1996 жылдан бастап шығады Основан в 1996 году



Pdf көрінісі
бет9/24
Дата06.03.2017
өлшемі3,23 Mb.
#8199
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24

 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Мемлекеттік  қызметшілердің  жағымды  сипаты  қалыптастыру        [Электрондық 
ресурс]. -2012. – URL˸ 
http:// kasipkerlik.aktobe.gov.kz
 [04.01.2013].    
2.  Мемлекеттік  қызметші  этикасы  [Электрондық  ресурс].  -2012.  –  URL˸ 
http://www.isataiakimat.kz
  [30.12.2012].    
3.  Мемлекеттік  қызметшілер  басшылыққа  алатын  сегіз  этикалық  норма      (ҚР 
Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Нұр  Отан»  ХДП-ның  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 
форумында сөйлеген сөзінен, 
2008 жылғы 6 қараша) [Электрондық ресурс]. -2012. – 
URL˸ 
http://www.adsgov.kz
 [23.12.2012].    
4. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі              № 119 
Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  қызметі  жаңа 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

89
 ~ 
 
моделінің 
тұжырымдамасы 
[Электрондық 
ресурс]. 

2011. 
– 
URL˸  
www.online.zakon.kz
  (03.01.2013).    
Резюме 
В  данной  статье  рассматриваются  вопросы,  касающиеся  этических  норм 
которыми руководствуются государственные служащие в Республике Казахстан. 
    
Summary 
In this article  are examined questions touching ethic norms that is followed by 
civil servants in Republic of Kazakhstan  
 
 
ӘОЖ 343.1 
А.А. Салихова, А.Т. Султанова 
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІ ШЕШУДЕ МЕДИАЦИЯНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ 
ҚОЛДАНЫЛУЫ 
 
Аңдатпа 
Қылмыстық-құқықтық  қатынастардан  туындайтын  жанжалдарды  реттеу 
жөніндегі  медиация  қылмыстық  іс  жүргізу  заңнамасымен  белгіленген  сотқа  дейінгі 
және  сотта  істі  қарау  мерзімдерінде  жүзеге  асырылуға  тиіс.  Медиаторлықты 
қылмыстық  құқық  аясында  қолдану  -  өзара  дауласқан  тарапты  үшінші  жақтың 
келісімге шақыруымен сотқа жетпей татуластыру. 
Негізгі  сөздер: 
медиация,  медиатор,  бұзақылық,  ұрлық,  қылмыстық  қатынастар, 
сот процесі, жәбірленуші, кәсіби медиатор. 
 
«Медиация  туралы»  заң  өткен  жылдың  5  тамызында  күшіне  енді.  Бұл  заң 
көптеген  шағын және орта дәрежелі қылмыстық істерді сотқа жеткізбей, екі жақтың 
өзара  келісімі  арқылы  шешуге  мүмкіндік  береді.  Қазақта  биге  жүгініске  бармас 
бұрын  ұсақ-түйек  даулар  ауыл  ақсақалдарының  алдында  шешіліп,  келісімге  келіп 
жататын  тәжірибе  ертеден  бар.  «Медиация  туралы»  заң  соттың  онсыз  да  ауыр 
жүктемесін  азайтып,  ұсақ-түйек  дауларды  екі  тарапты  қатыстыра отырып  келісімге 
келу арқылы шешуге жағдай туғызды. 
Қазақстан Республикасының «Медиация» туралы заңының 1 бабында былай 
делінген:  жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және 
өзге  де  құқық  қатынастарынан  туындайтын,  сондай-ақ  онша  ауыр  емес  және 
ауырлығы  орташа  қылмыстар  туралы  істер  бойынша  қылмыстық  сот  ісін  жүргізу 
барысында қаралатын даулар медиацияның қолданылу саласы болып табылады[1]. 
Бүгінгі  күні  еліміздегі  заңға  қайшы  әрекеттердің  басым  бөлігі  қылмыс  деп 
танылып, іс сотта қаралып, айыптыны абақтыға жабумен тынып жатқаны жасырын 
емес.  Соның  салдарынан  аяғын  шалыс  басқаны,  абайсызда  кінә  арқалағандар 
қылмыскермен  қатар  сотты болып  жатыр. Ондай  шалыс  басуды,  қызуқандылықпен 
қылмыс  жасауда,  албырттық  пен  абайсыздыққа  бару  да  ең  алдымен  жастарға  тән 
құбылыс  болатыны  тағы  белгілі.  Ендеше  аса  ауыр  емес,  ауырлығы  орташа 
қылмыстардан  көпшілігі  сотқа  жеткізбей-ақ  айыпталушы  мен  жәбірленуші  жақтың 
ортақ мәмілесімен шешудің маңызы зор болмақ. Екіншіден, өзара дауласқан тарапты 
үшінші жақтың келісімге шақыруымен сотқа жетпей татуластыру - қазіргі қылмыстың 
үдерістер барысында да бұрыннан қолданылатыны белгілі. Әйтсе де бұл қылмыстық 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

90
 ~ 
 
заңнамаға  сәйкес,  тек  жекелеген  талаптардың  өз  еріктерімен  осы  істі  мәмілемен 
жүзеге асыруға ниет білдірген жағдайында ғана  қолданылатыны бар. Әғни, қазіргі 
заң  бойынша  да  белгілі  бір  жағдайда  жанжалшыл  тараптардың  медиатор  жүйесін 
қолдануына  болады.   Ал  ондай  жағдай  да  сот  әлгі  мәмілегерлік  үдерісінің 
қаншалықты  заңды  іске  асырылғандығын  бақылайды.   Үшіншіден,  өркениетті  жұрт 
тараптар  құқығын  қорғауды  жоғарыға  қойып,  дау  бітімін  алдымен  олардың  өз 
арасына ұсынады.  Сондықтан мамандар заң күшіне енгеннен бастап жеңілдіктерге 
жол  ашылатынын,  оның  ішінде  жеңілдік  сотқа  ғана  емес,  ең  алдымен,  оған 
жүгінетіндер үшін болатынын алға тартады. 
Елімізде  2003  жылы  Елбасының  Жарлығымен  өлім  жазасына  мораторий 
жарияланып,  2004  жылы  өлім  жазасы  альтернатты  түрде  өмір  бойы  бас 
бостандығынан  айыру  жазасымен  ауыстырылды.  Осы  арқылы  өркениетті  елдер 
арасында  адам  құқықтарының  жоғары  талаптарын  орындаушы  мемлекет  ретінде 
танылдық. Бүгінде  құқық  қорғау жүйесінің жұмысы  бұрынғы  кеңестік қағидалардан 
арылып,  әлемдік  тәжірибенің  озық  үлгілерін  енгізуге  бетбұрыс  жасады.  Әсіресе, 
қылмыстық  сот  өндірісінде  жәбірленушілердің  бұзылған  құқықтарын  қалпына 
келтіру  тәсілі  мен  медиацияны  енгізу  бастамасы  ізгілендіру  саясатының  жарқын 
көрінісі деуге болады. 
Медиаторлықты  қылмыстық  құқық  аясында  қолдануға  байланысты  айтар 
болсақ, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабында бітімгершілік 
жолмен  шешудің  алғышарттары  көрсетілген.  Мәселен,  қылмыс  жасап,  жасаған 
қылмысы  үшін  қатты  өкініп,  қиналып,  күйзеліске  түскен  жағдайда,  жәбірленушіден 
кешірім  сұрап  жатса  және  жәбірленушіге  келтірілген  залалдың  орнын  толтырса, 
сотпен  Қылмыстық  кодекстің  67-бабы  қолданылып,  сотталушының  жәбірленушімен 
татуласуға байланысты қылмыстық іс қысқартылуға жатады. 
Қазір  заң  кішігірім  және  орташа  ауырлықтағы  қылмыстық  істер  бойынша 
медиация  жүргізуге  рұқсат  береді.  Олар  бұзақылық,  ұрлық  және  жол-көлік 
оқиғалары.  Жасы  кәмелетке  толмағандар  қылмысын  да  қарауға  болады.  Егер 
адамдар  құқық  қорғау  органдарына  медиативті  келісіммен  баратын  болса,  онда 
қылмыстық  іс  тоқтатылуы  мүмкін.  Медиацияда  қаралған  дау  медиация  үдерісіне 
қатыспайтын үшінші  бір тұлғаның мүддесіне  қатысты  болса мүмкін  болмайды. Дау-
дамай барысында тараптың бір мемлекеттік орган болса да жүргізілмейді. Сыбайлас 
жемқорлық  қылмыстары  туралы  немесе  мемлекеттік  басқарма  және  мемлекеттік 
қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар туралы қылмыстық істер де қаралмайды. 
Жәбірленуші мен айыпталушының татуласу институтын қолдануға мүмкіндік 
беретін  нормалардың  қылмыстық  заңнамада  болуы  сот  төрелігін  қалпына  келтіру 
тәжірибесін  қалыптастырудың  маңызды  алғышарты  ретінде  қызмет  етеді.  Осыған 
байланысты,  қылмыстық-құқықтық  қатынастар  саласында  медиацияны  ауыр  емес 
және  орташа  ауыр  қылмыстар  бойынша  өткізу  қарастырылады,  бұл  ретте, 
медиацияны  өткізу  қылмыстық  іс  бойынша  іс  жүргізуге  кедергі  болмайды. 
Қылмыстық-құқықтық  қатынастардан  туындайтын  жанжалдарды  реттеу  жөніндегі 
медиация қылмыстық іс жүргізу заңнамасымен белгіленген сотқа дейінгі және сотта 
істі қарау мерзімдерінде жүзеге асырылуға тиіс[2]. 
Осы ретте кәмелеттік жасқа толмаған  жасөспірімдерге  қатысты қылмыстық 
істерді  қарауда  «Медиация  туралы»  заңның  әлі  оң-соңын  танып  білмеген 
жеткіншектердің  абайсыздықта  жасаған  жеңіл  қылмыстарын  ізгілендіруге  тигізер 
әсері  мол.  Өйткені,  қандайда  бір  қылмыстық  істің  басталған  кезінен  аяқталған 
уақытына дейін айыпталушы азаматпен тергеу амалдары тікелей жүргізіліп, іс сотқа 
түскен кезде де бетпе-бет отырғызылып, сот тергеуі көзбе-көз жүзеге асады. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

91
 ~ 
 
Нақты бір мысал келтірейік, жаяу жүргінші және жүргізуші, шағын жол-көлік 
оқиғасы. Жәбірленуші сотқа шағымданады. Жүргізушінің кінәсін дәлелдеу үшін оған 
бірнеше  сараптамадан  өтуге,  оқиғаның  қалай  болғандығын  қай-қайта  әңгімелеуге, 
іске  көптеген  адамдарды  тарту,  сондай-ақ,  әрқайсысына  істің  мән-жайын  қайта-
қайта  түсіндіруге  тура  келеді.  Уақытты  жоғалту  жауапкерге  де  оңай  тимейді. 
Жауапкер  мен  жәбірленуші  маған  келді.  Және  мәселе  басқа  бір  қырынан  туындай 
бастады.  Ақыр  аяғында олардың  жедел  түрде  бітімге  келу  мүмкіндігі  пайда  болды. 
Және  ешқандай  да  тәуекелділікке  барудың  қажеттілігі  болмады. Екі  тараптың  бірін 
бұл  шешім  қанағаттандырмайтын  болса,  онда  ол  ешқандай  түсініктемесіз 
медиациядан  бас  тартуға  құқылы    және  сот  процесін  қайтадан  қолына  ала  алады. 
Алайда,  бұл  оқиға  сөзсіз  екі  сағаттың  ішінде  шешілді.  Жол-көлік  оқиғасына  кінәлі 
адам  өтемақысын  төледі  де,  әйелді  денесіндегі  көгергендер  және  жарақаттарын 
емдету үшін шипажайға жіберді. Екі тарап та риза, бір-біріне қоятын талаптары жоқ. 
Мұнымен  қатар,  мемлекеттік  қызметкерлер,  тергеуге  алынған  қабілет  жоқ 
адамдар, сондай-ақ жазасы өтелмеген немесе сотталғандығы кешірілмеген тұлғалар 
медиатор бола алмайды. Медиация туралы келісімге қол жеткізгеннен кейін, егер іс 
сотта  қаралса,  ол  сотта  бейбіт  келісім  секілді  мақұлданады.  Дауласушы  тараптар 
медиация  туралы  келісім-  шарт  және  сотқа  дейінгі  тәртіппен  жанжалды  реттеу 
туралы  келісім  жасаған  жағдайда,  келісім  дауласушы  тараптар  оны  ерікті  түрде 
орындауға  міндеттеледі  дегенді  білдіреді.  Ауыр  емес  және  орташа  ауырлықтағы 
қылмыстар  бойынша  жәбірленуші  тарапқа  келген  залалдың  орнын  толтыру  және 
оларды  татуластыру  арқылы  дауды  реттеу  туралы  келісім  жасау  әрі  қарай 
қылмыстық  қудалауды  тоқтататын  жағдай  болып  табылады,  яғни  Қазақстан 
Республикасы Қылмыстық кодексінің 67 бабы бойынша іс тоқтатылады. Медиацияны 
жүргізуге байланысты шығыстар мыналарды қамтиды:  
1) медициаторға сыйақы төлеу;  
2)  медиацияны  жүргізуге  байланысты  медиатор  шеккен  шығыстар,  оның 
ішінде  дау  қаралатын  жерге  жолжүру  ақысын  төлеуге,  қонақүйге  тұруға  және 
тамақтануға арналған шығыстар.  
Кәсіби  медиаторлар  медиацияны  ақылы  да,  тегін  негізінде  де  жүзеге 
асырады.  Кәсіпқой  медиатор  сыйақысының  мөлшері  медиация  басталғанға  дейін 
медиатормен  тараптардың  келісімі  бойынша  айқындалады.  Егер  тараптардың 
келісімімен  өзгеше  белгіленбесе,  медиацияны  жүргізуге  байланысты  шығыстарды 
тараптар бірлесіп тең үлестермен төлейді[3]. 
Рас, бір жылға жуық уақыт өткеніне қарамастан, бұл заң әлі толық қуатында 
жұмыс  істеп  кетті  деп  айтуға  ерте.  Өйткені,  көп  адамдар  жаңа  заңды  дұрыс 
түсінбейді,  ал,  шалғай  ауылдың  тұрғындары,  тіпті,  мұндай  заңның  барынан  да 
бейхабар. Яғни, заңды халыққа түсіндіру, жеткізу бағытында біраз жұмыстар жүргізу 
қажетҚылмыстық  процесс  барысында  медиацияны  жүргізу  кезінде  тараптар  қол 
жеткізген  дау-шарды  реттеу  туралы  келісім  жәбірленушіге  келтірілген  залалдың 
орнын толтыру және қылмыс жасаған адамның жәбірленушімен татуласуы жолымен 
дау-шарды  реттеу  туралы  келісімді  білдіреді.  Аталған  келісім  дереу  іс  жүргізуіндегі 
қылмыстық  іс  жатқан  қылмыстық  процесті  жүргізетін  органға  жіберіледі  және 
Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  іс  жүргізу  кодексіндегі  көзделген 
жағдайларда  қылмыстық  қудалауды  болдырмайтын  не  оны  жүзеге  асырмауға 
мүмкіндік беретін мән-жай болып табылады және дау-шарды реттеу туралы келісім 
оған тараптар қол қойған күні күшіне енеді.  
 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

92
 ~ 
 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Қазақстан  Республикасының  2011  жылғы  28  қаңтардағы  №  401-IV  «Медиация 
туралы» Заңы //Егемен қазақстан, 2011, № 042-043 (05.02.2011).  
2.  Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  іс  жүргізу  кодексі  13  желтоқсан  1997 
жыл  № 206-I  //  Қазақстан  Республикасының  Парламентінің Жаршысы, 1997  ж., № 
23, 335 құжат. 
3.  Жаңаарқа  аудандық  сот  кеңсесінің  бас  маманы  Ә.С.Рахимжанова    Медиация 
туралы 05.10.2012. 
Резюме 
В  данной  статье  рассматриваются  особенности  медиации,  проводимой  в 
ходе уголовного судопроизводства и способы разрешения спора путем примерения 
сторон. 
Summary 
In this article considers the features of the mediation carried out in the course of 
criminal  proceedings  and  the  ways of  settlement  of  the  dispute  by  reconciliation of  the 
parties. 
ӘОЖ 070.431.5 
 
Р.К. Турдалиева, М.Ж. Дүйсегалиев 
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ 
РӨЛІ 
 
Аңдатпа 
Бұл  мақалада    шетел  инвестициясын  тарту  белсенділігінің  Қазақстан 
Республикасындағы даму жағдайы мен оның негізгі көрсеткіштері берілген. 
Негізгі  сөздер: 
шетел  инвестициясын  тарту  белсенділігі,  инновациялық 
инфрақұрылым, 
ғылыми-технологиялық 
және 
инвестициялық 
қызмет, 
инвестициялаудыынталандыру. 
 
        
 Шетел  капиталын  тарту  және  оны  пайдаланудың  тиімділігін  көтеру, 
мемлекеттің  ұлттық  мүдделері  мен  шетел  инвесторлары  мүдделерінің  келісімді 
болуын  қамтамасыз  ету  мақсатында,  ұйымдастырушылық,  экономикалық  және 
құқықтық механизмді жетілдіру, инвестициялық қызмет үшін жалпы қолайлы жағдай 
мен экономиканың басым салаларын дамыту преференциялық режим құруды талап 
етеді. Іс  жүзіндегі  механизмге толықтырулар  мен  өзгерістер  шаруашылық жағдайы 
мен  оның  икемділігін  көтеруге  байланысты  енгізілуі  тиіс.  Шетел  инвестицияларын 
тарту  мен  қолдану  процесін  тежеуші  бюрократиялық  процедураларды  жеңілдету 
және шетел инвесторларының құқықтарын қорғау бойынша кепілдемені көтеру аса 
маңызды рөлге ие. 
          Шетелдік инвестициялар - Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының 
жарғылық  капиталына  қатысу,  сондай-ақ  оларға  қатысты  шетелдік  инвесторлар 
осындай  заңды  тұлғалар  қабылдаған  шешімдерді  белгілеуге  құқығы  бар  Қазақстан 
Республикасының  заңды  тұлғаларына  заемдар  (несиелер)  беру  нысанында  жүзеге 
асырылатын  инвестициялар  және  Қазақстан  Республикасының  лизинг  туралы 
заңдарында  көзделген  шарттармен  лизинг  нысаналарын  беру.Қазақстан  үшін 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

93
 ~ 
 
тікелей  шетелдік  инвестиция  неғұрлым  тиімді.  Ол  қабылдаушы  елдің  шаруашылық 
қызметінде  инвестордың  ұзақ  мерзімді  мүддесін  қанағаттандырады  және  сыртқы 
борышты қалыптастырмайды. 
       
ТМД  елдерінің  арасында  Қазақстан  экономикаға  тартылған  шетелдік 
инвестицияның  көлемі  бойынша  көш  бастап  келеді.  Күрделі  құрылысқа  салынған 
инвестицияның жалпы көлеміндегі шетелдік инвестицияның үлесі 2006 ж. 1,5%-дан 
2010 ж. 38,6%-ға артты. 2010 ж. 2751 млн. долл. шет ел қаражаты тартылды, мұның 
өзі  2006  жылғымен  салыстырғанда  48,6%  жоғары.  Тек  1998  –  2005  ж.  тартылған 
тікелей  шетелдік  инвестицияның  көлемі  9700  млн.  долл.  болды,  бұл  ретте  оның 
жалпы көлемінің 54,4%-ы мұнай-газ секторына, 20,1%-ы түсті металлургияға, 3,8%-
ы  қара  металлургияға,  3,7%-ы  энергет.  кешенге,  3,4%-ы  тамақ  өнеркәсібіне 
салынды. 
      
 Шетелдік  тікелей  инвестицияның  өсу  себептері  және  күтілетін  үрдістері 
туралы  мыналарды  айтуға  болады.  Халықаралық  капитал  жылжуының  негізгі 
қатысушылары  жеңілдікті  инвестициялы  режиммен  ерекшелінетін  елдерге  емес, 
нарықтық  үдерістер  белсенді  дамыған  елдерге  жатады.Қазақстан  экономикасына 
шетел капиталын тартудың  негізгі  формаларының бірі  –  сыртқы  несиелер.Несиелік 
келісім  шарттарға  қол  қоюда,  сонымен  бірге,  көзделген  инвестициялық жобаларды 
жүзеге  асыруда,  дефольттардың,  яғни  сыртқы  қарызды  жабумен  байланысты 
бірқатар қиындықтар туу мүмкін. 
     
 Басым инвестициялық жобаларды таңдап  алу механизмінің  басты  кемшілігі 
– таңдаудың нақты белгілері мен қарапайым бағыт - бағдардың жоқтығы. Қарыздар 
мен  несиелердің  басым  көпшілігі  нақты  жобаларды  қаржыландыру  үшін  тартылуы 
тиіс:  кен  орындарын  игеру,  шағын  кәсіпорындарды  ,  білім  және  денсаулық  сақтау 
жүйесін  дамыту,  демографиялық  жағдайды  жақсарту,  т.с.с.  Мұндай  сараптама 
негізінде  жобалардың  техника  -  технологиялық,  бағалық  және  құқықтық  жағына 
толықтырулар енгізілуі тиіс. Маркетингтік зерттеулер жүргізілуі тиіс: шикізат көлемі 
және  жеткізетін  көздері,  қажетті  мамандар  және  жұмысшылар  саны,  өткізу 
нарығының мүмкіншілігін бағалау. 
     
Содан кейін жобаның негізгі өлшемдері анықталуы керек: оның пайдасы мен 
шығындары, 
тиімділігі, 
қайтарымдылық 
мерзімі, 
сонымен 
бірге 
валюта 
қайтарымдылығы,  коммерциялық  тәуекел  деңгейі,  негізгі  макроэкономикалық 
көрсеткіштерге  әсері  -  өндіріс  көлемінің  өсімі,  бюджет,  ұлттық  табыс  өсімі, 
шығындардың  төмендеуі,  әлемдік  нарықта  өнімнің  бәсекеге  қабілеттілігінің 
жоғарылауы.Жобаның  экономикалық  аспектілерінің  сапалық  және  сандық  талдауы 
жобаны таңдау мен оған сараптама жасаудың негізгі белгісі болып табылады.  
Қазақстан  экономикасына  әлемдік  инвестициялауды  ынталандырудың  маңызды 
факторы  –  саяси,  әлеуметтік  -  экономикалық  және  коммерциялық  тәуекелдерді 
кәсіби  және  толық  сақтандыру.  Біздің  еліміздің  осы  саладағы  инвестициялық 
тартымдылығы  инвесторлар  құқықтарының  деңгейін  көтеретін  бірқатар  маңызды 
жаңа заңнамалық ережелерге ие.  
       
Қазақстанда  инвестициялық  ағымның  жылдан-жылға  көбеюінің  басты 
себебін  жаңа  мұнай-газ  кеніштерінің  ашылуымен  түсіндіруге  болады.  Жыл  сайын 
елімізге келетін шетел инвестициясының 70 пайызы тау-кен өндірісіне, оның ішінде 
мұнай – газ секторына жұмсалса, 10 пайызға жуығы ауыл шаруашылығы мен қайта 
өңдеу  өнеркәсібінде  игеріледі  екен.  Бүгінгі  таңда  өндірістік  инфрақұрылым 
саласында  27  келісім  –  шарт  негізінде  шетел  инвесторларды  жұмыс  істеп 
жатыр.Үкіметіміз  шетелдік  инвесторлармен  ауылшаруашылығы  саласына  қатысты 
жалпы  саны  14  келісім  –  шартқа  отырып,  27  млн  .  АҚШ  долларын  қолма  –  қол 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

94
 ~ 
 
иемденіп,  1.6  мың  жұмыс  орнының  ашылуына  мүмкіндік  жасады.  Президент  соңғы 
жылдары  Астананың  әлеуметтік  –  экономикалық  жағынан  гүлденуіне  баса  назар 
аударып  жүр.  Сондықтан  болар,  Астананың  құрылыс  –  сәулет  және  өзге  де 
экономикалық салаларында 20млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылып, 
2001 жылдың өзінде – ақ 291 жұмыс орнын ашты. 
        
Қазақстанда 9 арнайы экономикалық және 4 индустриялық аумақ жұмыс іс-
тейді. Мемлекет жүргізіп отырған барынша ашықтық және тұрақтылық саясаты шет-
елдік  инвесторлардың  сеніміне  ие  болып  келеді.  Оған  елімізге  тартылған 
инвестициялар дәлел. 1993 жылдан бері Қазақстан 150 млрд-қа жуық АҚШ доллары 
көлемінде  инвестиция  тартқан.  Осы  көрсеткіш  бойынша  республика  Орталық  Азия 
елдерінің  арасында  –  бірінші,  ТМД  елдерінің  арасында  екінші  орында.  Бүгінгі 
форумның  пішіні  біздің  елімізде  бизнес  жүргізудің  экономикалық,  құқықтық  және 
басқа  да  шарттарын жақынырақ түсінуге  мүмкіндік  береді.Елордада  бизнес  жүргізу 
үшін инвесторларға ыңғайлы жағдай жасалынып жатыр.  
Біріншіден,  біздің  елдің  заңында  инвестиция  үшін  базалық  шарт  нақты  жазылған. 
Олар  меншікке  қол  сұғылмайтындығы,  келісім-шарттардың  тұрақтылығы,  келісім-
шарттар бұзылған жағдайда шығындарды толық өтеу және мүліктің нарықтық құнын 
өтеу. 
          Екіншіден,  Қазақ  елінің  жас  елордасында  өзгенің  тәжірибесін  жан-жақты 
зерделеп,  оның  үздік  жағын  енгізуге  мүмкіндік  бар.  Үшіншіден,  ел  Президентінің 
тапсырмасына  сай  мемлекет  бизнес  бастамаларды  қорғаудың  жаңа  құқықтық 
тетіктерін  енгізуді  жалғастыруда.  Олардың  қатарында  әлеуетті  инвесторға  мол 
мүмкіншілік  беретін  мемлекет-жеке  меншік  әріптестігінің  жаңа  пішіні  туралы  заң 
жобасы да бар. 
       
 Республикаға 
 
шетел 
инвестицияларды 
тартудың 
перспективалы 
формалары  келесідей:  портфельді  инвестициялар  (акция  сатып    алу);  бірлескен 
кәсіпорындарды  құруға  кететін  инвестициялар;  кәсіпорынды    басқаруға  алған 
фирмалардың 
 
инвестициялары; 
кәсіпорындарды 
өздері 
иеленуге 
алған 
компаниялардың  инвестициялары.  Шетелден  капитал  қазіргі  уақытта    негізінде  екі 
канал  арқылы  тартылады:  үкіметтік  кепілдік  берілетін  халықаралық    несие  және 
тікелей инвестициялар.Жалпы 1998-2011 жылдары тікелей шетел инвестицияларын 
тарту  бойынша  алдыңғы  қатарда  бұрыңғыдай  тау  кен  өндірісі    5431,54  млн.  долл. 
(64,48 %), жалға беру 1791,97 млн. долл. (21,27 %), өңдеу өндірісі 515,77 (6,12 %) 
болып  отыр  (кесте  1  және  2  бойынша).  Шетел  инвесторлары  арасында  белгiлi 
қызығушылықты  қазақстандық  экономиканың  қара  металлургия,  энергетикалық 
кешені мен өндiру өнеркәсiбi  сияқты салалар тудырып отыр. 
 
Кесте  1  -  Қазақстан  Республикасына  қызметтер  нысандары  бойынша  тікелей  шет             
инвестицияларының 1998 – 2011 жылдары келіп түсуі (млн.долл.) 
Сала
 
1998-
2006
 
2007
 
2008
 
2009
 
2011
 
Ауыл шаруашылығы
 
7,4
 
5,0
 
2,4
 
1,6
 
-2,02
 
Тау кен өңдеу өндірісі
 
7841,2
 
3088,1
 
2123,4
 
2187,8
 
5431,54
 
Өңдеу өндірісі
 
1766,4
 
832,4
 
993,7
 
993,7
 
515,77
 
Электрқуатын, газды, суды өндіру және 
бөлу
 
433,0
 
33,8
 
19,0
 
67,7
 
11,39
 
Саудажәнеқызметкөрсету
 
150,5
 
63,6
 
103,2
 
164,0
 
267,63
 
Мейрамханалар мен қонақ үйлері
 
52,4
 
25,3
 
12,3
 
7,3
 
13,44
 
Көлікжәнебайланыс
 
160,0
 
161,1
 
95,2
 
75,8
 
81,89
 
Қаржы қызметі 
206,4 
44,8 
11,8 
52,7 
67,74 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

95
 ~ 
 
Жалға беру, кәсіпорындарға қызмет ету  
және жылжымайтын мүлікпен қызмет ету 
1432,8 
454,5 
845,7 
987,1 
1705,93 
Мемлекеттік басқару, білім беру, 
денсаулық  сақтау және әлеуметтік қызмет 
118,1 
6,0 
13,4 
4,2 
90,74 
                Жалпы,  инвестиция  мәселесі  ел  дамуы  үшін  үлкен маңызды  мәселе.  Ресми 
мәліметтерге  қарағанда,  Қазақстанның  тәуелсіздіктен  бері  қарай  өз  экономикасы 
үшін  тікелей  тартқан  инвестициясы  108  миллиард  долларды  құрайды.  Орталық 
Азиядағы  барлық  шетелдік  инвестицияның  80  пайызы  да  Қазақстанның  еншісіне 
бұйырған.  Жан  басына  шаққан  көрсеткіште  бұл  өте  қомақты  деңгейді  білдіреді. 
Яғни,  бір  сөзбен  айтқанда,  Қазақстан  инвестиция  мәселесінде  табысты 
мемлекеттердің біріне айналып отыр. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет