1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


Ресейдегі Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері. Партиялар мен ағымдардың қалыптасуы



бет99/156
Дата02.10.2023
өлшемі0,86 Mb.
#112520
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   156
Байланысты:
1.« аза стан тарихы» курсыны п ні, ма саты мен міндеттері

49.Ресейдегі Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері. Партиялар мен ағымдардың қалыптасуы.
1917 жылы қаңтардағы «Қанды жексенбі» оқиғасының құрбандарын еске алу стачкалары «Соғыс жойылсын!» «Самодержавие жойылсын!» деген ұрандар көтерген саяси шерулерге ұласты. Қозғалыс ақпан айында күшейе түсіп, үкіметке қарсы айқын сипат алды. 26 ақпандағы саяси ереуіл қарулы көтеріліске ұласты. 1917 жылы 27 ақпанда Ресейде Ақпан революциясы жеңіске жетті.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде пайда болған жаңа жағдайда әр түрлі таптық күштердің бұрын – соңды болмаған бірігуі олардың қозғалысына қарама- қайшылық пен қайталанбас сипат берді. Бірақ бұл өзіндік ерекшелік буржуазиялық – демократиялық революцияның негізгі заңдылықтарын өзгерте алмады. Ресей халықтарының мұқтаждықтарының әр алуандығы, шаруашылықтың көп укладтылығына қарамастан оны мекендеген халықтардың бәрі де жартылай басыбайлы құрылыстың жойылуына, жер мәселесінің шешілуіне мүдделі болды. Отарлық езгіге түскен халықтардың ұлттық азаттыққа жетуі олардың әлеуметтік азаттығына да жеткізетін еді.
Самодержавиенің құлағаны жөніндегі хабар Қазақстан аумағына тез тарады. Метрополиядағы саяси тәртіптердің осылайша өзгеруі қазақ қоғамында отаршыл саясаттың әлсіреуіне, өзгеруіне деген үмітті оятты. Революция мен Уақытша үкіметтің құрылуы жөніндегі хабарды қазақ демократиялық қоғамы қуанышпен қарсы алды. Қазақстанның алдында түрған өмірлік маңызы бар міндеттерінің бірі – бұрынғы өкімет орындары 1916 жылы бастаған қанды қырғынды тоқтату еді. Уақытша үкімет осыған байланысты аталған проблеманы шешу жолында бірқатар шараларды жүзеге асырды. 1917 жылы 24 сәуірде үкіметтің шешімімен тыл жұмысына шақырылған қазақтар еліне қайтарылды. Өлке тұрғындары жер – жерде биліктен патша шенеуніктерін: әскерилерді, губернаторларды, уездік бастықтарды т,б, биліктен тайдыруды талап етті. Бүкіл елдегі сияқты Қазақстанда да Уақытша үкіметтің жергілікті органдары құрыла бастады. Облыстар мен уездерге Уақыша үкіметтің комиссарлары жіберілді, атқару комитеттері, басқармалар мен комиссарларға жәрдемдесетін думалар құрылды. 1917 жылы мамырдан бастап Уақытша үкіметтің жергілікті органдары ауылдар мен селоларда да құрыла бастады. Қазақ халқының өкілдерінен Уақытша үкіметтің комиссарларлары болып: Торғай облысында-Әлихан Бөкейханов, Жетісуда-Мұхамеджан Тынышбаев, Түркістанда-Мұстафа Шоқай тағайындалды.
Дегенмен Қазақстандағы Уақытша үкімет органдары өзінің нақты қызметінде іс жүзінде патша самодержавиесінің саясатын жалғастырды. Өзінің империалистік мәніне байланысты Уақытша үкімет ұлттық мәселені шешуге ұмтылыс білдірмеді. Басқа да езілген халықтардағы сияқты өзін-өзі билеу немес қазақтардың автономиясы жөніндегі мәселелер күн тәртібіне қойылған жоқ. Жерден айырылу, өлке аумағына Ресей шаруаларының жаппай қоныс аударуы, шаруашылық жүргізудің дәстүрлі әдістерінің бұзылуы, табиғи байлықтарды жыртқыштықпен пайдалану, халықты күштеп орыстандыру мен қазақ халқының алдына өзін-өзі сақтап қалу проблемасын қойды. Бұл проблеманы бейбіт әдістермен шешпек болған ұлттық элитаның әрекеттері метрополиядағы қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты нәтижесіз аяқталды. Бүкіл елдегі тәрізді Қазақстанда да Уақытша үкіметпен қатар жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының Кеңесі билігі орын алды. 1905 жылғы Кеңестерден 1917 жылғы Кеңестердің көпшілігінің айырмашылығы кеңестер құрамы жағынан таза жұмысшы, солдат немесе шаруалардан ғана құралмай, аралас болып, саны тез өсе бастады.
Кеңестермен қатар жалпы жиналыстарда сайланатын фабрика-зауыт комитеттері (фабзауком) де құрыла бастады. Олар Кеңестерге 8 сағаттық жұмыс күнін орнату жөнінде талап қойды. Кеңестер қоғамдық тәртіптің кепілі болуға тырысқандықтан кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізуге келісті. Фабзаукомдардан басқа таптық белгілеріне қарамастан революцияны қорғағысы келген ерікшілердің бәрін біріктірген ұйым ретінде аудандық Кеңестер құрылды. Аудандық Кеңестер өздеріне әлеуметтік мәселелерді – тұрғын үй проблемаларын, соғыс құрбандарына көмек беру, балалр бақшалары мен асханалар ашу т.б. жөніндегі міндеттерді атқаруды алды. Осылайша фабзаукомдар мен аудандық Кеңестер биліктің автономиялы орталығын құруда алғашқы қадам жасады.
Ақпан революциясынан кейін Қазақстанда қоғамдық-саяси өмір үлкен өзгеріске ұшырады. Дегенмен халықтың басым көпшілігі саясатпен емес, өздерінің әдеттегі істерімен айналысты. 1917 жылы шілдеде Орынборда бірінші Бүкілқазақ съезі шақырылды. Онда мемлекеттік басқару, автономия, халықтық милиция құру, оқұ-ағарту, сот, Құрылтай жиналысына қатысу, саяси партиялар құру т.б. жөніндегі мәселелер қарастырылды. Съездің негізгі шешімі: «демократиялық, парламенттік және Ресей Федеративтік республикасының» құрамында болатын аумақтық-ұлттық автономияда қазақтардың құқықтарын қорғау болды. Съезде «Алаш» партиясын құру жөнінде шешім қабылданды.
«Алаш» партиясының басшылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов сияқты т.б. буржуазиялық-демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларының өкілдері еді. «Алаш» партиясы қатарына ғылыми және шығармашылық зиялылар өкілдері: М.Тынышбаев, М.Жұмабев, Ш. Құдайбердиев т.б. кірді.
1917 жылы желтоқсанда Орынборда «Алаш» партиясының Екінші Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде қазақ халқының саяси тағдырына қатысты маңызды құжаттар қабылданды. Негізгі мәселе автономия мен оның үкіметін құру жайында болды. Съезд «Алаш» атауымен қазақ автономиясының құрылғаны жөнінде мәлімдеді. «Алашорда» (Алаш автономиясы үкіметі) деген атпен Уақытша халықтық кеңес – үкімет құрылғанын мәлімдеді: Съезд қазақ автономиясының құрамына Бөкей Ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары, Закаспий облысы мен Алтай губерниясыеың қазақтар мекендейтін аудандары енуге тиіс екені жөнінде қаулы қабылдады. Съезд «Алашордаға» «қазақ халқына жүргізілетін б.кіл атқарушылық билікті дереу өз қолына алуға» тапсырма берді. Алашорда автономиясының орталығы Семей қаласы болып жарияланды. Съезд аймақтық, уездік Кеңестер мен комитеттер ұйымдастыруға қаулы қабылдап, қазақ милициясын құру жоспарын жасады. Ең маңыздысы, Алашордаға «қазақ тұрғындарының атқарушы билігін қолға алу» міндеттелді.
1917 жылы қараша айында Қоқан қаласында Уақытша Кеңес басқарған VI Төтенше Түркістан Мухтариаты (автономия) өз жұмысын қарқынды бастады. Түркістанның опппозициялық Уақытша мұсылман үкіметінің басшысы болып М. Тынышбаев, сыртқы істер министрі болып М. Шоқай сайланды.
Осылайша самодержавие құлатылғаннан кейін Қазақстанда көпөкіметтілік орнады. Қазақстандағы көпөкіметтілік өлкенің әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайына, оның көп ұлтты, негізінен ауыл шаруашылығымен айналысатын халқына, казак әскерлерінің орналасуына байланысты мүмкін болды.
Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы Қазақстандағы ұлттық, аграрлық мәселелерді шешпеді, отарлық басқару тәртіптерін жоя алмады. Қазақ еңбекшілері бұрынғысынша қанауды бастан кешті. Казак әскерлерінің орасан зор жер иеліктері, қоныс аудару басқармаларының жер қорлары, феодалдар мен қазақ буржуазиясының меншігі сол күйінде қалып қойды. Қоныс аудару басқармалары қазақ еңбекшілерінен шұрайлы жерлерді тартып алуды жалғастыра берді.
Алаш партиясының құрылуы. Саяси партия құру үшін қажетті алғышарттар тек 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін ғана қалыптасты. Алғашқы жалпықазақ съезін өткізу үшін «Қазақ» газеті жанынан құрылған ұйымдастыру бюросы күн тәртібіне «Қазақ саяси партиясын жасау мәселесін» ұсынып, оған мынадай негіз келтірді: «Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары бағдарламасында жазылған. Оны білетін адамдарға мағлұм: қай партияның да болса бағдарламасы түп-түгел қазақ мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан біздің қазақ мақсаттарын түгел көздейтін өз алдына партия жасалмайынша болмайды».
Үш жүз-1917 жылы қарашада Мұқан Әйтпенов және Шаймерден Әлжанов бастаған бір топ Омбы зиялылары «Үш жүз» аталатын саяси партия құрағандарын мәлім етті. Бұл партияның өмірге келуі қазақ зиялылар тобының білімі мен саяси мәдениеті түрғысынан біркелкі емес, сондай-ақ түрлі саяси ұстанымда екенінің айғағы. Келесі жылдың басына қарай бұл саяси ұйымдағы басшылық Көлбай Тоғысовтың қолына көшеді. Өздерін саяси партия ретінде жариялаған алғашқы күннен бастап-ақ үшжүздіктер Алаш партиясына қарсы ұстанымда болды. Бүкілресейлік Құрылтайға депутаттар сайлау науқанына дербес тізіммен түсіп, сайлауда бірде-бір өкілін өткізе алмады. Үшжүздіктердің қазақ қоғамы арасында беделінің жоқтығы басшылығында ел мойындаған саяси тұлғаның болмауына, сондай-ақ партияның халықты соңына ерте аларлық нақты бағдарлама ұсына алмауына байланысты еді. «Үш жүз» қазақ арасындағы мұсылмандықты қолдайтындығын және қорғайтындығын айта отырып, сонымен бірге атеистік ұстанымдағы большевиктермен қоян-қолтық жұмыс істеуге күш салды. Өз ретінде большевиктер үшжүздіктерді Алаш партиясының беделін түсіру мақсатында пайдалануға тырысты. Өзін социалистік ұстанымдағы партия санаған «Үш жүздің» қызметінде үйлесімсіз қайшылықтар көп еді, сондықтан да оның қызметі ұзаққа созылған жоқ. 1917 жылы құрылған саяси ұйымдардың бірі «Ислам жолындағылар кеңесі» («Шуро-и-Ислам») болды. Орталығы Ташкент қаласында құрылған бұл ұйымның қызметі жалпы Түркістан өңіріне ықпалды болды, сондай-ақ оның басшылығында Мұстафа Шоқай, Сералы Лапин болды.
«Ислам жолындағы кеңестің» ұйымдастыруымен 1917 жылғы қарашада Қоқан қаласында IV төтенше өлкелік мұсылмандар съезі шақырылып, онда кеңестік билікке балама Түркістан (Қокан) автономиясы құрылғандығы жарияланып, үкіметі құрылды.
«Шура-и ислам», , Ислам кеңесі - 1917 жылғы мамырда Мәскеуде өткен бүкілресейлік мұсылман съезінің шешіміне сәйкес құрылған қоғамдық-саяси ұйым.Бұл ұйым Уақытша үкімет жағдайында, мұсылмандардың және олардың қоғамдық ұйымдарының Құрылтай жиналысына дейінгі іс-әрекеттерін қадағалап, үйлестіріп отырды. Құрамына Түркістаннан 7, Кавказдан 2, қазақ облыстарынан 5, Литва татарларынан 1, ішкі Ресей мұсылмандарынан 10 адам кірді. Шура-и исламның Петроград каласында орналасқан 12 адамнан тұратын атқару комитетінің төрағалығына Ж.Салихов, орынбасары болып Ж.Досмұхамедұлы сайланды. Атқару комитеті мүшелері қатарында алғашында У.Танашев, Жақып Ақбаев, Зәки Уалиди Тоған, Ғ.Ходжаев, Көлбай Төгісов, Ш.Мұхамедияров, И.Лиманов секілді қайраткерлер болды. Шура-и ислам Бүкілресейлік мұсылмандар съезінің шешімдерін басшылыққа алды. 1917 жылы шілдеде өткен Бірінші жалпықазақ съезі Шура-и исламға мүшелікке қазақ өкілдерін: Ақмоладан А.Тұрлыбаевты, Семейден Ә.Сәтбаевты, Торғайдан Ә.Байғуринді, Оралдан У.Танашевты, Жетісудан Б.Мәмбетовті, Сырдариядан М.Шоқайды, Ферғанадан Ғ.Оразаевты сайлады. Шура-и ислам 1917 жылы шілдеде Қазан қаласында Бүкілресейлік мұсылмандар сиезін өткізуді ұйымдастырды. Шура-и ислам Қазан төңкерісіне дейін жұмыс істеді.[1]
“Шуро-и-Улема”, Ғұламалар қоғамы, Ғұламалар кеңесі – қоғамдық-саяси ұйым. 1917 жылы 10 шілдеде Ташкентте көрнекті қазақ қайраткері С.Лапиннің жетекшілік етуімен құрылған. “Шуро-и-Улема” ұйымы Түркістан өлкесінің жергілікті халқының мүддесін қорғау ислам діні қағидаларымен ұштастырылғанда ғана жүзеге асады деп санады. Соған орай Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінен мұндай ұстанымның жүзеге асуын талап етті. Түркістан өлкесіне Ресей Федерациясы құрамында аумақтық автономия берілуін жақтай отырып, олар ұлттық-діни ой-пікірлерді мерзімді баспасөз арқылы насихаттау күнделікті өмірде талас тудыратын мәселелерді Шариғат арқылы шешу керектігін өз ұйымдарының жарғысына негіз етіп алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет