1950 жж ортасынан 1985 ж дейін өндірістік оқыту шеңберінде



Дата08.06.2023
өлшемі14,44 Kb.
#99626
Байланысты:
Бірінші


Бірінші кезеңде (1950 жж. ортасынан 1985 ж. дейін) өндірістік оқыту шеңберінде 
орта мектепте кибернетиканы және информатиканы оқыту курсының екі – жалпыбілімділік және қолданбалы бағыттары пайда болды. Жалпыбілімділік бағытында 
оқыту – ақпараттық процестерді, табиғаты әртүрлі жүйелердің 
құрылысы мен басқарылу принциптері, ақпаратты өңдеуді 
автоматтандыру мәселелеріне арналды. Қолданбалы бағыты бойынша – жоғарғы 
сынып оқушыларын есептеуіш техника саласында кәсіби дайындау 
шеңберінде, ЭЕМ құрылымы және бағдарламалауға негізделген курс оқытылды. 
Екінші кезең (1985ж. – 1980 жж. аяғы) мектептің оқу 
жоспарларына «Информатика және есептеуіш техника негіздері» 
міндетті курсын енгізумен (1985 ж.) сипатталады. Курсты оқыту үшін 
А.П. Ершов және В.М. Монаховтың жетекшілігімен авторлар ұжымы 
құрастырған бірінші оқулығы қолданынысқа енді (1.1-кесте).
Үшінші кезең (80-жж. аяғы 90-жж. басы) әртүрлі авторлар 
ұжымы (В.А. Каймин, А.Г. Кушниренко, 

А.Г. Гейн) 



құрастырған үш 
оқулықтың қолдануымен байланысты. Мектептерде 80-жылдардың 
аяғында информатика бойынша ЭЕМ-ді қолдануға бағытталған 
оқулықтардың және оқу бағдарламаларының қажеттілігі өсті. Кеңес 
одағының мектепті компьютерлендіру мәселесіне көңіл аударғанына 
«Информатика и образование» (ИНФО) деп аталатын жаңа ғылыми-
әдістемелік журнал баспасының пайда болуы куә болады, бұл 
журналдың бірінші саны 1986-1987 оқу жылында шықты. Ал 
Қазақстанда 1992 жылы Қазақстан Білім министірлігінің ғылыми-
әдістемелік 
педагогтік 
«Қазақстан 
мектебі» 
журналының 
«Информатика, Физика, Математика» атты қосымшасы жарық көре 
бастады [2, 24 б.]. 
80-жж. аяғынан бастап білім берудің барлық деңгейлерінде 
информатиканы оқытудың мазмұны маңызды өзгерістерге түсуде: 
бағдарламалауға бөлінген сағаттар саны азайып, ақпараттық 

1
[2, 4-29 б.] қараңыз. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет