тас құралдар қолданыстан мүлдем шығарылып тасталған жоқ. Қазақстан аумағында мыс-
тас ғасырындағы екі тұрақ зерттелді. Ол энеолиттік ескерткіштер: Ботай (Солтүстік
Қазақстан) және Шебір (Маңғыстау) тұрақтары.
Энеолит дәуіріндегі ерекше ескерткіш – Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағы (б.з.б. 3-2
мың жылдық). Ол 15 гектар жерді алып жатыр. Тұрақтан қабырғалары жануарлар
терісімен қапталған 158 үйдің орны табылды. Жылқы сүйектері көп табылды.
Ботайлықтар жылқыны қолға үйреткен. Сонымен бірге бұлан, елік, аю, ит, қабанның
сүйектері де кездеседі. Тұрақтан садақ ұштары, найзалар, балталар, пышақтар, ине мен
біздер табылған.
Маңғыстау жеріндегі Шебір тұрағынан саз балшықтан жасалған, түбі жұмыртқа тәрізді
ыдыстар табылды. Ыдыстар тарақ тісі секілді өрнекпен әшекейленген. Шебірліктер теңіз
моллюскаларының қабықтарынан моншақ жасаған. Олар негізінен аң аулаумен
айналысқан.
Энеолит дәуірінде қоғамда екі ірі өзгеріс орын алды. Еңбек бөлінісі пайда болды және
аталық ру үстемдігі қалыптасты. Ең алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі –
шаруашылықтың егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі. Бірыңғай егіншілікпен
айналысатын тайпалар әлі қалыптаспады. Себебі теселі егіншілік адамдарды тамақпен
толық қамтамасыз ете алмады. Мал бағу егіншілікке қарағанда өнімді көп берді.
Темір өндірісі біздің заманымызға дейін VIII—VII ғасырларда пайда болған.
Металлургияның дамуы мыс пен полиметалл, алтын мен күміс кен орындарын игеру
кезінде кендерден металдарды балқытып алу шеберлігіне байланысты алынған.
Ерте темір ғасыры кезеңінде Қазақстандағы тайпалар темір өндіруді игерді. Шеберлер
құю технологиясының түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеріп, техникалық өңдеу арқылы
бұйымдарға кез келген пішін бере алды. Жыртқыш аңдардың бейнелері салынған ат
әбзелдері, таналар мен тоғалар құюшы шеберлердің қолымен жасалған. Қазақстан
аумағындағы тұрақтардан табылған заттар мен құралдар үш топқа бөлінеді: қару-жарақ, ат
әбзелдері және әшекей бұйымдар.
Ерте темір дәуірінде зергерлік бұйымдарды жасау технологиясы жетілдіріле түсті.
Ертедегі көшпелілер қалың табақ алтынды (0,6 мм), сондай-ақ алтын түйіршіктерін илеу
және-дәнекерлеу техникасын меңгерді. Сонымен қатар мәнерлі алтын жолақшалармен
көркемделген темір әшекейлер, мәнерлі тағалар және алтын мен күмістен жасалған
көркемдігі жоғары бұйымдар табылған.
Достарыңызбен бөлісу: