1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы



бет67/86
Дата25.09.2023
өлшемі0,8 Mb.
#110201
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   86
78 Қазақстанда большевиктік режимнің қалыптасуы. Қазақстандағы жер-су реформасы. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). ЖЭС мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері.
Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат Адамзат өзінің тарихи эволюциялық даму барысында мәжбүрлеудің тек екі балама жүйесін қалыптастырды. Біріншісі — адам еркіне әкімшілік ықпал ету және екіншісі — өндірушінің құқықтық еркіндігіне кепілдік бере отырып экономикалық мәжбүрлеу жүйесі. Олардың қатар өмір сүруі іс жүзінде мүмкін емес, өйткені әкімшілік жүйе мәжбүрлеудің экономикалық мүддесінің әсерін әлсіретіп шектейді, және керісінше оған экономикалық құралдарды енгізу әкімшілік жүйені билігіне нұқсан келтіреді.

«Әскери коммунизм үшін» саясаты өзінің меншік қатынастары құрылымдарын мемлекет қарауына орталықтандыру және экономиканы іс жүзінде, тіпті, милитарланған директивалық басқару сияқты негізгі принииптері арқылы мәжбүрлеулін басты үлгісін ұстанғанын білдірді. Мұны мемлекеттің бүкіл саясатының арқауына айналдыру халық шаруашылығының босансуы мен тоқырауына әкеп соқтырды.


Дағдарысты жағдайда большевиктер революциялық рухтағы романтиканың утопиялық догмаларынан амалсыз бас тартты. Ленин, партия басшыларының едәуір бөлігінің қарсы тұруына қарамастан, тарихи келісімге барды. Оның астарында меншіктін әр түрлі нысандарына қатысты барынша шыдамды саясат және тауар-ақша, нарықтық қатынастар факторлары мен басқа да экономикалық стимулдарды одан әрі мойындамаудын мүмкін еместігін сезіну бар еді. Қазақстандағы орын алған жағдай бүкіл елді қамтыған экономикалық және саяси дағдарыстың сыңайын танытты. Барлық жердегі сияқты Қазақстанда да халық шаруашылығын жүргізу саясатының мүлдем жаңа принципіне көшу қажеттігі айқын байқалды. Оның негізгі арқауы — «тауарсыздық» утопиясынан — нарықтық-экономикалық, тауарлық-ақшалай қатынасқа көшу идеясы еді.
79 Ф.И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы: мәні мен салдары. Қазақ өлкелік партия комитетінің жер мәселесі жөніндегі шешімдері.
Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұны (1925-1933жж.)
1927 жылы ақпанда Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті төралқасы көшпелі, жартылай көшпелі қазақтарды жерге орналастыру туралы шешім қабылдады. Ұлы дала еліне тұтқа болмаққа жіберілген Голощёкин Филипп Исаевич жеріміздегі тарихтың бағытын демде бұрып жіберді. Солақай саясатшыл Қазақстандағы егістікке жарамды жерлерге орыс шаруаларын қоныстандыру мақсатын бірінші кезекке қоюға тырысты.
Алайда, қазақ жеріне келіп әлі де рулық бөлініс, байдың билігіне куә болған Голощекин ауылды кеңестендіру жұмысы әлі де әлсіз, оны күшейту керек деген тоқтамға келіп, "кіші қазан" идеясын ұсынды. Яғни, сонау 1917 жылы кеңестер билік басына келген кезде, қазақ даласына жетпей қалған идеологияны орнатып, бай мен кедейдің теңсізідгін жойып, ұжымшарды орнату мүддесі көзделді. Ал анығын айтқанда, бұның мәні көшпелілерлің ежелден келе жатқан шаруашылығын, тұрмыс-салтын тұншықтырып, отарлауды күшейтіп, қанау саясатын бүркемелеу еді.
Жаппай ұжымдастыру да жоғарыдан берілетін бұйрықтар мен нұсқаулар арқылы жүргізілді. 1930 жылы 5 каңтардағы БК(б)П ОК-нің «Ұжымдастырудың қарқыны және мемлекеттің ұжымшар құрылысына көмектесу шаралары туралы» қаулысында Қазақстанда жаппай ұжымдастыруды, негізінен, 1931 жылдың күзінде немесе 1932 жылдың көктемінде аяқтау міндеті қойылды. Осылайша тағы да жергілікті ерекшеліктерді ескерместен, жоғарыдан кысым жасау басталды. Шаш ал десе бас алуға дайын тұрған Голощекин ұжымдастыру ісін барынша тездетуге тырысты. Жаппай ұжымдастыру айлықтарын өткізді. 1932 жылдың 1 каңтарында отырықшы аудандардың көпшілігіндегі ұжымдастыру 60—80%-ға дейін жеткізілді. Ал көшпелі қазақ ауылдарын ұжымдастыру қарқыны бүдан да тез жүргізілді. Ол көп жағдайда күштеу, корқыту, жазыксыз жазалау әрекеттері арқылы іске асырылып отырды.
1920 жылдардың соңында Қазақстанда күштеп астық пен ет жинау кең етек алды.
Елдің тұрмыс-тіршілігінен хабарсыз Голощекин тіптен егіншілікпен айналыспайтын көшпелі малшылардан астық өткізуді талап етті. Ал етке өткізілуге тиіс мал басы саны қолда бар мал басынан анағұрлым асып түсіп жатты.
Ауыл шаруашылығында егіншілік көлемі күрт азайып кетті. Мал шаруашылығы терең күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн бас мал болды, ал 1933 жылдың 1 қаңтарында олардан қалғаны бар болганы 4,5 млн бас еді. Малы, астығы жоқ халық қырғынға ұшырады. 1931—1933 жылдары бүкіл Қазақстанды құшағына алған аштықтан 6,2 млн республика халқының 2,1 млн-ы қырылды.
Осыны көріп отырып қазағым деп қабырғасы қайысқан интеллегенция өкілдеріне де Голощекин өртінің жалыны жетіп барды. Жоғарғы басшылықтың құрамындағы «ұлтшылдарды» қызметтен аластай отырып, Ф.Голощекин 1927 жылдың күзінен бастап Мәскеудің қолдауына сүйеніп, ұлт-азаттық козғалыс қайраткерлерін соттау шараларын іске асырды. 1928 жылы қазанда Қызылорда абақтысында А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Х.Ғаббасов бастаған 44 Алаш зиялылары қамауда отырды. Олардың төртеуі атылды, біреуі конц-лагерьде өлді, қалғандары он жыл түрмеге камау жазасына кесілді. 1930 жылы М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Ақбаев және басқалар бар 40 Алаш қайраткерлері қамауға алынып, олардың он бесі бес жылға Воронежге жер аударылды. М.Әуезов, Ә.Ермеков және М.Жұмабаев «ұлтшылдық» идеологиясынан бас тартатындықтары жөнінде баспасөз арқылы мәлімдеді.
Жалпы Голощекиннің кіші қазан идеясының мазмұнын түйіндесек: келді, ұжымдастыру деп байбалам салды, малды тәркілеп байларды конфескациялады, малы жоқ халыққа еттен салық салды, төрт-түлікпен көшіп жүргендерден қап-қап астық өткізуді талап етті, 1931-1932 жылдары қайғысы ауыр ашаршылықты қолдан жасап, халықты қырды. Саясаткер ретінде емес, қазақты қанауға келген қанішер ретінде есте қалған оның "Кіші қазан" идеясы расымен мемлекеттік құрылымға әсер етіп, үлкен бұрылыс жасады. Алайда, миллиондаған халықтың қазасына әкелген саясатты қалай жақтасақ та ақтауға келмейді. Даттамасақ та, солақай саясаттың, жазықсыз қалың қазақтың қанының иісі шығып тұрады бұл тақырыптан. Міне, Голощекиннің "кіші қазанының" тарихи мазмұны
80 Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен әдістері туралы пікірталастар. Қазақ қоғам қайраткерлерінің индустрияландыру мәселесіне қатысты ұстанымдары. Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері.
Индустрияландыру – ірі өнеркәсіпті, ең алдымен ауыр өнеркәсіпті құру және дамыту, ірі өнеркәсіптік өндіріс негізінде бүкіл халық шаруашылығын қайта құру. Индустрияландыру тек социалистік құрылысқа ғана тән кезең емес. Ол - елді жаңғыртудың міндетті шарты. 1920 жылдардың ортасына қарай КСРО үшін бірнеше себептерге байланысты индустрияландыруды жүзеге асырудың қажеттігі туды. Біріншіден, 1925 жылға қарай қалпына келтіру кезеңі аяқталды. Негізгі көрсеткіштер бойынша кеңестік экономика соғысқа дейінгі деңгейге жетті. Өнеркәсіптік өндірістің өсуін қамтамасыз ету үшін істеп тұрған зауыттарды қайта жабдықтау ғана емес, жаңа заманғы кәсіпорындарды құру қажет болды. Екіншіден, елдің экономикалық әлуетін тиімді орналастыру мәселесін шешу міндеті тұрды. Ел бұрынғыдай аграрлы, шаруа елі болып қала берді. Қалаларда жұмыссыздық деңгейі өсіп, әлеуметтік шиеленісті күшейтті. Үшіншіден, елдің халықаралық деңгейде экономикалық және саяси оқшаулануы индустрияландыруды жеделдетуді талап етті.

1926 - 1940 жылдардағы индустриялық даму Қазақстанды ірі жетістіктерге жеткізді. Индустрияландыру арқасында Қазақстан 1941 жылы ірі ауыл - шаруашылық өндірісі бар индустриялы республикаға айналды. Елде көмір өнеркәсібі қауырт дамыды, 1940 жылы оның 90 пайызы Қарағанды бассейнінің үлесіне тиді. Қарағанды көмір бассейні Донбасс пен Кузбастан кейінгі КСРО-ның үшінші көмір ошағына айналды.


Республиканың жеңіл және тамақ өнеркәсібі де іргелі жетістіктерге жетті. Алматыда аяк киім және екі тігін фабрикалары, Семейде тері илейтін комбинат және ет комбинаты, Атырау балық-консерві және Алматы жеміс-көкөніс комбинаттары, Талдықорғанда, Меркеде, Жамбылда қант зауыттары, Алматыда темекі фабрикасы, нан пісіретін және май шайқайтын зауыттар қатарға қосылып, өз өнімдерін шығара бастады.
Алайда осындай жетістіктерге қарамастан КСРО жүйесінде шикізат аймағына айналған Қазақстанның халқы еңбек бөлінісінің адам өмірі мен денсаулығы үшін өте ауыр, аса қауіпті, зиянды бөлігін орындады. Технологиялық өндіріс көлеміндегі жеңіл өнеркәсіп үлесі 3% - дан аспады. Республика өндіріс көсіпорындары тұтыну бұйымдарының 60% - ын ғана канағаттандыра алды. Осылайша әміршіл-әкімшіл жүйе Одақтың біртұтас халық шаруашылық кешеніндегі табиғи қорларға бай Қазақстанның рөлін анықтап берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет