1.Қз тарихы кезеңделуі. Қз аумағындағы тас дәуіріне сипаттама


Қз-да халыққа білім беру мен ғылым жүйесіне баға бер



бет48/70
Дата13.05.2023
өлшемі188,03 Kb.
#92828
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   70
Қз-да халыққа білім беру мен ғылым жүйесіне баға бер

ҚР Ұлттық ғылым академиясы ҚЗда сауатсыздықты жою Коммунистік партияның жергілікті халық арасында саяси ағарту жұмысын жүргізуімен тығыз байланысты болды. Жергілікті халықтың саяси сауатын ашу, олардың қатарынан коммунистерді тәрбиелеп шығару осы кезеңдегі қазақстандық коммунистік партияның басты міндеті еді. Халық арасында үгіт жүргізуді күшейту үшін саяси ағарту ісінің әр түрлі тәсілдері: дәріс оқу, баяндама, әнгімелесу, пікірталастар, әр қилы кәрнекілікті шерулер өткізу қолданылды. 1920-1930ж.ҚЗда саяси-ағарту орындарының ең көп тараған түрі: оқу үйлері, қызыл отау, клубтар, кітапханалар, ағарту қызметкерлерінің үйлері болды. ҚЗ коммунистері үшін саяси-ағарту ісі маңызды міндетке айналды, өйткені олардың көпшілігінің саяси идеялық дайындығы төмен деп саналды. Республика коммунистерін тәрбиелеу үшін саяси сауат ашу мектептерінің жүйесі құрылды.
1919-1923ж. ҚЗда сауатсыздықты жою науқанын бастау барысында мынадай кедергілердің бар екендігі байқалды: Халықты оқытуға жарайтын маман кадрлардың жетіспеуі; Жаңа оқулықтардың жоқтығы және жазу құралдарының жоқтығы және жазу құралдарының жеткіліксіздігі; Қалаларда әсіресе ауылдық жерлерде білім беру органдарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі.ҚЗды зерттеу қоғамы құрылды. Қазақша жазу жетілдірілді, қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтар құрастырылды, қазақ халқының тарихы, этнологиясы жөнінде еңбектер басып шығарылды.
59.ХХ ғ. 20-30 Қазақстандағы әдебиет өнердің көрнекті өкілдері
Республикада алғашқылардың бірі болып ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту және насихаттау ісімен айналысқан Түркістан өлкесіндегі «Талап» қоғамы. Басқарманың құрылтайшысы және жетекшілері жазушы М.Әуезов, этнограф Ә.Диваев, профессорлар Х.Досмұхамедов, А.Шмидт, Н. Архангельский, М. Тынышпаев, М. Есболов, И. Тоқтыбаев, Қ. Тыныстановтар болды. Қоғам Жарғысының жобасын Түркістан ағарту ісі жөніндегі халық комиссариаты мемлекеттік ғалымдар кеңесі бекітті. «Талап» қоғамының мақсатының бірі қазақ халқының тарихы мен тұрмысын зерттеу;қазақ мектептерінде оқыту мәселелерін қарастыру;қазақ ғылыми қызметкерлері мен қазақ өнері қайраткерлеріне көмек көрсету.Қоғам құрамына А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М Міржақып Дулатұлы, Қ.Кемеңгеров, т.б. енді.
Осы кезеңде жаңа кеңестік әдебиет қалыптаса бастайды. Оның ҚЗ өкілдері Сәкен Сейфуллин, С.Мұқанов, Б.Ізтөлин жөнө т.б. болды. Олардың шығармашылығы айқын социалистік реализм ұстанымына негізі қаланды.Халық шығармашылығының көптеген түрлері, мысалы, «Едіге», «Қобыланды батыр» реакцияшыл, ұлтшылдық көзқарастағы шығарма деп жарияланды. А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, М.Дулатұлы қуғынға ұшырады. Абай шығармалары талқылауға түсті.
Қазақ көркем әдебиетіндегі осы екі ағым арасында 1922—1923жж., содан соң 1926-1928жж. қызу пікірталас болып өтті. 20-ж ортасы мен соңы қазақ әдебиетіне Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағамбетов, Ғ.Орманов секілді талантты жастар келіп, кеңес адамдарының — ауыл және қала еңбеккерлерінің бейнесін жасады. Қазақ кеңес ақын-жазушыларының шығармашылығында В.И.Ленин бейнесі жеке тақырыпқа айналды.
Қазақ кеңес әдебиеті фольклор дәстүріне сүйенді. Мәселен, Жамбыл Жабаев (1846—194жж.) шығармаларында ел өмірінің айтулы оқиғалары көрініс тапты. Жаңа өмір мен кеңес адамдарын ақын Нұрпейіс Байғанин (1860—1945жж.) өзінің эпостық жырларына арқау етті. Иса Байзақов (1900—1946жж.) шығармашылығы нағыз халықтық мәнге ие болды.
60.1941-1945ж Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қз жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет