жылдан бастап • Округтік приказдың міндеттері:
Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету Халыққа білім беруге қамқорлық жасау Тұрмыстық жағдайлар мен шаруашылық жұмыстарын жақсарту Қарақшылық тонауға, барымтаға және өкімет билігіне бағынбау әрекеттеріне тыйым салу Өз бетімен кетіп, озбырлық жасауға жол бермеу Тергеуді және сот істерін әділ жүргізу Діни наным-сенімдерге байланысты мәселелерді шешу Сауда керуеннің жүріс-тұрысын бақылау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету Жасақ (алым-салық) жинау Егіншаруашылын дамытуға қамқорлық жасау • Округтік приказдың басты қызметінің бірі: сот ісін жүргізу • «Приказдардың сот жүргiзу iсi ұзақ уақытқа созылып, еш нәтижесiз аяқталды. Ал билер соты
даулы мәселенi жылдам және әдiлдiкпен шешiп отырды. Сондықтан билер сотына қазақтар ғана
емес, сонымен қатар әртектiлер мен казактар да үлкен құрметпен қарады» деп жазған: А. Гейнс • Басқарудың жаңа жобасын өмірге бірте-бірте және ауыртпалықсыз енгізу үшін жасалған жағдай:
патша үкіметі барлық алым-салық түрлері өтеуге бесжылдық жеңілдік берді • Жеңілдік мерзімі өткен соң округ халқы төлеуге тиісті болған жасақ: мал басының санына қарай 100 бастан бір бас мөлшеріндегі жасақ • Алым-салық үшін мал санағы өткізіліп тұрған уақыт: 3 жылда бір рет • Жергілікті тұрғындар қосымша алым-салықтар төлемеу үшін жасаған амал: мал санын жасыруға тырысты • «Жарғы» енгізілгеннен кейін болған өзгерістер:
Әр округте екі емші жұмыс істей бастады Тұрақты жұмыс істейтін ауруханалар пайда болды Жергілікті әкімшілікке халықты шешек ауруына қарсы егуден өткізу міндеттелді • «Жарғы» бойынша жергілікті билік органдарына тапсырылған міндет: христиан дiнiн таратумен аты шыққан дiни миссионерлердiң қазақ даласындағы қызметiн күшейту • 1822 жылғы «Жарғының» жағымды жақтарының бірі: округ тұрғындарының балаларын