1.Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял Əлеуметтанулық орта мен əлеуметтанулық мінез-құлық Əлеуметтік институттар



бет13/78
Дата07.01.2022
өлшемі163,57 Kb.
#17948
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   78
Байланысты:
Әлеуметтану

Әлеуметтанулық зерттеу дизайны

Жоспар:

  1. Зерттеу мәселесі. Болжамдар.

  2. Айнымалылар. Іріктеу.

  3. Ақпаратты жинау әдістері. Сапалық және сандық әдістер. Мәліметтерді талдау.


Әлеуметтану - білім жүйесі ретінде әлеуметтік шынайылық фактілерін зерттеуге негізделеді. Әлеуметтанулық зерттеу - тәжірибеде қолдану үшін зерттелетін құбылыс жайлы шынайы деректер алу мақсатында әдіснамалық, әдістемелік және ұйымдастыру-техникалық процедуралардың логикалық кезеңдік жүйесі. Әлеуметтік зертттеулер — қоғамды біртұтас әлеуметтік-мәдени жүйе ретінде қарастыратын және бастапқы социологиялық ақпараттарды жинаудың, өңдеп, талдаудың айрықша әдістері мен тәсілдеріне сүйене жүргізілетін зерттеу түрі. Социологиялық зерттеу - нақты теориялық және әлеуметтік проблемаларды шешу үшін зерттелетін объекті жөнінде жаңа білім алуға мүмкіндік беретін теориялық және эмперикалық рәсімдер жүйесі.

Социологиялық зерттеу түрлері мыналарға байланысты:

1. Мақсаты және теориялық бағдары.

2. Социологиялық зерттеудің екінші бір түрлері: материалды таңдау әдісі.

3. Үшінші түрі зертеудің динамикасы мен статистикасынан анықталады.

Нақты социологиялық зерттеу арнайы құжатқа - социологиялық зерттеу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.

Егер әлеуметтік мәселені белгілі құралдармен шешуге болса, онда бұл тәжірибелік мәселе болып табылады. Ғылыми мәселелерді шешудің ерекшелігіне жаңа білім алу, сондай-ақ мәселенің тәжірибе аспектісін ғылымимен ұштастыру жатады.

Зерттеу мәселесін тұжырымдау үрдісінде едәуір толық және айқынды көрініс алуға тырысады. Шын әлеуметтік жағдайды көрсетпейтін немесе бұрын шешілеген қиындықтарды алға мақсат етіп қоюдан бас тарту керек.

Кең жоспарлы мәселелерді қоюдан да бас тартқан жөн, себебі бір зерттеу шеңберінде бірнеше мәселерді шешу мақсатсыз болып келеді.

Зерттеу барысындағы алғашқы қадам - зерттелетін проблеманы анықтау. Біз тақырыпты өз тәжірибеміз бен бақылауымызға байланысты таңдай аламыз. Мысалы, «афроамерикалықтар ақнәсілді америкалықтарға қарағанда, жұмыссыздық пен кедейлікке көбірек ұшырайды» деген тұжырымды алайық. Немесе осы тұжырымды негізге ала отырып, «мектеп пен жұмыстағы кемсітушілік салдарынан ақ нәсілді америкалықтарға қарағанда, афроамерикалықтар арасында жұмыссыздық пен кедейлік деңгейі жоғары» деген болжамнан бастауымызға болады. Қандай жағдайда да алдымен зерттегіміз келетін нәрсе жайлы көбірек білу үшін басқа ғалымдардың зерттеулерін шолудан бастау керек. Егер сол проблема бойынша жақсы зерттеулер жүргізілсе және кейбір проблемалар жөнінде теориялық түсіндірмелер жасалған болса, онда зерттеуден күтілетін нәтижені гипотеза түрінде сипаттауға болады. Гипотеза дегеніміз - теория дұрыс болған жағдайда шығатын қорытынды жайлы тұжырым. Гипотеза сынамалы болуы керек, яғни қандай да бір түсіндірменің дұрыс я бұрыстығын деректер арқылы анықтау жолдары болуы тиіс. Мысалы, «афроамерикалықтардан гөрі ақ нәсілділер жақсы жұмысқа лайық» деген пікірді сынап көру мүмкін емес, алайда «ақнәсілділер жақсы жұмысқа афроамерикалықтарға қарағанда көбірек орналасады» деген болжамды сынап көруге болады.



Айнымалы шамаларды түсіну. Проблеманың ауқымын зерттей алатындай етіп тарылту үшін ғалымдар адамдарға емес, айнымалы шамаларға зер салады. Айнымалы шамалар адамдар, жағдайлар я топтар арасында әркелкі болып келеді (Бабби, 2010). Егер афроамерикалықтар мен ақ нәсілділер арасындағы жұмыссыздық деңгейін талдағымыз келсе, нәсіл және жұмыссыздық деген екі айнымалы шама туралы ақпарат жинауымыз керек. Бұл айнымалы екі шаманың себеп-салдарлық байланысына болжам жасаған кезде, себеп - тәуелсіз айнымалы шама, ал салдар - тәуелді айнымалы шама болады. Біздің мысалда: нәсіл - тәуелсіз айнымалы шама, ал жұмыссыздық - тәуелді айнымалы шама, яғни біз жұмыссыздықтың нәсілге тәуелді екенін болжаймыз. Айнымалы шамаларды анықтау. Ерекшелікті сипаттап, гипотезаны тексеру үшін әрбір айнымалы шама дәл анықталуы тиіс. Мысалы, нәсілдер арасындағы жүмыссыздық деңгейінің айырмашылықтарын сипаттамас бұрын адамның жұмыссыз екеніне көз жеткізіп алуымыз керек. Айнымалы мәнді қалай өлшеуге болатынын анықтау процесі операцияландыру деп аталады, ал айнымалы мәнді пайдалану үшін қолданылатын нақты анықтама оның операциялық анықтамасы болып табылады. Осы анықтамалар туралы ортақ бір тоқтамға келу қиын болуы мүмкін. Мысалы, АҚШ үкіметі белсенді түрде жұмыс іздеп, бірақ таба алмай жүрген адамдарды «жұмыссыз» деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет