1.Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу


Кеңес өкіметінің ең соңғы орнаған ауданы



бет12/46
Дата11.05.2023
өлшемі344,91 Kb.
#91813
түріҚұрамы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46
Кеңес өкіметінің ең соңғы орнаған ауданы – Орал қаласы болды, онда жаңа өкіметтің билігі наурыз айында жұмысшылардың қолына көшті.Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918ж. наурыз айына дейін Кеңес өкіметі. Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті.
9. Алаш автономиясының және Қоқан автономиясының тарихы.
Алаш автономиясы-(1917—1920) — 20 ғ. басында қазіргі Қазақстан Республикасы жерін мекендеген қазақ-қырғыз республикалық мемлекеті. Алаш автономиясы — 1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен 2-жалпықазақ съезінде жарияланған қазақ халқының ұлттық-ттер. 1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда екінші жалпы қазақ съезі өтті. Съезде Алашорда үкіметі құрылды. Оның төрағасы болып Ә.Бөкейхан сайланды. Осы съезде Алаш автономиясы жарияланды. Ә.Бөкейхан бастаған топ Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кейінге қалдыра тұруды қажет деп тапты. Ал Х.Досмұхамедұлы бастаған топ автономияны дереу жариялау керек деп санады. Соңында екі жақ ортақ келісімге келді. Нәтижесінде Түркістан қазағын қосып алып, автономия жариялауға 1 ай мерзім берілді. Бір ай ішінде қосылу ісі жүрмесе де автономия жарияланатын болып шешілді. Осы үшін 1918 жылы 5 қаңтарда шақырылған Сырдария съезіне «бірігу мәселесін қозғау үшін» Б.Құлманов, М.Дулатұлы, Т.Құнанбайұлы арнайы жіберілді. Бүл жиында табиғи талас-тартыстан кейін Түркістанның оқығандары қосылуға ықылас танытса керек. Әйтсе де көзделген бір айда қосылу жайы сол күйінде өзгеріссіз қалды. Түркістан автономиясы да амалсыз жұмысын тоқтатты. Қазақ қайраткерлері автономия жариялау үшін қайта жиналған жоқ. II съездің қаулысы күшінде қалып, енді ресми қағаздарда «Алаш автономиясы» деп жазылатын болды. Тіпті осындай мөр табаны да мұрағаттардағы құжаттарда сақталып қалған.
Түркістан Автономиясы немесе Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітті. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі бас¬қару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет