1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері



бет108/156
Дата02.10.2023
өлшемі0,86 Mb.
#112520
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   156
Байланысты:
1.« аза стан тарихы» курсыны п ні, ма саты мен міндеттері

Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен. Жүсіпбек жастайынан араб­ша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады. 1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді. 1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады. Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады. Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919).Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920).Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы. Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922—1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926—1929) қызметтерін атқарады.1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған. Шымкенттегі педагогика техникумының директорлығы - міне, мұның бәрі Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді. 1929 ж. басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек 1931 ж. атылған. Астан-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы революциялар заманында өмір сүрген Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгірді. Ол В. Шекспир, В. Гюго, Г. Мопассан, А. С. Пушкин, Н. В. Гоголь, Л. Н. Толстой шығармаларын, «Интернационалды», бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, психология, методика, эстетик. тәрбие туралы зерттеулер тудырды; әдебиет, эстетика, сын саласына араласты; сан алуан публицистик. мақалалар жазды; «Қартқожа», «Күнекейдің жазығы», «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» пьесалары, «Комплексті оқыту жолдары», «Жан жүйесі», «Өнер таңдау», «Мағжанның ақындығы туралы» еңбектері - күрделі таланттың қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар. 1918-19 ж. Семей қаласындағы М. Әуезовпен бірлесіп «Абай» журналын шығарды. Осы журналда «Екеу» деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, № 2), «Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, № 3) деген мақалалар жазды. Бұл мақалаларда Абай өмірінің бірталай қыры сөз болып, оның поэтик, мұрасының аса құндылығы көрсетіліп, кейінгі ақындардың ұлы ұстаздан үйренуі шарт екендігі нұсқалды, Пушкин орыс әдебиетінде қандай тарихи қызмет атқарса, Абай да қазақ әдебиеті үшін сондай тарихи іс тындырғаны орнықты дәлелденген. Қазақ әдеби тілінің қалыптасуына, оның поэтикалық мәдениетінің ержетуіне Абай шығармаларының қаншалықты әсері барлығын көрсеткен. Абай поэзиясының ұлттық дәстүрмен қоса Шығыс, Батыс әдебиеттерімен байланысы қарастырылған. Аймауытов - қазақ әдебиетінде Абайдың шығармашылық мұраттарын ілгері жалғастырған ең ірі тұлғалардың бірі.
Өлеңмен жастайынан әуестенген Шәкәрім өмір бойы өз шығармашылығында Абай салған жолды ұстанумен өтті. Сондықтан да Абайдың шын мәніндегі шәкірті, рухани мұрагері болып саналады. Шәкәрім өз бетімен заманына сай жеткілікті білім алды. Шығыс және Батыс әдебиетін зейін қойып оқып, араб, парсы, түрік және орыс тілдерін еркін меңгерді. Алғашқы шығармаларында жастарды Абайдан үйренуге шақырады (“Жастық шақ туралы”, “Кәрілік”, “Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық”), адам ниетінің түзулігін, адалдықты жырға қосты (“Өмір”, “Сәнқойлар”, “Құмарлық”, “Қалжыңбас”), оқу-білімге шақырып, адал сезім, таза сүйіспеншілікті жырлады. (“Жастарға”, “Анық асық әулие”, “Шын сырым”). Шәкәрім өзі өскен ортадағы ру таласы, күншілдік, тақ таласы сияқты жағымсыз кұбылыстарға сын көзімен карады. Бұл мәселелерді “Қалқаман-Мамыр”, “Еңлік-Кебек”, “Айсұлу-Нартайлақ” поэмаларында, “Әділ-Мария” романында ашып көрсете білді.1905-1906 жылдары Шәкәрім қажылыққа барады. Жолжөнекей ақын Парижде аялдама жасайды. Стамбұлда да тоқтаған деген жорамал бар. Осы қалалардың кітапханаларынан алған материалдары бойынша “Түрік”, қырғыз, қазақ және хандар шежіресі” және “Мұсылмандық шарты” еңбектерін жазды. “Ләйлә-Мәжнүн” (1907) поэмасында Шәкәрім көпшілікке белгілі шығыстық сюжетті негіз етіп алып, махаббат пен кұштарлықты жырға қосты. 1917 жылғы Қазан төңкерісін үлкен үмітпен қарсы алып, оған өзінің өлеңдерін арнады. Шәкәрімнің халық арасында беделі жоғары болғанына қармастан, “Кеңес өкіметінің жауы” деген жалған айыппен түрмеге жабылды. Көп ұзамай абақтыдан босап шыққанымен, 1931 жылы сатқындардың қолынан қаза табады. Шәкәрім Құдайбердіұлы “Үш анық” аталатын философиялық “Мұсылмандық шарты” деген трактаттар авторы, көптеген орыс және Шығыс әдебиетінің озық үлгілі аудармалары Шәкәрім қаламынан туған. А.С.Пушкиннің “Дубровский” және “Боран” повестерін өлеңге түсіріп, Л.Н.Толстойдың Физули мен Хафиздің туындыларын қазақша тәржімеледі. Ұлы Абайдың реалистік дәстүрін жалғастырушы ұлы ойшыл ақын Шәкәрім шығармашылығы өзінің кең тыныстылығымен, шыншыл да сыншыл әуенімен ерекшеленді.Оның әдеби мұрасы сан алуан: философия, этнография, әдет-ғұрып және дін тақырыбы. Шәкәрім ғұлама ғалым әрі композитор ретінде де танылды. Қазақ әдебиетінің бірегей классигі, ұлы Абайдың мұраттас мұрагер шәкірті, аса ірі ақын, ойшыл философ, тарихшы ғалым . Шәкәрімнің әкесі Құдайберді мен ұлы ақынымыз Абай ағалы-інілі туысқан адамдар. Шәкәрім Құдайбердіұлы — шығармалары арқылы, өз өмір жолы мен шығармашылық қызметі туралы мол деректер қалдырған қаламгер. Ақынның көптеген өлеңдері, “Мұтылғанның өмірі” поэмасы, “Түрік: қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі”, “Үш анық” кітаптарындағы кездесетін өмірбаяндық деректер шоғыры мен танымдар қайнары ақын өмірі мен шығармашылығын зерттеушілерге біраз көмегін тигізетіні анық.Ақынның талассыз ізденістері мен қажырлы еңбектері нәтижесінде: “Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі” (Орынбор, 1911 жыл), “Мұсылмандық шарттары” (Орын-бор, 1911 жыл), “Үш анық” (Алматы “Қазақстан” 1991 жыл), “Иманым”— өлеңмен жазылған философиялық трактат сияқты ғылыми еңбектер, “Еңілік-Кебек”, “Қалқаман-Мамыр”, “Нартайлақ пен Айсүлу”, “Ләйлі-Мәжнүн”, “Дубровский” сынды эпикалық поэмалар, көптеген лирикалық өлеңдер, жиырма шақты әндер дүниеге келіп, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің алтын қорына қосылды, халқымыздың рухани қазынаына айналды. Ғалымның 1905—1906 жылдар аралығындағы Меккеге барған қажы сапары туралы ақын шығармаларывда аз-ды-көпті айтылғанына карамастан ол арнайы зерттеуге тұратын кәделі нәрсе. Шәкәрім өзінің қажы сапары туралы: “… Мен пақыр 1905 жылдан 1906 жылға қарай қажыға барғанда тақияны кердім”— деп жазды, Семей облысының сол кездегі уақытша генерал-губернаторы генерал-майор Гал-киннын 1906 жылы 8 наурыздагы дала генерал-губернаторына жазған № 637 қатынас қағазында: “Предсгавляя при сем четыре заграничных паспорта за 88 6411, 64, 6443 и 64 4 отобранные от возвратившихся ог паломничества киргиз Бугулинской волости Семипалатинского уезда, Курманкожи Кубеиова, Кутана Джулджасарова из Чингизской волости, того же уезда Шакарима Худайбердина и Куранчи Чокина, донопшу, что» означенные паломники, по прибытии в пределы своего уезда, были сквидетельствованы в состоянии здоровья и оказались здоровыми”,— деп жазған екен. Бүған қарағанда Шәкәрімнің қажы сапарының бары келіс жолы жөнінде толық ақпарат беретін архивтік құжаттар табылып калар деген сенім бар. Ал жоғарғы архив құжатын қарап, Шәкәрім Құдайбердіүлының Меккеге барарда алған шетелдік паспорты 6443 нөмірлі екенін білуге болады. Шәкәрімнің Мекке бару сапарының басты мақсаты әдеттегі қыр қазағының құдай үйіне тәу етіп, кажы ата» ту емсесті. Өзінің дін төркіндерін зерделеу ниетінен туған ғылыми сапар деп үғыну керек. Оған оның қажы болып келгеннен кейінгі жазған еңбектері далел бола алады. XX ғасырдың алғашқы жылдары Шәкәрім шығармашылық қызметінің өрлеу жылдары болды. Ақын 1911 жылы Орынбордан екі кітабын, “Түрік, қырғыз қазақ һәм хандар шежіресі”, і(Мұсылмандық шарттарын бастырып шығарса, 1912 жылы Семейде “Ярдем” басласынан, “Қазақ айнасы”, “Қалкаман Мамыр”, “Жолсыз жаза» (“Еңлік-Кебек”), үш бірдей кітабын бастырып шығарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет