1.Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу


Орта Азия Республикалары аумағын межелеу



бет23/72
Дата25.03.2022
өлшемі344,91 Kb.
#28746
түріҚұрамы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   72
Орта Азия Республикалары аумағын межелеу – Ресей отаршылары жойған ұлттық мемлекеттілікті жаңғырту барысында Орта Азия республикаларының жерлерін белгілеу үшін 1917 – 25 жылдары атқарылған іс-шаралардың нәтижесі. Ақпан революциясынан кейін, бұрынғы патша өкіметіне бағынышты болған Орта Азия елдерінің аумақтық тұтастығын қалпына келтіру мәселесі алдыңғы орынға шықты.

1921 жылы 11 сәуірде Орта Азияда ұлттық-аумақтық межелеу мәселесі көтерілді. Мұндағы халықтардың тарихи байланыстарының тереңдігі мен ұлттардың бір-бірімен аралас және тығыз орналасуы ұлттық республикалардың шекараларын анықтауда көптеген қиындықтар туғызды. Қазақ АКСР-інің басшылығы РК(б)П ОК-нен Жетісу мен Сырдария облысының қазақ аудандарын республика құрамына қосуды сұрап, өтініш білдірді. 1924 жылы 9 сәуірде РК(б)П ОК-нің саяси бюросы жергілікті ұйымдардың ұсыныстарын қарап, Орта Азияны ұлттық республикаларға бөлуге әзірлеу комиссиясын құрды. 1924 жылы 27 – 28 қыркүйекте Қазақ облысы комитетінің II пленумы болды. Қазақ АКСР ОАК төрағасы С.Меңдешев пен Орта Азиялық Бюросының мүшесі С.Қожановтың “Орта Азиядағы ұлттық межелеу туралы” баяндамалары тыңдалып, талқыланды. 1924 жылы 27 қазанда қабылданған КСРО Конституциясына сәйкес КСРО ОАК-нің екінші сессиясында Түркістан АКСР-інің құрамындағы қазақтар мекендеген жерлердің Қазақ АКСР-іне қосылғандығы туралы қаулысы бекітілді. Межелеу нәтижесінде Орта Азия аумағының 45,7%-ы, яғни 797,9 мың км² жері Қазақ АКСР-іне қосылды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет