынша ұсынымдар (ұсыныстар) енгізеді.

23. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит нəтижелері аудиторлық есепті дайындау кезінде:

1) санитариялық-эпидемиологиялық аудитті жүргізу рəсімдері бұзылған;

2) Қазақстан Республикасы заңнамасының, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің талапта-

ры орындалмаған немесе бұрмаланған; 

3)  азаматтардың  өмірі  мен  денсаулығы  үшін  қолайлы  қоршаған  ортаға  құқықтары,  халықтың  басқа  да 

санитариялық-эпидемиологиялық  құқықтары  мен  мүдделері,  санитариялық-эпидемиологиялық  процеске 

қатысушылардың құқықтары бұзылған;

4) санитариялық-эпидемиологиялық аудитке қатысатын тараптардың құқықтарын бұзатын өзге де жағдайларда 

жарамсыз деп танылуға жол берілген.

24. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу нəтижесінде туындайтын даулар сот тəртібімен шешіледі. 

4. Аудиторлық есеп жəне оны беру тəртібі

25. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит нəтижелері бойынша объектінің санитариялық қағидаларға сəйкестігі 

(сəйкес еместігі) туралы аудиторлық есеп осы Қағидаларға 2-қосымшаға сəйкес нысан бойынша жасалады. 

26.  Аудиторлар  (аудиторлық  ұйымдар)  жыл  сайын  есепті  жылдың 15 қазанынан  кешіктірмей  халықтың 

санитариялық-эпидемиологиялық  саламаттылығы  саласындағы  мемлекеттік  орган  ведомоствосына  Кодекстің 

62-1-бабының 9-тармағына сəйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемле-

кеттік орган бекіткен нысан бойынша жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпарат береді.

5. Тəуекелдер дəрежесін бағалау критерийлері жəне 

санитариялық-эпидемиологиялық тəуекелдер критерийлерін есептеу 

27. Эпидемиялық маңызы бар объектілерді тəуекел дəрежелері бойынша жатқызу мынадай критерийлерге: 

1) топтық паразиттік жəне (немесе) инфекциялық жəне инфекциялық емес аурулар мен уланулардың пайда 

болуы жəне таралу ықтималдығына; 

2) салдарлардың ауырлығы мен мүмкін болатын залалға; 

3) объектінің қуатына негізделеді. 

28. Санитариялық-эпидемиологиялық тəуекелдер критерийлерін есептеу: 

1) объектінің қызметімен байланысты топтық паразиттік жəне (немесе) инфекциялық жəне инфекциялық емес 

аурулар мен уланулардың тіркелуінің болмауын немесе болуын;

2) соңғы 3 жыл ішінде 3 жəне одан көп негізделген шағымдардың болмауын немесе болуын; 

3) санитариялық-эпидемиологиялық аудит нəтижелерін (дөрекі, елеулі жəне (немесе) елеусіз бұзушылықтардың 

болуын); 

4) объектінің тікелей қызметімен байланысты салалық ерекшеліктерді (объектінің қауіптілік сыныбы Кодекстің 

144-бабы 6-тармағына сəйкес санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарымен белгіленген санитариялық 

сыныптамаға сəйкес) есепке ала отырып жүргізіледі. 

Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу қағидаларына 1-қосымша

нысан

Өтініштерді тіркеу журналы*

Р/с 

№ 

Өтінішті 

тіркеу күні, 

айы, жылы

Өтініш 

берушінің 

Т.А.Ә. (бар 

болғанда)

Объектінің 

атауы

Объектінің 

қызмет 

саласы

Аудит жүргізу 

кезеңі, 

аудитордың Т.А.Ә. 

(бар болғанда)

Аудиторлық 

есептің қоры-

тындылары, 

есептің №, 

берілген күні 

Алушының 

қолы

Ескертпе. * Журналдын нысаны аудитордың (аудиторлық ұйымның) қарауына қарай бағандармен толықтырылуы 

мүмкін.

Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу қағидаларына 2-қосымша

нысан

________________________________

________________________________

______________________басшысына 

(аудиттелетін объектінің (жеке немесе заңды 

тұлғаның) Т.А.Ə. (бар болғанда) немесе толық 

атауы, СТН (ЖСН, БСН)*

Мекенжайы ______________________



Санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің қорытындысы бойынша 

20 жылғы « » № аудиторлық есеп

 «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы 

Кодексінің 62-1-бабына сəйкес мен___________________________________________________________________ 

______________________________________________________________________________________________

(аудитордың тегі, аты, əкесінің аты (бар болғанда) жəне (немесе) аудиторлық ұйымның толық атауы, 

Рұқсаттар мен хабарламалар тізілімінің есепке алу нөмірі)

______________________________________________________________________________________________

(аудиттелетін субъектінің орналасқан жері)

______________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан

_______________________________________________________________________________________________

(аудиттелетін субъектінің толық атауы)

________________________ санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргіздім. 

Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу үшін негіз:_____________________________________________

_______________________________________________________________________________________________

(өтініштің күні мен № , өтініш берушімен келісілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу 

жоспарының көшірмесі)

_______________________________________________________________________________________________

Ұсынылған:___________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________ материалдарды қарап, 

мынаны:________________________________________________________________________________________

(объектіні қарап тексеру, жағдайларын тексеру нəтижелерін сипаттау)

_______________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________ анықтадым.

Зертханалық зерттеулер жəне (немесе) өлшеулер нəтижелері негізінде:__________________________________

_______________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________

(хаттаманың № мен күні, кім берді, зертхананы (орталықты) аккредиттеу туралы мəліметтер, хаттамалардың 

көшірмелері қоса беріледі)

Аудиттелетін субъектінің шаруашылық жəне өзге де қызметімен байланысты мүмкін болатын тəуекелдердің си-

паты жəне бағалау: __________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________ 

Қорытынды: объект _____________________________________________________________________________

(аудиттелетін объектінің толық атауы)

халықтың  санитариялық-эпидемиологиялық  саламаттылығы  саласындағы  заңнаманың,  техникалық 

регламенттердің ____________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________

________________________________________________________ талаптарына сəйкес келеді (сəйкес келмейді).

(қажеттісін сызу керек, соған сəйкес аудит жүргізілген НҚА-ның толық атауы жəне қабылданған күні)

Ұсынымдар____________________________________________________________________________________

Аудиторлық ұйымның басшысы (аудитор)____________________________________________

 

 

 



               (Т.А.Ə. (бар болғанда), лауазымы)

Мөрі  


 

 

 



Күні

Аудиторлық есепті алғаны туралы белгі _____________________________________________________

                                                                            (алған адамның Т.А.Ə. (бар болғанда) жəне қолы, күні)

Бұйрық Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2015 жылғы 29 сəуірдегі Нормативтік 

құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10846 болып енгізілді.

7. Сіреспеге қарсы жоспарлы иммундаудан басқа бұл инфекцияның ерекше шұғыл профилактикасы жүргізіледі. 

Сіреспенің ерекше шұғыл профилактикасына көрсетілімдер мыналар болып табылады:

1) тері қабаттары мен сілемейлі қабықтардың тұтастығы бұзылған жарақаттар, жараланулар;

2) үсу жəне екінші, үшінші, төртінші дəрежелі күйіктер;

3) ауруханадан тыс түсіктер;

4) медициналық ұйымнан тыс босану;

5) медициналық ұйымнан тыс туылу;

6) кез келген типтегі тіндердің гангренасы немесе некрозы;

7) жануарлардың тістеулері;

8) асқазан-ішек жолына енетін зақымдар.

8.  Жарақаттанулар  кезіндегі  ерекше  шұғыл  иммундау  осы  Санитариялық  қағидаларға  қосымшаға  сəйкес 

жарақаттанулар кезіндегі ерекше шұғыл иммундау кестесіне сəйкес жүргізіледі.

Сіреспенің  шұғыл  профилактикасы  үшін  құрамында  АКДС  бар  вакцина,  АДС-М,  сіреспеге  қарсы  адам 

иммуноглобулині (бұдан əрі – СҚАИ), сіреспеге қарсы сарысу (бұдан əрі – СҚС) пайданылады.

9. Халықты қызылшаға, қызамыққа жəне эпидемиялық паротитке қарсы иммундау үшін қызылша, қызамыққа 

жəне эпидемиялық паротитке (бұдан əрі – ҚҚП) қарсы құрама вакцина жəне қызылша, қызамыққа жəне эпидемиялық 

паротитке қарсы моновакциналар пайдаланылады.

Қарсы  профилактикалық  егулер  жүргізілетін  инфекциялық  аурулар  бойынша  эпидемиологиялық  ахуал 

күрделенген кезде қосымша жаппай иммундау жүргізуге жол беріледі.

10.  Қызылшамен  жəне  қызамықпен  ауыратын  науқаспен  тығыз  байланыста  болған 30 жасқа  дейінгі  жəне 

эпидемиялық паротитпен ауыратын адаммен тығыз байланыста болған 25 жасқа дейінгі, егілмеген, егілгені туралы 

деректері жоқ немесе осы инфекцияға қарсы вакцинацияның екінші дозасын алмаған адамдарға қызылша, қызамыққа 

жəне эпидемиялық паротитке қарсы моновакцинамен, ол болмағанда ҚҚП-мен шұғыл иммундау жүргізіледі. Шұғыл 

иммундау науқаспен байланыста болған сəттен бастап 72 сағаттан кешіктірмей жүргізіледі.

Ұйымдастырылған ұжымда эпидемиялық паротиттің жағдайлары тіркелген жағдайда, егер бірінші егуден кейін 

7 жыл уақыт өткен болса, осы инфекцияға қарсы егілген 18 жасқа дейінгі балаларды бір рет иммундау жүргізіледі.

11. Гемофильдік инфекцияға қарсы профилактикалық егулер құрамында В типіндегі гемофильдік инфекцияға 

қарсы компоненті бар құрама вакциналармен жүргізіледі.

12. Полиомиелитке қарсы профилактикалық егулер тірі немесе белсенділігі жойылған полиомиелит вакцина-

ларымен жүргізіледі.

3. Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулардың ошақтарындағы 

эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

13.  Науқастарды  немесе  ауруға  күдіктілерді  анықтауды  ведомстволық  тиістілігіне  жəне  меншік  нысанына 

қарамастан медициналық ұйымдарының медицина қызметкерлері амбулаторлық қабылдау, үйге бару, медициналық 

тексерулер, диспансерлеу жəне денсаулық сақтау ұйымдарына басқа да барулар кезінде жүргізеді.

Дифтериямен жəне полиомиелитпен ауыратын науқастарды стационарда міндетті түрде оқшаулау жүргізіледі. 

Қалған науқастар клиникалық жəне эпидемиологиялық белгілері бойынша стационарда немесе клиникалық белгілері 

толық жойылғанша үйде оқшауланады.

14. Мыналарды уақтылы анықтау мақсатында:

1)  дифтериямен  ауыратын  науқастарды – ларингитпен,  патологиялық  өңезі  бар  тонзиллитпен,  назофарин-

гитпен ауырған науқастарға медициналық ұйымға жүгінген күні жəне балалар үйіне, балалар жəне ересектердің 

психоневрологиялық стационарларына жаңадан келіп түскен адамдарға бір рет зертханалық тексеру жүргізіледі;

2) полиомиелитпен ауыратын науқастарды – жіті енжар параличпен ауыратын науқастарды анықтау, есепке 

алу жəне вирусологиялық тексеру жүргізіледі;

3) қызылша мен қызамықпен ауыратын науқастарды – бөртпелер пайда болған науқастарды анықтау, есепке 

алу жəне зертханалық тексеру жүргізіледі.

15. Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулардың əр жағдайы тіркелгеннен кейін алғашқы 

24 сағатта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 902 бұйрығымен 

(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7424 болып тіркелген) бекітілген 174/е нысаны 

бойынша «Жұқпалы ауру ошағын эпидемиологиялық тексеру картасын» толтыра отырып, Қазақстан Республикасы 

Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 705 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық 

актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5907 болып тіркелген) Халықтың инфекциялық жəне паразиттік, кəсіптік 

аурулары мен улану жағдайларын тексеру ережесіне сəйкес эпидемиологиялық тексерілуге жатады. 

16.  Эпидемиологиялық  тексеру  кезінде  аурудың  инкубациялық  кезеңінде  науқаспен  (дифтерия,  қызылша, 

қызамық, көкжөтел, эпидемиялық паротит, полиомиелит) байланыста болған адамдар тобы айқындалады.

17.  Науқаспен  байланыста  болған  адамдар  аурудың  симптомдары  мен  белгілерінің  болуына  клиникалық 

тексерілуі тиіс жəне күнделікті бақылауда болады.

18. Дифтерия ошағында байланыста болған адамдар науқаспен соңғы байланыста болған сəтінен бастап 7 

тəулік  бойы  бақыланады.  Бақылаудың  бірінші  күні  байланыста  болған  адамдардан  дифтерияның  таяқшасына 

бактериологиялық зерттеу үшін мұрнынан жəне аңқасынан, тері қабатынан жұғынды алынады жəне бактериологиялық 

зерттеулердің нəтижелерін күтпестен, антибиотиктермен профилактикалық емдеу жүргізіледі.

Дифтерия  таяқшасының  уыттекті  штаммдарының  анықталған  тасымалдаушылары  стационарда  емдеу  үшін 

оқшауланады жəне абацилденгеніне көз жеткізу үшін емдеу курсы аяқталған соң 2 тəуліктен кейін бактериологиялық 

қайта тексеріледі.

19. Дифтериямен ауыратын науқаспен тікелей жанасқан барлық заттар науқасты оқшаулағаннан кейін дезин-

фекциялануы тиіс.

20. Ұйымдастырылған балалар ұжымдарына дифтериямен ауырып жазылған адамдарға рұқсат беру толық 

сауыққан жағдайда жəне бактериологиялық зерттеулердің екі теріс нəтижесін алған жағдайда, жүзеге асырылады.

21. Кейінгі асқынуларды анықтау мақсатында оңалту іс-шараларын кардиологты, невропатологты, ЛОР-дəрігерін 

тарта отырып (көрсеткіштері бойынша) учаскелік дəрігер жүргізеді. Диспансерлеу мерзімдері дифтерияның түрінің 

клиникалық ауырлық дəрежесімен жəне асқынудың болуымен айқындалады. Дифтерияның таратылмаған түрімен 

ауыратын адамдар 6 ай, асқынулар болған жағдайда – бір жыл бақыланады.

22.  Дифтериямен  ауырып  жазылған  балаларға  дифтерияның  таратылмаған  түрі  кезінде 2-3 аптадан  соң, 

асқынулар кезінде 4-8 аптадан соң мектепке дейінгі жəне жалпы білім беретін ұйымдарға баруына жол беріледі.

23. Полиомиелиттің, қызылшаның жəне қызамықтың жағдайларын эпидемиологиялық тексеру кезінде:

1) аурудың əрбір жағдайына сəйкестендіру нөмірі беріледі;

2) демографиялық жəне клиникалық ақпарат, егу мəртебесі, мүмкін жүктілік жəне соңғы уақытта барған сапар-

лары туралы мəліметтер алу үшін науқаспен байланыста болған адамдардан сұрау алынады;

3) науқастардан жəне науқаспен байланыста болған адамдардан алынған материалды зертханалық зерттеу 

жүргізіледі.

24. Аурудың соңғы жағдайы анықталған сəттен бастап қызылшамен, қызамықпен жəне эпидемиялық паротитпен 

ауыратын науқаспен байланыста болған адамдарды бақылау 21 тəулік, полиомиелитпен ауыратын науқаспен бай-

ланыста болған адамдарды бақылау 30 тəулік бойы жүргізіледі. Полиомиелиттің ошағында емге жатқызылғаннан 

кейін қорытынды дезинфекция жүргізіледі.

«Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен 

ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы

(профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға жəне өткізуге қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет