2 Негізгі бөлім Мектепте шет тілінің фонетикасын үйрету әдісі



бет11/12
Дата13.04.2023
өлшемі80,1 Kb.
#82216
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
шет тілін оқыту құралдары (2)

Қорытынды

Шетелдік және отандық ғалымдар мен педагогтардың зерттеулері мен жетістіктері оқушылардың шет тілін меңгеру мен әлемді тану мүмкіндіктері өте жоғары екенін көрсетеді. Мектепке дейінгі жас тіл меңгеруге әсіресе қажетті жас деп есептеледі. Бұл жерде осы жаста білім беруді интенсивті түрде өткізудің қажеттілігі туындайды.


Оқушыларды шет тіліне оқытуға бағытталғын жұмыс негізінен оқыту мақсаттарының кешенді жүзеге асыруының принциптерінен шығады, яғни оқыту үрдісі оқушылардың сөйлеу (лексика) қабілетін меңгерумен қатар, тілдік біліктіліктеріне (диалогтық және монологтық сәйлеу, тыңдау) бағытталған.
Фонетиканы оқытудың ағылшын тілін оқытудың бастапқы кезеңінде ең негізгі орын алатынын ескере отырып, мұғалімдер өздерінінің еңбектерінде фонетикалық әдісті белсенді қолдануы тиіс. Оқушыларды дұрыс айту жаттығулары шаршатпауы үшін және де сабақтың көңілді әрі қызықты өтуі үшін фонетикалық жаттығулар ойын түрінде қолданылады.
Сабақта алдымен жақсы білетіндерді шақырып алып, олардың айтуы арқылы әлсіз оқушыларға үлгіні тағы бір естуге мүмкіндік беру қажет. Жаңа материалдарды арнайы фонетикалық жаттығулар арқылы игерген дұрыс. Бұл жаттығудың материалы дыбыс, сөз, сөз тіркесі, сөйлем және тұтас ұйқастар бола алады. Фонетикалық жаттығуды мұғалімнің өз дауысы арқылы да, дыбыстық жазулар арқылыда жүргізуге болады. Дыбыстық жазулар арқылы оқушыларды материалды тыңдауға, естуге және оны дұрыс жеткізуге дағдыландырған жөн. Бұл жағдайда оқушылардың дыбыстық жазумен деген дағдылары көбейеді. Ал үлгерімі төмен оқушылар дыбыстық жазумен мұғалімнің көмегі арқылы жеке тапсырмалар орындауларына болады. Мұғалім оқушылардың сөзді айтқанда неден қате жіберетінін байқап, оларды дұрыс жөндеу қажет. Мысалы, оқушы The tiger eats meat сөйлемінде eats сөзіндегі ұзақ [і:] деп айтудың орнына қысқа [i] деп жауап берсе, сөйлем мәнсіз болып қалады. Бұл жағдайда дауыстылардың ұзақтылығына мән берген жөн. Егер де мұғалім ағылшын тілінде жақсы сөйлеп, соның арқасында оқушылардың фонетикалық есту, өз-өзін бақылау, өз-өзін дұрыстау қабілеттерін қалыптастырып, сабақ кезінде дыбыстық жазулар қолданып және оқушылардың онымен сабақ кезінде, сабақтан соң немесе үйде жұмыс істеуге үйретсе, онда бұл оқушыларға әжептәуір жуықталған дұрыс сөйлеумен қамтамасыз етеді.
Оқушылардың үлкендердің артынан лингвистикалық және елтанушылық құндылыққа толы ағылшын жаңылтпаштарын, мақал-мәтелдерін қайталау оқушылалға ағылшын тіліндегі сөйлемдердің дұрыс интонациясын меңгеруге мүмкіндік береді.
Оқушылардың шет тілінде дұрыс сауатты сөйлеуінде тілдік материалды меңгерудің рөлі өте зор. Сөздік жұмыс мәтінде кездесетін жаңа сөздерді іздеумен қоса түрлі тұрақты сөз тіркестерді, қосымша мағыналы сөздермен жаттығулар орындау арқылы жүзеге асады. Фонетикалық материал бір қарағанда, жоғары сыныптарға керегі жоқ сияқты болғанымен, кейбір дыбыс емлесінің ерекшеліктері, дауыс ырғағы, екпін түсіру сияқты нәрселерді сабақта еске түсірудің маңызы зор. Оның бәрі оқушының тілге деген қызығушылығын арттырып, сабақтың әсерлі өтуіне септігін тигізеді.
Фонетикалық дағдылар сөйлеп үйрену үшін ауадай қажет және ауызша сөз үшін маңызы зор. Егер шет тілінің дыбыстарын дұрыс айтпаса, онда оны тыңдаушылар түсінбейді. Фонетикалық дағдылар тек сөйлеу үшін ғана емес, сонымен қатар басқа адам сөйлегенде біреудің сөзін тындап түсіну үшін үлкен рөл атқарады. Фонетикалық дағдыларды қалыптастыру үшін тыңдауға арналған жаттығулар ауызша сөз дағдыларын қалыптастыруда маңызы зор.
Сонымен қатар көрнекілік материалдарды қолданудың маңызы зор. Мысалы, техникалық құралдар – магнитафон таспалары, диафильмдер, радиохабарлар, лингофондар және техникалық емес құралдар: газеттер, жаттығулар жинағы, қосымша оқуға арналған оқулықтар т.б.
Профессор Ф.Оразбаев: «Ағылшын тілін үйретуде бөлінген материал көлемі неғұрлым көп болса, мазмұны қаншалықты сапалы болса, білім беру әрекеті әдіс – тәсілдері арқылы неғұрлым тиімді болса, көрнекіліктер ағылшын тілін оқытудың принциптері арқылы іске асырылсы, адамдар арасындағы тілдік қарым – қатынас соғұрлым жан – жақты болып, тілді үйренудің нәтижесі терең болады», - дейді.
Қорыта келгенде, шет тілін оқытуда оқушыдарды ауызша сөйлеуге үйретудің маңызы зор. Себебі, оқушы өзінің істеген жұмысы, көрген – білгені туралы күнбе – күн сөйлей, әңгімелей отырып тілдік жүйесін қалыптастырады. Яғни ауызша сөйлеу іскерлігін дамыту жұмысы жалпы баланың логикалық ойлау қабілетін, ойын тілмен жеткізіп айту қажеттілігін қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет