Байланысты: 1.« аза стан тарихы» курсыны п ні, ма саты мен міндеттері
80.Жалпыхалықтық референдум, Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясын қабылдау. Қазақстандағы парламентаризмнің дамуы. Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда қабылданды. Бұл күн мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституция күні болып есептеледі. 1998 және 2007 жылдары Конституцияға Президенттің өкілдігін кеңейтетін елеулі өзгерістер енгізілген. Қазақстанның қазіргі парламентаризмі тоталитарлық жүйеден бастау алып, Кеңестер Одағының Коммунистік партиясының басқару кезеңінің демократиялық емес келеңсіз сипаттарын сақтап келді.
Қазақстанның алғашқы жоғарғы өкілетті органы Қазақ ССР-нің 1937 жылғы Конституциясы негізінде қалыптасқан – Жоғарғы Советі болды. Ол 1978 жылы Қазақ ССР-нің Конституциясы, 1993 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде қайта құрылып, он үш рет шақырылды. Қазақ ССР-і Жоғарғы Советінің алғашқы сайлауы 1938 жылғы 24 маусымда өткізілді. Депутаттық корпусты қалыптастыру баламасыз негізде Коммунистік партияның қатаң бақылауымен өтті.
Қазақ ССР-нің 1978 жылғы Конституциясы сайлау жүйесіне шамалы өзгерістер енгізді.
Жоғарғы Кеңестің он екінші шақырылымы Қазақстанда парламентаризмнің қалыптасуында ерекше рөл атқарды. Онда маңызды құқықтық актілер қабылданды.
1994-1995 жылдар қазақстандық парламентаризмнің қалыптасу тарихындағы өте маңызды кезең болып табылады. 1994 жылғы сәуірден 1995 жылғы наурызға дейін жұмыс істеген Жоғарғы Кеңестің он үшінші шақырылымы депуттар тұрақты қызмет жасаған Қазақстанның алғашқы кәсіби Парламенті болды. Сайлаудың кейбір нормалары бұзылған себепті, ол заңсыз деп танылды.
1995 жылғы 30 тамызда өткізілген референдумда Негізгі заң адамның басты құндылығы оның өмірі, құқығы мен бостандығы екенін бекітті. Осы Конституция заңнамалық функцияларды атқаратын және екі Палатадан: Сенат пен Мәжілістен тұратын, тұрақты негізде жұмыс істейтін Республиканың жоғарғы өкілетті органы Парлмент болып табылатынын жария етті. Сөйтіп «Парламент» ұғымы алғаш рет ресми түрде бекітілді.
Парламенттің бірінші шақырылымының Сенаты мен Мәжілісінің сайлауы 1995 жылғы желтоқсанда өткізілді. Сенатқа - 19 облыс пен астанадан екі адамнан 40 депутат сайланды. Мәжіліс сайлауы 1995 жылғы 9 желтоқсанда өтіп, 67 депутат сайланды.
1999 жылдың күзінде енгізілген конституциялық өзгерістерге сәйкес Орта Азия өңірінде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Мәжілісінің екінші шақырылымының сайлауы болып өтті. Тепе-тең өкілеттік негізінде партиялық тізім бойынша сайлануға саяси партияларға мүмкіндік берілді.
Сайлауға 10 саяси партия қатысты. Мажоритарлық бір мандатты округтерде 547 кандидат тіркелді. Сайлау қорытындысы бойынша бір мандатты округтерден 67 депутат, партиялар атынан 10 депутат сайланды. «Отан», Азаматтық, Аграрлық және Коммунистік париялар жеті пайыздық кедергіден өтіп, өз өкілдерін ұсынды.
2005 жылғы тамызда 16 сенатордың сайлауы өткізілді. Парламент Мәжілісі үшінші шақырылымының сайлауы 2004 жылғы қыркүйекте өтті. Онда 77 депутаттық орынды иеленуге 12 саяси партия, оның 4-уі екі сайлау блогының құрамында қатысты. Партиялық тізім бойынша сайланатын 10 орынның 7-еуін «Отан» партиясы жеңіп алса, «Асар», «Ақжол», «АИСТ» блогы партиялары бір-бір орыннан иеленді.
Жалпы сайланған 59 депутаттың ішінде «Отан» партиясы - 42, «АИСТ» блогы - 11, «Асар» партиясы - 4, «Ақжол» партиясы - 1, демократиялық партия – 1, өзін-өзі ұсынғандар - 18 депутаттық орынға ие болды.
2007 жылғы мамыр айында жүргізілген конститутциялық реформа еліміздің саяси жүйесі дамуының бетбұрысты кезеңі, қазақстандық қоғамның саяси кемелденуінің жарқын мысалы болды. Жаңарған Конститутция жоғарғы билік өкілдігін ұйымдастырудың жаңа жүйесін қалыптастыруға негіз болады. Мәжіліске сайлаудың практикалық тұрғыда тепе-теңдік жүйесін енгізу сайлау жүйесін түбегейлі өзгертеді және қоғамдағы саяси партиялардың мәнін күшейтеді. Қоғамдық қатынастарды нығайтудың тағы бір факторы Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің сайлану принципі болып отыр.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Парламентінің атқарушы биліктің қызметіне бақылау жасау өкілеттігіне ие болуы да мемлекеттік биліктің үш тұғырлы құрылымында Парламенттің саяси салмағы мен абырой-беделін арттыра түсті.