20 бала 16- 26 маусым аралығында демалады.Республикалық «Бурабай»
лагеріде 10 оқушы, аудандық «Бумакөл» туристік –өлкетану лагерінде
-6 оқушы, аудандық шатырлы лагерьде 30 оқушы демалады деп
жоспарланды.
Ал ТМД (СНГ) елдері мен шетелдерге жол жүру бойынша ата-
аналарымен бірге
87 бала сапар шекпекші.
Мектеп – білім берумен қатар, тағылымды тәлім-тәрбие түрлерін
ұйымдастыратын өнеге ордасы. Тәрбие мазмұны ұйымдастырушының
шеберлігімен ұштасқанда қандай шара болсын, шәкірттің ішкі жан-дүниесін
жаңартып, рухани азық болып, соныда жарқын құбылыстарға жетекші бола
бермекші.
А.БЕРКЕНОВА
Ақсай қаласы №6 ЖОББМ-нің
Педагог-ұйымдастырушы
Отбасы
Менің отбасымда бес адам бар. Олар
әкем, анам, інім, екі қыз егіздерміз. Әкем –
отбасы тірегі, анам – мұғалім. Інім 2 жаста,
біз сыңарым екеуміз егіздерміз.
Жанұяда біз үлкендерді сыйлауға,
кішілерге көмек көрсетуге, оларға қамқор
болуға үйренеміз. Отбасы - махаббаттың,
сыйластықтың, жақын қарым-қатынастың
бастауы.
АРУЖАН ЕРКЕҒАЛИ
Б.Жәнікешев атындағы ЖББОМ
«Көктерек» бастауыш мектебі
Адам баласы үшін отбасынан биік еш нәрсе болмайды.Өйткені адам
бойындағы барлық адамгершілік құндылықтар отбасы тәрбиесінен таралады.
Әр отбасының өзіндік тірегі,діңгегі болады.Сол діңгек арқылы тамыр болып
таралып,бәйтерек болып жайқалады.
Біздің үйдің алып бәйтерегі-аяулы атам.Ол кісі қашанда немерелерін
қасына жинап алып ақыл-кеңесін айтып,ертедегі аңыз-әңгімелерді
әңгімелеп отырады.Менің әкем атамның үшінші ұлы.Үйдегі сырттың барлық
шаруашылығын атқарып жүреді.Саясатты жақсы біледі.Үнемі теледидардан
жаңалықтарды үзбей тыңдайды.Сонымен қатар отбасымызда ерекше аталатын
екі жан бар. Біреуі қарындасым Арина.Өзі қырсық болғанымен ақылды әрі
сүйкімді.Екінші жан інім Әбілмансұр.Қылығы да,тілі де былдырлаған тәтті-ақ.
Өте тіл алғыш,зерек болып өсіп келеді.Ағам Серік те қашанда ақылын айтып,қамқорлық танытып жүреді.
Анамның,ағаларымның,жеңгемнің де орны ерекше.Әрқайсысының өзіндік қасиеттерін бағалап, құрметтеймін.
Өз отбасымдағы жандарды алтынға теңеп,оларға шаң жұқтырмай қорғауға қашанда әзірмін. «Отан отбасынан басталады.»
Ендеше,Отанымды қастерлеуге қашанда дайынмын.
Достарыңызбен бөлісу: |