2. Алғашқы қауымдық мәдениет



бет2/9
Дата29.10.2022
өлшемі42,17 Kb.
#46149
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
9.Антикалық мәдениет- (лат.antiquus ежелгі) Ежелгі Грек Рим мәдериеттерінің б.з.д . XII-I ғғ. қамтитын дәстүрлерінің,
құндылықтарының, идеяларының, өнерінің, мұраттарының, тұтас жүйесі. Антикалық мәдениет адамзат өркениеттілігінің ең басты ошақтарының бірі деп есептелінеді.
10.Номадизм - [грек, nomades - көшпенді] - өндіріс процестерінің қарқынды интернационализациясы кезеңінде (ұлттық шекаралардың шайылуы, капиталдың жөнсіз "құйылуымен" және диаспоралар белсенділігімен ерекшеленетін) аса танымал болған қоғамтанудағы ұғым. 
11.Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі.
12.ӨРКЕНИЕТ (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған.
13.Субмәдениет (лат. sub — төменгі, нем. kultur — мәдениет) — дәлме-дәл аударымда «астыңғы мәдениет», ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. 
14.Контрмәдениет - (лат. contra - қарсы және cultura - өңдеу, егу) - 60-70 жылдары батыс елдерінің жастары арасында таралған қазіргі буржуазиялық мәдениетке рухани қарсылықты көрсету формасы
15. Бұқаралық мәдениет - [лат. massa - кесек, culture - өңдеу, тәрбиелеу] - әртүрлі тарихи кезеңдерде мәдениеттің әлеуметтік жіктелуі процесі нәтижесінде азды-көпті көрініс табатын әлеуметтік мәдени қүбылыстардың жиынтығы.
16.Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. "Кісілік", иізгілік", "имандылық" тәрізді ұғымдармен мәндес. Адамгершілік - адамшылық, каталдықпен салыстырғанда жаксылық тілеу қарым-қатынастары.
17.Мораль (латын moralіs – әдет-ғұрып) – адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида; адамның мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт, яғни әлеуметтік сапалар жиынтығы.
18. Мәдениет философиясы — мәдениеттің идеясын, мақсаттарын, принциптері мен алғышарттарын зерттейтін философиялық пән. Мәдениет философиясы мәдениетке, оның формалары мен мән-мағынасына филос. талдау жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет