1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Сақтар. Сақтардың Македонскийдің жаулап алуына күресі



бет7/81
Дата15.12.2023
өлшемі197,31 Kb.
#139580
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   81
Байланысты:
Тарих сессия жауаптарымен 119

Сақтар. Сақтардың Македонскийдің жаулап алуына күресі.

Б.з.б. 4-ғасырда гректер сақ жеріне қауіп төндірдіс. Александр Македонский (Ескендір Зұлқарнайын) бастаған грек әскері Орта Азияға басып кіріп, Сырдария өңіріне қарай аттанады. «Жеңілмейтін әскер» атанып келген Александрдың қалың қолына сақ тайпалары қарсы тұрып, олардың алға жылжуына кедергі жасаған. Грек-македон басқыншыларына қарсы күресті Спитамен атты сақ басқарды. Ол македон әскеріне 3 жыл бойы қарсы партизан соғысын жүргізді. Ежелгі грек тарихшысы Арриан қолбасшы Александр Македонскийдің Сырдариядан жүзіп өтіп, сақтарға қалай шабуыл жасағаны туралы жазады. Бұл шабуылдан грек әскеріне қауіп төніп, олар қырғынға ұшырай жаздады. Күннің ыстығы, сақтардың жиі-жиі шабуылдауы мен соғысу тактикасы гректерді әбден әлсіретті. Осылайша Александр Македонскийдің Сырдарияның арғы жағын мекендейтін сақ тайпаларын бағындыру үшін жасаған жорығы сәтсіз аяқталды. Сақтар оның Шығысқа қарай жүретін жолын бөгеп тастады. 12)Сақтар мен сарматтардың саяси құрылымдары
Көне парсы жазба ескерткіштеріне жататын «Персеполь», «Бехистун» жазуларында тур тайпаларының ортақ атауын сака деп береді. Біраз кейінірек табылған жазбаларда сақтарды ендігі жерде үш топқа бөледі. Олар — парадарайя сацтары, тиграхауда сацтары және хаомаварга сақтары. Парадарайя сақтары дегеніміз — теқіздіқ арғы жағындағы сақтар. Бүгінгі күні көп зерттеушілер парадарайя сақтарының мекендеген жерін Қара теңіз жағалауы деп есептейді. Тиграхауда сақтарының негізгі орналасқан жері Каспий теңізінің шығысынан Жетісуға дейінгі аймақ деп көрсетеді. Ал массагеттер осы тиграхауда сақтарының грек жазбаларындағы атауы деген пікірлер де бар. Тиграхауда сақтары жөніндегі деректерді Ахеменид патшалары II Кир мен Дарийдің оларға қарсы жасаған жорықтары жөніндегі жазба мәліметтерден де білеміз. Олар осы күнгі Ташкенттің маңайын, Тянь-Шаньды мекендеген. Грек жазба деректерінде хаомаварга сақтарды кейде амюргия сацтары деп те атайды. Олар Ежелгі Бактрия мен Маргиана аймақтарында, яғни Әмудария мен Мұрғаб өзендерінің жағалауларында орналасқан. Сонымен қатар хаомаварга сақтарының біраз топтары қазіргі Ташкент облысын, Ферғана маңын жайлаған. Сарматтар ірі саяси одаққа б.з.д. II—I ғасырларда ғана біріккен. Ғалымдар сармат тайпалар одағының языг, роксолан, аорс, алан сияқты бөлігі осы савроматтардан бөлініп шыққан деп есептейді. Олар Оңтүстік Орал, Еділ бойы мен Донның шығыс жағалауына дейінгі далалық аймақтарды мекендеген, негізінен, көшпенді тайпалардың тобын құрады. Сарматтар ірі саяси одақтар құрып, олардың батыс тобы Солтүстік Кавказ, Солтүстік Қара теңіз жағалауы елдерінің ежелгі тарихында елеулі рөл атқарды. Б.з.д. II—I ғасырларда Скифияның көп бөлігін жаулап алып, Қырыммен Солтүстік Қара теңіздегі антикалық қалаларға қоныстанған. Б.з.б. I ғасырда Оңтүстік Кавказда Рим империясына қарсы күреске қатысты. Сарматтардың шығыс тобының тарихы Орталық Азия мен Хорезм, Сырдария бойы сақтарымен байланысты болды. Каспий, Арал теңізінің солтүстігінде савроматсарматтық мәдениет таралды. Оларда зергерлік өнер жақсы дамыды. Елек өзеніндегі Орск қаласының маңынан табылған Бесоба қорымынан әшекейлі заттар (алтын сырғалар) мен Ахеменидтік Ираннан әкелінген шыныдан жасалынған ыдыстар табылған. Олар Жерорта теңізі жағалауындағы елдерде жасалынған (б.з.д. V—IV ғ.). Бұл жәдігерлер сарматтардың басқа өркениеттермен байланыс орнатқандығын көрсетеді. Батыс Қазақстан, Орал, Елек, Ор өзендері алабында сармат қоғамы жақсы дамыды. Ембі арқылы Әмудария мен Шығыс елдеріне апаратын керуен жолы өтті. Сарматтар «Халықтардың ұлы қоныс аударуына» белсене араласты. Ғұндар келгенше осы жерде басты саяси және әскери күшке айналды. Батыс Еуропадағы құлиеленуші құрылыстың күйреуіне әсер етті. Олардың жекеленген бөлігі (аландар) Еуропаны кесіп өтіп, Испанияға, Солтүстік Африкаға жеткен. Сармат тайпаларын IV ғасырда ғұндар талқандады. Осыдан кейін олар Еуропадағы оңтүстік-шығыс славян, Кавказ өңіріндегі тайпаларымен араласып кірігіп кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет