Президеттік институттың енгізілуі қандай тарихи жағдайларда жүзеге асырылғанын анықтаңыз. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияны сипаттаңыз
78.Президеттік институттың енгізілуі қандай тарихи жағдайларда жүзеге асырылғанын анықтаңыз. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияны сипаттаңыз. Тəуелсіздік алған күннен бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстанда мемлекеттік жүйе, президенттік институт ядросы қалыптасуда. Бүгін жиырма жылға жуық уақытта Қазақстан мемлекеті үлкен асулардан өтті, міне, бұл президенттік институтының мемлекет механизміндегі жетістіктер деп айтуға толық негіз бар деп ойлаймын.Əрине, 1995ж. Конституциямызды арқау етеміз. Еліміздің төл тарихында тұңғыш рет мемлекетті басқарудың жаңа үлгісі – президенттік басқару жүйесі енгізілді. Біздің қоғамға таңсық басқару жүйесі ҚЗды сол кездегі дағдарыстан алып шығудың бірден-бір дұрыс жолы болды. Мемлекетті басқару жүйесіндегі Президенттің рөлін айқындау үдерісінде 1991ж. 16 қазандағы «Қазақ КСР Президентін сайлау туралы» Қазақ КСР-інің заңы мен «Қазақ КСР Президентін сайлауды тағайындау туралы» Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысының алатын орны ерекше. Осылайша, ҚЗның тарихында Президентті баламалы негізде тікелей бүкілхалықтық сайлауға алғашқы қадам жасалды.Президенттік республиканың қалыптасуы мен дамуы арқылы қазақ тарихында, тіптен басқа, жаңа да жаңашыл, қазақстандық жол басталды. 1991ж. 1 желтоқсанда өткен жалпыхалықтық алғашқы сайлауда Н.Назарбаевты дауыс берушілердің 98,78 пайызы қолдады.
1990ж. 25 қазаны күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен Қаз ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды.Сол сәттен бастап егеменді ҚЗ өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады.Қабылданған декларация ҚЗның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздеріміз бекітілді. ҚЗның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелді. Осы кезден бастап демократиялық қоғам құру мақсатында ел ішіндегі қоғамдық-саяси құрылымға біраз өзгерістер енгізіле бастады. Бұл акт арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет – ҚРның негізі қаланды.Бұл күн 2001-2009жж. мемлекеттік мереке ретінде атап өтіліп келді.2009ж. "ҚРндағы мерекелер туралы" қолданыстағы заңға өзгерістер енгізілді.Оған сәйкес,30тамыз-ҚРның Конституциясы күні ұлттық мереке болып өзгертілуіне байланысты,25 қазан - Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды.Бірақ 2022ж бастап бұл мереке қайтадан аталып өтіледі деген шешім қабылданды.