1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет74/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   220
Байланысты:
httprmebrk.kzjournals253993609.pdf 3

АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
кинетикалық формадағы статика болып табылады. Басқаша айтқанда, бір 
сҽтте тоқтап қалған, бір минутқа тоқтатылған, қатып қалған (оны теориялық 
бақылау жҽне кҿз алдыңа келтіру мүмкін болуы үшін) ҽрекет (динамика). Бұл 
публицистиканың мысалы суретке алынған, оның ең ҽмбебап ҿзгешелігі 
кҿзқарасынан кҿлемі жҽне формасы бойынша барған шектегі ішкі ҽрекеті. 
Жалпы ҽдістің ең кем дегенде жеті ерекше белгісі бар. Біріншіден, ҽдіс – 
публицистиканың ішкі сипаты. Екіншіден, жалпы ҽдіс бҿлшектелген, кҿп 
санды емес, ол бірден бір түсінік. Үшіншіден, ҿзінің кҿлемі бойынша жалпы 
ҽдіс жаһандық жҽне публицистиканың ҿзіне тең, бірақ тек бір нҽрседе, 
барынша ішкі ҽрекеті кҿзқарасынан тең болады. Тҿртіншіден, бұл оны ашу, 
яғни ҿзіне тҽн ҿзгешелігін пайдалану жолымен ҿзінің мазмұн-мҽнісін кҿрсету 
мақсаттарында публицистиканың ҿзін ҽрекетке келтіруі. Бесіншіден, жалпы 
ҽдіс – бұл басқа ешнҽрсеге емес, ал публицистиканың тек ҿз ҿзгешелігіне 
ғана байланысты болған объективті категория. Алтыншыдан, ҽдіс – бұл жол, 
яғни ҽрекет. Бірақ, бұл ҽрекетті ең болмағанда бір сҽтке тоқтатқан жағдайда 
ғана, теориялық жақтан ҽдісті қамтып алу, түсіну, аңғару мүмкін болады. Iс 
жүзінде мұндай ҽрекет ешқашан тоқтамайды жҽне егер біз оны тоқтататын 
болсақ, тек ой-пікірімізде, публицистика ҽдісі жҿнiнде ғылымға айқындық 
кіргізу үшін тоқтатамыз. Жетіншіден, публицистика ҽдісі сҽулелендіруді – 
публицистиканың ҿзін-ҿзі, ішкі сҽулелендіруі сипатында назарда болады. 
Публицистика ҽдісін кҿптеген зерттеушілердің іздегені мҽлім, олардың 
бірқатарын біз жоғарыда келтірдік. Бірақ публицистиканың жалпы ҽдісі ҽліге 
дейін табылмады. Бізден алдынғылардың негізгі қатесі сонда, олар жалпы 
ҽдістің ҿзін емес, ҽдістің кҿп санды жҽне кҿп дҽрежелі дара кҿріністерін 
зерттеп үйренді. Публицистиканың жалпы ҽдісін зерттестіру міндеті 
ғылымда тиісті жолға түспеді. В.И.Здоровега мұны табу мүмкін емес деген 
еді [5]. 
Публицистиканың жалпы ҽдісін қалыптастырудан бұрын біз соңғы 
мҽселеге ҿтеміз. Ҽдіс зерттеліп жатқан құбылыстың, объектінің ҿзінің 
мазмұнының жҽне формасының ҿзгешеліктеріне, яғни публицистиканың 
ҿзіне байланысты болады. Публицистиканың ажыратылып тұратын 
ҿзгешеліктері жҿніндегі біздің бақылауларымызды жалпыластырамыз.
Публицистикалық шығарманың ҿзіне тҽн ерекшелігі һақында жоғарыда 
біраз сҿз етілді. Енді келтірілген пікірлерді жалпыластырамыз. Неліктен 
публицистикалық шығарма, публицистикалық емес шығармаға қарағанда 
назарымызды кҿбірек тартады? Ҿйткені ол ҿзіне тҽн біршама ҿзгешеліктерге 
ие болады, олардың арасында негізгілері тҿмендегілер болып табылады: 
1) баршаға қызықты болған қоғамдық маңызды мҽселелерді кҿтереді; 
2) кҿп нұсқада басып шығарылады; 
3) кескін, жігерлі сезімдерге бай формаға ие болады; 
4) оның стилі ресми, жұмыс жайында – кеңсе жұмыстарындағыдай 
баяндаудан жырақ болады, бұл білімі жҽне ой-пікір жүргізуі орта дҽрежедегі 
аудитория үшін аса маңызды болып табылады; 


82 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет